Кәсіпорынның іскер белсенділігі қаржылық аспекте ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығында көрсетіледі. Іскер белсенділікті талдау, кәсіпорын өз қаражатын қаншалықты тиімді қолданатынын анықтауға мүмкіндік беретін айналымдылықтың әр түрлі қаржылық коэфициенттерінің деңгейі мен серпінің зерттеуге байланысты.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге жиналған қаржы қаншалықты тез нақты ақшаға айналса, соған тікелей байланысты болады.

Активтердің жеке түрлерінде айналымның түрлі жылдамдығы, яғни олардың ақша нысанына айналу жылдамдығы бар. Қаржының айналымда болу ұзақтығы сыртқы және ішкі сипаттағы әр түрлі бағыттағы бір қатар факторлардың жиынтық ықпал етуімен анықталады. Алғашқылардың қатарына кәсіпорынның қызмет ортасын жатқызу қажет. (өндірістік, жабдықтау-өткізу, делдал және басқалар), мысалға салалық, машина жасау зауыты мен май зауытының айналымдылығы түрлі объективті болатыны күмән тудырмайды; Кәсіпорын ауқымы, көп жағдайларда шағын кәсіпорындардағы қаржы айналымдылығы ірі кәсіпорындардан айтарлықтай жоғары-кәсіпорынның мәні осында жатыр. Сонымен қатар, қаржы айналымының жылдамдығын көбейту өзге тең жағдайларда кәсіпорынның әлеуетін көтеруді көрсетеді.

Іскер белсенділік коэффиценті компания өз активтерін қаншалықты тиімді басқаратынын анықтауға мүмкіндік береді. Қаржылық талдауда мына коэффициенттер әсіресе жиі қолданылады.

  • Тауарлы материалдық босалқы қорлардың айналымдылық коэффициенті және айналымның орташа ұзақтығы.
  • Дебиторлық берешектің айналымдылық коэффициенті және айналымның күндердегі орташа ұзақтығы.
  • Операциялық кезеңнің ұзақтығы
  • Қаржылық кезеңнің ұзақтығы
  • Тіркелген активтердің айналымдылық коэффициенті және орташа айналымның ұзақтығы
  • Тіркелген активтердің айналымдылық коэффициенті

«Қазақтелеком» ААҚ-ы қаржылық есебінің мәліметі бойынша активтерді басқару сапасын талдауға арналған № 2.7. талдамалы кестенің мәліметтеріне жүгінеміз.

«Қазақтелеком» ААҚ-ның 3 жылғы сату көлемін талдауда мынаны атап өткен жөн, ол ойластырылған маркетингтік саясат салдарынан телекоммуникациялық байланыс қызметінің нарықтағы үлесі 12 263 023 теңге немесе 47%-ға өсті. 2006 жылы сату өсімінің шыңына жетті және 38 310 723 теңгені құрады.

Өз кезегінде өнімдердің өзіндік құнында мынадай өзгерістер болды: АҚҚ-ның қызметке және масштаб өсімінің сұранысы туралы куәландырады, 7 976 630 теңге, 18 006 420-дан 25 983 050 немесе  44,3%-ға өсті. Сондай-ақ өсудің ең жоғары қарқыны 2007 жылы байқалды. [2,3 қосымша]

ТМБҚ-дың айналымдылық коэффициенті ТМБҚ-ды пайдалану коэффициенті осылай аталады және ТМБҚ-дың орташа құнына өнімдердің іске асырылатын өзіндік құнына қатынас болып айқындалды.

«Қазақтелеком» ААҚ  тауарлы материалдық босалқы қорлары 912417 теңгеге немесе 55,5% өсті; ТМБҚ басқару сапасының нашарлауының нәтижесі ретінде өзіндік құнының өрлеу қарқынын озықтырады.

Кәсіпорын активтерін басқару сапасының көрсеткіштеріне мына коэффициенттер жатады.

ТМБҚ айналымдылық коэффициенті = сатудың өзіндік құны

ТМБҚ орта шамасы

Кейбір талдампаздар басқа формуланы қолданады:

ТМБҚ айналымдылық коэффициенті = сатулар  көлемі

жыл соңындағы  қорлар

Теңгерімде ТМҚ өзіндік құны бойынша бейнеленетіндіктен формуланың бөлінгішінде сатылған өнімнің өзіндік құның қолдану орынды болады, сондықтан ТМҚ айналымдылығының есептік көрсеткіші нақтыдан аспайтын болады.

Екіншіден, сатулар  жыл бойы жүргізілетіндіктен, орта айлық ретінде есептелген ТМҚ орталық көрсеткішін қолдану орынды. Айлар бойынша мәліметтердің жоқтығынан, мәліметтерді жылдың басы мен аяғына қосып 2-ге бөлу керек.

Қаржылық коэффициенттер бойынша статистикалық ақпаратты жинаумен айналысатын көптеген шетелдік жалпыға танымал фирмалар ТМҚ-дың айналымдылық коэффициентін есептеу кезінде бөлінгішінде сатулар көлемі, ал бөлгішінде – жыл соңындағы қорларды алады.

