Қалалардың пайда болу негіздері мен эволюциясы туралы қазақша реферат 

Б.з.д. 10 — 9 ғғ.  қола дәуірінде қазіргі қала аумағы ертедегі жер өңдеушілер мен малшылардың қонысы болды. Бұған дәлел — ерте кездегі Тереңқара мен Бұтақты қоныстарының табылуы. Бұл жерлерде керамика, тастан жасалған қарулар, темір мен сүйектен жасалған бұйымдар табылған.

Б.з. 8-10 ғғ. Алматы өміріндегі келесі кезең орта ғасыр кезеңі. Бұл қала мәдениетінің даму, отырықшылдыққа көшу, жер өңдеу мен қолөнердәң даму, Жетісу аумағында көптеген қалалық қоныстардың пайда болу кезеңі. Қазба жұмыстарының нәтижесінде керамика, темір және сүйек бұйымдары табылған.

10-14 ғасырларда «Үлкен Алматы» аумағындағы қалалар Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда байланысына ілінді. Алматы сауда, қолөнер жіне ауылшаруашылық орталығының біріне айналды. Бұған дәлел — осы жерде табылған 13 ғасырдың 2 күміс дирхейі. Бұл дирхейде алғаш рет қала аты аталынады — Алматы.

15-18 ғғ.  Ұлы Жібек жолының ыдырауына байланысты қала өмірі деградацияға ұшырады. Бұл кезең Алматы мен жалпы Қазақстанның тарихына әсер еткен саяси үрдістерге толы болды. Мұнда маңызды этносаяси процестер, Жетісу мәдениетінің қалыптасуы жүрді. Алматы аумағына қатысы бар аудандарда қазақ мемлекеттігінің құрылуы басталды. Бұл жер жоңғар шапқыншылығы мен өз тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ батырларының оқиғасына бай.

1730 жылы Алматыдан 70 шаршы км. қашықтықта орналасқан Аңырақай тауларында қазақ батырлары қазақ халқының жоңғарлармен Отан соғысындағы қиын кезеңдегі тарихта мәңгі қалған жеңіске жетті. 1854 жылдың күзінде Верный қамалының құрылысы аяқталды.  Верный дұрыс салынбаған, бір жағы кіші Алматы өзенінің бойында орналасқан ағаштан қаланған бесбұрышты құрады. Кейіннен ағаш кірпіш тастарына ауыстырылды. 1 шілде 1855ж. Верный қаласына казактардың бірінші тобы көшіп келді. 1856ж. орыс шаруалары да көшіп келе бастады. Олар қамал жанынан салынған Үлкен Алматы орталығына қоныстанды. Қоныс аударғандардың көбеюіне орай Кіші Алматы бекеті мен Татар (Райымбек) көшесі пайда болды. Бұл жерге татар қолөнершілері мен саудагерлері қоныстанды. 1859 жылдың мамырында қоныс аударғандардың саны 5 мыңға жетті. Құрылыс жұмыстарына инженер Л. Александровский жетекшілік жүргізді, ал құрылысты басқарған әскери-инженер Ц. Гумницкий болды. [1]

1867 ж. 11 сәуірінде Верный қамалының атауы өзгертіліп, Алматинск қаласы аталды. Бірақ сол жылы «Дала комиссиясының» баяндамасы бойынша бұл атау өзгертіліп Верный қаласы болып өзгертілді. Верныйдың қала болуы сол кездегі реформаларға байланысты болды. Верный Вернинск уезі мен Жетісу ауданының орталығына айналды. Жетісу ауданының бірінші губернаторы Г.А. Калпаковский болды.

Бірінші қала жоспарының авторы Н. Криштановский болды. Оның жоспары бойынша қала өлшемдері өзгертілді. Оңтүстігіне қарай Алматы өзенінің маңайы 2 км.; батысына қарай 3 км. Шөп, жылқы және көк базарлары 4 парктер салынды. Жаңа қалаға берілген аумақ төртке бөлінді. Үй құрылысы үшке бөлінді. Бірінші мен екіншілері 2 қабатты қала ішіндегі үйлер болды. Ал соңғылары қала сыртындағы үйлер. Құрылыс үшін жер учаскелері сатылды.

Негізгі әкімшілік мекемелер қала паркінің жанынан салынды (қазіргі 28-гвардейшы-панфиловшылар паркі).

Бірінші қала архитекторы Г.Н. Серебряников болды  (1839-1883).

1887ж. 28 мамырда Верный қаласында күшті жер сілкінісі болды. Таңғы сағат төртте болған жер сілкінісі бүкіл қаланы қиратты. Әсіресе үлкен кірпіштен қаланған үйлер қирады. 1887 ж. 1маусымда Жетісу ауданының губернаторының бұйрығымен кірпіштен қаланған үйлердің орнына ағаштан үйлер қалана бастады.

