Әлеуметтік жұмысқа арнап әдебиетте қарт адамдармен жұмыс жасаудың мынадай моделдері ұсынылады.

  1.  жеке адамды, оның әлеуметтік ортасында зерделеу;

2.    жеке адамдардың қалыптасу және даму факторларын есепке алу.

Үлкен егде жастағы адамдармен әлеуметтік жұмыс атқарудың қазіргі технологиясы қарт адамдарға қатысты қарастырылған. БҰҰ- ның принциптері бойынша «Үлкен, егде жастағы адамдардың толық мағыналы етіп қамтамасыз ету негізінде құрылу керек».

Бұл құжат барлық елдердің үкіметтерге қарт адамдарды әлеуметтік қолдаудың нақтылы шараларын асыруды ұсынылады.

  1. Қарт адамдарға қатысты ұлттық саясат негізінде, осының нәтижесінде халықтың буындары арасындағы байланысты нығайту;
  2. Қайырымдылық көрсеткен ұйымдарды қолдау;
  3. Қарт адамдарды экономикалық күзелістерден қорғау;
  4. Қарттарға арналған мамандандырылған мекемелерде тұратын өмір сүру деңгейін жоғарлату;

5. Отанында немесе басқа елдерде тұратын жатқан қарт адамдарды әлеуметтік қызметпен толық қамтамасыз ету [11, 55б.].

Әлеуметтік қызмет көрсету түрлері келесідей болып келеді:

—         зейнетақылар мен жәрдемақылар;

—         қарттар мен мүгедектерге арнаулы мекемелерде қызмет көрсету;

—         мүгедектерге берілетін жеңілдіктер;

—         жалғыз басты қарттарға көмек көрсету;

—         Заңнамалық көмек көрстеу;

Мысалға әлеуметтік қызмет көрсету орталығының құрылымына тоқталайық. Оған бірнеше бөлімшелер кіреді. Күндізгі қабылдау бөлімшесі тамақтандыруды, медициналық және мәдени қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Арнайы шеберханалар да және жеке шаруашылықпен айналысу да қарастырылған.

Уақытша тұру бөлімшесінде емдік-сауықтыру және реабилитациялау қызметі, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсету, тәулік бойы тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіледі.

Егде адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету өзекті проблемалардың бірі болып табылады. Адам қартайған кезде бұрынғы әлеуметтік ролінен айырылып, жиі туғандары мен жақындарын жоғалтады. Рухани құлдырап, байланыс шеңбері, әлемге көзқарасының нұсқалары таратылады.

Қарт адамдар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың құрамды элементі – заң қабылдаушы үкімет бекіткен  әлеуметтік кепілдеме есебімен, әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша қызмет немесе жеңілдік түрінде, ақшалай немесе табиғи формада қамтамасыз ету. Оған ереже бойынша, зейнетақы мен жәрдемақыға периодты және бір мезгілде  қосымша төлем осы категорияларға дифференцияланған, адресті әлеуметтік қолдау көрсету  мақсатындағы қызмет табиғи сома, жағымсыз әлеуметтік – экономикалық  шарттарға әкелетін критикалық  өмірлік жағдайлардың жойылуы немесе бейтараптылығы кіреді.

Сонымен, әлеуметтік қамтамасыз ету дәстүрлі формасын жеткізу: ақшалай төлем (зейнетақы, жәрдемақы); табиғи қамтамасыз ету; қызмет пен жеңілдік, қызмет көрсетудің  стационарлы және стационарлы емес түрі — әлеуметтік көмектің шұғыл формасында еңбекке қабілетсіздерге, Қазақстанның мұқтаж азаматтарына беріледі [50].

Қарт адамдарға  әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету құрамына зейнетақы мен әртүрлі жәрдемақы, жергілікті арнайы әлеуметтік қорғау орган мекемелерінің қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсетуі және оларды асырауы; ротездеуі; мүгедектерге жеңілдік; үйсіздерге көмек көрсету.

Әлеуметтік қамтамасыз етуді мемлекеттік  органдар, кәсіпорындар, жеке адамдар еңбек етушілер есебінен жасайды. Соңғы жағдайда фондтан төлеу еңбек салымы немесе стажы арқылы емес, төлем көлемі арқылы анықталады. Мұндай тәжірибе батыс елдерінде кең таралған.

Егде адамдардың басым көпшілігі қалыпты үй жағдайында қалғысы келеді, ал мамандандырылған мекемелерде көмек алу көп шығынды талап етеді. Бұл егде адамдарға қаншалықты мүмкін болса, соншалықты өз үйлерінде қалуға мүмкіндік бере отырып, олардың арасында аурулар мен мүгедектіктің алдын алуға ықпал ететін әлеуметтік және экономикалық жағдай жасау қажеттігіне итермелейді. Егде адамдарға үйде күту сияқты шаралар осы мақсатқа қол жеткізуге ықпал етеді.

Бұдан басқа, әлеуметтік қызметкерлердің келіп-тұруы қарттар үйіне келіп түсетін адамдардың санының азаюына мен өлім көрсеткішінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Қолданыстағы 1998-2005 Мемлекеттік стандартқа сәйкес үйде әлеуметтік қызметтің мынадай түрлері белгіленген:

  • әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетулер;
  • әлеуметтік-медициналық қызмет көрсетулер;
  • әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсетулер;
  • әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсетулер.

