Құқық функцияларының мәселелерін кейінгі заманғы отандық мемлекет пен құқық теориясы үшін жаңа деп айтуға болмайды, өйткені, олардың белгілі бір жобалары көтеріліске дейінгі және кеңестік кезеңдерде пайда болды. Сонымен қатар бұл мәселеге қатысты барлық сұрақтарды жеткілікті терең зерттелген деп айтуға болмайды. Олардың қатарында құқық функцияларын түсіну мен сыныптастырудың сұрақтарын атап кеткен абзал.

Алдымен, құқық функциялары түсінігінің мәселесіне тоқталайық. Т. Н. Радько пайымдауынша, «құқық функиясы» түсінігін белсенді зерттеудің бір ғасырға жуық тәжірибесі бүгінгі күні бұл мәселеге қатысты бірыңғай көзқарастың болуын баяндауға мүмкіндік бермейді». Осыған қатысты қандай пікірлер айтылып жатыр екен? Сірә, ең құрығанда қазіргі әдебиеттерде ең кең таралғаны деп мына үшеуін атауға болады. Бір зерттеушілер позитивті құқық функциясы ретінде қоғамдық қатынастарға немесе адамдардың мінез-құлқына құқықтық ықпалдың белгілі бір бағыттарын (әдетте, негізгі) түсінеді. Басқалары позитивті құқықтың функцияларын қоғамдық қатынастарға құқықтың қадағалаушы ықпалының негізгі бағыттары деп санайды. Ал, үшіншілердің пікірінше, позитивті құқық функциялары – бұл тұтас боп біріккен әлеуметтік міндет пен осы міндеттен туатын қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпалдың бағыттары.

Егер де берілген позицияларды салыстырса, онда біреулердің позитивті құқық функциялары ретінде қоғамдық қатынастарға түрлі құқықтық ықпалдардың бағыттарын түсінуін, ал басқалардың позитивті құқық функциялары ретінде қоғамдық қатынастарға тек реттейтін құқықтық ықпалдардың бағыттарын түсінуін байқауға болады, яғни, біріншілері позитивті құқық функцияларын кең баяндаса, келесілері тар баяндайды. Позитивті құқық функцияларының тар баяндамасына жоғарыда үшінші пікір ретінде берілген Т.Н.Радьконың да позициясы да жақын. Құқық функцияларын тұтастай біріккен әлеуметтік міндет пен осы міндеттен туатын қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпалдың бағыттары ретінде қарастырғанда, ол ерікті немесе еріксіз позитивті құқық функцияларын құқықтың қадағалаушы ықпалына келтіреді, себебі, құқықтың міндеті – қоғамдық қатынастарды қадағалау. Сонымен қатар құқық функциялары сыныптамасын қарастыра отырып, Т.Н.Радько негізінен, құқық функцияларының кеңірек баяндамасына сүйенеді. [11;225 бет].

Позитивті құқық функциялары түсінігінің сұрақтарын жете түсіну үшін ең қалаулы, қажетті және маңызды сәттерге көңіл аударуды сұраймын. Біріншіден, құқық функциялары ретінде көптеген зерттеушілер адамдардың тәртібіне немесе қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпалдың белгілі бір бағыттарын түсінеді, бұл толықтай негізделген тұжырым.[12:552 бет] Құқық функцияларын адамдардың тәртібіне немесе қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпалдың өзінен шеттетуге болмайды, себебі, мұндай ықпал неше түрлі болуы мүмкін. Ол тікелей немесе жанама, нәтижелі немесе нәтижесіз және т.б. болуы мүмкін. Құқық функциялары туралы айтқан кезде, адамдардың тәртібіне немесе қоғамдық қатынастарға тікелей құқықтық ықпалды ғана көздейді және құқық әр функциясын осындай ықпалдың ағымы, белгілі бір бағыт ретінде қарастырады.

Құқық функцияларын адамдардың тәртібіне немесе қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпалдың бағыттары ретінде анықтай отырып, көптеген зерттеушілер құқық функцияларына құқықтық ықпалдың тек басты бағыттарын жатқызғанды дұрыс деп есептейді, себебі, олар құқықтың қоғамдық қатынастарға ықпалының әрбір бағыттарын құқық функциясы деп есептеуге болмайды.[13;95 бет] Алайда, мұндай шектеу әбден ақталған деп те ойлауға болады. Егер құқықтың функциясы ретінде қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпалдың тек басты бағыттарын санасақ, онда басты емес бағыттар не болғаны? Әлде құқықта ондайлар жоқ па? Онда ненің негізінде құқық функцияларын әдетте, басты және басты еместерге жіктейді? Ең дұрысы – құқық функциялары деп қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпалдың басты да, басты емес те бағыттарын түсіну және позитивті құқық функциялары ретінде оның адамдар тәртібі мен қоғамдық қатынастарға ықпалының бағыттары деп есептеу.

