Кедейлік және оның өлшемі туралы қазақша реферат

Кез-келген мемлекеттің әлеуметтік дамуы, іске асырылатын экономикалық даму үлгісіне тәуелсіз, белгілі бір себептерге қарай (экономикалық, демографиялық, әлеуметтік, физикалық, психологиялық ж.т.б.) қоғамнан «тысқары» қалған халық арасындағы топтардың тұрмыс деңгейі бойынша сарапталады, оған қоғамда қабылданған тіршілік стандарттарын (тамақ ішуге, киінуге, бос уақыт өткізуге ж.т.б.) тіпті ең төменгі деңгейде ұстауға шамалары келмейтіндер де жатады. Ондай адамдарды кедей деп атайды. Кедейшілік ұғымына және сараптауға қолданылатын дәстүрлі қалыптасқан обсолютті және салыстырмалы тәсілдер ең алдымен адамның табыстарын немесе оның тұтыну деңгейін қарайды. Кедейшлік пен экономикалық теңсіздікке сан және сана жөнінен баға берудің мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік саясатын әзірлеу үшін үлкен маңызы бар.

Табыс кіріс бойынша кедейшілікті өлшеу үшін пайдалыналтын ең көп тараан көрсеткіштер – елегі бүкіл халықтың ішіндегі кедей тұрмыстылар үлесі, кедейшіліктің тереңдігі мен өткірлігі. Кедейшілік деңгейі немесе кедей тұрмысты халықтың үлесі – табысы мен тұтынуы әдетте күнкөріс минимумына теңгерілетін елде белгіленген табалдырық белгісінен (кедейшілік шегінен) төмен деңгейде күнелтетін адамдар үлесі. Кедейшілік ауқымдарын сараптау үшін күнкөріс минимумын қолданудың екі қасиеті бар. Біріншіден, күнкөріс минимумы адамға белгілі бір ең төменгі деңгейде қажет тауарлар мен қызмет көрсетулерді тұтынумен анықталады, ол елдің дәстүрлері мен климаттық жағдайларына сәйкес тамақ пен киімге қаысты ұлттық ерекшелікті көрсетеді. Екіншіден, күнкөріс минимумын қолдану түрлі елдер және уақыт бойынша адамдардың тұрмыс деңгейін салыстыруға мүмкіндік жасайды [11]. Қазақстанда, кедейшілік деңгейі немесе кедей тұрмысты халықтың үлесі «күнкөріс минимумы деңгейінен төмен табыстағы халықтың пайыздық үлесімен» анықталады, яғни олар ең аз тұтыну себетінен тауарлар ммен қызмет көрсетулерді сатып алуға мүмкіндіктері жоқ адамдар. Бұдан бөлек, қазақстанда «азық-түлік» кедейшілігінің деңгейі немесе азық-түлік себеті деңгейінен төмен табыстағы төмен табыстағы халықтың үлесі есептеледі. Елдегі кедейшілік ауқымдарын сипаттай отырып, кедейшілік деңгейінің көрсеткіші, соған қарамастан кедей тұрмысты халықтың жағдайларындағы өзгерістерді (нашарлау/жақсару) көрсетпейді. Табыс бойынша кедейшілікке тереңдетілген сапалы сипаттама беру үшін кедейшіліктің тереңдік және өткірлік индекстерін қолданады.

Кедейшілік тереңдігі кедей адамның қаншалықты «кедей» екендігін көрсетеді және кедей тұрмысты халықтың табыстары мен кедейшілік шегіне (Қазақстандағы күнкөріс минимумы) сәйкес ең аз қажеттіліктегі табыстар деңгейі арасындағы айырмашылықты білдіреді. Кедейшілік тереңдігі осылайша кедей тұрмысты халық табыстарының тапшылығ мен кедейшілік шегіне сәйкесетін табыстардың қатынасы кедейшілік тереңдігінің индексін көрсетеді. Кедейшілік өткірлігі қоғамдағы ең кедей адамның қаншалықты «кедей»  екендігін көрсетеді, яғни кедей тұрмысты халықтың арасындағы теңсіздікті сипаттайды. Кедейшілік өткірлігінің индексі де салыстырмалы көрсеткіш болып табылады және ол кедейшілік тереңдігі индексінің негізінде есептеледі. Кедейшілік тереңдігі мен өткірлігі индекстері белгілерінің ұлғаюы кедей тұрмысты адамдардың жағдайларының нашрлауы туралы айғақтайды. Осы индекстерді қолдану кедей тұрмыстылар табстарының тапшылығынан арылу үшін қажет қаржылай қаражаттардың көлемдерін белгілеуге мүмкіндік туғызады. Кедейшілік тереңдік және өткірлік индекстері сондай-ақ ең кедей тұрмысты халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жүйесін ұйымдастыру кезінде де пайдаланулары мүмкін.

