Қазақстандағы нарықтық қатынастардың дамуы туралы қазақша реферат

Қазақстан бүгінде егеменді тәуелсіз мемлекет. Қоғамда әлеуметтік, саяси және экономикалық реформалар жүріп жатыр. Ұзақ мерзімді мақсаттар өз нәтижелерін әзірге бере қоймаса да оның қайсыбір бағыттары бойынша жетістіктерге қол жеткізудеміз. Республика экономикасы да тұрақтана бастады. Бүгінде саяси және экономикалық жүйе мүлде өзгеше.

Өтпелі кезеңде бірқатар қиындықтардың болып жатқаны да рас. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында «Мен өз отандастарымызға өтпелі кезеңнің ауыртпалықтарын түсініп, оған төзіп отырғаны үшін рахмет айтамын, осы қасиеттер біздің табысқа жетуіміздің, қоғамымыздың топтасуының, шетелдік инвесторларды тартудың және халықаралық қоғамдастықтың біздің пролемаларымызды шешуге кірістірудің елеулі кепілі деп санай-

мын»,- деді. Осының бәрі қазіргі ғана емес, болашақ ұрпақ игілігі үшін де жасалып жатқан шаралар.

Қазақстанның әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіне кіруі өндіріс көлемінің елеулі кемуіне әсер еткені белгілі. Технологиялық тұрғыдан артта қалуы, өндірістердің даярсыздығы, шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайларын игере алмау, бәсекеге қабілетсіздік – осының бәрі көптеген кәсіпорындардың тұрып қалуына, дәстүрлі өткізу рыноктарын жоғалтуға , өндірістің құлдырауына әкеп соқты. Соның салдарынан елімізде соңғы 8 жылда өндіріс көлемі екі еседен артық қысқарды.

Ішкі капитал мен жинақталымдардың жеткіліксіздігінен Қазақстан шетелдік капиталға, жеке капиталға да, сондай-ақ халықаралық қаржы институттарына да тәуелді болып отыр. Қазіргі таңда экономиканы көтеру инвестицияның түсуіне байланысты болып отыр. Бүгінде Қазақстан зор мүмкіндіктер табалдырығында тұр. Мәселен, Азияның ең кедей елдерінің өзі отыз жыл ішінде қайыршылықтан шығып, индустриялы мемлекттерге айналғаны белгілі. Алғашқылары Корея, Тайвань және Сингапур болса, қазір оларға Малайзия, Индонезия және Тайланд қосылып отыр. Қазақстанның көршісі Қытайдың да экономикасы жоғары қарқынмен дамуда. Соған орай бұл елдер күллі әлемде Азия жолбарыстары ретінде танылып отыр.

2030 жылға қарай Қазақстан өзінен-өзі көтеріле қалмайды. Ол республика халқының қажырлы еңбегі арқылы ғана дамыған елдер қатарына қосыла алады.

«2030 жылы Қазақстан Орталық Азия барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін», — деген елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың сөзінің іске асырылуы Қазақстанның да өркендеп, қуатты елге айналарына сеніміміз мол.
Тағы рефераттар