Үшіншіден, құқық функцияларының оның әлеуметтік міндетімен және қоғамдық өмірдегі рөлімен байланысын әбден ақталған деп санау керек. Мәндік мағыналардың бірінде «функция» сөзі – бірдеңенің міндеті, рөлі. Аладйа, заң ғылымында құқық функцияларын құқықтың міндеті мен рөлінен алшақтатпайды. Зерттеушілердің көпшілігі құқық функцияларын оның қоғамдағы рөлі мен міндетін бейнелейтін қоғамдық қатынастарға ықпалының бағыттары ретінде қарастырады. Яғни, құқық функциясы – құқық рөлі немесе міндетінің өзі емес, ал құқық рөлі мен міндетінің көрсеткіштері, белгілі айқындауыштары.

Осы жайтты белгілей отырып, құқықтың әлеуметтік міндетін және оның рөлін кейде алшақтатынын айта кеткен жөн. Сонымен қатар оны істеудің қажеті жоқ. Құқық міндеті құқықтың не үшін жасалып, не үшін өмір сүретіні және оның арналуы жайында айтады. Арналымда құқық қоғамдық өмірде атқаратын басты рөл бейнеленеді. Бұл басты рөлдің маңызы – қоғамдық қатынастарды реттеушінің болуы. Ол осы мақсатта жасалады, оның арналымы осында. Құқық қоғамдық қатынастардың реттеуіші бола отырып, бір уақытта басқа да рөлдік функцияларды атқара алады және атқарады. Ол қандай да бір қоғамлық қатынастарды құқықтық реттеу жайында ақпарат көзі бола алады, қатынастардың берілген жүйесінде адамдардың тәртібін бағалай алады, тәрбиелік ықпал құралы және т.б. бола алады. Басқаша айтқанда, құқықтың реттеуші, сөзсіз, басым (доминант) ықпалынан басқа да «жағымсыз әсерлері» бар. Сондықтан позитивті құқық функцияларын оның тек реттеуші ықпалына келтіруге дұрыс емес болып көрінеді.

Жоғарыда айтылғандардың нәтижесінде, позитивті құқық функциялары ретінде оның болмысын, міндеті мен қоғамдық өмірдегі рөлін бейнелейтін, адамдардың тәртібі мен қоғамдық қатынастарға ықпалының белгілі бір бағыттарын санаған абзал.

Ал, енді позитивті құқық функцияларының сыныптамасы жөніндегі сұрақты қарастырайық. Алғашында, бұл сұрақта келісімге қол жеткізілген болып көрінуі мүмкін. Қазіргі заманғы заң ғылымы бойынша еңбектерде функцияларды жалпыәлеуметтік және меншікті құқықтық (басқа терминология бойынша арнайы‑заңи) деп бөлу қалыпты жағдайға айналғаны бұл келісімнің куәсі болып отыр. Оның үстіне, жалпыәлеуметтіктерге мемлекет функцияларымен үйлесетін экономикалық, саяси, тәрбиелік және басқа функциялар жатады, ал, меншікті құқықтықтарға қоғамдық қатынастардың реттеуіші ретінде құқықтың спецификасын айқындайтын регулятивті статикалық, регулятивті динамикалық және қорғаушы функциялар жатады.