Заңнама бойынша асырап-бағуға және қамқорлығына алуға міндетті жақын кәмелетке толған еңбекке қабілетті туған-туысқандары жоқ, сондай-ақ объективті себептермен тұрақты көмек пен күтімді қамтамасыз ете алмайтын (жасы келуіне, бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі, онкологиялық, психиалық ауру болуына, бас бостандығынан айыру орындарында жатуына, елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне немесе басқа елді мекенде тұруына байланысты) жақын туған-туықандары бар адамдар үйде қызмет көрсетуге қабылданады [44].

Мүгедектер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңістірілген адамдар бірінші кезекті тәртіппен үйде қызмет көрсетуге қабылданады.

Қазақстан Республикасындада қарт адамдар мен мүгедектер Қазақстан  Республикасының Конституциясы бекіткен, сондай-ақ құрамына басқа заң қабылдаушы актілер кіретін республика конституциясы  бекіткен әлеуметтік-экономикалық және жеке құқықтарға ие. Алайда, қарт және мүгедек адамның әлеуметтік статусының қоғамдық және еңбек қызметінің тоқтауына; құндылық ориентирлерінің трансформациясына, өмір салты мен қарым-қатынасына әлеуметтік-тұрмыстық және психологиялық жаңа шарттарға бейімделудің қиындығына байланысты өзгеруі айтарлықтай әлеуметтік мәселелерді туындатады.

Қарт адамдар мен мүгедектердің өмір қызметінің шектелуі – ең өткір мәселе болып табылады. Өмір қызметінің шектелуі барысында адамда өзіне қызмет көрсету мүмкіндігінің, қимыл-қозғалысының, жөн сілтеуінің, қарым-қатынасының, өз мінез-құлқына бақылау жасауының, сондай-ақ еңбек қызметімен айналысу мүмкіндігінің болмайтындығы байқалады.

Бұл мәселені шешуде бірінші деңгейдегі мағынаға қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік көмек  пен әлеуметтік реабилитация жүйесі жоғары деңгейге жетіп отыр [45].

Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс жүргізудегі тиімді жұмыстардың бірі геронтологиялық реабилитация жұмыстарын жүргізу болып табылыды. Геронтологиялық  реабилитация — бұл ұзақ жүретін процесс және ол әлеуметтік қорғау мен денсаулық сақтау мекемелерінің кең және тығыз бірлестіктері арқылы ғана мүмкін. Әрбір қарт адам қандайда бір өмірлік мақсаттармен өмір сүруі ниеті болғаны маңызды. Реабилитациялық шаралардың тиімділігі қарт адамның ниетімен оның өмір жағдайыны тәуелді. Күнделіктегі жеке бастық іс-әрекет кәріліктегі өмірдің әлеуметтік мәнге толы болуына үлкен мәнге ие. Жағымды ағымдағы психологиялық және физиологиялық кәрілікте әлеуметтік көмектің формасын және түрін егде жастағы адамның өзі таңдайды. Әлеуметтік жұмыстың мәні ол әлеуметтік реабилитация. Дәл осы тұрғыдағы мұндай реабилитацияның ең маңыздысы қарт адамның әлеуметтік жұмыс объектісінен оның субъектіге ауысуы болып табылады. Қоғамға қажеттілігін әр адам өзінің өмірлік тәжірибесінің негізінде құрастырады. Бірақ қандай жағдай болмасын әр адам өзінің ішкі рухани құндылығын, тұрақтылығын, беделдігін, белсенділігін сақтап қалуды үйренуі керек.  Қазіргі кезде қарт адамдар отбасынан бөлек тұрады, және осыған байланысты жалғыздықта және кез-келген қиындықтарда төтеп бере алмай жатады. Егер бұрын қарт адамдарға жауапты отбасы болатын болса, ал қазір бұл жауапкешілік мемлекеттің және жергілікті органдардың және халықты әлеуметті қорғау ұйымдарының құзіреттілігінде. Қарт адамдардың проблемалары ең алдымен әлеуметтік және медециналық болып бөлінеді. Бұл бөлу формасына байланысты. Бұл екі прблемада өркениетпен, мәдеиетпен бірге пайда болады. Көптеген зеріттеу нәтижелері көрсетіп отырғанындай қарт адамдарда медециналық проблемалардың ішінде мына проблема түрлеріне көптеп шалдығып отырады: жүру, көздің нашарлауы, өзін-өзі күту, ойлау және интелектуалды қабілеттіліктері. Қоршаған ортада болып жатқан өзгерістерді басқа жастағыларға қарағанда баяу қабылдайды.        Медециналық деректерге сәйкес қарт адамдар дәрігерлерге 1,5 есе көп шағым   түсіреді. Басқа жас өкілдеріне қарағанда екі есе көп стационарлық ем қабылдайды. Алпыс жастан асқан қарт адамдар жедел жәрдем шақыру үлесі 40%-60% құрап отыр. Жастары ұлғайған сайын адамның ағзасы ауруға бейім келіп, елу жастан жоғары жастағы адамдарға басқа топ өкілдеріне қарағанда диагностикалық үш жарым есе көп шалдығады. Ал жетпіс жастан асқан қарттар бес, жеті есе көп шалдығып отырады. Ол аурулар қатарына: рак, қант диабеті, жүрген аурулары және тағы басқалары. Адамдардың жасы ұлғайған сайын акдам ағзасының ауруларға қарсы тұр қасиеті төмендейді, бір аурудың үстіне екіншісі қосыла береді. Сәйкесінше бұндай жағдайлар адамның физиологиялық күйіне өз әсерін тигізеді.

