Қанаш Камзин 1919 жылы 29 қарашада қазіргі Ақсу ауданы Жолқұдық ауылында дүниеге келген. Әкес-шешесінен ерте айырылған ол үлкен ағасының қамқорлығында өседі, отбасында бұл үшінші баласы еді. Көп ұзамай ағасы Қанышты Павлодар қаласындағы қазақ балалар коммунасына орналастырады. 1936 жылы үздік оқушы ретінде жұмысшы факультетіне жіберіледі, оны бітірген соң ауылға жолдаманың орнына әскери комиссариаттан шақыру қағазы қолына тиеді.

Соғыс басталған күні Қызыл Әскер қатарына шақырылады. Лейтенант Қанаш Камзин 52-ші атқыштар дивизиясының 429-шы атқыштар полкіның 3-ротасында қанша майдан жолдарынан өтіп, 1944 жылы 13 сәуірде Молдаваның Тирасполь ауданы Бычек селосының маңында Днестр жағасына жетеді. Полктың алдынғы шебінде келе жатқан ротаға Днестрден өту, арғы жағындағы плацдарм жасау бұйырылды. 13 сәуірде жаудың артиллерия мен минометтен атқылауы астында көктемде кемерінен шыққан днестрді кешіп өтіп, дұшпанның алғы шебіне рота басып кіреді.

Молдава жаудан толық азат етіліп, Днестрден әрі Румыния болатын. Гкра-Букули үшін ұрыста 18 сарбаз бен офицер Кеңес Одағының Батыры атанды. Соның бірі Қанаш Камзин болатын.

Кеңес Одағының батыры Қанаш Камзин мәңгі есте қалды. Молдавада оның есімі қастерлеп еске алынады. Молдаваның азат етілуінің 55 жылдығында Қанаш есімі салтанатты жиында ерекше аталынды.

2 — Украина бағытындағы майданда Жолқұдық ауылының тумасы лейтенант, атқыштар ротасының командирі Қанаш Камзин  ерекше ерлігімен көзге түсті. 1944 жылғы 13 қыркүйекте болған кезекті жекпе-жек шайқастардың бірінде ерекше ерлігімен көзге түсті. 1944 жылы 13 қыркүйекте болған кезекті жекпе-жек шайқастардың бірінде лейтенант Қ.Камзин қаза болады. Осы шайқаста көрсеткен жанқиярлық ерлігі үшін Совет Одағының Батыры атағы беріледі.

Батыр есімі «Жолқұдық» совхозына берілді. Ақтоғай селосының бір көшесі батыр атымен аталады. Павлодар қаласының батыр атындағы көшеде үлкен ескерткіш Қанаш Камзинге арналған. 1966 жылы Жолқұдық ауылындағы мектепке Қанаш есімі берілді.
Тағы рефераттар