Құқық салаларын, оның пәнін, әдісін құқықтық реттеудің салалық әдісін және құқықтық жүйені тұтасымен теориялық талдаудың маңызды инструментіне құралына құқық қағидасының түсінігі жатады.[14;88 бет] Құқықтық қағидалар қалай болмасын, құқықта көрсетілгендей, негізгі идеялар ретінде осы уақытқа дейін көрсетілуде.Қазіргі кездегі, біздің құқықтануда, құқықтық қағидалар теориясы құқық қағидасы ретінде қабылдаып, қандай күйде болсын құқықта бекітілгендей, негізгі бастаушы идеялар ретінде қалды.
Ғалымдардың көзқарастарындағы ол мәселе туралы ұқсастықтар орынды. Шектен тыс дауласу, әрине бұл жұмысқа кедергі. Алайда, бұл оқиғада проблема басқадай: құқық қағидалары біржақты түсіндіріледі, олардың түсінігінің дамуы сол күйінде тоқтап қалды,ол жалпы құқық теориясының даму деңгейіне жауап бермейді және соған байланысты теориялық мәселелерді шешуге кедергі жасайды.
Сонымен бірге, мынандай үш компонеттерді біріктіру: Жалпы жүйе теориясының жағдайын, құқықтық реттеу тетігінің идеяларын, бірақ олардың синтезі емес, барлығы құқықтық құбылыстар өмірінен, обьективтік құқықтың ашылу тетігі ретіндегі сыртқы жағдйы және құқықтың табиғатын білу. Бір жағынан, олардың негізгі құқықтық ықпалдың құралы туралы мәлісеті бар, екінші жағынан — маңызды элементі, құқықтық құралдардың шын мәніндегі жалғасы, нақтылы тәртіп актісін реттеу процесінде объективтік құқықтан шығарылған. Ол теориялық реакцияны туғызып, нәтижесінде құқықтық қағиданың түсінігіне тиіті жаңа көзқарас туды.
Құқық қағидаларының дәстүрлі түсінігінің қалыптасу түріндегі жағдайы туралы айтсақ, ол шын мәнісінде басқа емес құқықтық жүйедегі бар шын мәніндегі құқықтағы негізгі ақпараттық көрініс болып табылады.   [15;56 бет] Бұл бағытта, қағидалар жалғыз ғана құқық жүйесінің ақпараттық компонеттер жүйесі болып қалды, оған қатысты еш қандай екіжақты онтологиялық ұқсастық құқықтық шындықта іздеушілік әрекеттері жоқ.
Кейбір құқықтық қағидалар идеяларының объективтік ұқсастықтарын іздеу бағытында қараймыз. Мысалы, заңдылық қағида шын тәртіп пен құқық нормаларының арасындағы маңызды байланыстарды көрсетеді, дәлірек (фактідегі) тәртіп пен құқық талаптарының арасындағы сәйкес келу қатынасын ақпараттық басқаружүйесі ретінде көрсетеді. Не, мысалы, азаматтық процессуалдық құқықтағы бекітілген процессуалдық құқықтардың қағидаларының жақтары,азаматтық құқықтағы субъектілердің қатынастарының маңызды ерекшеліктерін көрсету, өз кезінде екіжақтық теңдігімен, азаматтық айналумен қамтамасыз етілген. Ал қағидалар- идеялар (қылмыстық-процессуалдық құқық) азаматтық және қылмыстық процестердің материалды- құқықтық ортаның байланысының ерекшеліктерін сипаттайды. Объективтік шыңдықтың процессуалдық қағида процестің байланысына,оның объектісі мен мақсатына негізделеді.
Қағидалар мен құқықтың құрамдық қағидалары және идеялы қағидаларымен арасындағысақталған байланыстар күмәнсіз.[16;84 бет]Кейінгілердің қағидалы- байланыстарымен, құқықтық құралдармен және сала пәндеріндегі байланыстармен қамтамасыз етілуі, не байланысты заңдар жүйесін жетілдірудің объективті негізін құрайын жалғастықты құрады.
Бұлай келу, номативті шығармашылық процесі кезінде заң шығарушыны заңдарда бекітілген қағидалы идеяларға жүгінуі жүгінуге мәжбүр ету, ең алдымен,құқық жүйесіндегі шын мәніндегі бар принципті байланысты есепке алуды талап етеді. Жоғарыда көрсетілгендей,қағидалы идеялар екі негізгі құқықтық байланыстарға негізделген: құқықтық реттеу тетігіндежәне сала пәнінде. Соған сай, қағидалы идеялар жиынтығы туралы ойлағанда алдын ала ол кезді зерттеу керек. Айтылған құқықтық қатынастар түрлері салыстырмалы бостандықта .Басқа жағынан, егер әйтеуір бір құқық саласының мазмұның зерттегендегі нәтиже мен әртүрлі тұтастық қағида идеялардың жиынтығы ретінде сипатталса, онда бұл күмәнсіз түрде кешенді құқық саласы.
Құқықтың қағидалары – бұл құқықтың ерекше әлеуметтік реттеуші ретіндегі мәнін көрсететін негізгі бастамалар, ережелер, идеялар.[17;17 бет] Олар құқықтың заңдылығын, табиғатын және әлеуметтік мәнін көрсетеді және заңдардың өзінде тікелей көрініс тапқан немесе олардың мәнінен туындайтын жүріс- тұрыс ережелері болып табылады. Таралу саласына қарай жалпы құқықтық, салааралық және салалық қағидаларды бөліп қарастырады.
Жалпы құқықтық қағидалар барлық құқық салалаында күшке ие болып келеді.  Оларға мына қағидалар жатады:

-әділеттілік
-азаматтардың заң мен сот алдындағы заңды теңдігі;

-ізгілік(гуманизм)

-демократиялық;
-құқықтар мен міндеттердің біртұтастығы;

— сендіру мен мәжбүрлеуді үйлестіру.

