Қазақ-түрік мәдени байланыстары жүйесінде рухани ынтымақтастық, адами және діни-мұсылмандық дәстүрлерді калпына келтіру де ерекше орын алады. Кеңестік дәуірде Қазақстанның діни қауымы да бүкіл КСРО құрамындағы республикалар сияқты әсіре атеистік саясаттың қыспағында болғаны аян. Осы-ның салдарынан халықтың рухаңи жан-дүниесше, діни салаға байланысты мәде-ни құндылықтарын бағалауда, пайдалануда үлкен зансыздықтарға, кемшіліктерге жол берілді. Бұл, әрине, бірыңғай діни көзқарас, кері тартпалық ұғымында айтылып отырған жоқ. Керісінше, діни наным-сенімді ұстану адамды руханият аясында тәрбиелеуге септігін тигізед;. Белгілі бір мөлшерде зайырлы қоғамнын өркениеті аясында сол аркылы әр адамға имандылық қасиетін дарыту жанында тәрбие берілсе онан ешқандай мемлекет ұтылмайды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың атап өткеніндей: «Елдігімізді нығайтудағы басты міндет, ортақ заңдылықтар мені құндылықтар негізінде барлық халықтар мен қоғамның мәдени әрі рухани бірлігін сақтай білу болып табылады».

Мәдениетте идеология мен руханияттың белгілі бір элементі әрдайым орын алатындықтан, руханият мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Егер олай болмаса, зерттеуші Е.Ертісбаев айтқандай: «Өзге жол жоқ, өйткені жалпы адамзаттық, әлеуметтік қағидалардың жеңілісі, ақыр аяғында, ұлттық мемлекеттің жеңілісі болып табылады.». Осы тұрғыдан уақыт талабы — ұлтымыз бен рухани мәдениетімізді қайта жандандыру.

Қазақ халқының көшпенді түрік мәдениетінің жалғастырушы-мұрагері бола отырып, көбіне мұсылман мәдениетінің тізгінін ұстанған ұрпаққа айналғанды-ғына тақырып барысында тоқтала кетеміз. Осы орайда, түрік халыктарының

Ф-ОБ-001/033

басым көпшілігінің ислам дінін қатаң ұстанбаса да, ұлттық сәйкестілігіне байланысты өздерін мұсылман ретінде санайтындықтарын айта кетейік. Мысалға, Қазақстан халқының 65%-ын мұсылмандар құрайтындықтан, ислам діні көпшіліктің діні ретінде қарастырылады.

Мұсылман діні ғасырлар бойы қазақ халқының ділі (менталитеті) мен мәдениетінің дамуына маңызды үлес қосып келді. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының бас мүфтиі Ә. Дербісалиевтің айтуынша: «… Ислам — қоғам мәнінің, тарихы мен табиғатының бірте-бірте дамуына сай келетін жалпы адамзаттық демократиялық құндылықтарды уағыздайтын дін болғандықтан, оның жарқын болашағына еш күмән жоқ».

Жалпы мұсылман өркениетінің бір мүшесі бола тұра, қазақ халқы, негізінен, діни руханият жағынан басқалардаң кейінірек тұрғанын мойындау керек. Бұл мүмкін біздін коғамымыз үшін қазіргі жағдайда жағымды сипат ала ма, жоқ па, оны келешек көрсетеді. Бірақ халқымыз түрік әлемінің өкілі екендігін ұмытқан жоқ. Қазіргі таңда, көптеген ғылым және мәдениет саласының қайраткерлері XXI ғасырдың түрік мәдениеті мен өркениетінің ғасыры болатындығын тілге дәйек етіп жүр.

Егер тарихи тұрғыдан келсек, ұлттық мәдениетімізде жалпы мұсылман және түрік мәдениеттерінің ерекшеліктері үйлесімді түрде біріккендігін байқауға бо-лады. Сол себептен, ортақ мәдениет, тарих, тіл және дін тұрғысынан бауырлас болып келетін Түркия Республикасы Қазақстанның дін саласындағы рухани     жандану және ағарту жұмыстарының іске асуына белсене ат салысып жүрген серіктес елдердің бірі болып табылады. Түркия тәуелсіздігімізді бірінші болып мойындай отырып, көптеген салаларда, онын ішінде дін алаңында да достық пен ыптымақтастық жасасуға ниет біддірді. Осының негізінде -1990 жылдардың бас кезінде ресми мемлекеттік қатынастармен қатар екі елдің діни қайраткерлерінің де қолдауымен ынтымақтастық негізі қаланды.

