Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының жағдайы және оның қаржыландыру жүйесі туралы қазақша реферат

Қазақстан Республикасы халқы денсаулығының жай-күйі, санитарлық-эпидемиологиялық ахуал және денсаулық сақтау жүйесiнiң дамуы соңғы он жылдықта оң үрдiстермен де, сол сияқты терiс үрдiстермен де сипатталды.

Соңғы жылдары негiзгi медициналық көрсеткiштер — туу, өлiм-жiтiм, өмiр сүрудің орташа ұзақтығы тұрақтандыруға қол жеткiздi. Жұқпалы аурулармен ауыру төмендедi. Денсаулық сақтау саласында бiрқатар реформалар жүргiзiлді, олардың бір бөлiгi табысты iске асырылды, басқалары өзiнiң қисынды жалғасына жетпеді. Соңғыларына мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесiн құруды, отбасылық медицина моделiне көшуге әрекеттенудi жатқызуға болады. Солардың арасынан саланың нормативтiк құқықтық базасын құруды, денсаулық сақтауды қаржыландырудың елеулi ұлғаюын оң өзгерiстер ретiнде атап өткен жөн, бұл бірқатар қазiргi заманғы клиникалардың құрылысын жүзеге асыруға, медициналық ұйымдарға күрделi жөндеулер жүргiзуге және олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын жақсартуға, емдеу-диагностикалық процесіне жаңа медициналық технологиялар енгiзуге мүмкiндiк туғызды. Медициналық көмек көрсетудің сапасын жақсарту және оның қолжетімділігін арттыру нәтижесiнде бiрқатар жұқпалы және басқа да ауруларға қатысты халық денсаулығының жай-күйінде оң үрдiстерге қол жеткізілді. Алайда республика халқының денсаулық жағдайы өлшемiнiң көптеген бөлігі қанағаттанғысыз болып отыр.

Қазақстанда медициналық мекемелердің  80 % мемлекеттiк меншiкте болса, ал 20%  жеке меншікте, демек, медициналық сұрақтарда мемлекет басты роль ойнайды. 17 миллион халқымен Қазақстанның нарық медициналық сыйымдылығы 500 миллион АҚШ долларының сомасына бағаланады.

 

Кесте 1.

Ауруханалық ұйымдар саны

жыл соңына; бірлік

 

 

2009

2010

2011

Қазақстан Республикасы

1020

998

1009

Ақмола

51

50

44

Ақтөбе

57

54

52

Алматы

88

90

88

Атырау

40

40

41

Шығыс Қазақстан

102

103

97

Жамбыл

62

60

58

Батыс Қазақстан

45

44

42

Қарағанды

100

102

97

Қостанай

57

57

59

Қызылорда

68

61

53

Маңғыстау

30

27

33

Павлодар

60

60

60

Солтүстік Қазақстан

36

29

32

Оңтүстік Қазақстан

135

133

153

Астана қаласы

26

26

31

Алматы қаласы

63

62

69

Қайнар көзі: Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігі // www.stat.kz

Қазақстан Республикасының медициналық мекемелерінде 2011 жылы барлық мамандықтардағы 62 239 дәрігер мен 159 870 орта медициналық қызметкерлер жұмыс істеді. Дәрігерлердің жалпы санының 70%-дан астам бөлігін, орта медициналық қызметкерлер арасында – 85%-ын әйелдер құрайды.

Кесте 2

Барлық мамандықтағы дәрігерлер саны

                                                                       жыл соңына; адам

 

           2009

          2010

           2011

Қазақстан Республикасы

60656

63855

62239

Ақмола

2177

2165

2227

Ақтөбе

3425

3586

3091

Алматы

3577

3898

4146

Атырау

1541

1622

1707

Шығыс Қазақстан

5739

5814

5045

Жамбыл

2682

2770

3209

Батыс Қазақстан

1931

1892

2113

Қарағанды

6304

6404

5354

Қостанай

2245

2347

2366

Қызылорда

2169

2208

2366

Маңғыстау

1637

1687

1704

Павлодар

2903

2997

3068

Солтүстік Қазақстан

1650

1672

1693

Оңтүстік Қазақстан

7155

8039

8492

Астана қаласы

5109

5488

5417

Алматы қаласы

10412

11266

10241

Қайнар көзі: Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігі // www.stat.kz