Салааралық қағидалар бірнеше құқық саласының ерекше мәнді белгілерін сипаттайды. Олардың арасынан жарыспалылық және сот өндірісінін жариялылығы және т.б.қағидаларды бөліп атауға болады.
Салалық қағидалар тек бір саланың шеңберінде ғана әрекет етеді. Құқық қағидалары қоғамдық қатынастарды ретеуге қатысады, себебі, олар құқықтық әсер етудің жалпы бағыттарын анықтап қана қоймай, нақты бір іс бойынша шешмнің негіздемесіне де енуі мүмкін.[18;55 бет]

Осылар мен қатар, мемлекет норманы белгілеу үдерісін жаңа сапалы деңгейге көтеретін шаралар қабылданды. Олардың қата­рын­да заң жобалары іс-әрекетін перспективалық жоспарлау, құ­қықтық нормативтік актілердің жобаларына ғылыми сарап жасау, қабылданатын заңдарды то­лы­ғымен қаржылық тұрғыда қам­тамасыз ету, т.б. бар.

Қорыта айтқанда, мемлекет­тің құқықтық саясаты қоғамы­мыз­дың заңнамалық-саяси жүйе­сін одан әрі демократия­лан­дыру­ға бағытталған заңнамалық шаралар болып отыр.

Сонымен бірге, әлемдік эко­но­мика мен саясаттағы іргелі өз­герістер, сондай-ақ ел дамуының ішкі динамикасы заңгерлер ал­ды­на жаңа міндеттер қоюда. Ұлт­тық құқықтарды уақыттың жаңа талаптарына сәйкес келтіру үшін мемлекеттің норма жасау және құқық қолдану әрекеттерін одан әрі жетілдіру қажет болды.

Осыған байланысты Мемлекет басшысының Жарлығымен 2009 жылдың 24 тамызында Қа­зақстан Республикасының құ­қық­тық саясатының тұжы­рым­дамасы (әрі қарай Тұ­жы­рым­дама) атты үшінші бағдар­ла­ма­лық құжат қабылданды. Ол ал­да­ғы он жылға (2010-2020 жылдар аралығы) арналған. Онда жи­нақ­талған тәжірибелер мен ғылыми негіздер арқылы жақын және алыс перспективаларға, бүгінгі күнгі даму үрдісіне сүйеніп жа­сал­ған Қазақстанның мемлекеттік және қоғамдық біртұтас құ­қық­тық саясаты айқындалған.

Тегінде, құқық функциясы – бұл құқықтың әлеуметтік міндетін іске асыру. Ал құқықтың әлеуметтік міндеті мен құқықтық ықпал дегеніміз не?

Құқықтың әлеуметтік міндеті қоғамдық даму қажеттіліктерінен туады және солардан құралады. Қоғамның әлеуметтік мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында белгілі бір қатынастарды бекітуге, реттеуге және қорғауға бағытталған заңдар жарыққа шығады. Сонымен бірге құқықтың қандай да бір міндеті белгілі бір қоғамдық қатынастардың дамуын  бекіту, қорғау немесе бағдарлау, яғни оның әлеуметтік рөлінің мұқтаждығы (қажеттілігі) өткір болған сайын, соншалықты ол айқын кызмет етеді.[19;98 бет]

Қоғамдық қатынастардың тәртіптілігі, олардың жүйелілігі және динамизмі қоғамның дамуы мен қызмет етуінің қажетті шарттары болып табылады.[20;22 бет] Сондықтан құқықтың әлеуметтік міндеті қоғамдық қатынастарды тәртіпке келтіру, реттеу, оларға тиісті орнықтылық беру және азаматтардың құқықтарын іске асыру мен жалпы азаматтық қоғамның қалыпты тіршілік етуіне қажетті жағдайлар жасаудан тұрады.

.

Тағы рефераттар