Қазақстанға басқа ұлт өкілдерінің қоныстану тарихы туралы қазақша реферат

Қазақстан халқының көп ұлттық құрамының қалыптасуы XVIғ. басталды. Бұл кезде Ресей өкіметінің қудалауынан қашқан орыстар, украиндықтар, татарлар және басқа ұлттардың өкілдері қазақ еріктілері деп аталатынға бірікті. 1890 жылдары Ресей мен Украинадан келген шаруалардың отарлауы күшейе түсті. Ресейдің әскери және миграциялық   экспансиясының  барысында салынған бекіністердің   негізінде негізін   орыстар,   украйндықтар және татарлар мекендеген алғашқы отарлық қалалар пайда болды.

1881-1883 ж.ж Қытайдың солтүстік-батысынан 50 мыңдай дүнгендер мен ұйғарлар көшіп келді.

1864 жылы Шымкент пен Ташкенттің құлауынан кейін бұл жерге Ресей империясының орталық губерниясынан орыс және украйн жерсіз қалған шаруаларын көшіре бастады. Қоныстанушылардың басым көпшілігі суғармалы егіншілікпен таныс емес еді, сондықтан облыстың оңтүстік-шығысындағы барлық өзен алқаптарын мекендеді.

Қазақстанды шаруалардың отарлауы XIX ғ. Соңғы он жылында және ХХғ басында Столыпиндік аграрлық реформаға байланысты ерекше күшейді. Небір 46 жылдың ішінде (1871 -1917 ж.ж) өлкеге 1,6 млн. Адам келіп тұрақтап қалды, олардың негізгі көпшілігі 1907-1916 жылдарға келеді. Осының салдарынан XIX ғасырдың аяғында және XX ғасырдың басында өлкеде 60-тай ұлтың өкілдері тұрды, олардың ішінде түрік тілдес халықтардан (өзбек, ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ, татар, башқұрт т.б.) басқа неміс, поляк, мордва, дүнген, тәжік, еврей және т.б . бар еді.

1926 жылы халық санағы бойынша Қазақстанның қазіргі шекарасында 6198,4 мың адам тұрды, олардың 58,5 проценті қазақ, 20,6 проценті-орыс, 13,9 процент-украйн ,2,1 процент-өзбек, 1,3 процент -татар, 1,0 процент-ұйғыр, 0,8 процент-неміс және т.б.

1928-1934 ж.ж Қазақстанда ашаршылық басталды, ол көшпенді және жартылай көшпелді елді отырықшыландыру, сол сияқты қолдан урбанизациялау істерін зорлап ұжымдастыру саясатымен ұштастыра жүргізуі салдарынан туды. Жүздеген мың орыстар, украйндар, ұйғырлар және басқа ұлт өкілдері қырылды, бірақ қырылғандардың негізгі көпшілігі қазақтар болды. Қолда бар есеп бойынша 1929-1938ж.ж. 2610 мың қазақ қырылды, 1935-1938 ж.ж. әлеуметтік және саяси репрессияның салдарынан 135 мың адам жойылды. Қазақтардан барлық шығын 2750 мың адам болды.

1928-1930 ж.ж. ішінде жаңа құрылып жатқан совхоздарға елдің әртүрлі облыстарынан 65 мың отбасы көшіп келді. 1940ж. Украина мен РКФСР-дің жері аз аудандарынан, әсіресе Мордавия, Чувашия, Татарстан жэне басқа республикалардан ерік білдірген шаруаларды ұйымдасқан түрде көшіріп әкелу басталды.

30 ж.ж. ақырында бірсыпыра этностық топтардың жер аудару басталды, олардың бір бөлігі Қазақстанға жер аударылды. 1937 ж. қыркүйек-қазан айларында Қиыр Шығыстан Қазақстанға 110 мың корейлер, Азербайжан мен Армениядан 2,4 мыңнан астам ирандық, әзірбайжан, курд, армиян отбасылары Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарына жер аударылды.

1939 ж. халық санағы бойынша қазақтардың үлес салмағы 1926 ж. салыстырғанда 20,5 дәрежеге құлдырап, 38%-ке тең, украйндердің үлесі 13,9-дан 10,8%-ке, өзбектер 2,1-ден 0,66%-ке төмендеді.

