Қазақ хандығы мемлекет ретінде көшпелі шаруашылықтың регресті дамуы немесе дағдырысқа ұшырай бастаған дәуірінде дүниеге келді. Ұлы жібек жолы тарихи сахнадан кетіп, сауда жолдары теңіздер мен мұхиттарға көшті. Батыста феодалдық қатынастар шегіне жетіп, жаңа нарыққа негізделген капиталистік қатынастар етек келе ала бастады.Көшпелі өмір тұрақты мемлекеттік аппарат ұстауға мүмкіндік бермеді. Себебі ханның өзі де халықпен бірге көшіп қонды. Мұндай жағдайда тұрақты аппарат ұстау қиын еді. Сондай-ақ көшпелі мір тұрақты армия мен түрме, полиция, тұрақты сот-прокуратура сияқты мемлекеттік билік органдарын да ұстауға мүмкіндік бермеді. Әрине бұл органдарға қатысты мәселелер қазақ қоғамында билер соты және халық жиындары арқылы өз шешімін тауып жатты. Ру мүшелері туыс адамдар болғандықтан өз ішінде қыз алысуға жол бермеді. Қыз лыспайтын жақын рулар да көп болды. Ру туыстық ұйым және қоғамның ерекше бөлігі ретінде өз мүшелерін қорғауға міндетті болды. Тіпті өз мүшелерінің айып қарыздарын да бірігіп өтеді. Барымта мен қаза жағдайында да бірігіп әрекет етті. Жеке мүшелердің жөнсіз қылығы үшін де ұятты болды. Тіпті әр рудың өз моласы да бөлек болған жағдайлар көп кездескен. Қазақ қоғамының демократиялық сипаты болды. Оның көріністері: ханның сайланып қойылуы, халық жиналыстарыныңда жиі шақырылып онда аса маңызды мемлекеттік мәселелердің талқыланып тұруы, билер сотында екі жақтың ашық тыңдалуы, құлдықтың болмауы, ру мүшелерінің туыстық қатынаста болуына байланысты қанаудың қатаң болмауы және жасырын сипаты, халықтың басым бөлігі шаруалардың құқықтық жағынан ешкімге тәуелсіз ерікті болуы, қазақтың қыздарының еркін болып, пәренже тақпауы, соғыстарға қатысуы.

Әскердің ұйымдастырылуы. Қазақ қоғамында әскерді ұйымдастырудың өз тәртібіболды. Арнайы тұрақты әскер болмады. Көшпелі қоғамында тұрақты әскер құрудың ешқандай қажетіболмады. Көшіп қонып жүрген халықтың тұрмысының өзі жартылай әскери сипатта болды. әрбір қазақ атқа мінді, садақ атып, жебе тртуды терең меңгерді. Тұрақты кездесіп тұратын барымта мен көкпар ойындарының әскери сипаты үлкен болды. Соғыс жағдайында халық жасақтары өте жылдам құрылды. Әрбір қазақ екі ат, қажетті қару-жарақ пен сауыт-саймандарын өзі дайындап, жасақтағы өз орын табатын. Халық жасақтары ру, тайпа, жүздік приципімен құрылып ондық, жүздік. Мыңдық және түмен болып бөлінді. Әскердің бас қолбасшысы хан болды. Хан белгілі батырларды мыңбасы. Түменбасы етіп бекітті. Қазақ хандығыүш жүзге бөлініп, әр жүздің өз ханы болған «Ақтабан шұбырынды» жылдары қазақ жасақтарының басы бірікпей халық қатты жеңілістерге ұшырады. Тек 1726 жылы Ордабасында үш жүздің өкілдері Әбілхайыр ханды бас қолбасшы етті. Хандардың жанында саны көп емес тұрақты әскері-ұландары болды. Олардың негізін төлеңгіттер құрады. Сондай-ақ мұндай әскер ірі сұлтандар мен билердің қасында да болды.

Қазақ хандығы монархиялық басқару үлгісіндегі феодалдық мемлекет болды. Мемлекет басшысы хан- монарх сайланып қойылды. Хан тек Шыңғыс хан әулетінен шығуы тиіс болды. Қазақ қоғамының негізгі туыстық қатынастар негізінде топтасқан ру болды. Рулық қатынастар көшпелі мал шаруашылығына негізделген феодалдық қоғамға мейлінше бейімделді.

Қазақ қоғамы әлеуметтік жіктелуге ұшыраған таптық қоғам болды. Оның бір жағында хан, сұлтан, би, байлар бастаған саяси және экономикалық жағынан үстем таптар тұрса, екінші жағында тәуелді шаруалар, төлеңгіттер, жатақтар сияқты топтар тұрды.

Қазақ мемлекетінде көшпелі өмірге орай күшті тұрақты басқару аппараты болмады. Мұның өзі орталық биліктің біртндеп нашарлауына, керісінше аумақтарда жүзге бөлінудің күшейтіп үш жүздің жеке-жеке хандықтарға айналуына, ақыр аяғында қазақтардың Ресейдің боданы болуға алып келді.

.

Тағы рефераттар