Қарттар үйінде әр түрлі жастағы денсаулық деңгейі әр түрлі, тұрмыстық жағдайы әр түрлі қарттар орналыстырады. Мысалы әлі еңбек етуге жарамды, денсаулығы тың ата-әжелерде денсаулығы жарамсыздары да кездеседі.

Қарттар өз балаларынан жылу, ылтипаттылық, мейірімділік көрмегендіктен оны үнемі аңсап жүреді. Қарттарға құрмет көрсету адамгершілігі өз балаларынан болмасада, басқа жастардан туындалуы мүмкін. Қазақ психологиясында мынанадай заң бар: «Өмірге әкелген ата-анаңды, өлгенше құрметте!».

Қоғамдағы қарттардың өз туған балаларынан шапағат таппай өмір лайықты қамтамасыз ету бағытында мемлекеттің шапағатын көреді. Жасы үлкен қарияны құрмет ету, олардың киелік кеңестерін, ежелге келе жатқан халқымыздың дәстүріне сай берген ақыл кеңесін тыңдай отырып солар көрсеткен жолмен жүру дәстүрі халықты ежелден бар.

Қарттар үйінде қарт адамдарды әлеуметтік жұмыстарға араластырудың мәні зор. Әдетте әлеуметтік қызметтер қарттармен тікелей өздері жұмыс істегенімен басқа адамдарды, көпшіліктері, балаларды аралыстырады [24].

Қарттардың неғұрлым жас балалармен жұмыс істеуі, оларға соғұрлым ләззат береді. Қарттардың өмірін нұрландырып, түрлендіріп мағыналы етеді. Төмендегі мысалдарғды атап өтсек олар:

1.  Қарттар үйінде қарттармен бірлесе отырып, балалардың мақал- мәтелдер үйренуге жұмылдыру;

2.    Оқушылардың қарттарға арнап концерттерді ұйымдастыру;

3.    Қарттар үйіне арнайы бір күнді арнап, балалардың қарттарға өз

қолдарымен жасаған сыйлықтарды беру, сый сыйапат көрсету;

4.    Қарттарға бірлесіп, балалар әр түрлі тақырыпқа шығармалар жаздыру;

5.   Мереке күндері мерекені қарттармен атап өту;

6.  Қарттармен арнайы кездесуді ұйымдастыру. Кеңесуде қарттардың өткен тәжірбиесіне, кәсіби іс-әрекетіндіегі жетістіктерін баяндау.

Әлеуметтік қызметкердің негізгі міндеті – әрқашан уақыт тауып қарттармен атқаратын жұмыстарды ұйымдастырып, оларды жүйелі түрде жүргізіп отыру.

«Жастық шақтың несі жақсы, өмірден адасуы әлі алда,

Қарттық шақтың несі жаман ақыл толған қалтаңда ». Әрине, әр жастың өз ерекшеліктері мен құндылықтары өзгеше. Бірақ адам қартайған сайын оған қамқорлық, көмек пен махаббат керек. Өмірде ең жақсы өзіңдң біреуге керек қылғаны емес пе.

Қарт кісілерге әлеуметтік қамқорлық көрсетудің негізгі түрі — интернат үйлер қалыптастыру жүйесі болып табылады. Интернат-үйлердің міндеттері оның тапсырмалары мен атқаратын қызметімен анықталады.

Интернат-үйлердің негізгі міндеттері мынандай:

— тұрғын қарттарға материалдық-тұрмыстық қызмет көрсету;

— оларға үй жағдайларымен сәйкес өмір сүрудің қолайлығын қамтамасыз ету;

— мәдени іс-шаралар жүргізу;

— қарттарға медициналық және әлеуметтік көмек көрсету;

Интернат- үйлерді ұйымдастыру мен қалыптастырудағы негізгі қағида- қарт кісілердің әлеуметтік-топтық, жеке тұлғалық ерекшеліктерін; олардың қызығушылықтары мен білім деңгейін; жастық өзгерулерін; психологиялық және биологиялық мінездемелерін есепке алу болып табылады [46].

Қазіргі кезде, интернат-үйлеріне әсіресе, қозғалу қабілеттілігін толықтай жоғалтқан және өзіне арнайы күнделікті күтімді қажет ететін қарт кісілер түсуде.

Әлеуметтік зерттеулер бойынша, қарттардың мұндай мекемелерге келуіне мәжбүр ететін себептер: бұл – жалғыздық (48,8%), денсаулықтың қанағаттанарлықсыз жағдайы (30%), отбасыдағы шиеленіс жағдай мен туыстардың инициативасы (19%).

