Қазақстан Республикпсындағы ауыл шауашылығының даму деңгейін талдау туралы қазақша реферат

Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің элемге белгілі «Қазақстан егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» атты еңбегінде «Барлық стратегиялық басымдылықтардың көш басында агроөнеркәсіп кешенін дамыту , оны дәйекті де батыл реформалау, сандай-ақ тұтыну рыногын өнеркәсіп тауарларымен толтыру шаралыры жүретін болады» — деп атап көрсеткен болатын .

ҚР- да агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларын, оның ішінде ауыл шаруашылығын әлеуметтік – экономиаалық дамытуға мүмкіндік мол. Егер де осы потенциалдық мүмкіндікті рынок жағдайында әрбір жекеленген аймақтардың табиғи-экономикалық өзгешеліктерін еске ала отырып  ауыл шаруашылығының әлеуметтік салаларын дамыта білсек, еліміздің экономикасын бұдан да биік деңгейге көтеруге мүмкіндік жасар едік.

Аймақтағы  агроөркәсіп  кешенінің  даму  стратегйясы, оның  негізгі

мазмұны  нақтылы  әлеуметтік-эканомикалық жағдайлар мен анықталады. Оның негізгі мәніне, біріншіден, аймақтық ішкі даму факторлары: табиғи ресурстары, эканомикасының нақтылы жағдайы мен оның құрлымы, маманданудың , шығын және орта бизнестің даму деңгейі, аймақтық рыноктың қалыптасқандығы және т.б жатады.

Екіншіден, аймақтағы сыртқы орта факторлары: мемлекеттің экономикалық және аймақтық саясаты, оның әлемдік ортадағы орны, сыртқа шығару – сырттан әкелу мүмкіндіктері, әлемдік рынок конъюктурасы негіз болады. Оған себеп:ауыл жүйесінде шаруашылықтың әлеуметтік –экономикалық даму стратегиялық жүйесінде аймақтың ішкі ресурстарын тиімді пайдалану мен қатар аймақ шеңберіндегі сегменттік рынокты, шағын бизнесті, өндірістік және әлеуметтік инфроқұрылымдарды жетілдіру үлкен орын алады.

Қазақстанның  көптеген  аймақтарында ауыл шаруашылығының әлеуметтік –экономикалық даму рынок экономикасына сай жүргізілмей отыр. Оған себеп біздің мемлекет, эканомикасы қалыптасқан басқа елдер сияқты ықшамды територияда  орналасқан аймақтардың ішкі резервін тиімді пайдалана отырып, Әлеуметтік салаларды дамытудың орнына, көптеген әлеуметтік- эканомикалық шараларды бүкіл республика шеңберінде жүргізуді мақсат еткендіктен, қаражаттың және басқа ресурстардың жетіспегендігінен олар өздерінің тиімділігін мезгілінде бере алмай отыр.

2003-2004 жылдары Қазақстан өнеркәсіп кешенінің дамуы үшін негіз бола алатын екі құжат қабылданды: Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылға арналған Мемлекеттік аграрлық азық –түлік бағдарламасы және 2010 жылға дейін селолық аймақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Олар агробизнестің оңтайлы құрлымы қалыптасуымен, агротехнология деңгейінің өсуімен, ауыл шаруашылық өндірісінің Маркетинг стратегияға көшуімен, ішкі рынокте импорт алмастырумен, алыс және жақын шетелдерге экспорттың артуымен, селоның әлеуметтік дамуының шапшаңдығымен байланысты аграрлық саладағы дамудың жаңа сапасына көшу қаралған. Ал бұған ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекеге түсуіндегі /конкуренция/ қаблеттілігін артуы және өндірісті диверсификациялау жолымен ғана қол жетуі мүмкін  еді. Осыған байланысты эканомиканың аграрлық секторында қанда проблемалар туындайтынына тоқталамыз.