Кесте 3

Орта медициналық қызметкерлер саны

жыл соңына; адам

2009

2010

2011

Қазақстан Республикасы

138610

143822

159870

Ақмола

6778

6689

7216

Ақтөбе

5960

6269

7241

Алматы

9730

10423

13241

Атырау

4019

4141

4895

Шығыс Қазақстан

13642

13596

13814

Жамбыл

8804

9084

10952

Батыс Қазақстан

6115

6097

7125

Қарағанды

13021

13454

13784

Қостанай

7480

7555

8246

Қызылорда

7526

8197

8629

Маңғыстау

4054

4278

4757

Павлодар

6769

6964

7980

Солтүстік Қазақстан

6367

6250

6648

Оңтүстік Қазақстан

19064

20561

23495

Астана қаласы

6180

6653

8024

Алматы қаласы

13101

13611

13823

Қайнар көзі: Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігі // www.stat.kz

Қазақстанда соңғы жылдары белгілi бiр медициналық-демографиялық өзгерiстер болды. Республикада халықтың саны 2011 жылы 2001 жылмен салыстырғанда 49,6 мың адамға өстi. 2011 жылы бала туу көрсеткiшi халықтың 1000 адамына шаққанда 17,2-ні құрады және 2001 жылмен салыстырғанда 1,2 есе өстi. Республикада бала туудың өсу үрдiсi 2001 жылдан бастап байқалып отыр.

Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет ретінде қалыптасу процесінде әлеуметтік–экономикалық реформалардың қиын жолдары арқылы өзінің әлеуметтік саясатын жүргізіп келеді. Экономикадағы болып жатқан көптеген процестердің арасындағы өзара байланыс әлеуметтік саланың тармақтарының дамуының қарқындылығының жалпы экономикалық өсуді, экономиканың әртүрлі салаларының арасындағы тепе-теңдікті, халықтың өмір сүру деңгейінің сапалық көрсеткіштерін, халықтың денсаулық, білім деңгейінің көрсеткіштерін алдын-ала анықтайтынын дәлелдейді. Бүгінгі таңда халықтың денсаулық көрсеткіштері (орташа өмір сүру ұзақтығы, ана және бала өлімі, ауыру деңгейі және т.б.) әртүрлі мемлекеттер арасында салыстырылатын және әр елдің өркениеттілігінің деңгейін көрсететін факторлардың бірі болып саналады. Сондықтан денсаулық сақтау саласының проблемалары мемлекеттің әлеуметтік-саяси деңгейіндегі өзекті мәселелері деп қабылданып, күнделікті көңіл бөлінетін шараларға айналуы тиіс. Еліміздің дамуының геосаяси болашағы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері, экономикалық өсу және қазақстандықтардың өмір сүру деңгейінің өсуі қоғамдағы адамдардың табиғи және рухани даму деңгейіне, олардың кәсіби белсенділігіне, өмір сүру ұзақтығына тікелей тәуелді болады.  Мемлекеттің әлеуметтік саясатының басымдықтары ретінде ұлттың интеллектуалды және еңбек әлеуетінің сақталуы, адамдардың психофизикалық денсаулығының жақсаруы, олардың өмір сүруінің сапасының артуы сияқты көрсеткіштер есептелуі қажет.

Мемлекеттік бюджеттің ролі  оның мемлекеттік органдар мен әлеуметтік саланы қаржылай қамтамасыз ететін қаржылық база ретінде қаралуында. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің экономикалық және қаржылық саясатын жүзеге асыратын маңызды құрал бола отырып, ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарын шешу және жалпы ұлттық көлемдегі резервтерді құру үшін қажетті ақша қаражаттарын орталықтандыруды қамтамасыз етеді. Сонымен, мемлекеттік бюджетте шоғырланған ақша қаражаттары мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүзеге асыруға, оның қауіпсіздігі мен қорғанысын қамтамасыз етуге бағытталады. Бюджеттің көмегімен халық шаруашылығы және әлеуметтік-экономикалық сипаттағы жалпымемлекеттік және жергілікті бағдарламалар жүзеге асырылады.