Интернат-үйлерінде тұратын қарттардың арасынан 3 топты бөліп көрсетуге болады:

  1. қалайтындар-жалғызбастылар;
  2. отбасымен тұратын- қалайтындар;
  3. қаламайтындар, бірақ әр түрлі себептерге байланысты интернат-үйлеріне келуге мәжбүр болғандар; Бұл әрине оңай мәселе емес [46].

Соңғы кездері, елімізде қарттардың үйлеріне барып әлеуметтік қызмет көрсету үрдісі дамып келеді. Бұл- тамақтану мен тамақты үйіне жеткізу ұйымы, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, қаза болған жалғызбасты қарттарды жерлеу дәстүрін ұйымдастыру, әр түрлі тұрмыстық қызмет көрсету жолдарын ұйымдастыру (үйінжөндеуден өткізу, жылумен қамтамасыз ету, су жеткізу, коммуналдық қызметке ақысын төлеу т.с.с.), іс қағаздар жұмысына көмектесу [52].

Кесте 1.

Қазақстан Республикасындағы қарттармен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған интернат-үйлердің саны [52].

Облыс/қала Үйлердің саны Интернат-үйлерде тұратындардың саны
Ақтөбе облысы 2 609
Алматы облысы 2 279
Атырау облысы 1 107
Шығыс Қазақстан облысы 11 2436
1 – кестенің жалғасы
Батыс Қазақстан облысы 6 1022
Қарағанды облысы 10 1939
Қызылорда облысы 1 174
Қостанай облысы 10 1423
Маңғыстау облысы 1 121
Павлодар облысы 4 568
Солтүстік Қазақстан облысы 3 787
Оңтүстік Қазақстан облысы 2 423
Астана қаласы 1 309
Алматы қаласы 3 983
Барлығы 65 12075

Әлеуметтік қызметкердің басты ерекшелігі мемлекеттің әр түрлі саласындағы әр тарапта қызмет ету, соның бірі — қарттармен және қарттар үйіндегі қарттармен жұмыс. Бұл жұмыс мемлекеттік іс болып табылады, басқаша айтқанда әлеуметтік қызметкер мемлекеттік істі жүзеге асырады.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында өзінің тәуелділіктерін нығайту мақсатында қоғам өмірінің барлық саласында өркениетті елдердің жолына түсті. Олардың ішінде қарттарға әлеуметтік қамқорлық жасау мәселесі де бар.

Қазіргі қоғамдағы қарттар өткен жастық өмірлерінде белгілі бір қоғмдық қызметпен айналысатын немесе ҰОС ардагерлері болып келеді.

Үкімет тарапынан, соғыс еңбек ардагерлері туралы заң жобасы жасалып, онда соғыс және еңбек ардагерлерінің мүдделері қамтылған. Бұл заң жобасында Қазқстандағы қазақстандықтардың лайықты өмір сүруін, белсеңді қызметін, қоғамда оларға  сый құрметті қамтамасыз ететін жағдайлар жасау, қарттар үйіндегі ата- әжелерге бүкіл мемлекеттік жасау, мемлекеттің тарапынан да, қоғам тарапынанда мұқтаждары мен қажеттіліктерін ерекше көңіл бөлу мақсатында оларды әлеуметтік қорғаудың құқықтық кепілдектер белгіленген.

Сондай- ақ заң жобасында соғыс кезінде және мемлекеттің мүддесі үшін басқа да соғыс операциясы кезінде Отан қорғауға қатысқан, соғыс кезіндегі аса ауыр жағдайларды, төтенше жағдайларда Еңбек еткен немесе еңбегі үшін марапатталған ҚР-ғы қарттармен мүгедектердің құқықтық мәртебесі айқындалған. Заң жобасында қарттардың мынадай санатын белгілеген:

  1. ҰОС қатысушылар;
  2. ҰОС мүгедекетер;
  3. ҰОС қатысушыларға теңестірілетін адам;
  4. ҰОС мүгедектеріне теңестірілетін адамдар;
  5. ҰОС тыл еңбеккерлер

Қарияларды, жасы үлкендерді құрметтеу, олардың киелі кеңестерін, ежелден келе жатқан дәстүрге сай берген, ақыл кеңестерін тыңдай отыпыр, солар көрсеткен жолмен жүру дәстүрі халқымызда әлі күнге қолданысқа ие.

Қарттар үйіндегі қарттар жөнінде, оларды қорғау, көмек көрсету әлеуметтік қызметтің назарынан тыс қалған емес. Соңғы жылдары әлеуметтік танушылардың негізгі пікір таластарының бірі- отбасына және отбасылық өмірімен, отбасыларындағы қарттармен жүргізілетін жұмыскрлкрінің саның арттыру. Бұл қоғамды толғандырып отырған мәселе.

