Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар 1998 жылдан бастап мемлекеттін қаржылық ресурстарын орталықтандыру саясатын жүргізуге байланысты максатқа сәйкес емес деп танылды: қорлардың қаражаттары Республикалық бюджетке шоғырландырылды. Алайда әлемдік практика қоғам тарапынан қаражаттардың жұмсалуына бақылауды қамтамасыз еткенде мемлекеттің қаржылық ресурстарын оперативті басқару мақсатымен оларды дербес қалыптастыруды орталықсыздандырудың және пайдаланудың тиімділігін растайды. Сондықтан болып жатқан әлеуметтік-экономикалық үдерістерге:

—         зейнетақы жүйесін реформалауға (Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, 1998 жыл);

—          Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын орындауға (Қазақстандық инвестициялық қор, Ұлттық инновациялық қор, 2003 жыл);

—         мұнайлық табыстарды қордалау қажеттігіне (Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, 2001 жыл);

—         әлеуметтік сактандыру жүйесін ендіруге (Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қоры, 2005 жыл), шағын бизнесті дамытуға (Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры, 1997 жыл) байланысты бюджеттен тыс қорлар қайтадан бірте-бірте калпына келе бастады

Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің құрылуы.

1997 жылдың 20 маусымында «Қазақстан Республикасынды зейнетақымен қамту» Заңы жарық көрді.Ол өз күшіне 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап енді. Заң екі бөліктен тұрды:

1) Жинақтаушы;

2) Ұрпақтардың бірігіп төлеуі (солидарлы).

Социалистік елдер аясында бірінші рет міндетті зейнетақы жүйесін мемлекет тарапынан қатаң қадағалау жүргізілі бастады. Бұл өз алдына зейнетақы қорларын,зейнетақы ативтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың (ЗАИБЖҰ) жұмысын бақылауға мүмкіндік берді. 1998 жылда Қазақстанда 8 ЗАИБЖҰ  және 1 мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, 12 мемлекеттік емес қорлар, 5 кастодиан- банктер пайда болды. Бір жылдың ішінде бүкіл зейнетақы жүйесінің инфрақұрылымы құрылды. 1999 жылдың аяғында зейнетақы активтерінің көлемі -23,5 млрд. теңгені құрады. 1999 жылы қаржы құралдарының тізімі ұлғайды.   Соның арқасында ЗАИБЖҰ-лар зейнетақы активтері арқылы шетелдік корпоративтік бағалы қағаздарды сатып алуға мүмкіндік алды. 1999 жылдың аяғында зейнетақы активтерінің көлемі — 64,5млрд. теңгені   құрады. Жиннақтаушы зейнетақы қорларының орта жылдық табысы 41,38%-ды құрады. Бұл жоғарғы көрсеткіш бағамдық айырмашылық негізінде  қол жеткізілді. Біз білетініміздей 2000 жыл «корпоративті бағалы қағаздар» жылы болды.Зейнетақы активтерін бұл салаға инвестициялау жүйенің табысты жұмыс жасауына әкелді. Бұл өзгерістермен қатар 2000 жылы зейнетақы жұйесінің нормативтік –құқықтық базасы жақсарды. 2000-2002 жылдардың арасында ЗАИБЖҰ-ның жалпы саны өзгермеді. Бұл олардың нарықтағы қажетсіздігімен, сонымен қатар мемлекет тарпынан қойылған қатаң талаптармен түсіндіріледі. 2001 жылдың 1 шілдесінен бастап ЗАИБЖҰ-ның жарғылық капиталының көлемі 150 млн.  теңгені құрайтын болды. 2003 жылы «Қазақстан Республикасында зейнетақамен қамту» туралы заңға бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер негізінде зейнетақы қорлары зейнетақа активтерін өздері басқаруға мүмкіншілік алды, бұл өз алдына шығындарды азйтуға мүмкіндік берді. Қазақстандық зейнетақы жүйесінің құрылуы және дамуы барысында халықтың оған деген  сенімі күшейе түсті және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшыларының саны көбейе бастады.  Осының негізінде зейнетақы жарналарының көлемі (міндетті зейнетақы бойынша) 2005 жылдың 1 тамызында 7239818 млрд. теңгені құрады.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары:

—    Ашық

—    корпоративтік болуы мүмкін.

1       . Ашық жинақтаушы  зейнетақы қорлары алушының жұмыс істейтін  және тұратын  жеріне қарамастан  салымшылардан  зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге асырады.

2       Корпоративтік  ЖЗҚ-ы сол ЖЗҚ-ның құрылтайшылары  және акционерлері  болып табылатын  бір немесе  бірнеше ашық  тұлғалардың алушы –қызметкерлері үшін құрылады.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары акционерлік қоғам  нысанында құрылады. ЖЗҚ-ы уәкілетті органмен белгілеген келісім бойынша , ол белгілеген  тәртіппен филиалдар мен өкілдіктер  ашуға құқылы.
ЖЗҚ-ның құрылтайшылары болып, ҚР-ның резиденттері –заңды  және жеке тұлғалар, сондай-ақ ҚР-ның Үкіметі ашық ЖЗҚ-ның құрылтайшылары мен акционерлері бола алады.

ЖЗҚ–н мемлекеттік тіркеуді, сондай ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен тлықтырулар енгізуді уәклетті органның рұқсаты  болған жағдайда ҚР-ның заңдарына сәйкес әділет органдары  жүзеге асырады.
Рұқсат берудің шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік — құқықтық актілерімен белгіленеді.

ЖЗҚ-ның атауында «Жинақтаушы зейнетақы қоры» деген  сөздер болуы тиіс. ЖЗҚ-ның  өз атауында «ұлттық», «орталық», «үкіметтік», «сақтық», «сақтандырушы» деген сөздер қандай тілде болса да толық және қысқартылған түрінде пайдалануға тиым салынады. Жағылық капиталдың жүз проценті  ҚР-ның Үкіметіне тиесілі болған жағдайда  ғана жинақтаушы зейнетақы қорының атауында «мемлекеттік» деген сөз қолданыла алады.
Зейнетақы жарналарын тарту  және зейнетақы төлемдерін  жүзеге асыру жөніндегі  қызметті лицезиялауды ҚР-ынң заңдарында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган  лицензиялайды.

ЖЗҚ-ның жарғылық капиталынның ең төменгі мөлшерін , оны қалыптастырудың тәртібі  мен құрамын уәкілетті орган белгілейді.
ЖЗҚ-ның жрғылық капиталы ақшамен төленеді. Құрылтайшылар өз капиталы шегінде  жарғылық капиталға ақша салады, ЖЗҚ-ның акцияларын төлейді.

ЖЗҚ-ның комиссиялық сыйақалары:

  1. Инвестициялық табыстың 15 процентінен;
  2. Айына зейнетақы  активтерінің 0,05 процентінен аспайтын шекте белгіленеді.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін уәкілетті органның лицензиясы болған жағдайда аудиторлық ұйым жүргізеді. жыл қорытындысы бойынша аудиторлық есеп жинақтаушы зейнетақы қорының жылдық қаржылық есептілігігнің ажырамасбөлігі болып табылады. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайы  туралы ауиторлық ұйымның аудиторлық есебі коммерциялық құпия болып табылмайды. Жинақтаушы зейнетақы қорының аудитін жүзеге асыруға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

.

Тағы рефераттар