ҚазМұнайГаз компаниясының техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау туралы қазақша реферат

Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік «Фуд Мастер» – Қазақстан Республикасындағы алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың бірі. Ол сүт өнімдерін өндіру және өткізу саласында жетістікке жетіп, сәтті түрде қызмет етуде.

Нарықтық экономикада кәсіпорынның өндірістік тиімділігін арттыру үшін оның шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жасау керек. Экономикалық талдау кәсіпорынды дамытудың стратегиясы мен тактикасын жоспарлап дайындауға және басқарушылық шешімдер қабылдауға қажет болады. Мысалы: өндірістің тиімділігін арттыру резервтерін анықтау, кәсіпорынның өндірістік саласын анықтау.

Экономикалық талдау шешімдер мен іс-әрекеттің алдында жүреді. Оларды негіздейді және ғылыми түрде дұрыс шешім қабылдауға бағыттайды.

Талдаудың негізгі мақсаты шаруашылық қызмет ету тиімділігін арттыру және оның резервтерін анықтау. Ол үшін мынадай жағдайлар жасалады:

1. Өткен кезеңдегі қызмет нәтижесі бағалану керек. Мұнда қызметті бағалаудың оперативті процедуралары дайындалады.

2. Кәсіпорынның қызметіндегі қаржылық нәтижелердің әлсіз және күшті жақтары анықталады.

3. Тиімділіктің резервтері анықталады.

Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық жағдайын талдау мынадай міндеттерді жүктейді:

1.  Баланс өтімділігін бағалау.

2.      Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және өтімділігін талдау.

3.      Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау.

4.      Кәсіпорынның табыстылығын бағалау.

Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаудың басты ақпараттық көзі бухгалтерлік есеп, бұл кәсіпорынды қоғаммен және оның серіктестерімен тығыз байланыстырады, олар кәсіпорынның қаржы жағдайын білу мақсатында бірінші кезекте бухгалтерлік баланспен танысады.

Қаржы жағдайын талдау жасаудың ақпараттық көздері бухгалтерлік есептер:

—             №1 форма «Кәсіпорынның балансы»;

—             №2 форма «Қаржы нәтижесі және оны пайдалануы туралы»;

—             №4 форма «Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есеп».

Баланс мәліметі бойынша кәсіпорын, акционерлер, инвесторлар, несие берушілер, сатып алушылар, сатушылар т.б. алдында өз міндеттерін атқара алатындығын, немесе қаржылық қиындық бар екенін көрсетеді.

Актив баптары өтімділік дәрежесіне қарай, яғни шаруашылық айналымындағы мүліктердің ақшаға айналу жылдамдығына қарай орналысады. І – бөлімдегі активтер бұл қозғалмайтын мүліктер бірнеше жыл пайдаланылады, яғни мерзімді салымдар. ІІ және ІІІ бөлімдерде кәсіпорынның айналым мүліктері, яғни өндіріске бір рет қатынасып, өзінің құнын өндірілген өнімге түгел аударатын және заттық қасиетін жоятын мүліктер, немесе ағымдағы активтер деп аталады.

Балансының пассиві – бұл, біріншіден, кәсіпорынның шаруашылық ісіне қандай мөлшерде құралдар салынғанын көрсетеді, екіншіден, кім қандай формада кәсіпорынның мүлкін жасақтауға қатынасқанын бейнелейді. Баланс пассиві алынған байлық үшін міндеттеме ретінде немесе кәсіпорынның ресурстарды алғаны үшін талап ретінде анықталады. [14]

Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаудың басты ақпараттық көзі бухгалтерлік есеп, бұл кәсіпорынды қоғаммен және оның серіктестерімен тығыз байланыстырады, олар кәсіпорынның қаржы жағдайын білу мақсатында бірінші кезекте бухгалтерлік баланспен танысады.

