Қазақстан Республикасы салық жүйесінің даму перспективасы туралы қазақша реферат

Салық төлеуден жалтару – салық төлемдерін толық немесе ішінара төлемеу мақсатымен салық төлеушінің салық салу объектісін (табысты, пайданы, тауар айналымын, мүлікті) әдейі жасыруы және азайтуы. Салық төлеушілердің мұндай заңсыз іс-әрекеті мемлекет мүддесіне айтарлықтай нұқсан келтіреді. Оның негізінде мемлекеттік бюджет едәуір қаражаттарды алмайды, салық заңнамасын бұзушылар кірістерінің қосымша криминалдық көздері жасалынады, кәсіпкерлік қызмет сферасында, салада, аймақта және құн қозғалысының негізгі үйлесімдері бұрмаланады.

Салық төлеуден жалтарудың себептері әр түрлі болуы мүмкін:

1)  шаруашылық, кәсіпкерлік немесе өзге де қызметті қалыпты жүргізуге мүмкіндік бермейтін елеулі салық ауыртпалығы; салықтардың көптігі және жоғары мөлшерлемелері салық салынатын субъектінің «көлеңкелі» экономикаға өтуіне жәрдемдеседі;

2)  салық заңнамасының күрделілігі, сонымен қатар оның анық еместігі, нұсқаулармен ережелердің қағидалары мен нормаларының түрліше түсіндіретін ондағы толықтырулардың, өзгертулердің, түзетулердің көптігі;

3)  салық службасын ұйымдастырудағы кемшіліктер: қызметкерлердің төмен біліктілігі мен біліксіздігі, экономикалық білімдер мен құқықтық мәселелердің шектес салаларын жеткіліксіз білуі;

4)  салық сомаларын баю немесе көлеңкелі бизнестегі инвестициялау мақсатымен субъектілердің оларды төлемеуге қасақана, әдейі ұмтылуы;

«Көлеңкелі экономиканың» орасан зор ауқымы басқа мемлекеттердің банк мекемелеріне ақша аудару, кәсіпкерлік қызметтің шын ауқымын, мүлік құнының мөлшерін төмендету жөніндегі табысты күш салулары – мемлекет бақылауынан салық түсімдерінің аса ірі сомаларын шығарады.

Бүгінгі таңда кейбір мәліметтер бойынша Қазақстан астыртын экономика жалпы ішкі өнімнің 30 пайыз шамасында құрап отыр.

Бүгінгі күннің ең негізгі талабы «Көлеңкелі экономика мен сыбайластық жемқорлықпен» күрес жүргізу барысындағы қоғамдық даму заңдылықтарын орындау. Ол үшін әрқашанда бақылау жүйесіндегі тексеру, талдау әдістерін кеңінен қолдана біліп оны тек құқықтық негізде жүргізе білу қажеттілігі туындап отыр. Осындай көлеңкелі экономиканың келеңсіз әрекеттерінен еліміздегі күнделікті тұрмыстық қажеттіліктерге аса зәру болып отырған тұрғындардың бөлігі көп зардаптар шегуде. Екінші жағынан, салық салынатын базаның кемуінен, экспорттаушы емес экономиканың басқа салаларында қызмет атқарып отырған кәсіпорындарға жүктелетін салық ауыртпалығы арта түсуде.

Қазақстан экономикасы жылдан-жылға жоғары қарқынмен өсіп келеді. 2011 жылдың қорытындысына сәйкес, елдің жалпы ішкі өнімі номиналды көрсеткіш бойынша 27 триллион теңгеден асып түсіп, 26 пайызға өсті. Әрине, бұл өсіммен бірге мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қордың қоржынын толықтыратын салық түсімдері де өседі. Бұл екеуінің көлемі де, ішкі жалпы өнімдегі үлесі де жыл сайын артып келеді: 2009 жылы — 3,6 триллион теңге (немесе ІЖӨ-нің 21%), 2010 жылы — 5,2 триллион теңге (24%), ал 2011 жылы — 7,3 триллион теңге (27%).

