Кәсіпорынның басқару құрылымының түсінік және оның мәні туралы қазақша реферат

Кәсіпорынның басқару құрылымының негізі – құрылымының графикалық бейнесінің немесе көрсетілімінің детализациясының дәрежесі. Олар бөлінеді: басқару жүйесінің макроқұрылымы звенолары болып басқару органдары табылады (басқару субъектілері, заңды тұлға болып табылады); мезоқұрылымы, бұны құрылымдық бөлімшелер құрайды; микроқұрылым, звеноларыболып жұмыскерлер табылады (жұмыс орындары) және басқару құралдары. Мысалы, макроқұрылым масштабындағы басқару жүйесінің звенолары қонақ үй,  мейрамханалар,  ойын-сауықханалар орталығының – ҚР Сауда министрлігі, мезоқұрылым масштабында – сызықтық функционалдық құрылымдық бөлімшелері (директор және оның орынбасары, бөлімдер: өндірістік, жоспарлы-экономикалық, кадрлік және т.б.).

Құрылымдық бөлімшелер – мезо және микроқұрылым масштабында басқару жүйесінің звеносы, мысалы, функционалдық бөлімдер болып табылады. Звено – бұл басқару жүйесінің иерархия құрайтын элементі, подсисбема. Басқару жүйесінің құрылымының масштабына сәйкес оның звенолары: басқару органдары, құрылымдық бөлімшелер, жұмыскерлер немесе басқару жүйесінің техникалық құралдары бола алады.

Басқаратын жүйе бөлімінің звенолары басқару субъектілері болып табылады, ал басқарылатын ол басқару объектісі болып табылады.

Басқару звеносы ретінде жүйенің элементі болуға қажетті және жеткілікті шарт болып оның басқару функцияларының біреуін орындағаны болып табылады.

Звенолар арасындағы байланыс 2 түрлі болуы мүмкін: тігінен (басшылар және бағынушылар) және көлденеңінен (теңқұқылық элементтер кооперациясы). Тігінен байланыс бөлінеді:

—         сызықтық (басқарушылардың барлық сұраныстары бойынша міндетті бағыну);

—         функционалдық (кейбір мәселелер ғана бойынша бағыну).

Көлденең байланысты сипаттама беру үшін жұмыскердің жалпы санының көрсеткіші қолданылады, олармен басқару процессі кезінде байланыс орнатылады.

Кешенді құрылған жүйеде минимум ретінде басқарудың 2 деңгейі бар, ал жалпы саны басқарудың төменгі деңгейінің басқару объектісінің байланысының қиындығымен айқындалады.

Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымына қойылатын талаптарды қарастырайық.

1. Басқарудың негізгі элементін, мақсатты, әдістерді, принциптерді, функцияларды және шешімдерді қабылдағанда кезеңдерін айқындап білу мүмкіндіктің болуы.

2. Құбылмалы басқару — әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық-техникалық шарттардың өзгеруін тез қабылдай білу.

3. Иерархиялық баспалдақтың минимум болуы.

4. Мәселелердің тез шешілуі, яғни минималды уақытта орындалуы.

5. Ұйымдастырушылық құрылым бөлімшелер бойынша функцияларды тиімді бөлумен қамтамасыз ету керек. Яғни, басқару звеноларына және функцияларды жетілдірудің қажеттілігін және мүмкіндігін қарастыру керек.

6. Басқару аппаратының әр бөлімшелеріне жүктемені бір қалыпты бірдей беру керек, әр звено бір-бірімен ортақ мақсат және мәселелерді шешу арқылы байланыста болу керек.

Басқару органдарының құрылымдық бөлімшелерін келесідей топтарға топтастыруға болады:

  • жетекшілік – бұл басқару органдарының барлық құрылым бөлімшелерінен басқаратын жұмысшылар болып табылады (басшы, оның орынбасары, коллегия);
  • салалық құрылымдық бөлімшелер – басқару объектісінің әр түрлі бөлімдерін басқарады;
  • функционалдық құрылымдық бөлімшелер – басқарудыңқандай да бір функциясын асырады;
  • қосымша құралдың бөлімдерін – басқару органдарының жұмысын қамтамасыз етеді.

Басқару функциялары – басқару қызметінің қатысты бағыттары болып табылады және басқарушылық ықпалды іске асыруға мүмкіндік береді.