Бухгалтерлік баланс негізінде кәсіпорында бар қорлар, олардың жағдайы туралы, құрамы мен орналасуындағы өзгерістер, сондай-ақ олардың пайда болу көздері туралы мәліметтер алады. Бұл мәліметтер белгілі бір күнге жалпы ақшалай көрсеткіштермен берілген. [14. 28 бет]

Баланс абсолютті өтімді болып табылады, егер келесі теңсіздік сақталса:

А1≥П1

А2≥П2

А3≥П3

А4≤П4

А5≤П5

«А қосымшасына сәйкес» «Фуд Мастер» ЖШС-ның  балансы  өтімділігін анықтайық (1-кесте).

 

1-кесте.  «Фуд Мастер» ЖШС 2011-2012 жылғы баланс өтімділігін бағалау

 

А Сомасы П Сомасы төлеу артықшылығы +; жетіспеу —
2011 ж 2012 ж 2011 ж 2012 ж 2011 ж 2012 ж
А1 5254169 4764293 П1 4646096 2419116 608073 2345177
А2 2232930 1552230 П2 639723 255976 1593207 1296254
А3 15201752 19667162 П3 917396 23184 14284356 19643978
А4 59338675 60414461 П4 68367896 71892807 -9029221 -11478346
А5 2232930 1552230 П5 9689345 13359293 -7456505 -11807063
баланс жиыны 84260456 87950376   84260456 87950376    
Ескертпе: кәсіпорын мәліметтері негізінде жасалған.

 

1-кестеге сәйкес бұл зауыттың баланс өтімділігі абсолютті деп айтуға болады. Қаржылық жағдайы тұрақты, себебі қажетті теңсіздік сақталып, баланс толық өтімді болып табылады.

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылық маңызды белгілерінің бірі. О.С.Эфимованың айтуы бойынша, төлем қабілеттілігі дегеніміз кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттілігін білдіреді. Сондай-ақ, М.Н.Крейниннің айтуы бойынша, кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп – бұл кәсіпорынның несие берушілер жағынан төлемдер туралы қойған талаптары мен қарыздарын өтеуге дайындығы. Профессор В.В.Ковалевтің айтуы бойынша, төлем қабілеттілігі деп қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша есеп айырысуды өз уақытында және толығымен жүргізу қабілеттілігі.

Төлем қабілеттілігі белгілі бір мерзімде қолдағы ақша сомасы мен жедел төлемдер сомасының қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігі коэффициенті арқылы көрінеді. Егер төлем қабілеттіліі коэффициенті 1-ге тең немесе одан үлкен болса, бұл кәсіпорынынң төлем қабілеттілігін білдіреді. Ал 1-ден төмен болса, ақша қаражаттарының жетіспеуін білдіреді. [13]

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі дегеніміз – кәсіпорынның сыртқы міндеттемелермен есептесу мүмкіндіктері. Демек, кәсіпорын төлем қабілетті болып саналады, егер ағымдағы активтер сомасы сыртқы міндеттемелерден артық емес немесе тең болса. Бұл көрсеткіш ағымдағы активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелер айырмасы.

Кәсіпорын өтімділігін бағалау үшін абсолютті көрсеткіштермен қатар, салыстырмалы көрсеткіштер де есептелінеді. Оларға ағымдағы өтімділік коэффициенті, жылдам өтімділік коэффициенті, абсолютті өтімділік коэффиценті жатады. Бұл көрсеткіштер кәсіпорынның басшалығы үшін ғана емес, сыртқы субъектілер үшін де үлкен қызығушылық туғызады. Абсолютті өтімділік коэффициенті шикізаттар мен материалды жеткізушілер үшін, жылдам өтімділік коэффициенті банктер үшін, ағымдағы өтімділік коэффициенті инвесторлар үшін маңызды. 2-кестеде кәсіпорынның өтімділік және төлем қабілеттілік көрсеткіштерін талдау көрсетілген.

 

2-кесте. «Фуд Мастер» ЖШС-ның өтімділік және төлем қабілеттілік көрсеткіштерін талдау

 

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Жылдар

Ауытқу

2011

2012

+ / —

%

1 Абсолютті өтімділік коэффициенті   0,6 1,0 0,4 166,6
2 Жылдам өтімділік коэффициенті   0,8 1,3 0,5 162,5
3 Ағымдағы өтімділік коэффициенті   2,6 5,5 2,9 211,5
Ескертпе: кәсіпорын мәліметтері негізінде жасалған.