Бірақ бюджет түсімдерінің өсуінің басты себебі — бағалар факторы екені анық. Әлемдік нарықтардағы бағалардың қолайлы болып тұрғаны тек шикізаттық салалардың өсімін ғана емес, оның мультипликативтік әсерінің арқасында бүкіл экономиканың өсімін қамтамасыз етуде, соның арқасында бюджеттік түсімдер көбейді. Мәселен, 2010 жылы мұнай өндірісінің көлемі 4 пайызға өсті, ал мұнай бағасы 29 пайызға бір-ақ көтерілді. Бұл дегеніміз, бағалардың өсуін есепке алғанда бюджет түсімі 34 пайызға, ал 2011 жылы тіпті 40 пайызға дейін өсуі тиіс дегенді білдіреді.

Бірақ өздігінен келген бұл өсімде Қаржы министрлігінің ешқандай елеулі үлесі жоқ. Керісінше, Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Санақ комитеті мен құқық қорғау органдарының есептері қаржылық заң бұзушылықтардың жыл өткен сайын көбейіп келе жатқанын айғақтайды.
Санақ комитеті 2010 жылы мемлекеттік қаражатты шығындау кезінде жалпы сомасы 221,4 миллиард теңгені құрайтын қаржылық заң бұзушылықтарды анықтаған. Бұл алдыңғы жылдың сәйкес көрсеткішінен 1,6 есеге көп. Жымысқы әрекеттердің көбейгені Қаржылық бақылау комитетінің есептерінен де көрінеді. 2010 жылы олар 230 миллиард теңгенің заңсыз жұмсалғанын әшкереледі. Бұл 2009 жылмен салыстырғанда тіпті 57 пайызға көп. Былай қарасаңыз, өткен жылдар ішінде біздің экономикамыз айтарлықтай өсті. Бірақ мұнымен бірге көлеңкелі экономиканың да өсіп келе жатқанын да түйсіну керек. Алайда статистикалық мәліметтерге сәйкес, оның экономикадағы үлесі соңғы жылдары бірқалыпты, шамамен 20 пайыз деңгейінде болып отыр. Көлеңкелі экономика өссе, түспей қалған төлемдер де өсуі керек. Алайда Қаржы министрлігінің хабарлауынша, жалған кәсіпорындарды санамағанда, түспей қалған төлемдер бар-жоғы 4,2 пайызға өсіп, биылғы жылдың басында тек 59 миллиард теңгені ғана құрапты.

Бұл жерде не байқалады? Салық комитеті салықтық басқару ісінің жылдан-жылға жақсарып келе жатқанын, табыстар жоспарының жылда артығымен орындалып жатқанын айтады. Бірақ басты факт — экономика өссе де, мемлекеттік табыстары экономикадан озық өсім көрсетпейді.
Мұның екі-ақ себебі болуы мүмкін: не көлеңкелі экономика өспей отыр (бұған сену қиын), не салық басқармасы оның табыстарын қадағаламай отыр.

Көлеңкелі экономиканы қаржымен демдеп отыратын түрлі каналдар бар. Біріншіден, бұл — мемлекеттік бюджеттің шығындары. Екіншіден, қаражат көлемі өсіп келе жатқан шикізаттық сектор. Айтпақшы, шикізаттық сектордағы жалақылар еңбек өнімділігінен жылдамырақ қарқынмен өседі.

Өкінішке қарай, қазір мемлекеттің көлеңкелі экономикаға қарсы күресті тиісті деңгейде жүргізбей отырғанын айтуға мәжбүрміз. «Көлеңкедегілерге» қарсы шабуыл жасауда ең маңызды күш — тиімді салықтық басқару болуы керек. Алайда біздегі салық ісінде сол тиімділік болмай тұр.

Қазір Қаржы министрлігі берешектердің көбеюін жалған кәсіпорындардың әрекетіне тосқауыл қоюға белсенді түрде кіріскен фискалды және құқық қорғау органдарының жұмысымен байланыстырып, әрі мұны мақтанышпен жеткізеді. Алайда жалған кәсіпорындармен байланысты бұл берешектер мүлдем үмітсіз. Олардың төлеушісі де жоқ, төлеуші болса да, оның қаражаты да,еш мүлкіде жоқ. Соған қарағанда, Қаржы министрлігіндегілердің 2012 жылдың 27 қаңтарында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент білдірген наразылықтың түп-төркінін түсінбей қалған сияқты.