Нарықтық саясат кезінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы елеулі өзгерістерді бастан кешті. Саланың жалпы өнімі 2003 жылы 1990 жылмен салыстырғанда екі еседен астам төмендеді. Жан басына шаққанда 1990 жылғы деңгейге қарағанда астық өндіру -63 пайыз,  ет-49, сүт -82, жұмыртқа-57 паыз болды. Осы мезгілде картоп өндіру жан басына шаққанда -10 пайыз өсті, көкөніс пен бақша дақылдары -94   пайызға өсті. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттік алынған дерек бойынша саланың жалпы өнімі жылдар ішінде төмендегідей құбылды.

Мал шаруашылығы өнімдерінің өсу қарқыны төмен болғанымен, бірақ, олардың өскені, ал өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өсу қарқыны жыл сайын елеулі өзгеріп отыратынын, өйткені, ол табиғи-климаттық жағдайлардың қандай болуына бағынышты екенін жоғарыдағы суреттен байқауға болады.

Осы саланың дамуына кедергі келтіретін факторлар деп, өндірушілер тәмендегілерді санайды:

—    қаржының жетіспеуі — 55%;

—    материалдық техникалық базаның тозуы- 44%;

—    айналымда қаржының тапшы болуы- 30%;

—    несие пайызының жоғары болуы -21%;

—    жоғары салық-21%;

—    тұтынушының төлеуге жарамсыздығы -11%.

Жалпы алғанда ауыл шаруашылығының дамуы осы уақытқа дейін бидай өндірісіне тікелей тәуелді болып отыр.

Сонымен ауыл шаруашылығының I жарты жылдық бойынша қаржылық жағдайы кемімелі түрде болды. Оған әсер етушілер:

—    мезгілдік фактор;

—    өндірістің жоғары ;

—    дебиторлық және кредиторлық қарыздар;

Шаруа қожалықтарының қарыздарының жоғары болуы олардың мемлекеттік несиені уақтылы төлеуіне кедергілер келтіріп отыр, нәтижесінде келесі жылдарда мемлекет тарапынан көмек алуларына кедергілер туындайды. Осыған байланысты ауыл шаруашылығының облыстық басқармалар егін аз болған жылдарда және баға конъюнктурасы қолайсыз болған жылдарда мемлекеттік несиелерді қарыз пролонгациясын жасауды ұсынып отыр. Бірақ, біздің көзқарасымыз бойынша бұл ұсынылған жобалар барлық мәселелерді толығымен шеше алады дей алмаймыз. Ол үшін төмендегідей арнайы шаралар қолдану керек:

—    өнімнің сапасын көтеру;

—    өндіріске қызмет көрсету құрылымын құру;

—    жаңа технологияларға оқыту және ауыл  үшін арнайы кадрлар даярлау;

Осы жылдарда ең бағалы деп саналатын мал шаруашылығы өнімдерінің үлес салмағы қысқарып кетті.

Саладағы мұндай өзгерістерге: Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы өндірістік шаруашылық, ара қатынасының тұрақсыздығы, селоға мемлекеттік қолдаудың тоқталуы, инфляцияның

шарықтап кетуі, несие ресурстарының қымбаттауы сондықтан, оларға өнім иелершің қолы жетпеуі, төленушіліктің өсуі, ауыл  шаруашылығы өнімдері мен оған қажетті ресурстардың бағалары арасындағы теңсіздіктің аса үлкен болғаны себепкер болды. Сала өніміне деген сұрныстың шектелуі- ауыл шаруашылығының негізгі проблемасына айналды. Азық- түлікке мемлекеттік дотацияның болмауы халықтың сатып алу қабілетінің кемуіне әкеп соқты. 2002 жылы халықтың жанбасына тұтынған еттің көлемі ғылыми негізделген норманың тек 54 пайызын ғана құрады, сүт-57, жүмыртқа-39 пайыз.

Өңдеуші өндіріс өнеркәсіптерінің ауыл шаруашылық өнімдеріне деген қажеттілігі қысқарды. Ауыл шаруашылық министрлігінің деректері бойынша, өндірілген сүттің 11 пайызы, еттің-10,  дәнді-дақылдардың -14, майлы өсімдік дәнінің 48 пайызы ғана өнеркесіптік өңдеуден өтті. Осы арада айта кететін бір мәселе жеткілікті көлемде мемлекеттік қолдау болмай отырған кезде ауыл шаруашылық өнімдеріне деген сұраныстың деңгейі ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге өнім өндіруді айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік бермейді. Өйткені, олардың айналмалы қаржысы мен негізгі капиталға инвестиция алуға қажетті мөлшердегі қаражаты жоқ.