Кедейшілікті экономиканың даму еңгейімен жәнеқоғамның барлық жіктерінің әл-ауқат деңгейімен өзара байланысты қарау қажет, яғни қоғамдағы экономикалық теңсіздікпен сабақтастыру керек. Қоғамдағы экономикалық теңсіздік онда салстырмалы кедейшіліктің болуы туралы айғақтайды, бірақ абсолютті кедейшіліктің орын алуын міндетті түрде бідірмейді. Қоғамдағы экономикалық  теңсіздік деңгейіне ықпал ететін факторларды бірнеше топқа бөлуге болады:

  • табыстар деңгейіндегі айырмашылықтар. осы топқа жеке меншік мөлшерлерінен болатын, сондай-ақ адамдардың әркелкі санаттарының байлық жинацлары деңгейіне байланысты айырмашылықтарды қосуға болады,
  • білім деңгейіндегі айырмашылықтар. Осы топқ сондай-ақ білімнің деңгейі мен сапасындағы өзгерістерді, жеке жетістіктер және шығу тегімен сабақтасатын айырмашылықтарды қосады;
  • адамдардың жастарынақарай және физиологиялық айырмашылықтары, сондай-ақ түрлі материалдық игіліктердің мүмкіндігі.

Осы факторлардың ықпал етуімен қоғамның негізгі әлеуметтік жіктері қалыптасып, олар материалдық молшылық пен тұтыну әрекеттеріне қарай бөлінеді. Тұрмыс деңгейі жөніндегі Бүкілресейлік орталықтың мамандары халықтың тұтыну бюджеттерінің жүйсін әзірледі, жүйе әл-ауқат/тұрмыс деңгейіндегі белгілі бір критерилерге сүйене отырып, елдегі бүкіл тұрғын халықты нақты топтарға бөлуге мүмкіндік жасайды [12]. Осы жүйе негізгі үш әлеуметтік стандартты (нормативті) қамтиды, олар: күнкөріс минимумы (КМ), ең төменгі тұтыну бюджеті (ТТБ) және жоғары молшылық бюджеті (ЖМБ).

Тұтыну бюджеттерінің жүйесіне сүйене отырып, елдегі бүкіл халықты шартты түрде төрт әлеуметтік жікке бөлуге болады: кедей тұрмыстылардан ең жоғары қамтамасыздандырылған адамдарға дейін.

Кесте 4. Қоғамның тұтыну бюджеттері жүйесіндегі әлеуметтік жіктері.

Әлеуметтік жік Критерий
Кедей тұрмыстылар Табыстары күнкөріс минимумынан төмен (КМ)
Төмен тұрмыстылар Табыстары күнкөріс минимумынан жоғары, бірақ ең төменгі тұтыну бюджетінен төмен (2 КМ)
Орташа тұрмыстылар Табыстары ең төменгі тұтыну бюджетінен жоғары, бірақ жоғары молшылық бюджетінен төмен (7 КМ), тұтынудың қалпына келтіруші деңгейін қамтамасыз етеді.
Жоғары тұрмыстылар (дәулеттілер) Табыстары жоғары молшылық бюджетінен көп, тұтынудың дамушы деңгейін қамтамасыз етеді.

Қоғамдағы экономикалық теңсіздікті сараптау үшін табыстарды шоғырландыру мен саралау коффициенттері кеңінен қолданылады. Қорлар коэффициенті (табыстарды саралау коэффициенті) ең көп және ең аз қамтамасыздандырылған халық топтарының табыстарын салыстыруға мүмкіндік жасайды, ол ең жоғары және ең төмен тұрмысты халықтың 10% (20%) ақшалай табыстарының жалпы белгілерінің арақатынасын көрсетеді.
Тағы рефераттар