Одагайлар адамның көңіл күйін, сан алуан эмоциялық сёзімін білдіреді, Бұларға үғым да, дербес лекснкалық мағына да болмайды. Мысалы: Япырау, әттегсн-ай, атын сұрамаппын ғой М: Әуезов). Қап, мұгалім қазір тақтага мені шақырар ма екен Б:Соқпақбаев). Ах, аптса, айтқандай Ш:Хұсайынов). Ах,Ержан гой, даусы қапдай ащы (Т. Ахтанов). Осындағы япырау, егсн-ай, қап, ах, аһ дегсн одағайлар айырықша интонациямен ‘айтылып, адамның сан қилы күйініш-сүнініш сезімін білдіріп,сөйлемде эмоционалды-экспрессивті қызмет атқарып тұр.

Тіліміздегі атауыш сөздермен қатар көмекші сөздер мен одағайлар да мағына жағынан ала-қүлалыгына қарамастан, лсксикалық единица ретінде танылады. Тілдің лексикология бөлімі бұларды нсгізгі мәселе ретілде қарамағанымен, қосымша түрде-объекті етіп зерттсйді. Қөмекші сөздер мен одагайлардың негізгі қызметін көбінссе тіл білімініц грамматика саласы теренірск қарастырады. Сөздік құрамымыздагы сан мөлшері жағынан басым көпшілігі — атауыш сөздер. Бұлар ана тіліміздің негізгі-\ұйтқысы, жаңа сөздсрдің қаулап өсуіие бірден-бір тірек болып табылады. Қазак, тілінің синонимдік байлыгын жан-жақты зерттсп қараганымызда, бұларды (синонимдерді) сөз табына қатыстыгына қарай таптастырғанда да сан жагынан ең көбі•ауыш сездер екендііін анықтадық. Әсірссе етістіктер, онан соң зат есімдер, үшіиші орынды сын есімдер алатьшдыгы айқындал-. Осы меже тек синонимдерге гана емес, жалпы қазақ тіліндегі-: сөз байлығының сан мөлшерін айқындауга да жорамал бола ма деп ойлаймыз. Демек, мұнан былайғы лексико-логияға объекті етілетін зерттеулер негізінеп атауыш-сөздср болмақ,Айтылмақ тсориялық қорытындылар мен заңдылықтар да атауыш сөздсрдің бойынан шыққан ерекшеліктер деп түсіну қажет.

Сөздің негізгі мағынасы. Сөздің лексикалық мағынасы заттың, құбылыстың лақ сөзі болмағанымен, ұгым арқылы түсірілген солардың бейнесі деп есептеледі. Сондықтан сөздің магыналарын саралағанда ең алдымен оның ең алғашкы негізіі магынасын табуға тырысады. Сөздің негізгі мағынасы айтушы мен тыцдаушыга ортақ нақты заттық ұғымды білдірсді. Нақты заттык ұгым сөз арқылы сөйлемде өзге сөздермен ешбір қарым-қатынасқа түспей-ақ статнкалық күйде ұгынылады. Бұлар шын-дьіқ өмірдіқ көрінісі ретінде белгіленеді. Сөздің нақ осындай мағынасы әдстте лексикалық магына деп аталады. Сөздіц лексикалық магынасы, негізіі магынасы, тура мағынасы деген сөздер өзара синоним ретінде жұмсалады. Мәсслен, аспан, тоғай, өзен, қызыл, сары, қозгалу, көру, былтыр, таңертең, жаздай дегсн сөздер өзініц тура магынасында осы түрган қалпында айгушыға , да, тыңдаушыга да бірдсй түсінікті. Өйткені бұлар айналамыздагы бәрімізге танымал затпсп кұбылыстық атауы, күнделікті көріп жүргеп_ шыпдық өмірдің көрінісі. Бүл көріністер баршаға ортақ белгілі дыбыстық комплекстер арқылы таңбаланып, бір тілде сөйлеуші коллсктивтің белгілеуімен жүзеге асқан үйреншікті сөз мағыналары арқылы түсінікті болып тұр. Сөздіц нақтылығынан гөрі жалпылык қасисті басым. Сондыктан ең алдымен адамның есіне сөздің жалпы мағнасына түседі , Мәселен адам дсгсііде ойлау және сөйлсу қабілеті бар, өмірге қажет өндіріс кұралдарын өндіре алатыи жәнс сол кұралды қоға-