Елбасы сол кезде «ақпараттық жүйелердің саралау бөлімін күшейту» керек екенін тікелей айтқан болатын. Ал қазір Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерін енгізу қалай жүргізілуде? «Эксперт» журналында жарияланған бірқатар мақалаларда Қаржы министрлігінің басшылығы «Электрондық қаржы министрлігін» құру жоспары жайында әңгімелейді. Бұл реформа есеп-бухгалтерлік басқаруды оңтайландыру мен қолданыстағы қазіргі процедураларды жеңілдетуге бағытталған, салық қызметкерлерінің жұмысын ықшамдап, салық төлеушімен тікелей бетпе-бет кездесуді азайту үшін жасалуда. Автоматтандыру үшін автоматтандыру жұмысы жасалуда. Бірақ сапалы өсім де болуы керек қой. Босаған еңбек ресурстары Салық комитетінің саралау жұмысын күшейтуге бағытталуы тиіс.

Алайда Қаржы министрлігінің мақалаларында саралау жұмыстарын күшейту жайында жеңіл-желпі ғана жазылған. Шыны керек, салық қызметкерлерінің басты құралы — тәуекелдерді басқаратын интеллектуалдық жүйе. Берешектерді өндіру үшін жұмысты тікелей күшейту бизнеске салқынын тигізуі мүмкін. Қазір Салық комитетінің тәуекелдерді басқаратын интеллектуалдық жүйесі мүлдем мінсіз емес болып отыр.

Тәуекелді басқару жүйесі (ТБЖ) деген экономикалық категория да енгізілген. ТБЖ мақсаты тәуекелі жоғары салаларда салық қызметінің назарын арттыру және қолдағы бар ресурстарды тиімді пайда­лануды қам­тамасыз ету. Әрі ТБЖ-ны пайда­лану нәтижесі салық төлеушілерге салық бақылауының түрлі формаларын теңгермелі қолдануға негіз бола алады. Осылайша салық тек­серулері салық тө­леушіні салық міндетте­мелерін орын­дамау немесе жартылай орындамау мүмкіндігін талдау және бағалау негізінде жүзеге асыратын заңнама тұғыры құрылды.

2010 жылғы салық тексерулерінің нәтижесінде 495,6 миллиард теңгенің салығы мен төлемдері қосымша аударылды. 2010 жылы енгізілген тәуекелдерді басқаратын интеллектуалдық жүйе қоса аударылған сомаларды өндірудің тиімділігін арттыруға айтарлықтай әсер ете алмады. Мәселен, анықталған заң бұзушылықтар бойынша бюджетке 28,7 миллиард теңге немесе 5,8 пайызы өндірілді, бұл алдыңғы үш жылда өндірілген қарыздардан көп емес: 2009 жылы — 5,7%, 2008 жылы — 5,4%, 2007 жылы — 5,8%. Салықтық бақылау бойынша, салық төлеуден жалтарған салық төлеушілердің кесірінен келген бюджет шығыны 2010 жылы 246,1 миллиард теңгені құрады.

Қаржы министрлігі көптен бері электрондық шот-фактураларын енгізу қажеттігі жайында айтып келеді. Осылайша олар тәуекелдерді басқару жүйесінің көмегімен жалған кәсіпорындардың әрекеттеріне тосқауыл қоймақ. Әрине, егер олардың жалған кәсіпорындары ешқандай қаражатпен, мүлікпен қамтамасыз етілмеген жағдайда. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президенттен кейін сөз алған Қаржы министрі осы мәселені тағы айтып, ұзақ мерзімді болашақта бұл бағытта жұмыстар жасалатынын айтты. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы тағы бір өзекті ой жеткізді, өкінішке қарай, оған ешкім тиісті мән бермеді.

Бұл — түрлі мемлекеттік органдардың деректерін салыстырып, экономикалық сараптама негізінде салықтардағы сәйкессіздіктерді анықтау. Әлемде кеңінен қолданылатын бұл шешім біздің Қаржы министрлігімізде қолданылмай-ақ қойды.