Нарықтық реформалар кезіндегі Қазақстанның аграрлық азық-түлік кешеніне тән ерекшелік халықтың жеке қосалқы шаруашылықтарының ауыл шаруашылық енімдерін өндірудегі үлес салмағының айтарлықтай өскендігі болып табылады /1-кесте/. Мәселен, оның үлесі 1990-1992 жылдардағы 31 пайыздан 2002 жылы 51 пайызға дейін өсті. Статистика жөніндегі агенттіктің деректеріне қарағанда жеке косалқы шаруашылықтың /ЖҚШ/ өсімдік шаруашылық өнімдерін әндірудегі үлесі 26 пайыз, мал шаруашылығында — 87 пайыз. Сөйтіп, бүгінгі күнде халықтың жеке қосалқы шаруашылығы еттің, сүттің, көкөністің, бақша дақылдарының, жеміс пен жидектің, картоптың негізгі өндірушісі болып табылады.

Осы мерзім ішінде халықтың жеке қосалқы шаруашылығында, керісінше, ет ондіру -10 пайызға, сүт-30, картоп-22, жеміс пен жидек-38, көкеніс пен бақша дақылдары-2,9 есеге өсті.

Шаруашылық санаттары арасындағы өнім өндірудегі мұндай ара қатынастың қалыптасуы республика халқының астықтан басқа азық-түліктің негізгі енімдеріне деген қажеті бүгінгі күні ЖҚШ есебінен қанағаттандыруына әкеліп соқты. Біздің жасаған есебіміз көрсеткендей 2001-2002 жылдары халықтың етке деген қажетінің 87-89 пайызы, сүтке-78-80, жұмыртқаға-45-48, жеміс, жидек және жүзімге-56-58, көкөніске-95-96, картопқа-78-80 пайызы қосалқы шаруашылықтар есебінен

қанағаттандырылып отыр. 2004 жылдың I жарты жылдығында өсімдік шаруашылығы енімдері 6,4 млрд.теңгеге өндірілді, бұл 2003 жыл деңгейімен салыстырғанда 2%- ке жоғары. Ал екінші кварталда егін жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде ауылшаруашылығының жалпы көлемі 17,4 млн.га жетті. Егіс құрылымындәнді дақылдар құрады(13,2 млн.га), ауыл шаруашылығының 80% үлес салмағын алады. 2004 жылы сұлы (22,6%) және арпа (12,6%) осіру кең көлем алды және бұл мал шаруашылығының дамуына өз әсерін тигізді. Мәдени дақылдар ағымдағы жылда жалпы дәнді дақылдардың 3,7% құрады, бұл тек тұқымды сақтап қалуға ғана жағдай жасады.

Қант қызылшасы 2004 жылы 23,5 мың га жерді алды, оның негізіг өсірілу аймағы бұрынғысынша- Алматы және Жамбыл облыстары болып қалды. Сонымен бірге қант қызылшасы ондірісінің көлемі республика бойынша қант зауыттарын және халықтың қантқа деген сүранысын қамтамасыз ете алмайды. Мақта осіру алдыңғы жылмен салыстырғанда 8,6%-ке өсті. Бұл тенденцияның бірнеше жыл бойы сақталып келе жатқанын атап өткен жөн.

Азық — түлік қауіпсіздігінің басты міндеттері мыналар болуы тиіс: — тамақ өнімдерімен өзін -өзі жеткілікті қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;

— бағаның артуы т.б. жағдайларда, оларды қажетті  мөлшерде сырттан әкелу үшін қолда қаражат болуы.

Халықтың саны да, сапасы да медициналық тұтыну талаптарына барлық жағынан жауап бере алатын ас-тағам өнімдерімен үнемі үзіліссіз жабдықтау ісі жолға қойылғанда ғана азық-түлік қауіпсіздігі сақталуына кепілдік бар.

