Қазақстан Республикасы мемлекеттік аппаратының түсінігі және мазмұны туралы қазақша реферат

Мемлекеттік аппарат — алдында тұрған ерекше мақсаты бар және соны орындау үшін құзыреті бар мемлекеттік аппараттың бір буыны. Мемлекеттік аппараттың құрылуы мен қызметі, негізгі өкілеттілігі Конституцияда және конституциялық актілерде көрсетіледі. Әрбір мемлекеттік аппарат өз қызметін мемлекеттік, материалдық, ұйымдық және зорлау күшімен қорғайды. Мемлекеттік аппарат мемлекеттің атынан функцияларын атқарады, әрқайсысының алдында тұрған мақсаттары заңда анық белгіленген. Басқа мемлекеттік органдарымен қалай қатынасатыны, ішкі құрылысы, құзыреті белгіленген. Мемлекеттік аппараттың негізгі нышаны оның мемлекеттік билігі. Бұл мемлекеттік билікті былай түсінуге болады: олар мемлекеттің атынан барлық субъектілерге міндетті нормативтік актілерді шығарады, немесе құқықтық нормалардың орындалуын тексереді, ал кейбір кезде жазаға тартуға құкығы бар. Мемлекеттік заңдарға сәйкес мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында мемлекеттік аппарат өкілеттікті жүзеге асыратын толып жатқан қызметтер атқарады. Мемлекеттік қызметкерлердің өкілеттіктері мемлекеттік органдар алдында тұрған мақсаттарға және міндеттерге сәйкес анықталады. Мысалы, прокуратура органдары, сот жүйесі, МВД, КГБ құқықты қорғау қызметін атқарады. Бұл органдар бір бірімен байланысты. Бәрі бірге жалпы құқық қорғау жүйесіне жатады.

Мемлекеттік аппарат – мемлекет билік органдары жүйесінің болуымен сипатталатынбұқаралық биліктің ұйымы. Мемлекеттік органдар мемлекеттік міндеттерді орындауға тағайындалған және ортақ сипаттарға ие. Мемлекеттік органның айрықша маңызды белгісі биліктік өкілетіктермен қамтамасыз етілуі болып табылады, демек іс-әрекет міндетті сипатқа, ал бұйрықтар биліктік сипатқа ие. Мемлекеттік органның биліктік өкілеттіктері оның құзыреті шеңберінде жүзеге асырылады [4, 12б].

Мемлекет механизмі — бүл қоғамды мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ететін және мемлекеттік билікті жүзеге асыруға көмек ететін мемлекеттік органдар жүйесі.

Кең мағынада мемлекет механизмі үш құрамдас бөліктерден құралады: мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік аппарат пен мемлекеттік кәсіпорындар.

Мемлекеттік мекемелер — бұл әлеуметтік, экономикалық, мәдени т.б. аяларда мемлекеттік функцияларды орындаудың тәжірибелік, тікелей қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар.

Мемлекеттік кәсіпорындар қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өнімдерді өндіру немесе қоғамға қызмет көрсету мақсатында шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін қүұрылады.

Мемлекетті аппарат бұл мемлекет алдында тұрған мәселелерді шешу мен функцияларды атқару үшін құрылған билік өкілеттіктерімен үлестірілген барлық мемлекеттік органдар жүйесі [5, 115б].

Тар мағынасында мемлекет механизмін мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін биліктік өкілеттіктермен үлестірілген мемлекеттік органдар жиынын құрайтын мемлекеттік теңестіреді. Өз кезегінде мемлекеттік орган мемлекеттік аппараттың бастапқы элементі болып табылады.

Әрбір мемлекеттік орган сәйкес міндеттермен жүктелінген, мемлекеттік қызметтің белгілі-бір түрін жүзеге асыру мақсатында мемлекетпен құрылатын мемлекеттік аппараттың біршама дербес, құрылымдық ерекшеленген буыны болып табылады. Ол өзінің міндеттерін жүзеге асыру үрдісінде мемлекеттің ұйымдық, материалдық пен мәжбүрлік күшіне сүйенеді [6, 210б].

Бірқатар  авторлар мемлекеттік органдар қызметінің үш нысанын бөліп көрсетеді:

—       нормативті-құқықтық актілерді дайындап, шығаруға бағытталған құқықтық-творчестволық нысаны;

—       құқық нормаларын жүзеге асыратын мемлекет органдарының билеуші қызметінің нысаны ретінде құқықты атқарушы нысаны;

—       құқықтық нормалардың сақталуын қамтамасыз ететін мемлекеттің құқықтық қызметінің нысаны — құқық қорғаушы нысан.

Мемлекеттік органдар ұғымын сипаттайтын ерекшелік нышандарға:

—       тапсырылған аяда белгілі-бір қызмет түрі арқылы мемлекет міндеттерін және функцияларын мемлекет атынан жүзеге асыру;

—       мемлекеттік кэсіпорындар мен мекемелерден ерекшеленетін белгілі-бір биліктік уәкілдіктерге ие;

—       белгілі   бір   міндеттерге   ие   болуы,   яғни   бекітілген   функциялары, құқықтары мен міндеттердің болуы;  

—       белгілі   бір  құрылыммен   сипаттайды,  яғни   штат  саны  белгілі  жеке бөлімшелерге бөлінеді және қызметінің аумақтық масштабы бар;

—       Заңмен бекітілген тәртіппен құрылады.

Мемлекеттік органдарға мемлекеттік-биліктік сипатты уәкілдіктерді үлестіру мемлекеттік органдардың маңызды нышаны болып табылады. Басқа нышандар жиыны арқылы ол бір жағынан, мемлекеттік ұйымдар (кәсіпорындар, мекемелер) мен мемлекеттік органдар арасында, екінші жағынан, мемлекеттік емес органдар мен ұйымдар арасында жеткілікті нақты айырмашылық өткізуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік органдарды сапалы түрде ерекшелеп, сипаттайтын негізгі қасиеті — заң актілерін (нормативті-құқықтық актілер, қаулылар және т.б.) шығаруға уәкілдіктердің болуы.
Тағы рефераттар