дық еңбек процссіне пайдалана алатын жалпы жан исін еске аламыз. Бүкіл адамзат біткенді айтамыз. Аң дегенде жабай,тагы айуандардың жалпы жиынтығын түсінеміз. Мал дегеннен етін, сүтін, тсрісін, жүнін, күшін адам игілігіне пайдалануға болатыи төрт түлік үй жануарлары деп білеміз. Сиыр дсгеннен сүт пеп май беретін аша түяқты ірі кара, төрт түлік малдың бірін:ұгынамыз. ,

Сөздің жалпы мағынасымен қоса, нактылы мағынасы болды. Сөздіц нактылы мағынасы белгілі контексте айқын көрінеді Мұндай мағынаны сөздің қосымша мағынасы немесе туынды мағынасы деп те атауға болады. Сөздің туынды мағынасы оның нсгізгі номииативті магынасы арқылы, соның негізінде түсініледі. Мәселен, адам деген сөзді иегізгі лексикалық магынасынан туган қосымша туынды мағыналарын белгілі контексте алып көрсетейік. Мысалы: Естіп, көріп, ұстап, татып көрсе, дүниеде жақсы-жаманды таниды дагы сондайдан білгені, көргені көп болган адам білімді болады (Абай). Атаның ұлы болма, адам-

ның ұлы бол дейді жақсылық (М. Әуезов). Баласы Қожагұлды Біржан салмын, Адамға зияным жок жүрген жанмын. Қасыңа мені сендер неге алмайсың, өзім сері, өзім ақын кімге зормын (Біржан).

Осындагы бірінші сөйлем мен үшінші сөйлемдегі адаг деге сөз бүкіл адамзат ұғымында емес, әйтеуір бір адам, белгілі бір кісі деген мағанада бүтінің бөлшегі ретінде жұмсалса,екінші сөйлемдегі адам белгілі бір кісі емес, бүкіл адамзат та емес ссолардың аралындағы көпшілік,қауым,халық деген мағынада қолданылып отыр:

Ұғым мен мағынаны бірдей тепе-тең деп түсінуге болмайды: Сөз мағнасы ұғымы барлық қасиетімен түп-түгел қамтып көрсете бермейді: Ұғымның бір үзігін,ұшқынын ғана көрсетеді :Сөздік ең негізгі лексикалық номинативті мағнасының өзі ұғыммен пара-пар емес:Сондықтан сөз мағнасы қашанда ұғымнан кем түседі:Бірақ сол ұғыммен белгілі дәрежеде байланыс жасауға толық өкілдік ете аладй:Белгілі мөлшерде сол объективті шындықтың нақ өзін ұғындырады :Алайда мағына кем соққанымен ұғымға тән алуан-алуан қосымша қасиеттерді,сыр-сипатты сипаттап,мәнерл көрсетуге келгенде мағына ұғымнан асып кетті: Белгілі ұғымнан оншама байқалмаған бірақ соған тән ерекше сипаттарға сөз мағыналары арқылы көз жеткізуге болады:Әсіресе сөздің эмоциялық стильдік мәндерін сөз мағыналары арқылы танып білеміз:,Мәселен,өлмелі кемпір,қаусаған шал дегендегі өлмелі,қаусаған деген сөздер біріншіден,әбден қартайып жасы жеткендіктен білдірсе,еніншіден,қолынан и ештеңе келмейтін дәрменсіз деп кемісіту, қорлау магынасы бар Тіл ойды ғана білдірмейді, сөздер арқылы ерік пен сезімді бнлеу үшіп де маңызды қызмет атқаратын ролін ұғым емес мағыналары жеткізеді. Ой адамга түсінікті болып қоюы жеткіліксіз, оның үстіне нақтылы ой әсерлі де тартымды, әрі көрікті де –мәнерлі болуы қажет. Сөздің мәнерлілік қасиеті сөз мағы-наларының белгілі контексте түрленіп қолданылуы арқылы болады:

Сөздің нақтылы магынасының өзі бірде ұлғайып, бірде кішірейіп отыратын шартты ұғым. Сондықтан да бұлар белгілі контекске бағынышты, тәуелді болып тұрады. Қосымша немесе туынды магына негізгі лексикалық мағынаның бөлініп-жарылып қолданылуы, соның ұшқындап таралуы. Бұлар да заман өткен сайын тұрақталып бекиді, орнығып әбден қалыптасады. Сөйтіп, нсгізгі лексикалық магынамен парапар болып, терезесі теңеліп,, бслгілі контекске т\спей-ак, қалай айтылса түсінікті болып тұра береді. Мәселен, сиыр су ішсе, бузау мүз жалайды (мақал) дегсндегі сиыр төрт түлік малдың бірі, аша тұяқты ірі қара ұғымында емес, осы түліктің бұзаулайтын, сүт беретін аналығы деген мағынада айтылып тұр. Демек, бұл сәздің де жннақты жал-ұғымымен қатар нақтылы кішірейіп айтылатын қосымша мағынасы да барлығын көреміз.

Қазақ лексикологиясының каз тұрып өмірге келгеніне онша көп уақыт болган жоқ. Ол даму, зерттелу, жүйелену үстінде. Сол тәрізді лексикалық магынаның түрлері мен оның даму, қалыптасу зандылыгы жалгыз біздің тілімізде ғана емес, дүние жүзіндегі ең озық жан-жақты дамыған деген тілдердің өзінде де түбегейлі зерттеліп бір жүйеге түскен деп айту әзірге қиын: Бұл ғылым әлі де зерттелу, даму үстінде деп үғамыз .

Советтік тіл білімінде академик В. В. Виноградов жасаған сөздік лексикалық классифнкациясы негіз етіліп басшылыққа альшып жүр. Ол кісі сөз мағынасын: а) тура мағына, ә) фразеологиялық- байлаулы мағына, б) синтаксистік шартты мағына деп үш топқа бөлінеді:АкадемикВ.В:Винградовтың теориялық идеясын қазақ тілінің фактісімен түсіндіргенде мынадай болмақ.

Сөздің тура магынасы. Сөздің зат пен құбылысқа тікелей байланысыи тура мағына деп түсіндіреді. Бұл лексикалық мағына дегснмен дәлме-дәл келеді. Тура мағьша заттар мен құбылысқа жанама түрде емес, тура бағытталады. Тура магынадағы айтылган сөздің өзге сөздермен қарым-қатынасы заттық- логикалық тұрғыдан айқындалып белгіленеді. Сондықтан тура мағьшада айтылган сөз азын-аулақ белгілі сөздермсн рана смес,алуан-алуан сөздермен кең түрде байланыс жасап, емін-еркін

тіркесе алады. Мысалы, ал деген етістік тамақ ал, қалам ал баланы ал баланы ал кітапты ал, машина ал, орден ал, ^ аз ал деп толып жатқан сан қилы сөздермен тіркесіп айт береді. Сол сияқты жас дегеп сын есім жас адам, жас мал, ағаш, жас бала, жас ет болып айтылса, үлкен дегеи сөз )-. үй, үлкен адам, үлкен бала, үлкен қатын, үлкен мал, үлкен ағаш үлкен стол, үлкен кітап, үлкен сөз, үлкен қылмыс, үлкен болып шексіз кете береді. Сондай-ак, киім деген зат есімге түрлі сапалық бслгі қосьш қолдаиуға болады. Мысалы бас киім аяқ киім, іш киім, сырт киім, жылыл киім, жүқа киім, қалың киім, тар киім, кең ким т. б. Тура мағынасы жоқ сөз тілде некен-саяқ: Сөздікте сөз мағыналарын жүйелегенде негізгі мағына қашанда бірінші алынады. Демек, тура мағыиада жұмсалгаи сөздің; қимыл қозғалысына, қолданысына ешбір шек қойылмайды. Тура магынада сөздердің осындай жан-жақты, еміп-еркін қызметіне карай бұларды кейде еркін мағына деп те аталады. Тура (еркін мағына фразеологиялық байлаулы мағынаға, карсы қойылып соларды бір-бірінен ажырату үшін пандалапылады.