 

Абсолютті өтімділік коэффициенті кәсіпорынның ақшалай қаражаты мен қысқа мерзімді қаржылық салымдарының қысқа мерзімді міндеттемелеріне қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткіштің мәні қысқа мерзімді міндеттемелердің қандай бөлігі тез арада жабыла алатындығы көрсетіледі. Мұның мәні неғұрлым жоғары болса, қарыздарды жабу кепілдігі соғұрлым көп болады. Ол 2012 жылы өткен жылмен салыстырғанда 0,4-ке артқанын көрсетеді.

Жылдам өтімділік коэффициентінің (аралық жабу коэффициенті) мәні 2011 жылы 0,8 болса, ал 2012 жылы 1,3 болды. Бұл көрсеткіш ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігін ақшалай қаражаттармен ғана емес, сонда-ақ күтіліп отырған ақшалайтүсімдердің есебінен жабылатындығын көрсететді. Оның шекті мәні 0,7 мен 1,5-тің шамасында болуы тиіс.

Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы жабу коэффициенті) ағымдағы активтердің (болашақ кезең шығындарынан басқа) ағымдағы немесе қысқа мерзімді міндеттемелерге  (болшақ кезең табыстарынан басқа) қатынасымен анықталды. Ол ағымдағы активтердің ағымдағы міндеттемелерді жабу дәрежесін көрсетеді. Оның қалыпты мәні 2-ден үлкен болу керек. Ал кәсіпорындағы бұл коэффициенттің мәні 2012 жылы 5,5-ті құрайды.

Қаржы тұрақтылығы – бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы, ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өнім өндіру мен өткізу үрдісінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтан да, қаржылық тұрақтылық барлық өндірістік-шаруашылық қызмет үрдісінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады. Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығы – бұл тәуекелдің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны бөлу мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурстарының жағдайы. Қаржы тұрақтылық көрсеткіштері кәсіпорын активтерінің жағдайы мен құрылымын, қарыздық капиталды тарату деңгейі және осы қарыздарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қабілетін сипаттайды. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау 3-кестеде көрсетілген.

 

 

3-кесте. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін талдау

 

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Жылдар

Ауытқу

2011

2012

+ / —

%

1 Меншікті капиталды шоғырландыру коэффициенті   0,80 0,90 0,10 112,51
2 Қарыздық капиталды шоғырландыру коэффициенті   0,10 0,01 -0,09 10,02
3 Қарыздық тәуекелділік коэффициенті   0,40 0,50 0,10 125,13
4 Ағымдағы берешек коэффициенті   0,10 0,06 -0,04 60,25
5 Қаржылық меншікті капиталды жабу коэффициенті   0,87 0,93 0,06 106,89
6 Қаржылық леверидж   1,14 1,06 -0,08 92,98
7 Тұрақты қаржыландыру коэффициенті   0,88 0,93 0,05 105,61
Ескертпе: кәсіпорын мәліметтері негізінде жасалған.

 

3-кестеге сәйкес меншікті капиталды шоғырландыру коэффициенті кәсіпорынның капиталдың немесе активтерінің қандай бөлігін меншікті қаражаттарды құрайтынын көрсетеді. Оны табу үшін меншікті капиталды жинақталған балансқа бөлеміз. Оның мәні 2012 жылы 0,10-ға артқан.

Қарыздық капиталды шоғырландыру коэффициентінің мәні 2011 жылы 0,10 болса, 2012 жылы 0,01 болып 0,09-ға азайды, ол кәсіпорынның капиталдың 0,09-ға азайған түрдегі қарыздық қаражаттардың азайғанын да білдіреді.

Қаржылық тәуекелділік коэффициенті меншікті қаражаттардың кәсіпорын активтерінің 2012 жылы 0,50, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,10-ға артқанын көрсетеді, яғни активтерінің сомасының артқанын білдіреді.

Ағымдағы берешек коэффициенті активтерінің қандай бөлігі қысқа мерзімді қарыздық қаражаттардан қалыптасатынын көрсетеді. Оның мәні 2011 жылы 0,10 болса, 2012 жылы 0,06 болып, 0,04-ға азайғаны анық.