Әлеуметтік реабилитация әлеуметтік-экономикалық, медициналық, юристік, кәсіби және басқа шараларға әкеледі. Олар қажетті шарттарды қамтамасыз етуге және осы  топтардың қоғамда толыққанды өмірге келуіне бағытталады. Қарт адамдар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың құрамды элементі  заң қабылдаушы үкімет бекіткен  әлеуметтік кепілдеме есебімен, әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша қызмет немесе жеңілдік түрінде, ақшалай немесе табиғи формада қамтамасыз ету. Оған ереже бойынша, зейнетақы мен жәрдемақыға периодты және бір мезгілде  қосымша төлем осы категорияларға дифференцияланған, адресті әлеуметтік қолдау көрсету  мақсатындағы қызмет табиғи сома, жағымсыз әлеуметтік – экономикалық  шарттарға әкелетін критикалық  өмірлік жағдайлардың жойылуы немесе бейтараптылығы кіреді. Сонымен, әлеуметтік қамтамасыз ету дәстүрлі формасын жеткізу: ақшалай төлем (зейнетақы, жәрдемақы); табиғи қамтамасыз ету; қызмет пен жеңілдік, қызмет көрсетудің  стационарлы және стационарлы емес түрі — әлеуметтік көмектің шұғыл формасында еңбекке қабілетсіздерге, Қазақстанның мұқтаж азаматтарына беріледі. Қарт адамдар зейнеткерлікке шығу психологиялық жағынан даяр бомайды. Бос уақыттарын дұрыс пайдаланбайды. Тұрмыс жағдайы төмен болған соң қарттар көп уақытын үй шаруасына арнайды. Рухани мүдделерге онша мән бере бермейді. Қарт адамдармен мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізуге талдау жасау, оның толық жоспарланбағандығын, қарттардың мүддесін ескерумен, олардың қажеттіліктеріне немқұрайлы қарау  сипаттарын көрсетеді.

Қарт адамдардың  демалысын ұйымдаструдың нәтижелі  формаларын теориялық   әдістемелік жақтан әзірлеу  олардың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін түсінуді және жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескеруді қажет етеді.

Біздің бақылуымыз бойынша, демалыс белсенділігі  сипаты мен деңгейі мына факорлаға байланысты болып келеді: 1)Денсаулығы мен психологиялық белсенділігі жағдайы; 2) әлеуметтік жағдайы (жалғызіліктілігі, балаларымен бірге тұруы); 3) бұрынғы жұмыс тәжірибесімен қоғмадық белснеділігі  адамдар мен және ұйыммен бұрынғы қоғамдық байланысын сақтауы; 4) материалды қамтылуы мен табыс мөлшері; 5) мәдениеті мен білім деңгейі; 6) мінез-құлық ерекшеліктері.

Қарт адамдарға  әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету құрамына зейнетақы мен әртүрлі жәрдемақы, жергілікті арнайы әлеуметтік қорғау орган мекемелерінің қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсетуі және оларды асырауы; протездеуі; мүгедектерге жеңілдік; үйсіздерге  көмек көрсету. Әлеуметтік қамтамасыз етуді мемлекеттік  органдар, кәсіпорындар, жеке адамдар еңбек етушілер есебінен жасайды. Соңғы жағдайда фондтан төлеу еңбек салымы немесе стажы арқылы емес, төлем көлемі арқылы анықталады. Мұндай тәжірибе батыс елдерінде кең таралған.

2003 жылы әлеуметтік қорғау жүйесінде біздің елімізде  қарт адамдар мен мүгедектерге арналған 959 стационарлы мекеме, 700-ден аса әлеуметтік  қызмет орталығы, үйде әлеуметтік көмек көрсететін 900 бөлім, сонымен қатар, басқа да әлеуметтік көмек көрсететін мекемелер қатары (психолого-педагогикалық, шұғыл психологиялық көмек және тағы басқа) болды.

Қарт адамдарды адресті қорғау Қазақстанда айтарлықтай дағдарысты жағдайда. Ол біріншіден ең көп қажетсінулерге: жалғыз басты зейнеткерлерге, мүгедектерге, 80 жастан жоғарыларға көрсетіледі.

Біздің еліміздегі әлеуметтік  зерттеулер қарттарға жағымды жағдайды қамтамасыз етудің негізгі бағыттары: зейнетақының көтерілуі, зейнеттік      қамтамасыз етудің жоғары деңгейге жетуі, оларға үйде қызмет көрсетуді  дамыту қарттарға арналған үйлердің көбеюі және өмір сүру жағдайының жақсаруы [38].

Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде қарттармен мүгедектерге тұрақты немесе уақытша үйде  әлеуметтік –тұрмыстық қызмет көрсету ұйымдастырылады.

Әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы жедел әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі келесі қызметтерден тұрады:

  1. Жедел түрде ыстық тамаққа немесе азық-түлікке мұқтаж адамдарға бір реттік көмек;
  2. Киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз ету;
  3. Бір реттік материалдық көмек көрсету;
  4. Уақытша тұрғын үймен қамтамасыз ету;
  5. Жедел психологиялық көмек көрстеу, соның ішінде «сенім телефоны» арқылы да;
  6. Заңнамалық көмек көрстеу;
  7. Аймақтық ережеге байланысты көмектің басқа да түрін көрсету.

Атаулы әлеуметтік көмек бөлімшесі де маңызды орында тұр.

Әлеуметтік зерттеулер нәтижесі бойынша қарттардың жағдайын жақсарту үшін елімізде келесі жұмыстар қолға алынуы тиіс:

—         зейнетақының көбеюі;

—         зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің жақсаруы;

—         үйде қызмет көрсету жұмыстарының дамуы;

—         қарттарға арналған үйлер мен онда тұру жағдайларының жақсаруы және т.б.

Көптеген елдерде зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жақсарту әлеуметтік қамсыздандыру бағытының ең басты мәселесі болып отыр. Бұл мәселе әр елде өзіндік ерекшеліктермен шешіліп  келеді.

Кейбір елдерде зейнеткерлер зейнетақысын оның көлеміне қарамастан толықтай алады. Ал кейбір елдерде жинақталған зейнетақы жүйесі жүріп жатыр [39].

Қазақстанда қазіргі кезде Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемін алушылардың жалпы саны  1 млн. 600 мың адамнан асты. 2006 жылдың қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі айлық еңбекақының ең төмен мөлшерін, сондай-ақ асыраушысынан айырылған жағдайға және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін есептеу, кедейлік шегін анықтайтын бірыңғай базалық әлеуметтік индикатор болып белгіленген. Әлеуметтік төлемді тағайындау, әлеуметтік көмек мөлшерін анықтау тек ең төменгі күнкөріс деңгейін ескеріп қана емес, сондай-ақ алушының бұрынғы еңбек үлесіне байланысты жүзеге асырылады. Елбасының Қазақстан халқына жолдауына сәйкес осы жылғы 1 қаңтардан бастап, зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер «айын-айынша» принципі бойынша төленуде. Зейнетақы төлемдерінің мөлшері инфляция деңгейінен 8 пайызға ілгерілете арттырылды.

Қарттарға әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету жұмысына баса назар аударған жөн. Бұл жерде барлық жағдайды қарастырған жөн: өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтындарды ескеріп, ыңғайлы аяқ киіммен, киіммен, қарт адамдардың жүріп-тұруына жеңілдік беретін құрылдармен, кейбір гигиеналық жұмыстарды жүргізу кезінде қиындық тудырмайтын құралдармен қамтамасыз ету [45].

Халқы аз жерлерде тұратын жалғыз басты қарттарға әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа түрі – Қайырымдылық поезды деген атпен ұйымдастырылып жүріп жатыр. Оның құрамына дәрігерлер және әлеуметтік қызметкерлер кіреді. Олар: медициналық, әлеуметтік, тұрмыстық ақыл-кеңес беру т.с.с көмек түрлерін көрсетеді. Атап кету керек мұндай көмектер бұған дейін де жүргізілген: ауылдық аймақтарға медик мамандардың баруы, адрестік сауда-саттықтың жүргізілуі және т.б.

Қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсетуде әлеуметтік қызметкерлерге кең мүмкіндіктер береді. Мұндай адамдармен жұмыс жасау үшін білім мен тәжірибенің және жан дүниенің  үйлесімділігі қажет. Осы үйлесімділікке ие бола отырып қана, қарт адамдардың  өмір сүру салтын жақсартуға, олардың тәуелсіздігін, мәртебесін көтеруді қамтамасыз етуге болады.

Мұндай мүмкіндіктердің шеңбері өте кең болып келеді. Себебі, психологиялық жағынан  келіспеушіліктер тек қана адамның психикасына ғана емес, оның денсаулық жағдайына толықтай әсер етеді. Әлеуметтік педагог осы шеңбердегі келеңсіздіктің барлығын шешуге тырысып бағуы керек.      Қазақстан Республикасындада қарт адамдар мен мүгедектер Қазақстан  Республикасының Конституциясы бекіткен, сондай-ақ құрамына басқа заң қабылдаушы актілер кіретін республика конституциясы  бекіткен әлеуметтік-экономикалық және жеке құқықтарға ие. Алайда, қарт және мүгедек адамның әлеуметтік статусының қоғамдық және еңбек қызметінің тоқтауына; құндылық ориентирлерінің трансформациясына, өмір салты мен қарым-қатынасына әлеуметтік-тұрмыстық және психологиялық жаңа шарттарға бейімделудің қиындығына байланысты өзгеруі айтарлықтай әлеуметтік мәселелерді туындатады [46].