Жер сілкінісі зардаптарын анықтау үшін және ол қайталанған жағдайда жасалатын шаралар жүргізу үшін профессор И.В. Мушкетов басқарған комиссия құрылды. Жер сілкінісінен кейін үйлер бір қабатты және ағаштан немесе саманнан жасалынды. Қаланы қалпына келтіруде үлкен үлес қосқан инженер-архитектор А. П. Зенков болды. Ол бірінші болып жер сілкінісіне қарсы құрылыстың принциптерінің жоспарын жасады.

1909 ж. «Россия Полное географическое описание нашего Отечества» атты жинағында Верный қаласы былай суреттелді: Верныйда Жетісу ауданының барлық мекемелері және түркістан мен ташкент епископтар орындары бар. Қала халқының саны 37000 адам (26 мыңы орыстар, қалғаны тараншы, доңған, сарт, татар, қырғыз өкілдері), мұнда 2100 тұрғын үй, 9 шіркеу, 4 мешіт, 18 оқу орны, кішігірім аудандық музей, 313 жұмысшы істейтін 66 зауыт пен фабрика бар. Қала кірісі 119515 сом, шығын 119113 сомды құрайды.

Қаланың екінші және соңғы архитекторы Поль Гурдэ (1846-1914), қала елтаңбасының авторы. 1918ж. 2 наурызында қалада кеңестік билік орнатылды. Аудандық атқарушы комитет сайланды. Оның басшысы П.М. Виноградов болды. 1921ж. 5 ақпанында аудан комитетінің салтанатты жиынында Верный қаласының атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Верный қаласы Алма-Ата деп аталынды. Бұл шешім бойынша Жетісу Әскери-революциялық комитет бұйрық шығарды: «Қаланың революциялық орталық мәртебесін алуына байланысты Жетісу әкімшілік орталығының атауы Алма Атаға өзгертілді».

1927ж. 2 наурызында ҚазАССР-ң ОСК-і астананы Қызыл-Ордадан Алматыға көшіруге шешім қабылдады. ІV Бүкіл Қазақстандық кеңестер съезі бұл шешімді мақұлдады. 1930 ж. 28 сәуірінде «Айнабұлақ» станциясында соңғы балдақ соғылды. Бұл екі ірі экономикалық аудандарды, яғни Сібір мен Қазақстанды қосты. 1 мамырда Түркісіб жолы ашылды. Алматыға Мәскеуден бірінші поезд келді. 1930 жылы Алматы әуе жолы ашылды, сөйтіп Қазақстан астанасы Мәскеумен әуе арқылы байланысқа ие болды. Кішкене қалашықтың астанаға айналуы көптеген әкімшілік мекемелердің, тұрғын үйлердің салынуын қажет етті.

1929 ж. күзінде қала халқы 100 мың адамға жетті. 1926 жылы қала халқы 45 мың адамды құраған. Республиканың кеңестік халық комитеті 1929-1930 жж. арналған қала құрылысының жоспарын қабылдады. Тұрғын үй құрылысына 6,5 млн. қаржы бөлінді, әкімшілік мекемелер құрылысына 2,9 млн. сом, коммуналдық шаруашылыққа 2,2 млн. сом қаржы бөлінді. Тұрғын үй және мектеп құрылысы, сонымен қатар денсаулық сақтау мекемелер құрылысына бірінші болып беріле бастады.

Алматының Қазақстанның астанасы болуына байланысты 1936 жылы қаланың архитектуралық құрылысы жөнінде арнайы жоспар құрылды. Жоспардың басты мақсаты Алматы қаласын мәдени орталыққа айналдыру болды. Жоспар бойынша қалыптасқан тарихи маңызы бар құрылыстарды түбегейлі өзгерту және үлкейту негізделді. [2]

1941-1945 ж. Ұлы Отан Соғысы жылдары қала аумағы үлкен өзгерістерге ұшырады. Бүкілодақтық тыл жұмыстарын ұйымдастыруда өнеркәсіптік және материалдық қорды концентрациялау үшін 45 мың шаршы метр жер берілді, 26 мың көшірілегендерді қабылдау үшін жер босатылды. Алматы қаласына майдан шегінен 30 өнеркәсіп орны, 8 госпиталь, 15 жоғарғы оқу орны, орта кәсіптік білім беру жүйесі, 20-ға жуық ғылыми зерттеу институттары, 20-дан аса мәдени орталықтар көшірілді. Ленинград, Киев, Мәскеу киностудиялары Алматыға ауыстырылды.

1949-1950 жж.  Ленинградтық Гипрогор жасаған жаңа жоба ҚазССР-і халық шаруашылығының дамуының 5 жылдық жоспарымен негізделді. Жоспар бойынша қала аумағы оңтүстік-батыс бағытында үлкейтілу, орталық бөлігінде 3-4 қабатты үйлер салыну, жол құрылысы мен қатынасы, селге қарсы қорғану қолға алынды.

