Қазақ халқының дүние жүзі бойынша урбанизациялық дамудың алдыңғы қатарына әлі де болса шыға алмай жатқаны анық. Алайда, бүкіл Жер шарын түгел қамтып жатқан осы ауқымды құбылыстың белді ортасына өлшем тұрғысынан келсек, күні кеше кошпелі өмір кешкен халықтың әлі де болса ауылдық өмір салтымен жан жақты дами түскені қажет.

Өзіміздің қалаға шоғырлану көрсеткішімізге назар аударсақ, қала тұрғындарының үлес салмағы бүкіл қазақ халқы санында соңғы 92 жылда мына төмендегідей жедел қарқымен артқан көрінеді: 1897 ж. – 1, 1926 ж. – 2, 1939 ж. – 16, 1959 ж. – 24, 1970 ж. – 27, 1979 ж. – 31, ал 1989 ж. – 40 пайыз. Қаладағы қазақтардың саны 1897-1989 жылдар аралығында 40 мыңнан – 3 млн 280 мыңға дейін, яғни 82 есе көбейген (1) Ол әсіресе, дәстүрлі қазақ ауылы ұжымдастыру мен ұлттық жұмысшы тобын жасанды түрде құрмақшы болған индустриализация кезеңінде (1930-35 жылдары) «Аш ауылдан – тоқ қалаға» қаратабан босқыншылық нәтижесінде, яғни «қияметті қызыл қырғынның қолымен» қалаға қуып тығудың осы аз жылы ішінде ғана 6 есе өскен «Қалалықтарымыз осылай ерен өскенде, «далалықтарымыз» керісінше осы жылдары 2,5 есе күрт кемігені де ақиқат (2) Бұл голощекингдік геноцид салдарынан демографиялық дамуымыздың зордапты деформацияға ұшырағанын білдіреді. Қаласымақ «Казгородоктордың» көбейіп кеткені де осы тус». Сол жылдары жүзге жуық осындай жасанды қалашықтар пайда болып, олар нағыз өлім мен қырғын ордасына айналған.

Бұл құбылыс енді бұрыңғы әкімшілік-әміршілік науқан қызу кезеңдегідей жасанды түрде болмаса да, соңғы ауыл шаруашылығының тоқырау кезеңінде де біршама үдей түскені байқалады. Мәселен 1979-89 жылдары республика бойынша қаладағы қазақ тұрғындарының саны 53,3 процентке өссе, селода тек 10,2 процентке ғана көбейген. Жалпы алғанда соңғы 30 жылдың ішінде (1959-89 жылдар) қаладағы қазақтар саны 4 есеге жуық (селода 2 есе ғана) өскен

Бұл қарқын енді бәсеңдей қоймас деген болжамдамыз. Бұған бір жағынан қуанамыз, екінші жағынан қатты алаңдаймыз өйткені, миграция тек біржақты жүріп жатыр. Ауылдағы тұрмыс дәреженің төмендігінен жастар арасында қалаға кетушілік кеңінен тараған. Олар қалаға да тиянақты орналаса алмай, әлеуметтік – экономикалық тығырықтарға жолығып, демографиялық мінез- құлқымызбен бірге өсіп-өнуімізге де кері әсерін тигізуде. Жастарымыздың ертерек отбасы болып, бала тәрбиелеуі барған сайын қиындар барады.Ол бір жағынан, ауылды миграциялық эрозияға ұшыратса, екінші жағынан урбанизациялық үрдісімізді  біршама қиындата түсуде.

Қазіргі демографиялық даму сатымыз, халқымыздың жас құрылымы әлі  балаң болғандықтан, қалаларға шоғырлануымыздың күңгірт көріністері болғанымен оның тиімді әсері де жоқ емес, Қазақ халқының орташа арифметикалық жасы небәрі 23-2 те, яғни нағыз миграциялық жылжуға деген бейім кезеңінде тур.