Қарт адамдар мен мүгедектердің өмір қызметінің шектелуі – ең өткір мәселе болып табылады. Өмір қызметінің шектелуі барысында адамда өзіне қызмет көрсету мүмкіндігінің, қимыл-қозғалысының, жөн сілтеуінің, қарым-қатынасының, өз мінез-құлқына бақылау жасауының, сондай-ақ еңбек қызметімен айналысу мүмкіндігінің болмайтындығы байқалады.

Бұл мәселені шешуде бірінші деңгейдегі мағынаға қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік көмек  пен әлеуметтік реабилитация жүйесі жоғары деңгейге жетіп отыр.

Әлеуметтік реабилитация әлеуметтік-экономикалық, медициналық, юристік, кәсіби және басқа шараларға әкеледі. Олар қажетті шарттарды қамтамасыз етуге және осы  топтардың қоғамда толыққанды өмірге келуіне бағытталады.

Әлеуметтік қызметтің ең кең дамыған жерлері  Тараз қаласында  барлығы  140 қарт адам бар. Олардың 28 адамы қазақтар.

Тараз қаласында № 1 ардагерлер мен мүгедектерге арналған үйі бар.

Алматы қалалық қарттар мен мүгедектер интернат үйі бар. Оның ашылғанына 37 жыл, 120 қарт бар [46].

Автор  жұмыстың мазмұны әлеуметтік қызмет орталығын (қарт жастағы және мүгедек азаматтар үшін) қарастыруды ұсынады.Оған бірнеше  бөлімдер кіреді. Күндізгі бөлімде (кемінде 30 зейнеткер мен мүгедектерге есептелген) тамақтану, медициналық және мәдени қызмет көрсету ұйымдастырылады. Қосымша  шаруашылықта немесе шеберханада шамаға шақ еңбек қызметіне қатыстыру қарастырылған.

Уақытша болу бөлімі (кемінде 15 адамға есептелген) емдеу-сауықтыру және реабилитациялық шараларды, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуді, тәулік тамақпен қамтамасыз ету шартын жүзеге асырады.

Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде (ол қалада 120 адамға, ауылды жерде 60 адамға  қызмет көрсетеді) үнемі немесе уақытша (6 айға дейін) зейнеткерлер мен  мүгедектерге, басқаның көмегіне мұқтаж адамдарға (ақылы немесе ақысыз түрде) үйде әлеуметтік – тұрмыстық қызмет көрсетеді.

Үйде әлеуметтік көрсетудің негізгі тапсырмасы  еңбекке қабілетсіз азаматтарды, үйде қызмет көрсетуге мұқтаждарды табу болып табылады.

Әлеуметтік көмек  орталығының шұғыл қызметі қызметтің кең тізімін  қарастырады. Тегін астың тамаққа немесе азық-түлік  жиынына мұқтаждарды қамтамасыз ету; киіммен, аяқ киіммен және бірінші қажеттілікпен қамтамасыз ету, әр түрлі материалды көмек көрсету; уақытша баспана алуға көмектесу; шұғыл психологиялық көмек, соның  ішінде «сенім телефоны» арқылы: өз компенсациясында юристік көмек көрсету; региондық және басқа ерекшеліктермен шартты көмектің басқа түрлерін және формаларын көрсету.

Қарт адамдарды адресті қорғау Қазақстанда айтарлықтай дағдарысты жағдайда. Ол біріншіден ең көп қажетсінулерге: жалғыз басты зейнеткерлерге, мүгедектерге, 80 жастан жоғарыларға көрсетіледі.

Біздің еліміздегі әлеуметтік  зерттеулер қарттарға жағымды жағдайды қамтамасыз етудің негізгі бағыттары: зейнетақының көтерілуі, зейнеттік қамтамасыз етудің жоғары деңгейге жетуі, оларға үйде қызмет көрсетуді  дамыту қарттарға арналған үйлердің көбеюі және өмір сүру жағдайының жақсаруы.

Қазіргі мемлекетте әлеуметтік қамтамасыз етудің басты бағыттарының бірі зейнеткерлік қамтамасыз етудің жоғарлауы болып табылады.

Қарттарға әлеуметтік-тұрмыстық қызмет етушіге баса назар аудару керек. Бұл жерде, өзіне қызмет ету қабілетін   жоғарлатқандықтан арнайы жайлы аяқ киіммен, киіммен, қарт адамдарға көшедегі қозғалыстарды  жеңілдететін, үй шаруасын жүргізетін, кейбір гигиеналық процедураларды орындайтын әртүрлі құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.

Бұл мәселені шешу үшін, архитектуралар, дизайнерлер, гереонтологтар баяғыда-ақ осыған сәйкес тұрмыстық техника жасап шығаратын перспектива бағыттарын анықтаған.

Бұл ұсыныстар мыналардың туындауына әкеледі:

—  тамақ дайындауда операцияларды бағдарламалайтын автоматтандырылған асханалық комплекстер.

—  төсек тартып жатып қалған ауруларға қарауда көптеген тететіктер жүйесі және оларға санитарлы-гигиеналық көмек көрсету.