Сондықтан коэффициенттердің салыстырмалығы үшін салыстырылатын кәсіпорын бойынша ортасалалық коэффициент есебінің алгоритмін білу қажет.

ТМБҚ айналымының орташа ұзақтығы немесе қорларды орташа сақтау мерзімі-ТМБҚ айналымдылығының коэффициентіне кері көрсеткіш.

 

ТМБҚ айналымының орта кезеңі     =                        360                   .                           

ТМБҚ айналымдылығының коэффициенті

Қорлардың айналымдылығы кәсіпорынның қызмет түріне және жеке алғанда оның өнімінің сипаттамасына:

  • өндірістік циклдің ұзақтығы мен қиындығына
  • мүмкін маусымдық тәуелділікке байланысты.

Қорлардың айналымдылығы түгел салалық айырмашылықтармен анықталмайды, ол азды-көпті оны дұрыс басқаруға байланысты. Сондықтан ТМБҚ басқарудың сапасын талдау үшін өткен жылдардың бірқатарындағы ТМБҚ айналымдылығының өзгеруіне талдау жүргізу маңызды.

Осы көрсеткішті талдау барысында ТМБҚ (м-д Фифо, Мифо) бағасының әсерін ескеру қажет, әсіресе осы кәсіпорынның қызметін бәсекелеспен салыстырған жағдайда.

 

Зерттеу кәсіпорынындағы ТМБҚ айналымының орташа ұзақтығы     2 күнге артты және 2007 жылы – 35 күн (1 ай және 5 күн) құрады.

Ең маңызды 33 күнге 2008 жылы жетті. Жалпы ТМБҚ айналымының орташа ұзақтығы зерттелген кезеңде үлкен өзгерістерге ұшыраған жоқ.

Дебиторлық берешектің айналымдылық коэффициенті несиеге сатулар көлемінің дебиторлақ берешектің орта сомасына қатысы ретінде және есеп беру кезеңінде орташа алғанда неше қатар дебиторлық берешек ақшалай қаржыларға айналғанын көрсетеді.

Дебиторлық берешектің коэффициенті = сатулар көлемі

Айналымдылық коэффициенті        дебиторлық берешектің орташа мөлшері.

Несиеге сату бойынша ақпарат көбінесе жоқ болғандықтан дебиторлық берешек айналымдылығының коэффициентін есептегенде көбінесе жиі сатулар көлемінің жиынтық көрсеткіші несиеге де, ақшаға да пайдалынылады. ТМБҚ айналымдылығы сияқты, дебиторлық берешектің айналымдылығы саладан, нақтырақ айтқанда осы саладағы сауда ережелеріне байланысты.

Кәсіпорын дебиторлық берешек айналымдылығына берілетін төлем мерзімдері туралы келіскендіктен дебиторлық берешек айналымдылық коэффициентінің салалық өзгешелігі қорлардың айналымдылығы жағдайынан оңша маңызды емес. Демек, дебиторлық берешек айналымдылық ұзақтығы компанияның өз клиенттеріне қарағандағы несие саясатының тиімділігін сипаттайды, сондықтан дебиторлық берешек инкассациясының орта кезенінің мөлшерін компания өз сатуларын жүргізетін мерзімдермен салыстыру жолымен бағалауға болады. Егер дебиторлық берешек айналымының ұзақтығының орташа көрсеткіші компанияның өз тапсырыскеріне берген несие мерзімінен асса, салыстырмалы талдау жүргізу және дебиторлық берешектің уақытша құрылымын қарастыру қажет. Уақытша құрылым кестесі әр есеп шотының мерзімді кешіктіру мөлшерін және бірнеше ірі көрсеткіштер үшін осы құбылыс таратылған немесе сипатты екенін көрсетеді.

ААҚ дебиторлық берешегін басқару жақсарды, егер 2006 жылы дебиторлық берешекті инкассалау 59 күнді құраса, 2007 жыл – 51 күн, бірақ 2008ж – 60 күнге дейін көтерілу байқалған. Фирманың шоттары бойынша төлемдердің мерзімін ұзарту 1 ай және 21 күн, осы мерзімге сатып алушыларға тұтынушылық несие берілді – «Қазақтелеком» ААҚ маркетингтік әдісі.

Төлеттіруі қиынға соғатын ірі мерзімі өткен берешегінің орын алуын бағалау да маңызды.

Дебиторлық берешек айналымдылығын талдау үшін орта салалық коэфициенттерден басқа салыстыру негізі болмаса да, жеткізушілерге бұл көрсеткішті кредиторлық берешек айналымдылығы коэффициентімен салыстыру пайдалы. Мұндай көзқарас кәсіпорындарға өзі басқа жеткізуші –кәспорындарға ұсынатын несиелендіру шарттарына ұқсас өзіне ұсынылатын несиелендіру шарттарын салыстыруға мүмкіндік береді.