Мемлекеттік бюджеттің қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ролі төмендегімен сипатталады:

1. Мемлекеттік бюджет экономиканың дамуына әсер ететін құрал болып табылады. Мемлекеттік бюджеттің көмегімен мемлекет ұлттық табысты қайта бөліп, қоғамдық өндірістің құрылымын өзгертеді, әлеуметтік саладағы өзгерістерге әсер етеді. Бүгінгі күні ұлттық табысты қайта бөлудің қаржылық нысандары мен әдістерінің өзгеруі мемлекеттің орталықтандырылған (республикалық бюджет) және орталықтандырылмаған ақшалай қорларының қатынасында орталықтандырылмаған қорлардың маңызын арттыра түседі.

2. Экономиканың дамуының қазіргі кезеңінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын жүргізетін негізгі құралдардың бірі болып табылады. Бюджеттің кірістері мен шығыстарын жоспарлай отырып, мемлекет экономикалық және әлеуметтік саясатты жүзеге асыратын, экономикалық дағдарыстан шығуға жұмсалатын ақша қаражаттарын өз қолында шоғырландырады. Мемлекеттік бюджет әлеуметтік мәселелерді шешуде маңызды роль атқарады. Ол әлеуметтік саланың (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй, мәдениет және т.б.) мекемелерін бюджеттік қаржыландыруды жетілдірумен байланысты болады. Болашақта мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік процестердегі ролі күшейе береді. Бұл бюджеттік қаражаттардың бюджеттен тыс қорлармен біріге отырып әлеуметтік дамуды жүзеге асыратын, халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің неғұрлым жоғары деңгейіне көшуді қамтамасыз ететін қаржылық базаға айналуымен байланысты болады. Сонымен бірге, мемлекеттік бюджет халықтың әлеуметтік топтарын материалдық жағдайы бойынша теңестіру мәселесінде айтарлықтай орын алады.

3. Мемлекеттік бюджет бюджеттік қаржыландыру арқылы елдің аймақтарындағы экономикалық дамуды теңестіруді жүзеге асырады. Бюджеттік қаржыландыру қайтарымды және қайтарымсыз түрде жүзеге асырылады. Қайтарымды түрдегі бюджеттік қаражаттар күрделі салым жасауға несие түрінде беріледі. Бұл қаражаттар мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді (дүкендер, қоғамдық тамақтану кәсіпорындары, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері, мектептер, ауруханалар, тұрғын үйлер, театрлар т.б.) салуда маңызды роль атқарады.

4. Бюджеттің негізгі ролі, ол жыл сайын кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақша қаражаттарын орталықтандырылған мемлекеттік қорда жинақтап, экономиканың салаларын, әлеуметтік-мәдени шараларды, елдің қорғаныс қабілеттілігін нығайтуды, мемлекеттік басқару органдарын қаржыландыруды және мемлекеттік резерв құруды жүзеге асырады. Мемлекеттік бюджеттің ролі – ол қоғамның өндіргіш күштерін дамытуға, ғылыми-техникалық прогресті жылдамдатуға әсер ететін маңызды экономикалық білік болып табылады.

5. Мемлекеттік бюджет – бұл еліміздің бюджет жүйесінің жетекші буыны. Жалпымемлекеттік шараларды қаржыландыру үшін мемлекеттік бюджетте ұлттық табыстың елеулі бөлігі шоғырланады. Бюджетте шоғырланған қаржы ресурстары мемлекеттік бағдарламаларды басыңқылық дәрежесіне қарай қаржыландыруға жұмсалады [2,12б.].