Дін мен мәдениетті тарату жолында ағарту ісінің маңызды орын алатындығы баршаға мәлім. Сондықтан да, діни білім беру, діндерді ғылыми тұрғыдан үйрену, меңгеру және үйрету мәселесі кіші қалған Қазақстан жағдайында бұл мәселекі қолға алу қажет болды. «Аңқау елге -Врамза молда» деген халық мақалы тегін айтылмаса керек. 1980 жылдардын соңы — 1990 жылдардың бас кезінде бұрынғы «атеистік» мәнінен тайып, молда бола қалған қаншама шенеу-ніктерді, ел арасынан шыққан арамза молдаларды халық жақсы біледі.

Қазіргі таңдағы мәдени, ғылыми және рухани байланыстардың сабақтас-тығына нұсқай отырып, осы байланыстарды нығайту және дамытуда қасиетті Түркістан мен артында өшпес із қалдырған Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың шығармаларының маңызды орын алатындығын баса айта кеткен жөн.

Түркі әлемінін ұлы ойшылы әрі ислам дінінің сопылық ілімі негізін қалаушы — Қожа Ахмет Ясауи Түркістан қаласында жерленген. Түркі халықтары арасында ислам діні Қожа Ахмет Ясауи арқылы кеңінен тарағандықтан, түріктер Түркістанды «екінші Мекке» деп те атайды.

1993 жылы Түркияда «Қожа Ахмет Ясауи жылы» аталып өтті. Түркияның Эржиес университетінде өткізілген Қожа Ахмет Ясауидің 900 жылдығына арналған халықаралық симпозиум жұмысына қазақстандық ғалымдар және қай-раткерлер де қатысты. 1991 жылы ашылған Түркістан мемлекеттік университеті 1993 жылы ҚР Президентіңің Қаулысы бойынша Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралык қазақ-түрік университеті болып қайта құрылды. Оның құрамында дінтану саласы бойынша да мамандар даярланады. Бұл да қазақ-түрік қатынас-тарындағы дәстүрлі рухани жағдаятты қалпына келтіруге бағытталған шара.

Түріктердің рухани астанасы болып табылатын Түркістан қаласы бүгінде Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ арқылы түркі әлемінің ғылыми, мәдени және діни іс-шаралары өткізілетін бас орталыққа айналып келе жатыр. Онда Қожа Ахмет кесенесінен 500 метр жерде жана мешіт салу жоспарланып отыр.

Бұл іс Қазақстан мен Түркия Президенттерінің келісімі бойынша жасалады. Оның жобасы қазір даяр. Құрылысы 2002 жылы күзде басталады деп күтілуде. Құрылыс шығынын түрік жағы өзіне алған.

Діни ғимараттарды қайта қалпына келтіру және жөндеу-құрылыс жұмыс-тарымен айналысатын түрік мемлекеттік «Вакыф Иншаат» компаниясы тарапы-нан толық жөндеуден өткізіліп, 2000 жылы күзде болған Түркістанның 1500 жылдық мерейтойы қарсаңында қайта жанданған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — бауырлас екі ел арасындағы мызғымас достық пен ынтымақтастықтын жарқын мысалдарының бірі.

Түркия елі дінтану саласы бойынша жергілікті мамандарды дайындауда да өз еңбегін, қаражатын аянбауда. Мысалға, жоғарыда айтылғандай, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ құрылғаннан бері осы оқу ордасында «дінтану» мамандығы ашылып, онда қазақстандық және түркиялық оқытушы-профессорлар дәріс беріп, әртүрлі тақырыптарда зерпеулер жүргізіліп, семинарлар мен конферен-диялар ұйымдастырылуда.

ЮНЕСКО басшылығымен 2000 жылы Түркістанның 1500 жылдық мерейто-йы аталып өтіліп, осы тойға ТР Президенті Ахмет Неждет Сезер ресми сапармен арнайы келіп, қатысты. Осы мерекенің бағдарламасы төңірегінде «Қазақстанның және түркі әлемінің руханияты мен тарихында Қ.А.Ясауидің және Түркістанның релі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Аталмыш конференцияға түркиялық ғалымдар мен мәдениет және дін қайраткерлері белсене қатысты.

Сонымен, Қазақстан және Түркия Республикалары арасындағы дін саласы бойынша ынтымақтастықтың күрделілігіне қарамастан, бұл жұмыс жемісті, әрі үздіксіз жүргізіліп, үнемі дамып, күй өткен сайын кең ауқымды қамтып бара жатқандығын айқын көріп отырмыз. Шынында да — адам еркіндігін қамтамасыз ету және әлем бірлігін нығайтудағы бірден-бір құрал екендігі сөзсіз.

