1920 жылы Железинка ауданының Моисеевка ауылында шаруа отбасында дүниеге келді. Отбасы әкелерінен ертерек айырылғандықтан, оған мектепті тастауға тура келді. Су тасушы, табыншы, бу диірменінде от қыздырушы кейін колхозда тракторис және комбайнер болып қызмет жасайды. 1938 жылы әскер қатарына шақырылды.

Алдымен ол Ленинградта әскер қатарында болып, фин соғысына қатысады. Кейін Брест бағытына жолдама алады. Ол осында фашистердің соққысына ұшырап, екі рет жараланып, тұтқыннан әзер дегенде босап шығады. 1944 ж. 24 маусымда Гомель облысының, Рогачев ауданының Озераны ауылы үшін күресте, 2-ші Белорус майданының 250-ші атқыштар дивизиясы 918-ші атқыштар полкінің пулемет взводының командирі аға лейтенант И.Г.Ледовский айырықша көрінген еді.

Днепрден бірнеше жерден өтіп, 28 маусымда гитлершілер қорғанысының маңызды торабы Могилев қаласын басып алған 2-ші Белоруссия майданы шабуыл қарқынын үдетті. 1-ші Белоруссия майданы әскерлермен бір мезгілде шабуылға шығып, дұшпанның қорғанысын бұзып, Бобруйск маңында бес неміс дивизиясын қоршап алды. 29 маусымда «Бобруйский котел» жойылды. Шабуылды үдете отырып, майдан әскері Друть, Березина өзендердің бойындғы аралық шептерде дұшпанның қарсылығын басып, 2-ші және 3-ші Белоруссия майдандарының әскерлерімен бірге Минскіге беттеді.

1-ші Беларуссия майданында маусымның аяғында Березина өзенінен Железинка ауданы Моисеевка селосының тумасы, аға лейтенант Иван Ледовскийдің взводы өтті. Взводқа дұшпанның күшін барлау тапсырған болатын. Барлаумен шектеліп қоймай, аға лейтенант өз взводымен жаумен шайқасқа түседі. Осы ұрыста 70-тен аса гитлершілер өлтіріліп және тұтқынға алынып, қару-жарақтар қоймасы мен басты паромды қолға түсіреді. Паромның және өткелдің алынуы совет әскерлерінің өзен арқылы жылдамырақ өткізіп, одан әрі шабуылды үдетуге мүмкіндік берді.

1945 жылдың 24 наурызында Иван Григоревич Ледовскийге Совет Одағының Батыры атағы беріледі. И.Г. Ледовский сонымен қатар Ленин орденімен, 2-ші дәрежелі Отан соғысы, Қызыл жұлдыз орденімен және медальдармен марапатталды.

1945 жылы әскер қатарынан босап, соғыстан кейін Новокузнецкіде, Талғарда өмір сүрді. Өмірінің соңғы жылдары өзі дүниеден өтіп, жерленген жері Павлодарда өмір сүрді.

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде оның фотосуреттері, марапаттау қағазы, құжаттары, хаттары және естеліктері сақтаулы. Оның Павлодар қаласында көше атауы беріліп, Жеңіс аланыңда Батыр мүсіні орнатылды (1990).

.

Тағы рефераттар