Қонақ үйлерді негізгі, нақты және арнайы болып бөлінеді. Қонақ үйлерді негізгі басқаратын функциялары барлық өндірістік-экономикалық жүйелер үшін ортақ болып табылады.

1.Жоспарлар болжау модельдеу және бағдарлама жасау негізінде өңделіп жасалынады. Басқаруда жоспарлау функциясы негізгі болып табылады, себебі басқа функциялардың жұмысы нәтижеге қарап жасалынады, ал нәтижені жоспар айқындайды.

2. Оның мәнісі мынада: болашақ және ағымдағы экономикалық және әлеуметтік жоспарлау жұмыстарын ұйымдастыру; іріктеп алуды ұйымдастыру; функционалдық белгілері бойынша кадрларды орналастыру.

3. Басқарушылық еңбекті бөлу және мамандандыру мамандардың және басшылардың қызметін үйлестіруді қажет етеді. Тек қана адамдардың жұмысын, өндіріс үрдісін ғана үйлестіріп қоймай ақпараттық процесстерді де үйлестіреді: жинау, өңдеу және мәліметтерді табыстау, басқаруға қажет ақпарат көзі болып жұмыс жоспары, құрылым бөлімшелер басшысы жұмыстың графигі, басқару схемасы және басқа нормативтік құжаттар табылады.

Үйлестіру функциясының мақсаты — өндірістік коллективтің нақты жұмысын қамтамасыз ету болып табылады. Қонақ үйлердің шегінде ұйымдастыру үлгісі президенттің жұмысы болады. Ол тек қана басқару функцияларын орындап қана қоймайды, ол өз орынбасарларының, бөлім басшыларын және жетекшілерінің жұмысын үйлестіреді, бағыттайды.

4.  Қонақ үйлерді реттеу функциясы жоспарлық жұмыстан ауытқып кетудің алдын-алуды қарастырады. Басқару тәжірибесінде бұл функция диспетчерлеу атымен белгілі, орталық звеносы болып диспетчер қызметі (процесті реттеуші) табылады.

5. Ынталандыру бұл оң стимулдарды ғана емес сол стимулдар да қолданылады: сыйлықтан айыру, административтік төлемдер төлеттіру болып табылады.

Қонақ үйлерді қызметіне үлкен әсер мемлекеттік санитарлық инспекция және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет болып табылады. Олар жалпы және өндірістік санитарлық гигиенаның жалпы ережелерін орындауын бақылап қадағалайды және санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың жүргізуін бақылайды.

Егер де санитарлық ережелер бұзылып жатса олар жұмысты тоқтатуға құқығы бар немесе санитарлық ережелерді бұзушыларға айыппұл төлеткізуге құқылы.

Басқарудың нақты функциясы кәсіпорын қызметінің басқару шешімдері, өндірістік-сауда процесінің нақты стадиясы шаруашылық қызметінің бөлек бағыттары және басқаруды ақпараттық қамсыздандыру есептерінен айқындалады.

Басқарудың нақты функциялары келесі белгілер бойынша жіктеледі. Қонақ үйлерді басқару мақсаттарына кіреді: болашақ және ағымдағы техникалық-экономикалық және әлеуметтік жоспарлау, стандартизация жұмыстарын ұйымдастыру, есеп және есеп беру, экономикалық анализ. Өндіріс-сауда процесінің нақты стадияларын басқару міндеттері қарастырады: өндірістің техникалық дайындауды басқару, өндірісті ұйымдастыру, технологиялық процесстерді басқару, өндірісті оперативті басқару, метродологиялық қамсыздандыру ұйымы, технологиялық бақылау, өнімді өткізу және тұтынушыларға қызмет көрсетуді ұйымы.

Шаруашылық қызметтің нақты функцияларына жатады: кадрлар жұмысын ұйымдастыру, еңбекті және жалақыны ұйымдастыруды басқару, еңбек ұжымының шығармашылық қызметін ұйымдастыру, материалдық-техникалық қамсыздандыру, қаржы қызметін ұйымдастыру.

Басқарудың арнайы функциясы – бұл басқарудың нақты функциясының подфункциясы ретінде бір немесе бірнеше мақсатқа жетуге бағытталған міндеттерді біріктіретін кешен болып табылады.

Қонақ үйлерді басқару жүйесінде бір мақсатты арнайы функция ретінде қолданылады, яғни бір негізгі мақсатты орындауға бағытталған және көпмақсатты арнайы функция ретінде, яғни барлық негізгі мақсаттарды орындауға бағытталған


Тағы рефераттар