Салық органдары неше түрлі қаптаған есептерімен «бизнесті» үрейде ұстап отыр, өз жұмысының басым бөлігін бизнесті тексерумен өткізіп, көп жағдайда бизнестің дұрыс жұмыс істеуіне кедергі болуда. Бұл жерде тағы да жұмысқа келгенде ең алдымен бухгалтерлік-есептік көзқарастың белең алатыны байқалады. Туындайтын сұрағымыз: жұмыстың интеллектуалды мазмұны қайда? Салық комитетінің қазіргі әдістері бүтін бір салалардың салықтан жалтаруына жағдай туғызуда. Бұрын мұндай міндеттер мемлекеттік жоспар арқылы шешіліп, салааралық баланстар қаралып, соның негізінде сараптама жүргізіледі. Қазір сәйкессіздіктерді анықтауға көмектесетін осы әдістерді Қаржы министрлігі де, Үкіметтің бүкіл экономикалық блогы да қолданбайды. Бұл — өкінішті. Мысалы, бір саладағы кәсіпорындар қосымша құн салығын төлейді делік. Сол сомаға қарап, кәсіпорынның қосқан құнын анықтауға болады, әрі оны кәсіпорын экономикасының өзге көрсеткіштерімен де салыстырып көруге болар еді. Өз кезегінде, кәсіпорынның негізгі экономикалық көрсеткіштеріне сүйене отырып, корпоративтік табыс салығының сомасын анықтап, оны ұсынылған көрсеткішпен салыстыруға болады. Әлеуметтік салықтарды да тура солай анықтауға болады. Тіпті кәсіпорындардың көрсеткіштерін бүкіл саладағы орташа статистикалық (базалық) көрсеткіштермен салыстыруға болады. Алайда мұндай салыстыру қазір жүргізілмейді. Мұның бір себебі — салық қызметкерлерінің кәсіби аясының тар болуына да байланысты болуы мүмкін. Қазір салық қызметкерлерінің бір бөлігі корпоративтік табыс салығымен ғана айналысса, екіншілері тек қосымша құн салығымен ғана айналысады. Екеуінің арасындағы өзара әрекеттесуі мүлдем аз.

Осындай технологияларды қолдану үмітсіз берешектер базасын азайтудың тиімді тетігін құруға мүмкіндік берер еді. Елбасы өз сөзінде дәл осы мәселені көтерген болатын. Бұл проблема әсіресе, Бірыңғай экономикалық кеңістік жағдайында үлкен маңызға ие. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Ресеймен салыстырғанда біршама жайлы инвестициялық ахуалға ие. Мұны Дүниежүзілік банктің «Бизнес жүргізу» рейтингі де растайды.

Мұндай жағдай Ресей мен біздің көршілес елдеріміздегі бизнестің бір бөлігінің Қазақстанға көшіп келуіне мүмкіндік туғызады. Заңды бизнеспен бірге көлеңкелі бизнес те келеді. Осылайша тиімді салықтық басқарудың жоқтығынан Қазақстанда экономиканың көлеңкелі секторының айтарлықтай өсуімен байланысты қатерлер туындауда. Сол себепті әсіресе, Қазақстан экономикасындағы қазіргідей тепе-теңдіктің жоқтығын есепке алсақ, Мемлекет басшысының осы мәселеге қатысты айтқан сөзі өте маңызды.