—  қарттардың жасерекшелік спецификасы тіркелген бастаманың тазалайтын арнайы жинақ және механизмдер, сондай-ақ қарт адамдарға тұрмыстық іс-әрекеттің қауіпсіздігін жоғарлататын және оларға жайлы тиетін қарапайым, бірақ өте керекті құрылымдар.

—  қарт адамдарға ванна қабылдауға арналған тұтқалық және тірегіш тұтқа жүйесі.

—  аяқ киімді киетін арнайы тіреулер.

—  табалдарықтың орнына жалпақ пондустар қою.

Ұсыныстар жақсы, алайда біздің елімізде олар қанағаттанарлықсыз жағдайда жүзеге асады.

Біздің елемізде 2003 жылдан бастап, құрамына үйде әлеуметтік көмек көрсетумен қатар, тіпті жаңа бөлімдер күндіз келіп кететін бөлімдер кіретін зейнеткелерге қызмет  көресету орталығы деп аталатын орталықтар ашыла бастады.

Мұндай бөлімдерді ұйымдастырудың мақсаты – жанұясымен бірге тұратын немесе жалғызбасты қарттардың қолыбос кездеріне арналған өзіндік орталықтар жасау. Мұндай бөлімдерге адамдар таңертең келіп, кешке үйлеріне қайтады деп қарастырылған: олар күні бойы жайлы ортада болуға, қарым-қатынас жасауға, уақытты мағыналы өткізуге, әртүрлі мәдени іс-шараларға қатысуға,  бір мезгіл тамақ және керек болған жағдайда дәрігерге дейінгі медициналық көмек алуына мүмкіндік алады.

Мұндай бөлім қызметтерінің негізгі тапсырмасы қарт адамдарға жалғыздықты өткеруіне, тұйық өмір сүру салтына, жаңа мағыналардың пайда болуына, белсенді өмір сүруінің қалыптасуына көмектесу болып табылады.

Басында мұндай орталықтар қарттарға арналған интернат-үйлерінде пайда болды, өйткені бұл мекемелердің келушілерді ыстық тамақпен қамтамасыз ететін жабдығы бар, бөлімге сәйкес алаңы бар.

Бөлім күніне  25-50 адамға есептеген. Алғашында бөлімде уақыт өткізу уақыты шектелмеген еді. Тамаққа төлейтін ақша зейнетақы байланысты әртүрлі болды [46].

Бөлімде дәрігерге дейінгі медициналық көмекке, клуб жұмысына, кітапханға, шеберханаға және тағы басқа кабинеттер берілген.

Осындай  жолмен, Ресейде еңбекке  қабілетсіз азаматтар көмек қызметін жасау мен дамытуда, әлеуметтік жұмыс бойынша жаңа кадрлар келіп одан әрі дами түседі деген болжам жасауға негіз бар.

Сонымен бірге қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс тәжірибелері көрсетіп отырғандай, қарт адамдардың өмірінде дін негізгі орынды алады. Бұған түрлі себептер болуы мүмкін. Көптеген елдерде халықтың көп бөлігі дінге сенушілер. Бұл біріншіден. Екіншіден, қарт адамдар өздеріне: «Өмірден кейін не болады?»  сұрақты жиі қояды. Үшіншіден, көптеген қарттар дінге тұрақтылық жағдайының негізі ретінде қарайды. Сондықтан да қарттармен жұмыс жасаған кезде дінді де ескеріп отыру керек.

Әңгімелесу де тиімді әдістердің бірі болып табылады немес қарт  адамдармен жұмыс жасаудағы тиімділік деп айтсақ қате айтпаймыз. Алғашқы әңгімлесу мақсаты клиенттің әлеуметтік көмек алуға деген құқығын анықтау. Мұнда көп нәрсе әңгіменің сапасына байланысты. Клиентпен әңгіме коммуникация (қарым-қатынас) немесе өзара әрекеттесу ретінде дәл анықталады. Бұл өнер  және ғылым. Қызметтің осы түрлі енді бастаған жұмысшылар білімді, адамның мінез-құлқын, мінез-құлқының түрткісінің белгілі және құпия себептерін түсінуге қабілетті болу керек. Бұндай білім жұмыстың тиімділігі мен адамдарға шыдамды болуды қамтамасыз етеді.

Адамның қандай көмекті іздеп отырғанын зер салып тыңдау және бақылау арқылы объективті фактілер мен субъективті сезімдерді жеке тұлға аралық қатынасқа айналдыра алады.

Әңгіме жүргізудегі негізгі дағдыларға негізгі 10 қағида жатады. Басында клиентке әңгіменің жалғасатыны туралы  хабар беру; әңгімені клиент жағдайда түсінгеннен кейін бастау; еркін атмосфераны құру үшін тілектес болуға тырысу; жағдайға клиенттің көзімен қарау; адамды сол күйінде қабылдамай, пікір айтудың қауіптілгін сезіну; әлеуметтік қарым-қатынастың дағдыларын дамыту; мысалы, қарым-қатынасқа көмектесу үшін жалына, басына «ия» не «жоқ» деп жауап беруге болатын сұрақтардан қашу; клиенттің орнына  сөйлемеу, оның орнына ойламау; қатты асықпау, әбігерленбеу және  клиенттің паузасы мен үндемей отыруына үйрену (бұл көбіне клиенттің күш салып ойланып отыратын уақыты).