Соңғы кезде Қазақстан жоғарғы Кеңесі ауылды селолы мекендерге қолайлы жағдай жасауды көздеп. Оларға жер, мал бөліп беру, әлеуметтік көмек жасау үшін игілікті Заңдар қабылдады.

Бұл- қазақ халқын ауылда тұрақтандыру, оның дәулетін арттыру жолындағы сенімді қадам.  Ауыл шаруашылығы өз мәнінде дамыған кезде ғана, қала да, далада да жақсы өмір сүрмек.

Соңғы жылдары халқымызға тән демографиялық дүмпу бәсеңдеп, салбырлағаны анық. Демографиялық дүмпу шарықтап тұрған кезеңде, яғни оның шыңындағы 1950-65 жылдары орташа жылдық өсім 4 процентке жақындаған. Ал енді қазір оның орнына урбанизациялық үрдіс басталғанын біз зерттеуші ретінде анық байқап отырмыз. Оның қарқыны 60 жылдарда үдей түсіп, соның нәтижесінде урбанизациялық үрдестің жылдық жылдамдылығы 6 проценттен артқан (1) әрине ол миграция есебінен болып отырғаны сөзсіз. Миграциялық ағымдар жылдам жүріп жатқан кезеңде халықтар арасында өзара тайталас тумас үшін, көшіп келуді реттейтін заң арқылы Қазақстан (жылына 20-25 мың адам келуде)  тез арада тоқтатпасқа болмайды. Оны реттемеген жағдайда әр ұлтты миграциялық ағымдар өзара соқтығысып қалуы мүмкін.

Дәл сондай жағдай жаңа өзенде болған. Онда Түркменистн мен Қарақалпақстаннан келген репатрианттар Дағыстандық мигранттармен қақтығысқа ұшыраған.

Алдағы 2000 жылдың басында-ақ еліміз бойынша қазақтардың шамамен 45-47 проценті қалаларда тұрмақ. Осы кезеңде қазақтың қала жұрты 4,5-5,0 миллион адамға жетеді деп әбден күтуге болады. Бұл тек миграция нәтижесінде ғана емес, қаладағы табиғи өсім мен кейбір ірі селолық елді мекендердің қалаға айналуына да байланысты болмақ.

Сөйтіп, тек 2005-2008 жылдары қазақ халқының тең жартысы қалада шоғырланатын болады да, осы қарқындағы демографиялық дамуымызда ұлттық урбанизация негізгі құбылысқа айналады.

Дәл бүгінгі таңда Қазақстанда оның бойырғы халқы ауыл тұрғындарының 60 пайыздан құраса, ал қалаларда барлық жүртшылықтың тек 30 процентін ғана құрайды. Қалалардағы тілдік ортаның екі есе селдір болуынан ондағы өсіп келе жатқан ұрпақтарымыздың өзінің ана тілін жетік меңгермеуі бізді қатты алаңдататды. Қаладағы үлес салмағымыз оның тұрғындарының 50 процентіне демографиялық болжам бойынша тек 2025 жылдары ғана жетпек. Осының өзінен-ақ Қазақстанның қалаларында қазақ тілінің нағыз шынайы мемлекеттік мәртебеге көтерілуіне ұзаққасозылған қатал сын тосып тур деп ашық айтуға тиіспіз.

Болжам бойынша қаладағы проценттік үлес салмағымыздың жоғарылауы өткендегі кезеңмен салыстырғанда болашақта жедел қарқынмен көтерілмекші қалалардағы қазақ тұрғындарының үлесі 30-дан 40 процентке дейін көтерілуге отыз жыл керек болса (1959-89 ж.), ал болашақта бұл деңгейді он бес жылда жүріп өтеміз (1995-2009 ж.) деп күтудеміз.  Елу қаланың тек онында ғана қазақтар сан жағынан орыстардан басым екенін байқаймыз. Сол сияқты Қазақстанның аталған 50 қалаларының 27-інде, яғни жартысынан артығында қазақ тұрғындары орыс емес басқа ұлт тұрғындарының барлық жиынтық санынан асып отыр

Солай болғанның өзінде де урбанизациялық үрдістер жаңа басталғандықтан, қазақтардың сан жағынан басым болып, «Бұл нағыз қазақтың қаласы»- дегізгенге дейін қилы кезеңдер жатыр.