«Ленгипрогром» жоспарлағандай, 1962-1963 жж.  Алматы қаласы 1980 жылға дейін төрт жоспарланған аумақ және сел жүретін аумақтарға үлкен өзгерістер енгізілді. Тек 1966-1971 жылдар аралығында қалада 1400 шаршы метр мемлекеттік және кооперативтік құрылыс тұрағы тапсырылды. Жыл сайын қалада 300 мың шаршы метр тұрғын үйлер салынды. Құрылыс барысында жер сілкінісіне қарсы көп қабатты үйлер салу ұйғарылды.

Құрылыста түрлендіру мен сәйкестендіру архитектуралық тұрпаттың әр түрлі болуына себебін тигізді. Мектеп, аурухана, мәдени орталықтар, солардың қатарында Ленин атындағы Сарай, «Қазақстан» қонақ үйі, медеу спорттық кешені т.б. құрылыс орындары салынды. Қалада демалыс орындарын құруға, қалалық көліктің дамуына көңіл бөлінді. 1981 жылдан бастап метрополитен жобасы бойынша жұмыстар жүргізілді. Алматы қаласын дамытудағы жаңа бас жоба 1998-2020 жылдар аралығын қамтиды. Басты мақсат экологиялық таза, қауіпсіздік, әлеуметтік жағдайға қолайлы орта құру. Негізгі архитектуралық-құрылыстық мақсат Алматының «бау-бақша қаласы» атын сақтау мен дамыту. Жоспар бойынша көп қабатты үйлер салу, өндіріс орындарын дамыту, жол көлігін нығайту, метрополитен енгізу.

1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үкімімен ел астанасы Алматыдан Астанаға ауыстырылды. 1998 жылдың 1 шілдесінде Алматы қаласының міртебесі туралы жаңа заң қабылданды. Бұл заң бойынша Алматы ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық болады. Жетісудағы почта байланысы Верный қаласының пайда болуы және өсуімен тығыз байланысты. 1860 жылы 24 қазанда Верный қаласында бірінші пошта бөлімшесі ашылды.

20 ғасырдың басында Верный қаласында байлыныс өте баяу дамыды.  Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда не бары 250 пошта-телеграфтық орталық болды. Верный қаласы облыстың әкімшілік орталығы болғандықтан,телеграфтың байланыс басуы қалалар және елді мекендермен байланыстырып тұрды. Верный қаласының біріккен пошта-телеграфтық ретінде жұмыс атқарды, және Ташкен қаласында орналасқан Түркістан аймақтық пошта-телеграфтың кеңесіне бағынды.

Кейбір деректерге қарағанда 1913 жылы , бұл бөлімше кішігірім ғимаратта: Достық (бұр. Колпаковский), Жібек жолы (бұр. Торговая), және Гоголя (бұр. Штабная) көшелер қиылысында орналасқан еді. Кейінірек пошта-телеграфтық кеңсе шөп базарының жанындағы ғимаратқа көшірілді (Пушкин көшесі, «Саяхат» автобекетінің алаңы). Бұл пошталық бөлімше Ташкен, Семей, Пішпек және Шәуешек (Қытай) бағытында пошталық байланысының қамтамасыз етіп тұрды. Арнайы аттылы-пошта станциясы хат түрідегі хабарларды жеткізумен айналысты. Пошталық станциядан хат-хабар аттылы күзетпен шығатын, сондықтан сол кезде хаттардың жоғалуы мүмкін емес еді, бірақ алушыға айлап жүретін. 30 жылдардың басында Қазақстандағы пошталық кәсіпорындар саны 5 есеге көбейді, және пошта қызметіне әуе тасымалын да пайдалана бастады.

1931 жылы бірінші рет ауылдық жерде колхоздық почтальондары жұмыс істей бастады.

1936 жылы пошта-телеграфтық кеңседен өз алдына телеграфтық кеңсе мен телефон станциясы жеке дара бөлініп шықты. Пошта-телеграфтық кеңсе, пошта кеңсесі деп атала бастады. Қалалық байланыс бөлімшелері құрыла бастады, 1975 жылы Қазақстан халқына 470 пошталық кәсіпорын қызмет көрсетті, соның ішінде 94 жылжымалы пошталық бөлімшелер болды. Қала мен аудандық жерлерде 40 мың пошта жәшіктері орнатылған еді. Мерзімді басылымдармен хат-хабарлар барлық облыс орталықтарын уақытында жеткізілетін,113 қаламен аудан орталықтары және жетуі қиын жерлерге әуе тасымалы арқылы жеткізілетін.

.

Тағы рефераттар