Әр әңгімелесу қандай да бір негізгі мәселені белгілейді, мысалы, клиенттің қаражат жағдайын, оның ауруларын, ренжуін, өзіндік қарым-қатынасын және тағы басқа. Әр әңгіменің оның сызбасы болуы керек, басы, ортасы, аяғы. Әрбір келесі әңгіме – кездесу алдыңғы әңгіменің құрамын тіреу етіп алу керек, сонымен қатар жазбаша немесе видиозапись қолданылуы керек.

Әңгімелесу процесінде қайта-қайта қиындықты айнала беруі немес оны теріске шығаруы жұмысшының қандай да бір шешім табуна көмектеседі. Клиенттің үндемей қалуы мен оның әңгімесінің бір-біріне сәйкес келмеуіне назар аудару керек. Мысалы, зорлыққа тап болған адам басқаның бұған араласқанын қаламайды. Бұл күтпеген өзгерістер немесе клиенттің бір идеяны екіншісімен ойша байланыстыруы, сондықтан бұлардың екеуі де  ешнәрсені білдірмейді.

Әлеуметтік жұмысшының әңгіме-интервьюі күнделікті әңгімелерден мынадй қасиеттерімен ерекшеленеді. Олардың әңгімесінің белгілі мақсатқа жетуге бағытталған тақырыбы болады, әңгіменің уақытша шеңбері анық болады. Өзара қатынастың жағымды және жағымсыз жақтары болады. Соңғы аспектіні толығырақ  қарастырайық. Әлеуметтік  жұмысшы мен клиенттің алғашқы кездесулерінің таза информациялық қызметтен басқа кем дегенде 3 мақсаты бар: клиенпен емдеу әдістеме қатысты одақ құруға ұмтылу; әлеуметтік жұмысшы клиенттің онымен  сезімдерін түсінуге ұмтылады;  клиенттің ситуацияны жеңетініне сендіру жұмыстың әдістері мен формаларын демонстрациялайды. Егер бұл факторларда назарға ілмесе, ситуацияны басқару мүмкін емес. Әсіресе, егер клиент тарапынан негативті реакция бақыланса.

Кейде  әлеуметтік жұмысшылар тұйық, өздеріне қандай көмек керегін айтудың орнына ол туралы сөз қозғамау үшін бәрін істейтін клиенттер кездесетініне қиналады. Бұның себептерінің бірі, бейтаныс адаммен кездесу ұялу сезімін, үлкен үміттің, сәтсіздік сезімін, өзін тәуелді сезінуін туындатады. Әлеуметтік жұмысшы клиент не өзі туралы сырластық, ұялтатын немесе қорқытатын фактілер көрсетпеуі керек себебі, бұл клиенттің негативті реакциясын туындатады [45].

Практиктер көбіне олардың көмектерін қолданғанда бірінші әңгімеден кейін кездесуге келмейтіндеріне қиналады. Зерттеулер көмекке жүгінгендердің 50%-ы, екінші кездесуге  қайта келмейтінін көрсетті. Алғашқы әңгіме жағымды нәтиже берсе де, екінші кездесуге келмеуінің көптеген басқа да  себептері бар. Мысалы, біреулер үшін алғашқы әңгіме жеткілікті, біреулер тек аса қажет болған жағдайда ғана барғанды қалайды және тағы басқа.

Сәтті әңгімелер әңгімелесудің мазмұнына ғана  тәуелді емес, егер интервью  клиенттің сезімін түсінетін, оның қиындыққа байланысты  ойын және әлеуметтік жұмысшы  клиенттің субъективті сезімдерін қабылдап және оны  жұмыста пайдалануын түсінетініне  де тәуелді. Егер жұмысшы қарым-қатынастың  түсініксіздікке  әкелетін тосқауылды жоюға тырысса интервью  сәтті деп саналады.

Егер клиенттің физикалық кемшіліктері, ақыл – ой, есту, сөйлеу бұзылыстары болса, онда қарым-қатынастың альтернативті  әдістері қажет болуы мүмкін. Тіпті тәжірибелі жұмысшылардың өзі кейде жағдайды алдын ала болжайды  немесе клиенттің не айтқысы келгенін  өзі ойлайды Клиентке максимальды еркін сөйлеуге мүмкіндік берген жөн, өйткені  адамға өз тарихын  өзі айтуға  мүмкіндік берсе, ол өз мәселесінің шешімін тез табады. Клиентпен стереотипті қатынасу қиындық тудырады. Клиентті белгілі бір класқа  жатады деп  қарамау керек, өйткені, бұл ол туралы  ойдың қалыптасуына және асығыс шешімдер  жасауға әкеледі, адамдар олар туралы асығыс шешім жасауға болмайтын өте қиын, сезімтал және динамикаға жақын болады.

«Жақсы» сұрақтар қою. Сұрақ қою тұлға  аралық қатынастың  дағдысы ретінде  өзекті.

