Қаражаттар есебі және қысқа мерзімді дебиторлық берешек туралы қазақша реферат

Ақша қаражаттарыбанктегі және ағымдағы есеп айырысу шотындағы ақшалар. Олар І – бөлімнің «Қысқа мерзімді активтер» 1010 және 1030 шотында көрініс табады, активті шот болып табылады.

Ақша қаражаттарының өзі екі нысанда көрініс табады: қолма-қол ақша қаражаттары және қолма-қолсыз ақша қаражаттары болып табылады. Бұл ақшалармен қоса балама ақшалар да кассада жүреді.

Ақша баламаларыбұл ақшаларға ұқсас, бірақ басқаша жіктелінетін активтер болып табылады. Оларға: қазыналық вексельдер. Коммерциялық қағаздар және депозитті сертификаттар жатады.

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының 1998ж. 29-маусымдағы №237-1 «Төлемдері мен ақша аударымдары туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2000ж. 25-сәуірінен «Қазақстан Республикасы территориясында төлемдік құжаттарды қолдану мен ақшасыз төлемдер мен аударымдарды атқару ережелері» атты қаулысында жүзеге асады.

      Ақша қаражаттары ең тез қолданылатын активтер қатарына жатады. Тез қолдалынатын себебі, ақшалай есептесу арқылы кез келген операцияны жүргізуге болады және міндеттемелерді орындау үшін ұзақ уақыт талап етілмейді. Ақшалай қаржының болуы, алашақтары барлармен, бюджетпен, қызметкерлермен дер уақытында есептесіп отыруға мүмкіндік береді.

Ақша қаражатының есебін жүргізу үшін, шоттардың үлгілік жоспарындағы

1000 – Ақша қаражаттары

1010 – Кассадағы ақша қаражаты

1020 — Жолдағы ақша

1030 – Ағымдағы банктік шоттағы ақша қаражаты

1040 – Карт-шоттағы ақша қаражаты

1050 – Жинақ шоттардағы қаражат

1060 — Өзге ақша қаражаты

Счеттарының тобы пайдаланады.

Ақша қаражатының есебін жүргізетін счеттарының, актив есебін жүргізетін счеттарға жатады.

Колледжде ұйым кассасына қалма-қол ақшаның түсуін ресімдеу үшін ақпаратты компьютерде өңдегенде де қолданылады. Кірістік кассалық ордерді бухгалтерия қызметкері бір данамен жазады, оған бас бухгалтер немесе уәкілетті тұлға және кассир қол қояды, кассирдің мөрімен куәландырады, кірістік және шығыстық кассалық құжаттарды тіркеу журналында тіркеледі және ақша тапсырушының қолына беріледі, ал ордер кассада қалады.Қолма-қол ақшаны берумен байланысты операциялар шығыстық кассалық ордермен (ШКО) № КО-2 ф. немесе басқа құжаттармен (төлем тізімдемесі, ақша беру туралы өтініш) және фискалъды коды бар бақылау-кассалық аппараттар арқылы жүргізіледі. Кассадағы аппарат «Меркурий 115Ф» маркасы 2006 жылы 17 маусымда қойылған.

Колледжде кассалық ордерлер бойынша ақша қабылдау мен беру оларды толықтырған күні ғана болады. ККО, ШКО –лерді алған кезде кассир мыналарды тексеруге міндетті:құжаттарда бас бухгалтердің қолы бар жоқтығын,растығын; ал ШКО – да басшының да қойылған қолы бар екенін тексеру; құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығын; құжаттарда аталған тіркемелердің бар-жоқтығын. Егер осы талаптардың бірі орындалмаса, кассир құжаттарды бухгалтерияға қайтарады. Колледжде ұйымының ақша қаражаттар қозғалысы шетел валюталық шотында жүргізілмейді. Колледжде  ақшалай қаражаттарды тексеру жылына бір рет берілген айдың отызына қарай жүрізіледі немесе басшының бұйрығымен жоспарланбаған тексерулер жүргізіледі. Түгендеу қорытындыларын «ақшалай қаражаттың бар жоғын түгендеу актісімен» жеке рәсімделеді. Колледж құрылтайшысы ҚР заңды тұлғасы  Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті акциянерлік қоғамы болып табылады.

             Шаруашылық операция мазмұны дебет кредит
Кассаға студенттен  оқу ақшасы қабылданды 1010 1210
Кассаға демеушіліктен, ерікті қайырымдылық есебінен, өзге де шаралардан келіп түскен қаражат 1010 6160
Жауапты тұлғалардың пайдаланбаған сомасы 1010 1251
Банктегі есепшоттан келіп түскен ақша 1010 1020
Кассаны түгендеу кезінде артық шыққан ақша 1010 6160
Жауапты тұлғаларға берілген ақша 1251 1010
Берушілер мен мердігерлерге кассадан берілген қолма-қол ақша 3310 1010
Қызметкерлерге берілген еңбекақы 3350 1010
Кассаны түгендеу кезінде анықталған жетімсіз ақша (егерде жауапты тұлғаның кінәсі дәлелденбеген жағдайда) 7470 1010
Кассаны түгендеу кезінде анықталған жетімсіз ақша (егерде жауапты тұлғаның кінәсі дәлелденген жағдайда) 1253 1010

 

( № 1-28 қосымшалар)

Есептесу шотындағы операциялар.