Біз осы сәтте Қазақстанның азық — түлік қауіпсіздігіне қатер төндіретін бірнеше ішкі-сыртқы ахуалдарды бөліп айта аламыз:

Азық-түлік қауіпсіздігінің ішкі қатерлеріне мыналарды жатқызуға болады:

1.Экономикалық аграрлық секторындағы созылмалы дағдарыс.

2. Егіс көлемінің қысқаруы және астықтың жалпы түсімінің төмендеуі.

3.Ауыл шаруашылық мал басының кеміп кетуі.

4.Қайта өңдеу және ауыл шаруашылық өнімдерін сақтау салаларының дамымауы.

5.Ауыл шаруашылық  машиналарын жасау саласындағы дағдарыс.

6.Айтып келмейтін табиғат апаттарына дайын болмау.

7.Агроном кадрлар әзірлеу ісі сапасының нашарлығы.

8.Ауыл-саласы демографиялық құлдырауға әкеліп соқтыратын ауыл жастарының қалаға жаппай ағылуы.

Халықтың қосалқы шаруашылығының бұдан былайғы жерде дамуы негізінен -ел экономикасының осы манызды секторына қолдау көрсету жөніндегі мемлекеттік саясатқа байланысты. Біздің ойымызша оларға қолдау көрсету жөніндегі мемлекеттік саясаттын басым бағыттары келесілер болмақ:

Біріншісі-халықтың жеке қосалқы шаруашылығы туралы арнайы заң қабылдау. Онда ЖҚШ құқықтық статусы анықталуы тиіс, тиісті жарна төлеген жағдайда ЖҚШ оз еркімен жүмыс істейтіндерді зейнетақымен және әлеуметтік сақтандырумен қамтамасыз етуі каралуы керек.

Екіншісі ЖҚШ ауыл шаруашылық және өндеуші кәсіпорындарымен, сауда ұйымдарымен және фирмалармен тікелей қатынасын белгілеу және олармен бірігуін ынталандыру. Онымен бірге, халықтың үй шаруашылығына өндірістік -техникалық қызмет көрсету жөніндегі, атап айтқанда, мал азығын ендіру мен дайындау, жерді өңдеумен ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру, өнімді сату, техниканы сатып алу және материалдық техникалық жабдықтау жөніндегі коммуналдық меншік кәсіпорындары мен маманданған кооперативтер құруды ынталандыру қажет.

Жеке қосалқы шаруашылықтардың ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындарымен езара қарым қатынастарының маңызды түрі контрактылық /келісім —шарттық/ ауыл шаруашылығын дамыту болып табылады. Сол кезде кәсіпорын ЖҚШ-қа материалдық -техникалық ресурстарды, малдың төлін, қажет болған жағдайда несие береді, ЖҚШ өндірген өнімдерді сатады. Бұл байланыс өзара тиімді. Кәсіпорын менеджментке, инвестицияға жұмсалатын қаржыны үнемдей отырып, өз өндірісін ұлғайтады, ал ЖҚШ иелері өнімді өндіру мен сату жөніндегі өз проблемаларын шешеді.

Өзара әрекеттестіктің мұндай тәжірибесі Венгрияда бар, Батыс европалық елдермен АҚІІІ- да дамуда.

Ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен ЖҚШ мұндай әрекеттестігі КСРО кезінде де болғанды, ұжымшарлар мен кеңшарлар халыққа өндіруге малдың телі мен құсты, қант қызылшасын, көкөністі, басқа да дақылдарды беретін тұғын.

Үшіншісі-селолық несиелік және сақтандыру кооперативтері арқылы ЖҚШ-ға несие тұтыну кооперативтерінің ролі дала жұмыстарын атқару, енімді сату мен өңдеу кезінде ЖҚШ қаржыландыру үшін аса маңызды. Селодағы сақтандыру әлдеқайда тиімді.

ЖҚШ жәрдемақы төлеу жүйесін әзірлеу қажет, соның ішінде банк несиесі бойынша және селолық несие кооперативтерінің пайыздарын төлеуге жұмсалатын шығынның бір бөлігіне жәрдемақы беру. ЖҚШ қарыз беретін арнайы қорлар қүру тиімді. Мұндай тетікті Бүкіл Ресейлік Аграрлық проблемалар мен информатика ғылыми-зерттеу институты әзірледі, ол Ленинград облысының үш ауданында тәжірибеге енді.