Қаржылық меншікті капиталды жабу коэффициенті қаржылық капиталдың 1 тг-не меншікті капиталдың қанша теңгесі келетінін көрсетеді.

Қаржылық леверидж меншікті капиталдың 1 тг-не қанша қарыздар тартылғанын көрсетеді. Оның мәні 2012 жылы өткен жылмен салыстырғанда 0,08-ге азайғаны көрсетілген.

Тұрақты қаржыландыру коэффициенті баланс бөлімінің қандай бөлігі тұрақты көздер есебінен қалыптасатынын көрсетеді. Ол 2011 жылы 0,88 болса, 2012 жылы 0,05-ке артып, 0,93-ті құрайды.

Табыстар – бұл кәсіпорындарға қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса бұл пассивтердің азаю түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады. [12] Нарық жағдайында табыстар екі түрлі қызмет атқарады:

1) мемлекеттік бюджет табысының көзі;

2) кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік даму көзі болып табылады.

Кәсіпкерлік іс пайда табу мақсатымен жүзеге асырылатын жеке азаматтың немесе азаматтар тобының инициативалық ісі. Сондықтан пайда түсіру – кәсіпорынның бастапқы мақсаты. Бірақ пайданы кәсіпорын қоғамдық мұқтаждықты қанағаттандыратын өнім өндірген кезде түсіре алады.

 

4-кесте. Кәсіпорынның техникалық-экономикалық көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Жылдар

Ауытқу

2009

2010

+ / —

%

1

 

2

3

4

5

 

6

 

7

 

8

 

 

9

 

10

11

 

12

13

14

Өнімді өткізуден түскен түсім

Өнімнің өзіндік құны

Жалпы табыс

Кезең шығындары

Негізгі қызметтен түскен табыс

Негізгі емес қызметтен түскен табыс

Салық салғанға дейінгі табыс

Корпоративті табыс салығы бойынша шығындар

Салық салғаннан кейінгі табыс

Таза табыс

Өткізілген өнімнің 1 тг. кеткен шығындар

Өнім рентабельділігі

Сату рентабельділігі

Өндіріс рентабельділігі

мың тг.

 

мың тг.

мың тг.

мың тг.

мың тг.

 

мың тг.

 

мың тг.

 

мың тг.

 

 

мың тг.

 

мың тг.

тг.

 

%

%

%

47357,3

 

30391,7

16965,6

12340,2

4616,4

 

1641,9

 

6258,3

 

1251,6

 

 

5006,7

 

5006,7

0,9

 

11,7

35,8

6,4

76568,1

 

49349,0

27219,1

17951,8

9267,3

 

3826,8

 

13094,1

 

2618,8

 

 

10475,3

 

10475,3

0,8

 

15,5

35,5

13,7

29210,7

 

18957,3

10253,5

1611,5

4652,9

 

2184,9

 

6835,8

 

1367,2

 

 

5468,6

 

5468,6

-0,1

 

3,8

-0,3

7,3

161,6

 

162,3

160,4

109,8

200,7

 

233,0

 

209,2

 

209,2

 

 

209,2

 

209,2

88,8

 

 

 

Ескертпе: кәсіпорын мәліметтері негізінде жасалған.

 

«Фуд Мастер» ЖШС-нің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін (8-кесте) талдау «Ә қосымшасына сәйкес» кәсіпорынның 2011-2012 жылдардағы №1 форма «Кәсіпорынның балансы», №2 форма «Қаржы нәтижесі және оны пайдалануы туралы», №4 форма «Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есеп» сияқты ақпараттық көздер негізінде жасауға болады.

Табыстылықтың І абсолютті көрсеткіші — өнімді өткізуден түскен түсім. Ол қаржылық – шаруашылық қызметтің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер, т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері, баға шегерімдері алынып тастағандағы соманы көрсетеді. Бұл көрсеткіш 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда, өнімді өткізуден түскен табыстың 29 210,7 мың тг-ге артқанын көрсетеді.

ІІ абсолютті көрсеткіш – жалпы табыс. Ол өнімді өткізуден түскен түсім мен өнімнің өзіндік құны арасындағы айырма арқылы анықталады.