Несиегерлік берешекті басқару сапасы да жақсарды, егер 2007 жылы «Қазақтелеком» ААҚ кредиторлар ұсынған шарттар мен есептелген шығындарды 150 күн (5 ай) ішінде төлесе, 2008 ж. 113 күн ішінде (3 ай 23 күн) төледі. Осыдан Қазақстан Республикасының экономикасында төленбеген төлем дағдарысы пайда болды. Бірақ «Қазақтелеком» ААҚ үшін бұл сондай жаман емес, себебі барлық үш жыл бойында операциялық кезең несиегерлер қаржылары есебінен қаржыландырылды. Іскерлік серіктестермен қарым-қатынаста қаржылық тиімділік пен әдептілік нормалары арасында теңгерім  қажет.

Операциялық кезең ұзақтығы кәсіпорын өнімін өндіру, өткізу және төлеу үшін орта есеппен қанша күн кететінін көрсетеді және ТМҚ айналымының орташа ұзақтығы мен дебиторлық берешек айналымының орташа ұзақтығы сомасы ретінде анықталады.

Қаржылық кезең немесе қолма-қол ақша айналысы кезеңі ақша құралдары айналыстан оқшауландырылған уақыт мерзімін көрсетеді.

Ағымдық активтер айналымдылығы коэффициенті айналымдылық және компанияның барлық айналым құралдарының немесе қолданылуын көрсетеді және сатылу көлемінің берілген кезеңге ағымдық активтердің орташа құнына қатынасы ретінде анықталады.

Ағымдық активтер айналымының орташа ұзақтығы – ағымдық активтер айналымдылығы коэффициентіне кері көрсеткіш.  Тіркелген активтердің айналымдылық коэффициенті сондай-ақ негізгі капиталды қолдану коэффициенті деп те аталады, компания негізгі қорды қаншалықты тиімді қолданылытынын көрсетеді.

Тіркелген активтер айналымдылығы ААҚ мүлкінде тіркелген активтер үлесінің азаюы нәтижесі ретінде 0,53-тен 0,75-ке ден 0,22 тармаққа, яғни 41,5-ға ұлғайды.

Берілген коэффициентті әр түрлі компаниялар немесе бір компанияға әр түрлі жылдарға салыстыру үшін мыналарды тексеру қажет. Негізгі құралдардың орташа жылдамдық құнын бағалауда бірегейлілік қамтамасыз етілгені. Мысалы егер бір кәсіпорындарда негізгі құралдар бірқалыпты есептен шығару тәсілі бойынша есептелген амортизацияны есепке ала отырып бағаланса, ал басқа кәсіпорындарда амортизацияның жылдамдатылған тәсілі қолданылса, екіншісінде айналымдылық жоғары болады.

Барлық активтердің айналымдылық коэффициенті немесе ауысукоэффициенті компанияның барлық активтерінің қолданылуын көрсетеді.

ААҚ жиынтық активтері 3 жылда жиынтық активтер айналымдылығы коэффициенті үлкен өзгерістерге ұшырамай, сатылу көлемінің өсімі 47% ұлғайғаны нәтижесінде 4 743156 немесе 8% өсті.

Зерттелетін кезеңде ААҚ теңгеріміне талдау жүргізу нәтижесінде ААҚ-да жоғары төлем қабылеттілік тұжырымдамасы қолдау табатыны анықталды, себебі қысқа мерзімді міндеттемелер тез өтімді активтерден көп. Теңгерім ликвидті емес деген қорытынды жасауға болады.

«Қазақтелеком» ААҚ таза табысын 2006 жылы ғана алды, ол 2303654 теңгені құрады. Осыған дейінгі 2007,2008 жылдары ұйым зиян шекті. Бұған мына факторлар қатары әсер етті: негізгі қызметтен түскен табыстың ұлғаюы көрсетілген қызметтердің о/қ өсімі 2006 ж. 659 260 теңгені құраған бағамдық айырмашылық бойынша алынған табыс алдыңғы шығынға ұшыраған 2 жылмен салыстырғанда:2006 ж. 2 270 333 теңге және 2007 ж.              4 670537 тг. маңызды роль атқарды,

ААҚ-ның дебиторлық берешегін басқару жақсарды, егер2006 ж. дебиторлық берешек инкассалаудың орташа кезеңі 59 күнді құраса, 2007 ж. 51 күн, алайда 1999 ж. 60 күнге дейін өсуі байқалды.

Яғни, 2007 жылға фирма шоттары бойынша төлем мерзімін ұзарту         1 ай 21 күнді құрады, осындай мерзімге сатып алушыларға тұтынушылық несие — «Қазақтелеком» ААҚ маркетингтік тактикасы ұсынылды.

Несиегерлік берешекті басқару сапасы да жақсарды, егер 2006 жылы «Қазақтелеком» ААҚ  несиегерлер ұсынған шарттар мен есептелген шығындарды 150 күн (5 ай) ішінде төлесе, 2007 ж. 113 күн ішінде (3 ай 23 күн) төледі. Осыдан Қазақстан Республикасы экономикасында төленбеген төлем дағдарысы пайда болды. Бірақ «Қазақтелеком» ААҚ үшін бұл сондай жаман емес, себебі операциялық кезең үш жыл бойы несиегерлер қаржысы есебінен қаржыландырылды. Іскерлік серіктестермен қарым-қатынаста қаржылық тиімділік пен әдептілік нормалары арасында теңгерім қажет.
Тағы рефераттар