Біздің тапсырмамыз қай әдіс қашан  тиімді және қашан кедергі болатынын анықтау. Осылай, әлеуметтік жұмысшы сұрақты күмәнді немесе  кінәлаушы  мәнерде, немқұрайлы немесе  жылы шырайлы  тонмен қойса, клиенттің қорқынышты  немесе сенімсіздікті  сезінуіне  әкеледі.Сөйлесушінің сөздеріне қарағанда, тон мен мәнер маңыздырақ.

Сұрақты көп қою, тергеу сияқты болып көрінсе, сұрақты тым аз қою маңызды сәттердің  көрінуіне кедергі жасауға әкелуі мүмкін.

Тәжірибесіз адамдар егер клиент әңгіменің неге қатысты екенін байқап  қойса  «байқау» сұрақтарын қоюдан қашады.

Одан басқа кедергі «неге» деп басталатын сұрақтардың көп қойылуы болып табылады, бұл клиент өз қылығын түсіндіруі керек дегенді білдіреді, сөйтіп оның қорғану позициясын алуына әкеледі. Сұрақты «не» сөзімен бастаған дұрыс, өйткені  екі жақтыңда әңгімесіне пайдалы  информация беруі мүмкін, мысалы, кәрі әйелден неге үйден шығуға қорқасыз деп сұраудың орнына, егер ол үйден шықса не жағдай болуы мүмкін деп сұрау.

Сұрақты қолдана білу – бұл әлеуметтік жұмыста аз зерттелген. Бірақ, ол өте маңызды, өйткені, бұл тек информация  жиыны ғана емес, өзгеру процесінің бастауының бір жолы.

Сұрақтардың респортерлық  типі кейде, егер корреспонтенттің алдында  оппоненттің  дәлелдері   өзгеріске әкелу үшін әдейі  жүріп жатса сәтті болуы мүмкін. Өзгерісті  соңғы мақсат деп түсінетін  сұрақты қолданудың жолдары – оларды мынадай жолмен құрастыру: «Мүмкін, бұл дұрыс емес шығар, бірақ…», «Мен онша түсінбедім…», бұлардың барлығы  клиенттің  әдеттегі мінез-құлық сызбасынан шегініп, жаңа мүмкіндіктерді қарастыруын стимуляциялайды. Нотация оқу немесе алдын ала  кеңес беруді қаламайды және олар тәжірибелі  көмекші болып табылмайды. Ыңғайсыз  жағдайлар  болған кезде оған назар аударуды кергі жоқ, бұдан  клиент негізгі мәселені жеңген кезде немес ол қысылудан арылған кезде қайта оралуға болады.

«Жақсы» сұрақ қоюдың басқа типі «айналма сұрақ». Ол отбасының терапияда  қолданады және қатысушылардың әртүрлі позициясын көрсетеді, отбасының басқа екі мүшесінінің  өзара қатынасын үшінші жақтың қалай көретіні туралы жаңа информация береді.

Мынау сияқты гипотетикалық сұрақтар «Егер былай болғанда, қалай болар еді…?» ситуацияны одан әрі анықтай түседі, бұлар мәселені шешудің жолын ұсынарда қолданады [49].

Жақсы әлеуметтік жұмысшының мынадай 6 сапасы болады:

  1. Симпатия немесе түсіну — әлемге басқа біреудің көзімен қарауда;
  2. Сыйлау, клиенттің мәселесін ол оны өзі шеше алады деген сенімділік тудыру үшін қабылдау;
  3. Консультациялап отырған адам мәселені максималды түсінуі үшін, оның нақтылығы, айқындылығы;
  4. Өзін-өзі білуі және басқаларға өзін танытуға көмектесу;
  5. Шынайылық, өзін клиентпен қарым-қатынаста табиғи ұстау;
  6. Нағыз сол сәтте болып жатқан нәрсеге байланыстылық.

Енді бастаған әлеуметтік  жұмысшылар қиындық тудыратын қарым-қатынаста қиындықтарға ұшырауы, әңгімені  жалғастыру үшін қандай дағдыны қолдануды білмеуі.

Осыдан келіп, әлеуметтік жұмысшыларға мынадай ұсыныстар беруге болады.

—         адам мінез-құлқын айқын және құпия себептерін білу және түсінуі керек;

—         тұлға аралық қатынастың дағдысы болуы керек;

—         сұрақ қоя білуі керек;

—         түсініксіздікке  әкелетін қатынас бөгеттерін жоюға тырысу.

Сөйтіп, берілген бөлімді меңгеріп, әлеуметтік жұмысшылар тыңдай, байқай және қабылдай білуі керек. Тәжірибелі кеңесші болу үшін түсінгіш және қамқоршы болу жеткіліксіз, тәжірибедекөптеген жұмыстың әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана білуі керек.

Осындай әдістерді пайдалана отырып біз қарттармен әлеуметтік жұмыс жүргізе аламыз және оны тиімді ете аламыз. Қарттармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің тиімділігі қоғамдағы тұрақтылык пен демографиялық тұрақтылықты қамтамассыз ете алады.

Сонымен бірге қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс жүргізгенде олардың бос уақытына аса назар аудару керек. Себебі  бос уақыт көп мәселелерді тудырушы болып табылады, ал ол уақытты тиімді пайдалану мәселелердің шешіміне алып келеді [50].
Тағы рефераттар