Бухгалтерлік есеп шаруашылық қаражаттарының құрамындағы және оларды жабу көздеріндегі болған барлық өзгерістерді, шаруашылық процестерін және олардың нәтижесін толық және дер кезінде көрсетуге арналған. Есеп мәліметі қолда бар нақты шаруашылық қаражаттарына және олардың жабу көздеріне сәйкес келуі тиіс, бірақ іс жүзінде есеп мәліметтері шын мәліметтермен үйлесе бермейді, яғни олардың арасында алшақтық орын алуы мүмкін. Аталған алшақтық табиғи азаюдың, тасымалдаудың, қайта іріктелудің нәтижесінде, өлшегіш құрал-жабдықтарының дұрыс көрсетпеуінен, операцияларды рәсімдеу кезінде жіберілеген қателіктерден, т.б. салдарынан болуы мүмкін.

Ал бұл жыл сайын нақты қолда бар құндылықтардың мәліметін есеп мәліметтерімен салыстырып отыруды қажет етеді және ол есеп айырысуды анықтау үшін қажет. Тексерудің мұндай түрін түгендеу деп айтамыз.

 Түгендеу – бұл бухгалтерлік есеп әдісінің элементтерінің бірі, ол есеп айырысудың ақша қаражатарының, аяқталмаған өндірістің, ТМҚ-ның, материалдық емес активтердің, негізгі құралдардың нақты қолда барын тексеруін және оладың есеп мәліметтерімен салыстыруын көздейді. Меншік түріне, қызмет түріне және жұмыс істеу тәртібіне қарамастан, оны барлық кәсіпорын жүргізеді. Ол құжаттаудың міндетті қосымшасы болып табылады. Тек соның көмегімен шаруашылықта болатын әрі жасалатын барлық шаруашылық құбылыстар бухгалтерлік есепте көрініс табады. Ол өзінің қамту жағдайына қарап екіге бөлінеді: толық және ішінара.

Толық түгендеу – жылына бәр рет жылдық есеп берудің алдында жасалады, оның мақсаты кәсіпорынның барлық активтері мен пассивтерін баланста дұрыс көрсету болып табылады. Мұндай толық түгендеу бақылаушы органдардың талабы бойынша да жасалуы мүмкін.

Ішінара түгендеу – тек қана түгенделетін объектілердің кейбір бөлігін ғана қамтуы мүмкін, мысалға, кәсіпорынның кассадағы нақты ақша қаражаты, кәсіпорындағы негізгі құралдардың саны.

Түгендеу өз сипатына қарап жоспарлы және кезектен тыс жүргізілуі мүмкін:

—         Жоспарлы – алдын ала белгіленген мерзімді қойған мақсатына және мүмкіндігіне сай етіп жүргізіледі.

—           Кезектен тыс – бұл кәсіпорынның басшысының тапсырмасы бойынша, бақылаушы органдардың талабы бойынша материалды жауапты тұлғаның ауысқан кезінде, табиғи апаттардан кейін жүргізіледі.

Ол БЕС 24 «Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру» стандартына сай етіп жасалынады. Онда оның кезектілігі, түгендеуді жүргізудің мерзімі, түгендеу комиссиясының құрамы және т.б. қағидалар қарастырылады.

Кәсіпорын басшысы түгендеу жұмыстарын жүргізі тәртібін белгілейді, оның ішінде түгендеу комиссиясының құрамы, есепті жылдағы түгендеу санын, олардың күнін белгілейді.

Түгендеу жұмыстарын жүргізу үшін әрбір кәсіпорында тұрақты жұмыс істеп тұратын комиссия болады және оның құрамын кәсіпорын басшысы белгілейді.

Түгендеу комиссиясының істейтін жұмыстары сақтау органдарындағы және өндірістегі мүлікті, сондай-ақ қаржы жөніндегі барлық міндеттемелерді тексеру; кәсіпорынның бухгалтерлік қызметкерлерімен бірге түгендеу нәтижелерін анықтауға және қайта сұрыптауға арналады: сондай-ақ кем шыққандарды табиғи кему нормаларының шегінде есептен шығаруға; ТМҚ-ны қабылдауды, сақтауды және босатуды реттеуге, есепке алуды жақсарту және олардың сақталуын бақылау мәселелері жөнінде, сондай-ақ пайдаланылмайтын мүлікті сату туралы ұсыныстар әзірлеуге; мүліктің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүргізуге; екі түгендеу аралығындағы сақтау және қайта өңдеу орындарындағы ТМҚ-ны түгендеуге, іріктеп түгендеудің әдістемесі бойынша да бақылау жұмыстарын жүргізуге бағытталады.