Дін саласындағы ынтымақтастық-екі жақты қарым-қатынастың тұрақты злементте-рінің пірі деп қарастырған жөн. Өйткені, дінде шек те, ұлт та жоқ. Ол — халықтар арасында өзара түсіністік пен сенімді қалыптастыратын жолдардың бірі. Осы орайда айта кетейік, Қазақстан Түркия Республикасынан басқа түрік тілдес елдерімен дін саласында мұншалықты тығыз байланыстарды байқатқан жоқ.

Қазақстанның Түркиямен дін саласындағы байланыстарына Республикадағы ресми орган ретінде Үкімет жанындағы дін істері Басқармасы, Қазақстан мұсылмандары қауымдастығының басқармасы (Муфтияты) жауап береді. Осы органдар арқылы ресми байланыстар мазмұны реттеліп, іске асырылады. Сонымен қатар Қазақстан мұсылман әйелдерінің лигасы» да бұл тұрғыда едәуір жұмыс асыруда. Түркия тарапынан ондағы діни қауымдастық Қазақстанмен байланыстарын Түркия Республикасының осындағы Елшілігі жанындағы сыртқы  істер бойынша кеңестігі арқылы іске асырады.

Екі елдің дін және дәстүр секілді көрінбес дәнекерлер арқылы байланысқандығын айта кеткен жөн. Мысалға, бәріміз сопылықтың ізбасарлары ретінде есептелетіндігімізден, Қожа Ахмет Ясауи қазақтың да, түріктін де рухани әрі қасиет тұтатын бабасы болып саналады. Түркістан -көптеген елдерден, оның ішінде Түркиядан да келетін мінәжатшылардың қастерлеп-бағатын, рухани тазару орталығы болып табылады. Мұнымен қоса, Анкара қаласында бас мекемесі орналасқан, халықты Ясауидің шығармашылығы, өмірі және түрік мәдениетін дамыту мен мен түрік бірлігін нығайтудағы орасан зор еңбегімен таныстыру мақсатында құрылған Ахмет Ясауи қоғамы жұмыс істейді.

«Дианет Вакф» Ақтау қаласында салынған мешіт жұмыстарына жәрдем берді. Қазақстанның көптеген қалаларындағы әдемі мешіт ғимараттарын салуға түріктер көмек берді. Мысалы, Қарағанды, Павлодар мешіттерінің іске қосылуында түріктердің де үлесі бар.

Қазақ-түрік рухани байланыстары екі ел дінбасыларының қарым-қатынасы-нан, оларды сырт елдерде танудан да байқалады. 2000 жылдың күзінде Сараево қаласында 4-ші халықаралық еуразиялық ислам конференциясы болып өтті. Конференцияда қабылданған шешім бойынша ТР Дін істері басқармасының төрағасы Мехмет Нұри Йылмаз Еуразиялық Ислам кеңсесінің төрағасы, ал ҚР Дін істері басқармасының төрағасы профессор А.Дербісалиев оның орынбасары болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біз — ислам өркениетінің ұлан-байтақ мәдени құрлығының ажырамас бөлігіміз» дейді. Қазіргі кезде Қазақстан өткен ғасырда таптық идеология салдарынан жоғалтып алған құндылықтарын қалпына кешіруде. Сонын құрамдас бөлігі — халықтың дін бостандығы. Бұл жағынан Түркия мемлекетінің Қазақстанға мұсылман діні арқылы рухани мәдениетін, ділін жаңғыртуға жәрдем беруі құптарлық іс.

Осы орайда мына жағдайды да ескерген жөн. Қазақстан өз Ата заңы -Конституциясы бойынша зайырлы демократиялық мемлекет. Дін мемлекеттен ажыратылған. Қай дінді мінәжат ету — әркімнің жеке басының еркіндігінде. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары жаппай дінге бас ию нышаны байқалып, мұны кейбір тұрлаусыз элементтердің пайдаланғысы келгенін де жасыра алмаймыз. Сонымен бірге діни оқу орындарында бір жақты ғана білім беріп, халқымызды прогрестен кері тартуға төндіретін қауіптен де сактануға тиіспіз. Қазіргі кезде шетелдермен діни байланыстарды іске асыруда қоғам мұндай кемдгіліктерден біртіндеп арылып келеді. Түркия мемлекетінің имандылықты қалпына келтіруде қазақ еліне жасап жатқан көмегі жан-жақты, әрі көзге көрінетіні халық тарапынан қолдау табуда. Сонымен қатар діни білім берудің зайырлы біліммен ұштастырынуы да бүгінгі қоғам дамуының талаптарына сай. Сондықтан Қазақстан мен Түркияның бұл саладағы байланыстары келешекте де терең дами беретіні даусыз.


Тағы рефераттар