«Фуд Мастер» ЖШС-ның жалпы табысы 2012 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда, 10 253,4 мың тг-ге ұлғайғанын байқауға болады. Әрине, бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының жақсы екенін білдіреді.

ІІІ абсолютті көрсеткіш – негізгі қызметтен түскен табыс. Ол сальдолық қаржылық нәтижені білдіреді. Оны жалпы табыстан кезең шығындарын алу арқылы табуға болады. Негізгі қызметтен түскен табысы өткен жылмен салыстырғанда, 4652,9 мың тг-ге артқанын көрсетеді. Бұдан кәсіпорынның қаржылық тиімділігін аңғаруға болады, яғни кәсіпорын табысты қызмет етеді.

Кәсіпорынның шекті мақсаты пайда табу. Пайда табу үшін қоғамға керекті тауарлар мен қызметтерді өндіру керек, тек қана өндіру емес, сапалы өнім, қызметі нарық жағдайындағы бәсекелестікте жеңетін, бағасы жоғары тауар мен қызмет болуы керек. Сондықтан, кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесі болып табылатын таза табыс мөлшеріне ерекше мән беру керек. Зауыттың 2012 жылғы таза табыс мөлшері 10475,3 мың тг, ал 2011 жылы 5006,7 мың тг болса, бұл оның 5468,6 мың тг-ге, яғни 2010 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда, 209,2%-ға артқанын көрсетеді. Бұл кәсіпорын үшін жақсы нәтиже болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен қаржы нәтижелерінің салыстырмалы сипаттамасын рентабельділік арқылы бағалауға болады. Олардың ішінде негізгілері ретінде келесілерді бөліп көрсетуге болады:

Сату рентабельділігі жалпы табыстың немесе таза табыстың сатудан түскен табысқа қатынасы арқылы есептелінеді. І жағдайда, яғни жалпы табыс арқылы есептесек, оның мәні кәсіпорынның баға белгілеу саясатындағы өзгерістерді өнімді сатудың өзіндік құнын бақылау мүмкіншілігін көрсетеді. Бұл коэффициенттің динамикасы немесе өсуі материалдық-өндірістік қорларды пайдалануды, бақылауды күшейтуді немесе бағаларды қайта қарау қажеттілігін көрсетеді. Оның мәні 2012 жылы 35,5%, бұл өткен жылмен салыстырғанда, 0,3%-ға азайғанын білдіреді. Ал   ІІ жағдайда, яғни таза табыс арқылы есептегенде, ол сатылған өнімнің әрбір теңгесі таза табыстың қанша теңгесін әкелгенін көрсетеді.

Өнім рентабельділігі, бұл көрсеткішті есептегенде өндіріліген өнімнің және сатылған өнімнің рентабельділіктерін анықтауға болады. Өндірілген өнім рентабельділігі таза табыстың өнімнің толық өзіндік құнына (сатылған өнімнің өзіндік құны мен кезең шығындарының қосындысы) қатынасы арқылы табуға болады. Бұл көрсеткіштің мәні 2011 жылы 11,7%, ал 2012 жылы 15,5% болған, яғни өнімді өндіру мен сату бойынша жұмсалған әрбір пайызына келетін таза табыс мөлшері 3,8% екенін көрсетеді.

Өндіріс рентабельділігі таза табыстың негізгі өндірістік қорлары мен айналым қорларының орташа жылдық құнына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткіш өндірістік үрдістегі активтерді пайдалану тиімділігін сипаттайды. Оның мәні 2011 жылы 6,4% болса, 2012 жылы өндіріс рентабельділігі екі жылмен салыстырғандағы 13,7%-дық ауытқуды көрсете отырып, 7,3%-ға артқанын білдіреді.

Кәсіпорын жұмысының тиімділігі, көбінесе, негізгі өндірістік қорларды пайдалану көрсеткіштеріне, техникалық жарақтануыны байланысты болады. «Фуд Мастер» ЖШС-ның мүліктік жағдайын талдау 5-кестеде көрсетілген.