Орыстар Қазақстандағы ең ірі этностық топқа айналды, олардың үлес саны 20 дәрежеге өсіп, 40,2%-ке жетті. Немістер 1,5%-ке, корейлер 1,6, белорустар 0,5% болды.

Соғыс жылдары Қазақстанға көшіп келушілердің тасқыны шұғыл артты. Жаппай жер аударудың қарсаңында, 1939 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда 54696 поляк, 3569 латыш, 808 ливан және т.б. тұратын. Елдегі неміс халқының да тағдыры осылай болып шықты. 1941 жылғы тамызда Қазақстанға 349713 неміс көшіріп әкелінді, олардың жалпы саны 441713 болатын. Қалған немістер Қазақстанға 1944-1945 ж.ж. көшіп келді. Мұның үстіне Қазақстанның және елдің басқа жерлерінде жалпы саны 2,5 млн.адам неміс және жапон әскери тұтқындары жұмыс істеді.

Орта Азия мен Қазақстанға 1944 ж. ақпанда-чечен және ингуш халықтары, наурызда-балқарлар, қарашада — месхет-түріктері, қырым татарлары, қарашайлар және басқа халықтар күштеп көшіріліп әкелінді.

1957 ж. чечен жэне ингуш халықтарының автономиялары қайтадан қалпына келтірілгеннен кейін олар Солтүстік Кавказға қайта көше бастады, қарашайлар, балқарлар, қалмақтар ағылып қайтып жатты. Гректердің, месхет түріктерінің, қырым татарларының,  поляктардың, корейлердің, Еділ бойы немістерінің бір бөлігі Орта Азия мен Қазақстанда қалды.

1954-1962 ж.ж. тың және тыңайған жерлерді игеру үшін Қазақстанға 2 млн. Жуық адам, олар негізінен елдің Европалық бөлігінен келді. Жұмысшылардың көпшілігі Украинадан, Белоруссиядан, Молдавиядан және Литвадан іріктеп алынды.

1939,1959,1970 ж.ж. халық санағы арасында Қазақстандағы ең саны көп этнос орыстар болып келген. 1939-1970 ж.ж. арасында орыстар, украиндар, белорустар халықтың басым көпшілігі болып келді .

Орыстар, татарлар, корейлер негізінен қалада тұратын этностар болып қалды да, қазақтар, немістер,өзбектер, әзербайжандар ауыл селолық этностар болды.

Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс шөл және шөлейт аймақтарының ауа-райы КСРО-ның Европалық бөлігінен, Сібір мен Қиыр Шығыстан көшіп келушілер үшін ұнамсыз болды. Алайда бұл облыстар қалаларына КСРО орталығы     ведомстволардың  күш  салуымен экстенсивті жолмен өнеркәсіпті дамытуға, ірі көлемде күрделі құрылыстар жүргізуге жаңа қоныстаушылар жіберіліп жатты.

1951-1970 ж.ж. жалпы алғанда КСРО-ның басқа аудандарынан Қазақстан кіші-қоныс процесінің бәсеңдеуі байқалады.

Қазақстаннан басқа республикаларға көшіп кетушілер арасында 1988-1990 ж.ж. орыстар 53-55%, украиндар 9-12% , немістер 6-8 %, қазақтар 6-9%  республикаға көшіп келушілер арасында орыстар  48 , украиндар 8%, немістер 5% қазақтар 20% болды.

1991 жылы Қазақстаннан қазақ емес халықтар көшіп кетуінің нәтижесінде азайып кетті, ал Өзбекстаннан, Түркменстан және Ресейден қазақтар көшіп келуі нәтижесінде өсе бастады. Шығыс Европа елдерінен келген маман жұмысшылар Қазақстаннан кетіп жатыр, бірақ ҚХР-ден табыс табу үшін (ауылшаруашылық жұмыстарына және коммерцияға) қытайлар келіп жатты.

1979-1989 ж.ж. этнодемографиялық құрамының ағымы мынаны көрсетеді: 1979-1989 ж.ж. халықтың жалпы өсімінде қазақтардың үлес саны 70, орыстардың үлесі 13, немістердің үлесі 3 процент болды.
Тағы рефераттар