Қазіргі заңдар Республика Конституциясына негізделген. Олар мүлікке мемлекеттік және жеке меншікті мойындап, оларды бірдей қорғауға кепіл болады. Заңдар кәсіпшіліктің еркіндігін қамтамасыз етумен бірге бәсекенің адалдығын корғайды. Осы негізгі бастамаларды біріктіретін Республиканың Азаматтық кодексінің (1994 жылы желтоқсанның 27-де қабылданған) жалпы бөлімінде бағалы кағаздар мүліктік игіліктің бір түрі ретінде азаматтық құқықтың объектісі болып еркін айналымға арналғаны танылған. Оның 3 бөлімінің 2 бабында бағалы қағаздардын мазмұны көрсетіліп, олардың түрлері анықталып, бағалы қағаздарды шығарудың және оларды біреуге берудің негізгі ережелері мен талаптары бекітілген.

Азаматтық кодекстің нормаларына сәйкес мемлекет Президенті бағалы қағаздар нарығын дамытудың құқықтық негіздерін құрайтын заң күші бар жарлықтар шығарды:

1.   1995 жылдың 30 наурызындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» № 2155 жарлықта «Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруға құқылы және ол туралы жауапты» делінген.

2.   1995 жылдың  17 сәуіріндегі «Лицензиялау туралы» Заң шығарудың келесі кезеңі Заң шығарудың келесі кезеңі№2200 жарлықта бағалы қағаз нарығындағы кәсіби қызметті және қор биржасының қызметін міндетті түрде лицензиялау керектігі көрсетілген.

3.  1995 жылдың 21 сәуіріндегі «Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы» № 2227 жарлықтың эрекеті мемлекеттік емес бағалы қағаздардың эмиссиясын тіркеуге қойылатын талаптарға, оларды орналастыру ережесі мен мезгіліне, акционерлерді тіркеуді жүргізетін негізгі жағдайларға бағытталған. Атап өтетін басты жағдай, онда ¥лттық комиссияның статусы анықталған; бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби істердің түрі, оны лицензиялаудың жағдайы жэне бағалы кағаздармен жүргізілген мәмілені тіркеу тәртібі бекітілген; сонымен бірге кор биржасын құру және оның қызметін ұйымдастыру туралы ереже орын алған, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың құқығы бекітілген.

4.  1995 жылдың 24 сәуіріндегі «Салықтар және басқа бюджетке төленетін міндеттемелер туралы»№ 2235 жарлықтың біраз тармақтары бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялардан салық төлеу сұрақтарына арналған.

5.    1995   жылдың   2   мамырындағы   «Шаруашылық   серік-тестіктері туралы» № 2255 жарлықта шаруашылық субъектілерінің бизнес құрып, оның дамуы үшін акция және облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарып, ақша қаражатын тарту механизмінің   кұқықтық   мүмкіншілігі   бекітілген.   Акцияларды тек акционерлік қоғамдар шығарса, облигацияларды акционерлік қоғамдар жэне жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер шығаруға кұқылы.

6.   1995  жылдың  31   тамызындағы  «Қазақстан Республикасындагы банктер және банктік қызметтер туралы» № 2444 жарлығы екінші деңгейдегі банктерге акция эмиссиялауға құқық берген. Банктік қызметтерге: заңды және жеке тұлғалардың қарыз міндеттемесін есептеу, бағалы қағаздарды сақтау, акциядан баска бағалы   қағаздарды   (облигациялар,   депозиттік   сертификаттар, вексельдер)  эмиссиялау,  лицензиясы   болған  жағдайда  бағалы қағаздар нарығындағы делдалдық операциялар жатады.

7.  1995 жылдың 23 желтоқсанындағы «Жекеменшіктендіру туралы»№2721  жарлығы мемлекет меншігіндегі  акционерлік қоғамдардың   акциялары   жекеменшіктендіру   объектісі   екенін, акциялардың  мемлекеттік  бумаларын  жекеменшіктендіру  жағдайларын және тәртібін көрсеткен.

8.    1998   жылдың    10   шілдедегі   «Акционерлік   қоғамдар туралы»№ 2811 Қазақстан Республикасының заңы акционерлік қоғамның құқықтық жағдайын, оны құру, капиталдандыру, қайта кұру және тарату тәртібін; акционерлер мен үшінші тұлғалардың құқықтарын,  міндеттерін,  олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау   жағдайларын;    қоғамның   органдары    мен   лауазымды адамдарының өкілеттілігі мен жауапкершілігін айқындайды.

9. Басқа да заңдар және нормативтік — құқықтық актілер. Оған бағалы қағаздарды шығару және айналымға түсіру мәселелерін, Ұлттық Комиссияның өкілдігін реттейтін Президенттің жарлықтары жатады. Мыс, «Валютаны реттеу туралы» заң бойынша Ұлттық Комиссия валюта қатынастарын, соның ішінде, ішкі нарыққа шетел бағалы қағаздарын түсірудің тәртібін реттейтін орган болып тағайындалды.

Жоғарыда айтылған құкықтық негіздерге сай брокерлік және дилерлік кеңселер ашылып, олар акциялардың мемлекеттік бумаларымен және басқа мемлекеттік бағалы қағаздар түрлерімен жасасқан мәмілелерге қатысуда. Сонымен қатар, Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың эмиссиясын мемлекеттік тіркеуден өткізу іске асырылып, көптеген азаматтар бағалы қағаздар нарығында қызмет істеуге мамандану куәлігін алды. Алғашқы тіркеуші компаниялар пайда бола бастады. Бағалы қағаздар нарығын дамыту барысында алғашқы даулар да (оның ішінде сотқа талап қою) кездесе бастады.

Алайда, бұл кезде бағалы қағаздар туралы шыққан заңдар жетілген және бағалы кағаздар нарығының құкықтық негіздерін қалыптастыру процесі аяқталды деуге болмайтын еді. Нарықтық инфрақұрылымы да қалыптасу шағында болатын. Дегенмен айтылған заңдарды пайдаланудың нәтижесінде республикада пайда болған бағалы кағаздар нарығын құқықтық қамтамасыз етудің жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіншілік туындады.

Бұдан кейінгі жылдары нарықтың инфрақұрылымын жетілдіруге, нарық субъектілерінің қызметін реттеуге бағытталған жаңа заңнамалар

кабылданып, бұрынғьшарға бірнеше дүркін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде.
Тағы рефераттар