Мемлекеттің денсаулық сақтау саласын қаржыландырудағы араласу деңгейі, елдегі заңдық базаның іс-әрекеті, елдегі саланы ұйымдастыру және басқару әдістерін жетілдіру, медициналық қызмет көрсетулерге ақы төлеу тәртібі әлемнің әр түрлі елдерінде маңызды ерекшеленеді. Дамыған нарықты экономикалық үлгідегі елдерде денсаулық сақтауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың үш негізгі үлгісі қалыптасқан .

1.Либеральды-нарықтық (АҚШ)

2. Әлеуметтік — сақтандыру (ГФР, Франция, Австрия, Швейцария, Бельгия, Голландия, Швеция, Жапония, Канада)

3. Бюджеттік (Ұлыбритания, Ирландия, Италия, Испания, Португалия, Греция, Дания)

Әлемдік экономикадағы және қаржы жүйесіндегі дағдарыс процестері халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне әкелуі сөзсіз. Бұл жағдайда мемлекеттік бюджеттің ролі оның әлеуметтік бағыттылығымен түсіндіріледі, яғни мемлекеттік бюджет әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға жұмсалуы керек. Әлеуметтік мәселелерді қараған кезде мемлекеттің тапсырмасы бірінші кезекте халықтың объективті түрде мемлекетке тәуелді топтарына (зейнеткерлер, балалар, студенттер, мүгедектер т.б) әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталуы керек. Сөйтіп, мемлекеттік бюджеттің бүгінгі күнгі әлеуметтік-экономикалық ролі Қазақстанның дамуының қазіргі кезеңінің басты мәселесі – әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономиканың элементтерін дамытумен және әлемдік қаржы дағдарысының салдарын жеңілдетумен байланысты болуы керек.

Денсаулық сақтау саласының қаржы жүйесін мемлекеттік деңгейде басқару төмендегілерді қамтиды:

— экономикалық саясаттың тұжырымдары мен қағидаттарын және қаржы жүйесін реттеудің әдістерін қалыптастыру;

— қаржылық саясатты және оны реттеудің шараларын заңдық және нормативті-құқықтық қамтамасыз ету.

Денсаулық сақтау саласының қаржылық саясатының нормативтік-құқықтық базасын Қазақстан Республикасының Ата Заңы, Азаматтық кодексі, Бюджеттік кодексі, Салық кодексі, Денсаулық сақтау Кодексі, «ҚР азаматтарының денсаулығын қорғау туралы» Заңы және басқа да денсаулық сақтау саласына қатысты жарғылар, үкімдер, ережелер мен қаулылар, нормалар мен нормативтер құрайды [3,65-68б.].

Денсаулық сақтау саласында пайда болатын қаржылық қатынастар бір жағынан денсаулық сақтау саласын ұстауға және дамытуға бағытталатын қаржы ресурстарын құру, бөлу, қайта бөлу және пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың бір бөлігі ретінде қаралса, екінші жағынан саладағы қаржы ағындарын басқаратын экономикалық әдістерді жүзеге асыру мақсатында пайда болатын ақшалай қатынастардың жиынтығы ретінде қаралады

Сонымен, денсаулық сақтау саласындағы ауруларды қаржыландырудың бюджеттік тапшылығы жағдайында санитарлық іс-шараларды жеткілікті және толық қаржыландыру, қаржыландырудың баламалы мүмкіндіктерін іздестіру — өзекті мәселе. Мемлекет кепіл берген медициналық көмектер деңгейін өзгерткенде, медициналық көмекті тұтыну көлеміне, аймақтардың өзіндік ерекшеліктеріне, территориялардағы халық санына ерекше назар аудару қажет.

Әдебиеттер

1.  Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігі. // www.stat.kz

2.    Доскеева Г.Ж Қазақстанның бәсекеге қабілеттілік жағдайындағы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру: теория, әдістеме және практика: экон. ғылымдарының канд. дис. – Алматы, 2010. — 12 б.

3. Исахова П.Б. Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету: экон. ғылымдарының докт.дис. – Алматы, 2008. — 65-68 б.

.

Тағы рефераттар