Канаданың физикалық-географиялық және экономикалық-географиялық жағдайы туралы қазақша реферат

  • Жерінің ауданы — 9 млн 970 мың км2
  • Халқы — 32,2 млн адам (2004 ж.)
  • Астанасы — Оттава
  • Мемлекеттік кұрылымы — Британ Бірлестігі құрамындағы парламенттік конфедерация
  • Мемлекет басшысы — Ұлыбритания корольы
  • Үкімет басшысы — премьер-министр
  • Заң шығарушы орғаны — екі палаталы парламент
  • Мемлекеттік тілі — ағылшын және француз тілдері
  • Ұлттық валютасы — канада доллары
  • Әкімшілік-аумақтық бірлігі — провинциялар және аумақтар

1. Мемлекеттің қалыптасуы мен құрылымы. Халқы.

Табиғат жағдайлары мен ресурстары.

Канада — дүние жүзінде жер көлемі жөнінен Ресейден кейін екінші орын алатын, жоғары дамыған ел. Елдің солтүстік бөлігі Канада арктикалық топаралындағы (архилелаг) аралдарды қамтыса, оңтүстігі мен солтүстік-батысында Америка Кұрама Штаттарымен шектеседі.

Астанасы — Оттава қаласы.

Мемлекеттің қалыптасу тарихы. X ғасырда қазіргі Канаданың аумағына енетін жерлерге алғаш аяқ басқан еуропалықтар — исландиялық викингтер жергілікті үндістердің тегеурініне шыдамай кері оралуға мәжбүр болған. Еуропалықтардың қазіргі Канада жеріне қоныстануы XV—XVI ғасырларда басталды. Ньюфаунленд аралы мен Әулие Лаврентий өзенінің төменгі ағысындагы жерлерге алғаш ағылшындар мен шотландықтар қоныстанған болатын. XVI ғасырдың 30—40-жылдары Әулие Лаврентий өзені бойымен бірнеше рет жүзіп өткен француз теңізшісі Жак Картье бұл аумақты Францияның иелігі етіп жариялады. 1608 жылы Квебек, ал 1642 жылы Монреаль қаласының іргетасы қаланды. Канадаға қоныс аударған еуропалықтар Гудзон шығанағы жағалауында терісі бағалы аң аулаумен айналысты. Бұл құнды тауарды Еуропа елдеріне сатудан байыған Гудзон шығанағы елтірі саудасы компаниясының иелігіне XVIII ғасырдың соңына қарай шығанақ маңындағы жерлер түгелімен берілді. Күштеп солтүстік-батысқа ығыстырылған үндістердің байырғы ата қонысында шотландық фермалар пайда болды [1,5].

XVIII ғасырда едәуір күшті Англия Канаданың басым бөлігін басып алды. 1763 жылғы Париж келісімі бойынша Канада Ұлыбританияның иелігіне өтті, Француз жері Квебек провинциясы деп атала бастады. Дегенмен бұл провинцияда тұратын француздар өз мәдениеті мен тілін, әдет-ғұрыптарын сақтап қалды.

1857 жылы Ұлыбритания королевасы Викторияның шешімімен Оттава қаласы британ провинциясының орталығы, ал 1867 жылы Канаданың астанасына айналды. Оттава қаласының атауы үндістер тілінде «алмасу» дегенді білдіреді, өйткені мұнда жергілікті халықтың сауда-саттық қатынастары жүзеге асатын орны болған. 1867 жылы 1 шілдеде Канада Британ империясы кұрамынан шықпай, өз үкіметін қалыптастыруға құқық алды. Сонымен іс жүзінде тәуелсіздік алған ел Канада доминионы деп аталды, ол құрылымы жағынан 4 провинцияны біріктірді. Канаданың қазіргі шеқарасы XIX ғасырдың 70-жылдары қалыптасты, ал Ньюфаундленд аралы ел кұрамына 1949 жылы енгізілді [2,4]. Мемлекеттік құрылымы жөнінен Канада — 10 провинция мен 2 аумақтан тұратын парламенттік конфедерация. Мемлекетті басқару жүйесі жөнінен федеративтік конституциялық монархия. Ресми түрде Ұлыбритания королевасы мемлекет басшысы болып есептеледі, Канадада оның уәкілі ретінде гөнерал-губернатор қызмет етеді. Үкіметті премьер-министр басқарады.

Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Орасан зор Канада жерінін табиғат жағдайлары да әркелкі. Климаты аса қатал болатын елдің солтүстік бөлігінде Канада Арктикалық топаралы мен жағалық жазықтар орналасқан. Бұл аймақтың көпшілік бөлігінде тұрғын халық мүлде жоқ. Соңғы жылдары мұнда алтын, төмір, уран және мұнай кен орындары табылған. Табиғат жағдайларының қаталдығына және тұрғын халықтың сирек орналасуына байланысты бұл кен орындары жаңадан игеріле бастады [1,8].

Канаданың Британ Колумбиясы деп аталатын провинциясы орналасқан қиыр батысы таулы келеді. Тынық мұхит жағалауының ылғалды, жұмсақ климаты жағдайында қызыл самырсын, алып боз арша (туя), көгілдір шыршалар мен майқарағайлар өседі. Бұл осындағы орман шаруашылырына негіз болған. Канадалық Кордильера қойнауы пайдалы казбаларға өте бай. Мұнда мыс, алтын, күміс, сирек кездесетін металдар, мұнай мен газ өндіріледі. Тынық мұхитына құятын қысқа, мол сулы өзендерде су энергиясының мол қоры бар. Су қорының молдығы суды көп қажет ететін алюминий өндірісін орналастыруға мүмкіндік береді.

Канаданың қоңыржай белдеуде орналасқан оңтүстік- шығыс бөлігінде табиғат жағдайлары салыстырмалы түрде қолайлы. Бұл өлкенің басты байлығы — көгілдір көлдер мен қалың ормандар. Көлдердің жалпы саны жөнінен Канада дүние жүзінде бірінші орын алады: мұнда АҚШ-пен шекарадағы Ұлы көлдермен қатар, ондаған ірі, мыңдаған ұсақ көлдер бар. Өзендер мен көлдерде кұндыз мекендейді, олардың көптігі сонша, кезінде алғашқы қоныстанушылар Квебек провинциясын «құндыздар корольдігі» деп атаған. Құндыз Канаданың Ұлттық символдарының бірі болып табылады. Канада аумағының 35%-ын алып жатқан ормандарда бағалы ағаш түрлері өседі. Сондықтан жергілікті халық ағаш дайындаумен және оны өңдеумен айналысады. Оңтүстіктегі Онтарио және Квебек провинцияларында үйеңкінің бірнеше түрі, соның ішінде қант үйеңкісі өседі. Үйеңкі ағашын жергілікті халық ете жоғары бағалайды; үндістер мен алғашқы қоныс аударушылар бұл ағаштың сүрегінен үй салып, қант үйеңкісінен қоймалжың тәтті шырың алған. Күзде үйеңкі жапырағы қызыл түске еніп, жан-жағына ерекше көрік береді. Сондықтан 1956 жылы ресми түрде қабылданған Канада мемлекетінің Ұлттық байрағында үйеңкі жапырағы қызыл түспен бейнеленген.

Ньюфаундленд аралы маңында Атлант мүхитындагы аса ірі жылы ағыс — Гольфстрим мен суық — Лабрадор ағысының қосылады, бұл аудан балық қорына өте бай, елдің маңызды балық аулау және өңдеу кәсіпшіліктері осында орналасқан.

Елдің Ұлы көлдерден Сеңгір тауларға дейін созылған оңтүстік-батыс бөлігін — прерийлер алып жатыр. Құнарлы қара топырақта астық дақылдары өсіріледі. Ал шөбі шүйгін жайылымдар мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді. XX ғасырдың 20-жылдары Альберта провинциясында мұнайдың мол қоры табылды. Қазіргі кезде бұл ауданнан никель, мыс, калий тұздары да өндіріледі. Далалық аумақтарындағы өзендердің түсі борпылдақ жыныстарға байланысты болады. Мысалы, Виннипег өзенінің атауы үндіс тілінен аударғанда «лай су» делінсе, Ред-Ривер өзенінің аты ағылшынша «қызыл өзен» дегенді білдіреді [3,8]. Мол су коры өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын өркендетудің басты алғышарттарының бірі болып отыр.

Сонымен Канаданың бай табиғи қорлары шаруашылықтың сан алуан салаларын дамытуға мүмкіндік береді. Канадада табиғатты қорғауға көп көңіл бөлінеді. Елде 31 ұлттық саябақ жұмыс істейді.
Тағы рефераттар