 

5-кесте. Кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалау

 

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Жылдар

Ауытқу

2009

2010

+ / —

%

1

 

2

 

3

4

5

6

7

 

8

 

9

Негізгі құралдардың орта жылдық құны

Айналым құралдарының орта жылдық құны

Қор қайтарымдылығы

Қор сыйымдылығы

Қормен қарулану

НҚ-дың тозу коэффициенті

НҚ-ды жаңарту коэффициенті

НҚ-дың жарамдылық коэффициенті

НҚ-дың істен шығу коэффициенті

мың тг.

 

мың тг.

 

тг.

тг.

мың тг.

 

 

 

 

 

 

50715,82

 

22688,85

 

0,93

1,07

1035,01

0,49

0,18

 

0,51

 

0,43

50204,74

 

25983,68

 

1,52

0,65

965,47

0,53

0,16

 

0,53

 

0,38

-511,07

 

3294,83

 

0,59

-0,41

-69,54

0,04

-0,02

 

0,02

 

-0,05

98,99

 

114,52

 

163,44

60,74

93,28

108,16

88,88

 

103,92

 

88,37

Ескертпе: кәсіпорын мәліметтері негізінде жасалған.

 

Негізгі қорларды жақсы пайдалану нәтижесі, ең бірінші өндіріс көлемінің ұлғаюымен көрінеді. Сондықтан негізгі қорлардың тиімділігін сол көлемді шығаруға қатысқан қорлармен салыстыру керек. Бұл көрсеткіш қор қайтарымы деп аталады, атап айтқанда 1 теңге негізгі өндірістік қорлардың көлемі шығарған дайын өнім көлемі дегенді білдіреді. Ол өткізілген өнім көлемінің негізгі құралдардың орташа жылдық бағасына қатынасымен анықталады. 5-кесте бойынша кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалағанда, қор қайтарымы 2012 жылы 1,52 теңге, өткен жылғымен салыстырғанда 0,59 теңгеге артты. Қор қайтарымының өсуі уақыт пен қуаттылықты пайдаланудың жақсаруы, қол еңбегінің машинамен ауытырылуының және т.б. факторлардың әсерінен. Егер қор қайтарымы өсуге бағытталса, қор сыйымдылығы төмендеуге бағытталған. Өнімнің қор сыйымдылығы – қор қайтарымына кері шама. Ол шығарылған өнімнің 1 теңгесіне келетін негізгі қорлардың үлестік бағасын көрсетеді. 2012 жылы 0,41 теңгеге төмендеп, 0,65 теңгеге тең болды. Негізгі құралдардың тозу коэффициенті негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипаттайды. Оның мәні 0,5-тен кем емес болу керек. Белгілі бір мерзімдегі кәсіпорынның техникалық базасының жаңарғанын көрсететін жаңарту коэффициенті есепті жылы 0,16-ға тең. Кәсіпорынның негізгі құралдарының жарамды екенін көрсететін жарамдылық коэффициенті 0,5-тен кем емес болу керек.

«Фуд Мастер» ЖШС-дағы еңбек ресурстарының құрылымы 6-кестеде көрсетілген.

6-кесте. Еңбек ресурстарының құрамы мен құрылымын талдау

Жұмыскерлер 2011 ж 2012 ж Ауытқу
+/- %
Барлық жұмыскерлер саны 49 52 3 106,1
1 Мамандар саны 14 14
2 Жалпы жұмысшылар саны 35 38 3 108,5
3 с.і. негізгі өндіріс жұмысшыларының саны 20 20
4 қосалқы өндіріс жұмысшыларының саны 15 18 3 120,0
Ескертпе: кәсіпорын мәліметтері негізінде жасалған.

6-кестеде көрсетілгендей, кәсіпорындағы жұмыскерлер саны елеусіз өзгерістерге ұшыраған. Барлық жұмыскерлер саны 2012 жылы өткен жылғымен салыстырғанда 3 адамға артқан. Оның ішіндегі мамандар саны өзгерістерге ұшырамаған. Ал қосалқы өндіріс жұмысшыларының саны да 2012 жылы 3 адамға артқан. Сол себепті өткен жылмен салыстырғанда, 120,0%-ға өскен.
Тағы рефераттар