Қазақстан 1985 – 1991 жылдарда туралы қазақша реферат

1 Қазақстан ХХ ғасырдың 80-90 жылдарының басында: КОКП ның 1985 жылғы сәуір Пленумы, Қайта құрудың басталуы,мақсаты, кезеңдері

2 Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы;

3 Қазақстандағы саяси-қоғамдық белсенділіктің басталуы, алғашқы саяси, қоғамдық ұйымдар.

М. С. Горбачевтің елдегі саяси билік басына келуі. КОКП Орталық Комитетінің 1985 жылғы Сәуір Пленумы. Кеңес қоғамының әлеуметтік, экономикалық дамуын жеделдету мен қайта құру ісінің басталуы. М. С Горбачев – демократ, реформатор, адамгершілікті социализмді негіздеуші. Елдегі қоғамдық, саяси жүйені өзгертпей халықаралық ахуал мен экономиканы дамытуды жақсартудағы алғашқы шаралар. Қайта құру, жеделдету бағытының басталуы. Оның қажеттілігі мен кезеңдері. (1 кезең – КОКП – ның 1985 жылғы сәуір Пленумы – 1987 жылдың жазы). Алкоголизмге қарсы күрес, еңбек тәртібін нығайту. Өндіріс техникасын жаңарту. (Шетел өндіріс жабдықтарын сатып алу, валюталық резервтерді қайтадан бөлу. А. Г. Аганбегян). Аграрлық саладағы ғылым мен техника жетістіктерін өндіріске енгізу. Ауыл шаруашылығын интенсивті негізде дамытудың шаралары. Қазақстандағы саяси ахуалдың шиеленісуі, ұлттық қатынастағы кері құбылыстар. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1986 жылғы желтоқсан Пленумы. Онда қаралған мәселе. Д. А. Қонаевті қызметінен алу. Алматыдағы Брежнев атындағы алаңдағы 1986 жылғы 17 –18 желтоқсандағы оқиғалар. Оның шығу себептері, сипаты, барысы, аяқталуы. Жастарды жазалау, т. б. қудалау шаралары. Желтоқсан батырлары. Аталған қозғалымстың Қазақстанның басқа аймақтарына тарауы. Шығыс Қазақстандағы желтоқсан оқиғасы. Аталған оқиғаның елдегі саяси – қоғамдық ахуалға әсері. Маңызы. Қазіргі күнгі баға. ІІ – кезең – 1987 жылдың жазы – 1989 жылдың мамыры. Экономикадағы мемлекеттік жоспар мен нарықтық қатынастарды бірлесе жүргізу әрекеттері. (Мемлекеттік кәсіпорындар бірлестіктері, кооперация туралы заңдар, маңызы, орындалуы.) Елдегі алғашқы саяси партиялар мен ұйымдардың құрылуы. Қазақстандағы алғашқы саяси партиялар мен ұйымдар, олардың бағдарламасы, алғашқы атқарған істері. ”Семей – Невада” қозғалысы. Қоғамдағы, саяси – элеуметтік өмірдегі жариялылықтың басталуы, оның алғашқы қадамдары. КОКП –ның ХІХ конференциясы, оның шешімдері. Ел бойынша көппартиялы, көпмандатты сайлау жүйесінің басталуы. Аталған кезеңдегі елдегі экономикалық жағдайдың шиеленісуі. Бірінші кезектегі халық тұтыну тауарларының жетіспеуі, оларды пайдаланудың шектеулі – бақылау жүйесінің енгізілуі. Себептері. Үшінші кезең – 1989 жылдың мамыры – 1991 жылдың желтоқсаны. Экономикадағы дағдарыстың одан ары шиеленісуі. Халыққа қажетті деген тауарларға деген зәуірліктің одан ары жалғасуы. Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы кәсіпорындары жоспарларының орындалмауы.Қазақстандағы, т. б. республикалардағы демократиялық процесстердің жедел қарқынмен жүруі. Халық депутаттарының сьезі. Онда қаралған мәселелер. Ұлтаралық қарым – қатынастың шиеленісе түсуі. Прибалтика, Закавказья, Орта Азия республикаларындағы оқиғалар. Қазақстандағы Жаңа Өзендегі ұлтаралық шиеленісу, оның себептері. Социалистік жүйе елдеріндегі саяси, әлеуметтік дағдарыстың шиеленісуі. Экономикалық Өзара Көмек Кеңесінің, Варшава Шарты соғыс одағының тарауы. Герман мемлекеттерінің бірігуі. Болгария, Румыния, Польша, Венгриядағы оқиғалар. Олардың Кеңес Одағының болашағына әсері. Елдегі саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар қызметінің белсенділігінің артуы. Қазақстанда осы кезеңде құрылған саяси партиялар мен ұйымдар. Олардың алдарына қойған мақсаттары мен атқарған істері. Қайта құру шаралары мен нақты жағдайлар арасындағы қарама – қайшылықтар. Кеңес Одағын сақтап қалу жолындағы әрекеттер. Аталған бағыттағы бүкілхалықтық референдум, оның қорытындылары. 1991 жылғы “тамыз бүлігі”. Оның қорытындысының бүкіл Одаққа, Қазақстанға әсері. Қазақстан Компартиясының таратылуы. 1991 жылғы желтоқсандағы Беловежскдегі Ресей, Украина, Белорусия жетекшілерінің келісімі. Осы жылғы 13 желтоқсандағы Ашхабад, 20 – 21 желтоқсандағы Алматы келісімі. Кеңес Одағының тарауы. ТМД – ның құрылуы, мақсаты, маңызы.
Тағы рефераттар