Фразеологиялық байлаулы мағына. Сездің қалыптасқан тұрақты сөз тіркесінде көрінетін лексикалык мағынасы фразеоло гиялық байлаулы мағъша делінеді. Сөз өзінің тура номинативті мағынасында заттар мен құбылыстарга тікелей бағытталып, қыруар сөздермен тіркссіп айтылуга өте-мөте бейім келсе, фразеологнялық байлаулы магынада кез келген сөзбен емес, сана- малы арнаулы сөздермен ғана тіркесіп қолданады. Мәселен; қысыр дсген сөз буаз смсс, төлдемейтін бойдақ деген өзінің тура мағынасында қысыр бие, қысыр сиыр, қысыр мал деп бірқыды ру сөзбен оңды-солды емін-еркіи айтыла береді. Қысыр сөз деген тұрақты сөз тіркесінің кұрамыпдагы қысыр деген бос, мәнісіз деген мәнді білдіріп, номинативті (еркін) магынада емес, фразеологиялық байлаулы мағынада қолданылып тұр. Бұл байлаулы магына өзге сөздермен емес, тек сөз деген сөзбен тіркескен де ғана пайда болады. Қазақ тілінде құлқын дегсн сөздіа тура| магынасы ындың деген ұғымды білдірі-ді. Осыдан қүлқыны құ- рыды, құлқынның құлы дегеи фразсологнялық тірксстер жасал- ған. Ал құлқын сәрі деген тұракты сөз тіркссініц құрамындағы, құлқын сөзі тура мағынасынан бір жола ажырап, өте, тым дегея фразеологиялық байлаулы магынада жұмсалынып отыр: Құлқын деген сөз өте, тым деген фразеологнялық байлаулы мағынаға тек сэрі деген сөзбе тіркескенде ғана ие болады». Қасқа жол, қасқа бүлақ деген тұрақты сөз тіркескендердің құрамындағы қасқа деген сөз анық, айқын, сонадан көрінетін дегсн фразеологиялық байлаулы мағынада жұмсалады. Бұл мағына өзге сөз ( дермен тіркескенде емес, тек жол мен бұлақ сөздерімсн тіркескенде ғана көрінеді. Демек, фразеологиялық байлаулы мағынан тіркескенде айтылған сөздерге тікелей багынышты болып түра Солардың өзара матасын байланысуынан -көрінеді. Сондықта да бұлар тура (ерікті) мағынадан айрыкша ажыратылып, сөз, фразеологиялық байлаулы магынасы деп аталады. Фразеологиялық байлаулы мағынаға не болған тұрақты сөз тіркестерінің кө–бінесе синонимдік баламалары болады. Мәселен, бала жігіт,бала бүркіт дегендегі бала сөзін жас дегенмен ауыстыруга келеді. Аалы сөз дегендегі аталы сөзін орнын тапқан жүйелі сөз деуге болады. Су жорга, судай жорга дегенді су төгілмес жорға-, тарт аяғын -тең басқан жорға, шайқалган жорга деуге келеді: Ата қоныс, ата дэулет дегендегі ата деген сөзді байыргы, ежелгі деген синонимдермен алмастыруға әбден болады. Алайда бұлар басқадай сөзбен сол мағынаны айқындап түйндіріп бергенімен, фразсологиялық байлаулы магынадағы көрінген сөз тіркесінің бейнелігінен үзілді-кесілді қол үзеді. Бұлай еткенде өзгерген түрі тұрақты тіркес болу қабілетін мүлдем жояды. Тура магынадағы сөздердің қолдану шеңбері соншалықты кең, ал фразеологиялық байлаулы мағынадағы сөздердің қолдану өрісі соншалықты тар, шектеулі деп бір-біріне қарама-қарсы қойып айту лексикалық мағыналардың өзара кереғарлығынан, алшақ- тығынан шыгады. Фразеологиялық байлаулы мағына синонимдік қатарлардың жасалуына негіз бола алмайды.
Тағы рефераттар