Төртіншісі-ЖҚШ-ды кооперативтерге біріктіру. Ресейде кооперацияның мұндай түрі коопшар /коопхоз/ деп аталады.  Өз еркімен

бірлескен кезде коопшар мүшелері жер учаскелеріне жеке меншікті сақтай отырып мүліктік және қаржылық жарналардан жарналық қол құрады.

Бесіншісі-жергілікті өзін — өзі басқаруды дамыту. Оның тиімділігін Мордвадағы /Ресей/ ЖҚШ жұмыс тәжірибесі дәлелдеді. Аталған бағыттарды іске асыру халықтың қосалқы шаруашылығының дамуын, өнімді сату мен өңдеу, шаруашылықтарды жабдықтау ісінде кооперацияға мемлекеттік қолдауды, үкіметтің жергілікті органдардың халықтың ЖҚШ қызметіне жәрдемін қамтамасыз ететін нормативтік-құқықтық база жасау арқылы орындалады.

Қазақстанда шаруашылық жүргізудің шагын түрлерін дамытудың өнерлік бағдарламаларын әзірлеген жөн. Онда мыналар қаралғаны дұрыс:

—   халыққа малдың төлі мен құстың балапандарын сату;

ауыл шаруашылық кәсіпорындарынан бордақылап, кейін кәсіпорын арқылы сату үшін малдың төлі мен құстың балапанын бөліп беру;

—   картоптың және басқа дақылдардың тұқымын сату;

— халықтан көкөністі, жеміс пен жидекті, сүтпен етті сатып алуды ұйымдастыру, өңдеуші кәсіпорындардың сүт қабылдайтын пункттер ашу;

Құрамы жемге, минералдық тыңайтқыштар мен өсімдікті қорғау құралдарына, мал дәрігерлік препараттарға жеңілдігі бар баға тағайындау;

— мал мен құс ұстайтын халыққа мал азығын аванспен беру;

— жеке қосалқы шаруашылық мал тұқымын асылдандырудың, мал дәрігерлік, фитосанитарлық және агротехникалық қызмет көрсетудің мемлекеттік жүйесіне қосу.

Халықтың жеке қосалқы шаруашылығына мақсатты мемлекеттік қолдау көрсету біраз проблемаларды шешуге мүмкіндік береді, атап айтқанда: мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуды, село тұрғындары омірінің әлеуметтік проблемаларын шешуді, өндеуші өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз етуді, республиканың бүкіл халқының табысын арттыруды.

Агроөнеркәсіпті кешенді елеулі түрде алға жылжыту үшін мына бағыттарды атап өтуге болады.

Біріншіден, біздің ел азық-түлік өнімдерімен өзін-өзі толық қамтамасыз ететіндей басым бағыт ұстануға тиіспіз.

Екіншіден, агроөнеркәсіптік кешеннің қалыптасуына әсер ететін салаларды дамыту. Ауыл шаруашылығын өркендету арқылы біз экономиканы дамытуға үлес қосамыз.

Үшіншіден, ауылда өмір сүруге жағдай жасау, бұл үшін мәдениет, денсаулық, білім беру деңгейіне көңіл бөлу.

Ауыл шаруашылығын жалпы қорытындылайтын болсақ 2004 жылы астық өндіру көлемі 10,5 млн теңге болды. Мақта алдыңғы жылмен салыстырғанда өсіру колемінің ұлғайуының нәтижесінде 9%-ке жоғарылады. Жалпы алғанды, өсімдік шаруашылығы өндірісі өнімінің көлемі 271,9 млрд. теңгені құрады.

2004 жылы ірі қараның басы және құс шаруашылығы алдыңғы жылмен салыстырғанды 6,8%-ке ості. Мал шаруашылығы өнімінің өсуінің негізгі факторы мал санының өсуімен тікелей байланысты болды. Мал шаруашылығы енімділігі әліге дейін бұл саланың дамуына айтарлықтай үлес қосқан жоқ.
Тағы рефераттар