МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

I. Кредиттің қажеттілігі және оның мәні.
1.1 Кредиттің қажеттілгі және кредит қатынастарының пайда болуы және оның мәні
1.2 Кредит пен ақшаның өзара әрекеті.
1.3 Кредит теориясы және оның дамуы

II. Қазақстан Республикасының кредит беру жүйесі
2.1 Кредит қызметінің түсінігі,заңдары
2.2 Кредиттің экономикадағы ролі және оны қолданудың шектері
2.3. К ФОРМАЛАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ

ҚОСЫМША
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТТЕР

КІРІСПЕ

Менің қурстық жұмысымның басты мақсаты; кредиттің қажеттілігі және оның мәнің ашу туралы, кредиттің қызметі сонымен қатар кредиттің экономикалық рөлі туралы және кредиттің формалары мен түрлерін анықтау. Несие бұл жерде айналысқа қажетті нақты ақшалардың жеткіліксіздігіне байланысты олардың орын басы құралы ретінде қолданылады.

Осы мақсатыма жету жолында мен алдыма келесі міндеттерді қойдым:
—   Кредит қатынастарын пайда болуы ұғу;
—    Кредиттің мәнің анықтау;
—    Кредит пен ақша арасындағы өзара байланыстық әрекетте зерттеу;
—    Кредиттің теорияларын және дамуына шолу жасау;
—    Қазақстан Республикасының кредит қызметінің түсінігін және кредит қызметінің заңдарын қарастыру;
—    Қазақстан Республикасындағы кредиттің негізгі формалары мен түрлеріне сипаттама беру.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының басты  мақсаты: Ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді. Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін нарықтық зкономика аумағында жинақталған ақша кредит қарым- қатынасының, банк қызметінің даму тәжірибесін дұрыс қолдана білу керек.

Менің қустық жұмысым кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұралы. Бірінші тарау үш тараушадан тұрады. Мұнда мен, негізінен, кредит теориялық мағынасын ашып, оның қажеттілігі және қатынастарының пайда болуына тоқталдым. Сонымен қатар кредит пен ақшаның өзара әрекетін  түсіндірдім. Екінші бөлім үш тараудан тұрады. Бұл тараулар Қазақстандағы кредиттің қызметіне және оның заңдарын анықтап, сонымен қатар кредиттің негізгі формалары мен түрлеріне сипаттама бердім.

Кредиттің мәнін тану үшін оның негізін ашу керек, яғни кредиттік қатынастар туындайтын базаны қарау керек. Кредиттің мәнін ашып көрсететін, кредиттің негізін құрайтын негізгі неден тұрады. Лаврушкин ондай негіз кредиттің қайтарылуын есептейді. Ол кредит қозғалысының бір сатысы бола тұрып, бір мезгілде кредиттелген құн қозғалысының барлық сатыларын қамтиды.  Кредит ақшасын жарату, алу және оны пайдалану қайтарым негізінде жүзеге асады. Кредиттелген құнның қайтарылу кезеңі оның жалпы ауыспалы айналымын ғана аяқтайды. Қайтарымдылық – кредиттік қатынасқа тән белгіні анықтайтын өзіндік ерекшелікті көрсетеді.

Кредит объективті қажеттіліктен туындаған және ол қоғамдық өндіріс процесінде маңызды рөл атқарады. Кредит ақшалай капиталдың қарызға трансформациясын қамтамасыз етеді және кредит берушілер мен қарызға алушылардың арасындығы қарымқатынасты білдіреді.
Оның көмегімен мемлекеттің, халықтың, ұйымдардың және кәсіпорындардың табыстары мен еркін ақшалай қаражаттары жинақталып, уақытша пайдаланудың төлеміне аударылатын кредит капиталына айналады.

 Курстық жұмыс / 35 бет
Тағы рефераттар