Түгендеу комиссяларының мүшелері кем шыққандарды және талан-таражға түскендерді бүркемелеу мақсатымен мүліктің нақты қалдығы туралы немесе артық шыққан тауарлар, материалдар және басқа да құндылықтар туралы жазбаға біле тұра дұрыс емес деректерді енгізбегені үшін ҚР-ның заңдарында белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілкке тартылады.

Мүліктің нақты қолда барын тексеруді бастағанға дейін түгендеу комиссиясы кіріс-шығыс құжаттарының түгендеу кезіндегі соңғы тізімдерін немесе материалдық құндылықтары мен ақшалай қаражаттарын есепке алады.

Түгендеу комиссисының нәтижесі де тексеріледі, ол үшін ішінара бақылау жұмыстары жүргізіледі, сол бақылау барысында комиссияның мүшелері де қатыса алады және ол да актімен хатталады.

Екі түгендеу аралығындағы кезеңде құндылықтардың номенклатурасы бойынша үлкен кәсіпорындағы сақтау және қайта өңдеу жұмыстары іріктеу әдісімен тексеріледі.

Түгендеу нәтижесі бойынша салыстыру тізімдемесі жасалынады, сосын оның деректері бухгалтерлік есептегі деректермен салыстырылып, олардың арасындағы айырмашылықтары көрсетіледі. Түгендеу нәтижелерін көрсету үшін ҚР-ның Мемлекеттік статистика комитеті бекіткен бірінші реттегі толтырылатын есеп құжаттарының мынадай үлгілері қолданылады.

Негізгі құралдардың түгендеу жазбасы жалға алынған және күнделікті жалға бергендерді қоса есептегендегі негізгі қорлардың нақты қолда барын көрсету үшін қолданылады.

Түгендеу қағазы өндірісті ұйымдастыру ережелері бойынша материалдық құндылықтарды бірден санап, жазбаға жазуға мүмкін болмаған жағдайларды қолданылады. Бұл түгендеу қағазы саналған құндылықтармен бірге солардың тұрған орындарында сақталады.

Түгендеу кезінде және басқа да тексерістердің көмегімен анықталған мүліктің нақты қолда бары мен бухгалтерлік есепті деректердің арасындағы алшақтығы белгілеу тәртібі бойынша реттеледі. Сортталу нәтижесінде анықталған кем шыққандар немесе артықтардың өзара есеп айырысуы тек ерекшілік ретінде ғана, сол тексеріліп отырған кезең үшін, тексерген комиссияның жұмысын бағалау үшін және ТМҚ-ның сапасы мен мөлшерін анықтау үшін қажет болуы мүмкін. Сорттаудың болғандығы жөнінде материалды жауапты адамдар түгендеу комиссиясына түсініктеме береді. Сортталудың өзара есепке алынуы туралы ұсыныс тұрақты жұмыс істейтін түгендеу комиссясының қарауына беріледі жне оны кәсіпорын басшысы түбегейлі шешеді; ал ол ұсынылған барлық материалды зерттегеннен кейін есепке алу туралы тиісті шешімдер қабылданады. Сортталуы бойынша олардың артық не кем шығуын есепке алғаннан кейін, жетпей қалған құндылықтар жауапты адамдардың жауапкершілігіне жатады. Егер де сортталу кезінде жауапты адамдар анықталмаса, онда оның сомасы кем шыққан мүліктер ертінде қаралады да, ксіпорынның зиянына жатқызылады. Сортталу салдарынан анықталған құн айырмашылықтары материалды жауапты адамның кінәсінен болмаса, ол түгендеу комиссиясының хаттамаларында бұл аталған айрмашылықтар жауапты адамның мойнына қойылмау себептерін ашып көрсетеді. Есеп айырысудың барлық түрлерінің түгендеулерінде өзіндік ерекшеліктері болуы мүмкін. Бюджетпен, сатып алушымен, есеп беретін адамдармен, қызметкерлермен, дебиторлармен, кредиторлармен есеп айырысуды есептелген сомалрдың мұқият негізделгеніне саяды. Есеп айырысу инкассо тәртібімен жүргізілмейтін барлық сатып алушылардың және дебиторлардың мәліметтерінің дұрыстығын тексеру үшін кредиторлардың берешегі туралы дербес шоттарды көшірмелері жазылады.