Жалпы, экономикасы «ашық, мөлдір болсын» деген кез келген мемлекет салыққа қатысты нақты жүйе ойлап табары анық. Осыған орай біздің де мемлекетіміз жаңа Салық кодексін қолданысқа енгізді. Жаңа кодексте кейбір салықтардың төлемдерін біршама жеңілдету, салықтық әкімшілік жүйені жетілдіру, экономиканың шикізаттық емес секторына салынған жалпы жүктемені төмендету, сондай-ақ өндіруші сектордан түсетін кірісті көтеру мәселелері қарастырылған. Басқаны қайдан, біздің осы су жаңа Салық кодексіне ресейлік сарапшылар оң баға берді. Ресейліктер Қазақстандағы салық реформасын жоғары бағалап және оны талқылау барысын да мұқият қадағалады. Бұл жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілген сәтте біраз қауым енді көптеген «әкімшілік кедергілер жойылады, сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді, көлеңкелі экономика ауыздықталады» дескенді. Әйтсе де бізге нақ осы мәселеге қатысты «майлы жіліктің басынан дәмету» әлі ертерек тәрізді. Себебі елде көлеңкелі экономика әлі жалғасуда. Осыған орай біз «көлеңкелі экономикамен тиімді күресу үшін Салық кодексін одан әрі жетілдіру керек пе? Мүмкін, басқа тетіктерді де қарастыру қажет шығар» деген сауалды мамандардың талқысына салып көрді.

Экономиканың әртүрлі сатыда дамуына байланысты Салық кодексінің өзгеріп, жетіліп отыруы – табиғи нәрсе. Салықтың бірінші мақсаты мемлекет қазынасын толтыру болатын болса, екінші бір мақсаты – салық салу механизмдері арқылы салық төлеушілердің ынтасын арттыру, мәдениетін қалыптастыру. Егер салық төлеушіге салмақ көп салынса, оны жеңілдету де осы Салық кодексінде қарастырылған. Жалпы, заман талабына сай салық төлеу түрі өзгеріп, жетіліп отыруы керек.

Салық жүйесін жетілдіру салық төлеуден жалтарушылар легін азайтуы тиіс. Біздің мемлекетіміз осыған орай жаңа Салық кодексін қолданысқа енгізді. Бұл жаңа кодексті сарапшылар көршілес ТМД елдерімен салыстырғанда, «жоғары деңгейде» деп бағалауда. Меніңше, біз көлеңкелі экономиканың жолына салық жүйесін жетілдіріп қана қоймай басқада заңдарды жетілдірумен тосқауыл қоя аламыз. Мысалы, біздің елімізде салықтан жалтарынып, кәсібін жалғастырып жүргендер саны бүгінде жетіп-артылады. Меніңше, көлеңкелі экономикамен күресті жеңудің басты тетігі Салық кодексін жетілдіруде жатқан жоқ. Біз жыл сайын салық жүйесіне өзгеріс енгізіп, оны жетілдіріп келеміз. Ал бұдан елде көлеңкелі экономика ауыздықталды ма? Жоқ! Осыған орай айтарым, біз, керісінше, «салық төлеушілердің ынтасын арттырамыз, мойнындағы жүкті жеңілдетеміз» деп мәселені одан әрі өршіттік. Мысалы, жаңа Салық кодексінде шағын және орта бизнеске салынатын белгілі бір салық түрлеріне жеңілдіктер қарастырылған. Бүгінде заңды тұлғалардың бақылаусыз тіркелу мүмкіндіктері бар. Ал,  жеке тұлғалардың қанша кәсіпорын ашса да, оған шек қойылмайды. Мұнымен қоса  жалған кәсіпорындар нөлдік көрсеткішпен есеп береді. Кәсіпорын салық органдарының тексерулерінен жалтару мақсатында басқа шаруашылық субьектісімен бірігу арқылы қайта құрылуға ұшырап жатады.  Кәсіпорынның қайта құрылуын салық қызметіне айтпастан әділет органдары жүргізеді. Содан соң салық органдарына кәсіпорынның қайта құрылғаны туралы ақпарат түскенімен, оған ештеңе істей алмайды. Осылай бюджеттің алдында міндеттемесі бар кәсіпорындардың қайта құру, қайта тіркелу, заңды мекенжайын өзгерту процедурасының жүргізілуі салдарынан салық төлеушілердің жауапкершіліктен құтылып кету жайлары жиі кездеседі.

Мәселен, 2010 жылдың соңындағы  салық тіркеу туралы деректер базасындағы мәліметтер бойынша «GOLDEN МЕРИДИАН» РНН 391900220761, «Blisskey OLTRA» РНН 391900221462, «ЭксмоЛимитедГруппСистем» РНН 391900221055, «Воллаб Систем» РНН 391900220596,  «Либерум-ПРОМСТИЛЬ» РНН 391900220255 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері әділет органдарында қайта тіркелу процедурасын жүргізу арқылы мекенжайларын ауыстырып, өзгерткен.