Республикамыздың басты он ұлтының қала турғындары үлесі 1989 жылы төмендегідей болып сараланды: кәрістер – 87, орыстар – 78, татарлар – 77, украиндар – 65, белорустар – 61, немістер – 49, әзірбайжандар – 44, қазақтар – 40, өзбектер – 37, ұйғырлар – 35 (1) Кейбір ұлттар қалаға тым көп шоғырланып үлгірсе, ал бірқатары әлі де селодан шыға алмай жатыр. Әзірбайжан, қазақ, өзбек, ұйғырларға қарағанда кәріс, орыс татар, украин өкілдері қалаға екі есе көп топтасып үлгірген.

1989 жылғы санақта көрсетілген Қазақстанның қала тұрғындарын ұлт жағынан процентке шыққанда мынадай құрамда болды:

орыстар – 51,3; қазақтар – 26,7 ; украиндар – 6,2; немістер – 5,0; татарлар – 2,7; өзбектер – 1,3; белорустар – 1,2; кәрістер – 0,9 ; ұйғырлар – 0,7;әзірбайжандар – 0,4. Қазақтар қалада орыстардан екі есе аз, оның есесіне ауылдық жерлерде үш есе көп қоныстанған (2) Демек, демографиялық өсуіміздің кәусар көзі ауылда. Бүкіл республика көлемінде қазақтар сан жағынан табиғи өсім мен миграциялық ағым нәтижесінде орыстардан жыл сайын соңғы кезеңдерде 140-150 мың адамға біртіндеп артып келе жатыр. Бұл өзгеріс дами келіп, Қазақстанның қазіргі этнодемографиялық жағдайын болашақта қазақтардың мүддесіне қарай түбірлі өзгерте алады. Аталған 50 қаланың 26-сында бұл үрдістің біртіндеп белең алғаны да байқалады. Ондай қалалардың қатары жуық арада өсе түспек және дәл  бүгінгі таңда ол қалалардың саны 30-дан асып отыр.

Қалада түратын жастардың 60 процентін қазақ жастары құраса, қаладағы дүниеге келетін барлық сәбилердің 45 проценті қазақ бүлдіршіндері.

Жас ұрпақтың осу арқылы қаладағы қазақ тұрғындарының саны да орта түседі. Алматы қаласының Алатау ауданында туратын Қазақтардың үлесі 30процент, оның 50 процентін балалар, 40 процентін жастар, 10 процентін егде адамдар құрайды.

Республиканың ең ірі деген 50 қалалары бойынша жоғарыда келтірілген кесте ондар, қазақ тұрғындарының жалпы саны бойынша жасалды. Кестеден қазағы ең көп Алматы екен, белгілі .

Процентіміз өндірісті қалаларда әлі төмен болғанымен (Теміртау, Лениногорск, Рудный, Степногорск, т.б.) ал өндірісі дамыған кішігірім қалаларда жоғары (Арал, Қазалы, Аягөз, Ембі т.б.) Бұл аталған қалалар республикалық маңызы болмағандықтан, жоғарыдағы кестеге еңбей қалған. Қазақстандағы барлық қалалардың саны 85-тен асады. Қазақтар негізінен өмір салты қалаға емес, селға ұқсастау — өндіріссіз кішігірім қалалар мен қала типіндегі поселкілерді мекендейді. Ал нағыз урбанизацияланған ірі өндірісті қалалар мен орталықтарда небәрі 25-30 проценті ғана тұрады. Сонда бұл 70-75 процентіміз қалалық емес, селолық өмір салтымен тұрып жатырмыз деген сөз. Өйткені кішігірім қалаларда қазақтар мал ұстап, диқаншылықпен айналысады, яғни селолық өмір салтын үстанады.