Дебитор кәсіпорындар көшірмелерін алған соң, берешек қалдықтарын растауға немесе өздерінің толық келіспейтіндерін туралы хабарлама жасайды.

Түгендеу комиссиясы құжаттарды тексеру жолымен, банк мекемелерімен, қаржы және салық органдарымен, кәсіпорынның жеке баланстарға бөлінген құрылымдық бөлімшелерімен және бас кәсіпорындармен есеп айырысудың дәлдігін анықтайды.

Талап ету мерзімі өткен дебиторлық борыштар сомалары бойынша анықтамада бұл мерзімнің өтуіне кінәлі адамдар көрсетіледі. Талап ету мерзімі өткен дебиторлық берешек, өндіріліп алынуы мүмкінсіз басқа да қарыздар кәсіпорын басшасының шешімімен септен шығарылады да, күдікті қағаздар бойынша резерв қаражатының шотына немесе шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жатқызылады.

Түгендеу жне басқадай тексерістер кезінде анықталған қолда бар негізгі құралдардың, материалдық құндылықтардың және ақша қаражаттарының бухгалтерлік есептегі деректермен алшақтығы мынадай тәртіпте реттеледі:

—         артық немесе кем шыққан кезде олар өзара есепке жазылады, бірақ есепке жатқызылған мүліктер бухгалтерлік есепте көрініс таппайды;

—         артық шыққан негізгі құралдар, материалдық құндылықтар мен ақшалай қаражат кәсіпорынның табысына кірістеліп, есепке алынады, бұлардың артық шығу себепетрі мен оған кінәлі адамдар кейін анықталады;

—         құндылықтардың кемуі белгіленегн тәртіпте бекітілген нормалардың шегінде кәсіпорын басшысының өкімімен өндіріс не айналым шығындарына көшіріліп жазлады;

—         материалдық құндылықтар мен ақшалай қаражаттарының және де басқа мүліктің кем шыққаны, сондай-ақ табиғи кемуі нормаларының тыс ысырап болған жағдайда жауаптыатұлғалардың мойнына қойылады. Жауапты адамдар анықталмаған немесе кінәлі адамдардың өндіріп алуға сот тыйым салған жағдайларда кем шыққан мүліктер және ыссыраптардан келген зияндар шаруашылық қызметінің нәтижелеріне көшіріліп жазылады.

Тұрақты жұмыс істейтін түгендеу комиссиясының қолда бар құндылықтар мен бухгалтерлік есеп деректерінің арасында түгендеу кезінде анықталған алшақтықтарды реттеу туралы ұсыныстары айтылған хаттамасын түгендеу аяқталған соң кәсіпорын басшысы бекітеді. Түгендеу нәтижелері түгендеу аяқталған айдағы есепте және есеп беруінде, ал жылдық түгендеу бухгалтерлік жылдық есеп беруінде көрініс табады.

Есеп берер алдынла үлкен дайындық жұмыстары жүргізіледі. Бухгалтерия цехтардан, қоймалардан, есеп беретін адамдардан құжаттардың толық түскенін тексеруді, ай ішіндегі немесе жыл ішіндегі барлық шығындарды өндіріс шығындарына қосуды, негізгі құралдардың амортизациясын, демалысқа төленетін резервін және басқа мақсаттарға арналған резервін, материалдық емес активтердің тозуын толық есептеуді, алдағы кезеңдердеің шығындарын есептен шығаруды, құндылқтардың барлық шоттары мен топтарында есептік баға бойынша нақты өзіндік қүнын, орташа КДШ пайызын не ауытқуын есептен шығаруды, жұмсалған материалдардың нақты өзіндік құнын анықтап, оны өндірістік және басқа шоттарға көшіріп жазуды тексеру қажет.
Тағы рефераттар