Әлеуметтік қызметкер әр қашанда өзі атқаратын жұмыстарға жауапты әсіресе қарттармен жүргізілетін жұмыстарды белгілі бір нысананы көздеген құнды дүние болу қажет.

Әлеуметтік қызметкердің қарттар үйімен жүргізілетін әлеуметтік –педагогикалық- психологиялық жұмыстары екі жақты сипатқа ие.

— Қарттар үйіндегі қарттарға мектептегі оқушыларды ұйымдастырып алып барып, мерекелермен құтықтап, сыйлықтар беріп, концерттік бағдарламалар құрып, қарттарға көңіл бөліп, көмек көрсету болса, екі ншісі балаларға жастарға тәрбие беру, ерте байап олардың бойында ата — анаға деген құрметті сезіндіру, үлкенді сыйлау, ата- әже алдынан кесе өтпеу, оларға көмектесу сияқты, тәрбиелік іс- шаралар жүргізу;

— Әлеуметтік қызметкер қарттармен атқаратын жұмысын ұйымдастырып, әрқашан уақыт тауып, жүйелі түрде өткізіп отыру керек. Сондай- ақ әлеуметтік қызметкер қарттармен оның кезіңде атқаратын жұмыс саласына байланысты кейбір ерекше қасиеттерімен қиыншылықтарын жас ұрпаққа үлгі етіп отыру қажет [48].

Әлеуметтік қызметкер қарттардың еңбегін асыл мұра деңгейінде қарап, оны балаларға үлгі өнеге ретінде пайдалынады. Қоғамның ең бір талаптарының бірі әр азаматтың өмірде өз орнында толық күш жігерін жұмсап, қоғамдық байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал саналы қатысу қоғамдық өмір салтының алғы шарты болып саналады.

Еңбекке тәриелеу отбасынан бастау алып, мектепте жалғасады. Мемлекет қарттарды әлеуметтік қорғау және барлық мүмкіндіктермен қамтамасыз етуді мойынға алған дегенмен, қарттар үйінде аталар мен әжелердің қайғысына кейде қорқыныштарына өз балалары себепші.

Әлеуметтанушылардың пайымдауы бойынша қазіргі қоғамдағы әлеуметтік қызметкердің қызметі — жастарды осы қоғамда өмір сүруге әзірлеу, олардың толық қанды және деңгейлі тәрбие алуына жағдай жасау. Толыққанды тәрбиелі адам өз ата- анасын керексіз етіп, қарттар үйіне өткізеді. Сондай-ақ әлеуметтанушылардың пікірі бойынша, қарттар үйіне өз атасын өткізбеудің бірден бір жолы- отбасындағы қарама- қайшылықты болдырмау, отбасындағы зорлық- зомбылықтың алдын алу.

Қазақ халқы «Бірлік бар жерде, тірлік бар»- деп бекер айтпаған. Қоғамдағы түрлі саладағы, іс- шаралар олардың бірлесіп әрекет етуі, қарт адамдарға қамқорлық жасау мүмкіндігін күштейді.

Мемлекет қарттардың мінез- құлқын, өзіне және қоғамға көзқарасын қалыптастыруға әр кез дайын болу қажет. Қарттарда сүйіспеншілік, төзімділік, қарапайымдылық, адалдық, өзіне- өзі сену, қайырымдылық, әрине денсаулықты нығайту әлеуметтік қызметкер үшін басты мәселе. Қарттармен жұмыс жүргізгенде, әсіресе жалғызбасты қарттарға әр түрлі мақсаттары бар.

  1.   Қарты бар үйдің пірі бар — дегендей қарт адамдарға тәрбиелі сөз айтқанынан басқа зияны жоқ.
  2.   Қарттар өзін іздейтің өздерін ұғынатын қоғамда жас буындар бар екенің әрдайым сезінеді.
  3. Бәріміз, ертең қартаямыз : мәңгілік жастықты ешкімге жазбаған. «Қарттық жасынды, жастық шағында ойлан»,- демекші өзін қартайған кезде тастап кететін безбүйрек емес, жаны ашыр бала тәрбиелеу қажет, жастар ерте кезден ұғыну керек.

Осылайша қарт адамдарға интернат үйлерінде көмек көрсетіледі. Алайда интернат үйлері ол адамның өз үйіндей бола алмайды, сол себепті де менің ойымша қарт адамдарды интернат үйлеріне өткізу өте күрделі мәселе. Интернат үйлерінде әлеуметтік жұмыскерлер қаншалықты жұмыс жасаса да қарт адамдарға бақытты өмір бере алмайды [46].
Тағы рефераттар