Осы көрсетілген бес салық төлеушіге салық есебін бақылау барысы бойынша 7 миллиардтан астам теңгенің салық құқығын бұзушылық анықталған 20 заңды тұлға қосылған. Бұл Үкіметтің Семей қаласындағы жылу электр орталығын қайта құруға бөлген қаржының көлеміндей. Сөйте тұра ешкімнен  де жауапкершілік сұралған жоқ.

Сондай-ақ, тіркелетін кәсіпорын басшысының шетел азаматы, оның ішінде еңбек қызметіне рұқсаты жоқ Қазақстан территориясына қыдырып келген немесе турист ретінде келгендердің  де болуы мүмкін. Өлім аузында жатқан адамның атына да жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің тіркелуі ғажап емес. Содан ол адам о дүниелік болып кеткен соң, артынан шам алып түссең де, таптырмайды.

Осының салдарынан салық органдары бюджет алдында міндеттемелері бар салық төлеушілерді жауапкершілікке тартуда проблемалар туындайды. Және көбіне Қазақстан территориясынан тыс жерлерде жүретін кәсіпорын басшыларына тексеру жүргізу және басқа шараларды қолдану мүмкіндігі жоқ.

Қалыптасқан жағдайды фирмалар салықтан жалтару және жауапкершіліктен қашу үшін пайдаланады.   Салық төлеуден қашудың тағы бір жолы коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру келісім- шартында ақының мөлшерін көрсетпеу, немесе ондай келісім-шарттардың мүлдем жасалмайтыны.  Бизнес орталықта бір шаршы метрдің бағасы  20-35 АҚШ доллары тұрады. Ал, келісімшарттарды көп жағдайда бұл 3-5 доллар болып жазылады. Осылай артық ақшаның бақылаусыз ақша айналымы орын алады.

Сонымен, егер республикамыздың салық жүйесіндегі жеке тұлғаларға салынатын табыс салығына осындай өзгерістерді енгізетін болса, табысы өте төмен дәрежедегі азаматтарға едәуір көмек болар еді.

Салық жүйесінде перспективада Қазақстанда топтасқан салық салу институтын енгізу мәселесін қарастыруда. «Топтасқан салық салу институтын енгізу мәселесін қарастыру қажет, яғни  бір немесе бірнеше салықты өзара байланысқан кәсіпкерліктер тобының атынан “аталық” компания төлейді, әрі өзара байланысқан кәсіпкерліктер тобы – осы салық бойынша бір салық төлеуші ретінде қарастырылады”, — делінген  24-тамызда ҚР президентінің қаулысымен қабылданған, 2010-2020 жылдарға құқықтық саясат Тұжырымдамасында.

Концепцияда атап көрсетілгендей, жалпы алғанда салықтық заңнама ары қарай жетілдіруді талап етеді. Жағымды инвестициялық климат жасау, отандық және шетелдік инвестицияны тартуға септігін тигізетін маңызды алғышарттардың бірі – дамыған, айқын салық заңнамасы”, — делінген құжатта. Осы ретте, салық заңнамасы елдің индустриалдық-инновациялық стратегиясымен тікелей байланысты болуы тиіс: ол шикізаттық емес кешендерді дамытуға септігін тигізіп, елде жаңа технологиялар ендіруі керек, деп есептейді жаңа Тұжырымдаманың авторлары. Олар жалпы әлемдік беталыс – салық ауыртпалығын төмендетуге әкеле жатқанын айтып өткен. “Салық заңнамасын жетілдіру барысында үздік шетелдік тәжірибені қолдану жөнді болады, ол тәжірибелер салық барынша аз болуы тиіс, салық алуға кететін шығын да барынша аз болып, салық бәсекелестікке кедергі келтірмеуі керек, салық мемлекеттің экономика саласындағы құрылымдық саясатына сәйкес келіп, салық жүйесі екі мәрте салық салуға жол бермеуі тиіс деген сияқты салық салу жүйесінің жалпыға ортақ принциптеріне негізделген.

