Жоспар
КІРІСПЕ 7

1 БАНКТІК НЕСИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 9
1.1 Банктердің экономикалық маңызы, олардың функциялары және операциялары 9
1.2.Банктік несиелеу принциптері және банктік ссудалардың сыныптамасы 18

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАНКТІК НЕСИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ МЕХАНИЗМІ 27
2.1 Қазақстан Республикасында банктік несиелеу жүйесінің қазіргі жағдайы және эволюциясы 27
2.2 Коммерциялық банктегі несиелік саясат және несиелік процесс («Банк ЦентрКредит» АҚ мысалында) 38
2.3 «Банк ЦентрКредит» АҚ несиелік қызметі бойынша талдауы 53

3 БАНКТІК НЕСИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 61

ҚОРЫТЫНДЫ 71

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 75

КІРІСПЕ

Қазіргі заманғы қоғамда банктер әр түрлі операцияларды іске асырады. Олар тек ақша айналымын және несиелік қатынастарды жүзеге асырып қана қоймайды, сонымен қатар банктер арқылы ұлттық шаруашылықты қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сату-сатып алу, кей жағдайларда делдалдық келісімдер мен мүлікті басқаруды жүзеге асырады. Несиелік мекемелер кеңесші ретінде көрінеді, халықшаруашылық мәселелерді талқылауға қатысады, статистиканы жүргізеді және олардың өздерінің қоластындағы кәсіпорындары болады.

Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру мақсатында қазіргі таңда коммерциялық банктердің қызметтерінің деңгейін жоғарлату, сапалы банк қызметін көрсету міндеті тұр.

Банктің маңыздылығын оның арнайы алынған субъектіге қатысты емес, макродеңгейдегі экономикаға қатысы арқылы түсінуге болады.
Банктің экономикалық маңызын талдай отырып, қайсыбір банк қандай да бір операцияны қандай да бір көлемде орындайма екенін абстрактау қажет.

Банктік несие – заңды тұлғаларға ақшалық ссуда ретінде банктермен, несиелік-қаржылық мекемелермен берілетін несие. Банктік несие коммерциялық несиенің шекарасынан асады. Бос ақша капиталы кез келген өндіріс кешенінде бөлінеді және банктік несие арқылы кез келген бағытта жүре алады.

Берілген дипломдық жұмыстың мақсаты банктік несиелеу жүйесінің мәнін ашу және оның жетілдіру жолдарын қарастыру. Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттерді атап көрсетуге болады:
—    банктердің экономикалық маңызы, олардың функциялары мен операцияларын қарастыру;
—    банктік несиелеу принциптері және банктік ссудалардың сыныптамасын қарастыру;
—    Қазақстан Республикасында банктік несиелеу жүйесінің қазіргі жағдайы және эволюциясы;
—    коммерциялық банктегі несиелік саясат және несиелік процессті жүргізу жолдары;
—    «Банк ЦентрКредит» АҚ несиелік қызметі бойынша талдауы.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Дипломдық жұмысты жазудың әдістемелік негізін банктік теория бойынша отандық және шетел авторларының еңбектері, банктік және банктік несие басылымдарының баптары және заңдары, «Банк ЦентрКредит» АҚ несиелік есебі құрды.

 Дипломдық жұмыс / 75 бет
Тағы рефераттар