     Есептесу шотындағы операциялар, шоттардың үлгілік жоспарындағы 1030 счетында жүргізіледі. Счеттың дебетінде колледжде ай басындағы бос ақшаларының қалдығы көрсетіледі. 1030 счет бойынша операциялар қозғалысын есепке алуда журнал-ордерлік формадағы есептесу қолданылып, олар №2 журнал-ордерлік және №2 ведомоста жүргізіледі

Колледжде 1030 счеттың кредиті бойынша жасалатын сома айналымын көрсету үшін №2 журнал-ордер пайдаланады. Осы счеттың дебетінде сома  айналысы әртүрлі журнал-ордер жазылып, сонымен қатар, №2 ведомос бойынша бақылауға алынады. Кай уақытта жасалғанына қарамастан, әр банкілік құжат үшін бір жол бөлу, регтстрлерді толтырылады. №2 журнал-ордер мен ведомостағы толтырылған жолдардың саны сол кезеңдегі банкіден алынған банкілік құжаттардың санына тең болуға тиіс.

Колледж өз еңбеккерлермен есеп айырысыды және жабдықтаушылардан негізгі құрал және материалды емес активтер сатып алған немесе сатқанда есеп айрысу шотын қолданады.

 

Мысалы: « Ағымдағы банкілік счеттағы ақша қаражаты»

             Шаруашылық операция мазмұны дебет кредит
Кассадан түскен ақша 1030 1010
Алынған аванс 1030 3510,4410
Борышкерлерден түскен ақша 1030 1210,2110
Займдар түріндегі келіп түскен ақша 1030 3010,4010
Аударылған аванс 1610,2910 1030
Банктен кассаға келіп түскен ақша 1010 1030
Жалпы және әкімшілік шығындарына төленген төлем 7110,7210 1030
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу 3110,3130 1030

( №3,20,21 қосымшалар)

Дебиторлық борыштар есебі.

         Дебиторлық берешек – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің шаруашылық жүргізуші субьект алдындағы өткізілген тауар (жұмыс,қызмет көрсету) үшін ақша төлеу бойынша міндеттеме. Ол ағымдағы (өтеу мерзімі бір жыл бойы) немесе операциялық циклді және ағымдағы емес болып бөлінеді. Дебиторлық борыштар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар және ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл борыштардың есебі «Алынуға тиісті шоттар» бөлімінің шоттарында есептеледі.

Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелетін) дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі.

Кәсіпорындардың бухгалтериясы дебиторлық борыштар есебін жүргізу барысында мына төменде аталған құжаттарды (есептік тіркемелерді) қолданады:

нөмірі 7 Журнал-ордер- «Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борышы» деп аталатын шотының кредиті бойынша;

нөмірі 8 Журнал- ордер- «Алынуға тиісті қосылған құн салығы, «Есеп пайыздар», «Басқадай дебиторлық борыштар» және «Берілген аванстар» деп аталатын шоттардың кредиті бойынша;

нөмірі 9 Журнал-ордерге қосымша тізімдеме – «Берілген аванстар» шотының дебиті бойынша;

нөмірі 10 Журнал- ордер- «Күдікті қарыздар бойынша резерв», «Алдағы кезең шығындары» шоттарының несие бойынша;

нөмірі 11 Журнал- ордер- «Сатып алушылар және тапсырыс берушілердің борышы» шотының және «Еншілес серіктестіктердің дебиторлық боышы» шотының кредиті бойынша жүргізіледі.

болып табылады.

Дебиторлық берешектер шоттары бойынша жүргізілетін операциялар

             Шаруашылық операция мазмұны

Дебет

Кредит

1

2

3

4

1

Көрсетілген қызметке есептелінген сатып алушы, тапсырыс берушілердің борышы

1210

6010

2

Көрсетілген қызметке есептелінген қосылған құн салық сомасы

1210

3130

3

Жұмысшылар мен қызметкерлерге іс-сапары және басқа да мақсаттар үшін берілген сомаларға

1251

1010

4

Сақтандыру полисін алу үшін есеп айырысу шотынан төленген  сома

1620

1030

5

Сақтандыру полисін алу барысында болған шығындар сомасы есеп беретін уақытта тиісті шоттарға апарылды

7110, 7210,

8418

1620

6

Алдағы кезеңнің жал төлемі есеп айырысу шотынан аванс ретінде алдын ала аударылды

1620

1030

7

Есеп беретін уақытта жал төлемі есептен шығарылды

7110,7210, 8417

1620

( № 86-89,120 қосымшалар)


Тағы рефераттар