Тұжырмадамада салықтық есеп беруді жеңілдету, кейбір салық түрлерін реформалау, салықтөлеушілердің кейбір топтарына салықтық ынталандыруды қамтамасыз ету бойынша  жұмыстар қарастырылған.

Қорыта келе төмендегідей ұсыныстар тобын құрастырып ұсынамыз:

Мемлекеттік органдар үшін халықтың, қоғамның шынайы сеніміне ие болудан артық мәртебе жоқ. ҚР Қаржы министрлігі жаңа «Салық кодексін» қолданысқа енгізгелі бері шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға барынша күш салып келеді. Осы мақсатта мемлекеттік қызметкерлер үшін жеке табыс салығы және меншік бойынша декларациясын тапсыру бойынша оқу семинарлары өткізілді. Салық төлеуші өзінің виртуалды кабинетіне еніп, жылдам түрде өзі туралы ақпаратты және салық мекемелерімен қарым-қатынасы жайында сақталған деректер қорына рұқсат алады. Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталықтары құжаттарды сақтау үшін шкафтармен жабдықталды. Салық төлем­герінің назарына салық есептіліктерінің тапсырылу мерзімдері жөніндегі өзгеріс­тер туралы хабарламалар да жаңартылып тұрады. Сондай-ақ салық есептілігін Салық комитетіне одан әрі өңделу үшін электронды түрде толтыру және жапсыру мүмкіншілігі бар. Демек, «Салық төлеуші кабинеті» web-қосымшасы Салық комитетімен берілетін электронды қызметтерді кеңейту мақсатында жасалынып отыр. Салық төлеуші интернетті пайдалана отырып, өңделу статустарын қарайды, меншік және жер салығы салықтары сомасы туралы хабарлама, жеке бет шотын қарап, салыстыру актісін алады. Бұл салық төлеушілердің салықтық мәдениетін қалыптастырып, пара беруге итермелейтін факторларды азайтады.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін Салық форумы биыл 2012жылы да жалғасын тапты. Салық комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин келесі жылдан бастап салық жүйесін реформалау аясында бірқатар аймақтағы салық органдарын қысқартып, облыстарда аймақаралық кеңсе ашуды көздеп отырғанын тілге тиек етті.

Сонымен бірге салық есебінің форма­ларын электронды түрде (СЕӨЖ – Салық есебін өңдеу жүйесі) өткізудің жаңа жүйесі енгізілді. Ол бұрынғы бес (ЭФНО, НДС, ИСИД, МОП, СГДС) ақпараттық жүйені алмастырды. Бұл жүйе Салық комитеті ұсынатын элек­трондық қызметті кеңейтті. Салық есебін өткізу, салық өтініштерін, салық анық­тамаларын және ескертпелерін алу, салық төлемдерінің 140 түрі бойынша төлеуді жүзеге асыру және тағы басқа көптеген қызметтер электронды форматқа кө­шіріл­ді.

Еліміздің  жаңа  Салық  кодексі  экономикамызды  жаңғырту  мен  әртараптандыруға, еліміз  үшін  тиімді  салаларды  дамытуға, халықтың  түрлі  топтарының  арасындағы  табыс  айырмашылығын  азайтуға, қазба  байлықтарын  игеретін  компанияларға  жер  мен ел  мүддесіне  бетбұрыс  жасатуға  бағытталуы  керек.  Ең  бастысы, Салық  кодексі  әлеуметтік  әдептілікті  орнықтыруы  тиіс.

Менің  ойымша, Қазақстанның  қазіргі  кезге  таңдалынған  салық  саясаты бүгінгі  күні  өте  тиімді. Және  де  болашақ  кезеңде  Қазақстанның  экономикалық  дамуы күмәнсіз  болуы мүмін.  Қазақстан Республикасының салық жүйесін реформалаудың даму  жағдайына   жүргізіліп жатқан салық реформалары   оң әсерін тигізеді деп ойдамыз.
Тағы рефераттар