Орыстардың проценті, әсіресе, солтүстіктегі ірі қалаларда тіптен басым, өзге ұлттардың жалпы проценті кейбір қалаларда қазақтардан мүлде көп (Қарағанды, Павлодар, Петропавл, Қостанай, т.б.). Әйтсе де қалалардағы осыншама демографиялық «әлсіздігімізге» қарамастан, соңғы жылдарда барлық қала тұрғындары өсімінің 58 процентін қазақтар қамтамасыз еткен. Ал, республикадағы барлық халықтың өсімінің 65 проценті қазақтардың үлесінде. Демек, селода (өзбек, ұйғыр, әзірбайжан, түрік сияқты шығыс халықтарынан басқа) европалық тұрғындар (орыстар, немістер, украиндар, белорустар) үлесі кеміген. Ондай кемушілік қалаларда әзірге байқалып отырған жоқ. Енді алдағы он жылдықта қала тұрғындарының ішінде алғашында немістер, украиндар,белорустар, кейінірек орыстардың өзі де кеми бастамақ. Бұл үрдес шағын қалалардан басталып, кейін ірі қалаларға да ауыспақшы.

Қазақстан қалаларының көбі тез өсуде. Оның қарқыны тек қаражал, Ленгір, Лениногорск, Серебрянск сияқты ескі кен өндірісі бар қалаларда қатты бәсеңдеген. Ал, Теміртау, Абай сияқты қалаларда тіптен, тұрғындар саны айтарлықтай кеміген. Ондайлардың қатары алда тағы өсе түспек. Өйткені ол қалалар өткендегі отаршылдықты еске түсіретін, тек шикізат өндіруге ғана бейімделген болатын. Республикамыз өзі шығарған шикізатты сол жердің өзінде ұқсатып, оны дайын күйінде сататын жағдайға жеткенде, бұл қалалар жаңа нарық жағдайында қайтадан құлпырып, гүлденіп өсіп шыға алады.

Санақ деректеріне көз жүгіртсек, Алматыдағы қазақ түрғындарының саны мына төмендегідей көлемде өсіп, жоғарылап отырған: 1897 ж. – 1,7мың (8,2), 1926 ж. – 3,0 мың (7,0), 1939ж. – 25,6 мың (11,0), 1959 ж. – 39,4 мың (8,8), 1970ж. – 80,0 мың (11,0), 1979 ж. – 148,0 мың (16,4) және 1989 ж – 252,1 мың (22,5). Сонда санымыз Алматыда 1897-1959  жылдары 23 есе өскеімен де, проценттік үлесіміз көп алға жылжи алмаған (1) қайта азамат және Отан соғысы кезінде келімсектердің көбеюінен күрт кеміп отырған. Оның тұрақты жоғарылауы соңғы 30 жылда ғана байқалады.

Анығын айтсақ, қалай болғанда да қазір қазақтардың қалаға шоғырлануы елеулі қорқынмен алға басуда. Тіптен, ол тым жеделдеп бара жатыр деуге болады. Бір жағынан, бұл үрдес стихиялы түрде жалғасуда. Қалай болғанда да, урбанизация үрдесі ұлттық мүддемізге сай болып шығып, ол халқымыздың әрі қарай сан жағынан өсіп-өніп, сапа жағынан жан-жақты дамуын қамтамасыз етіп отырса ғана үлкен үміт артуға болады. Қазақ халқы әлемнің басқа да өркениетті халықтары сияқты қалада тұрып өзінің ұлттық дәстүрлерінен қол үзбей, оны жаңа жағдайда жалғастыра білеулері керек.

Тек қана өзінің терең тамырынан қол үзбей, дамыған халықтар ғана өркениеттің биігіне көтеріле алады. Ал өзінің терең тамырынан қол үзіп, өркениеттің бергі жылтырына ғана еліктеген халықтардың ғумыры ұзақ болған емес.
Тағы рефераттар