70 жылдардың басында оңтүстік Торғай ойпаты кек көзін жоғары палеозой шөгіндісімен байланыстырып, негізінен геологиялық, магниттік, гравиметрлік өлшемдерге сүйеніп жасалуда.

КМПВ Арысқүм мен МОВ Жыланшы мұнай газ аудандарында жасалған сейсмопрофильді бірнеше зерттеулердің нәти-жесінде мұнай газ кеніші триас, грабен — синклинальдарымен мезозой қабаттарының дәуіріне жататыны болашағы бар екендігі анықталды. 1973-1975 жылдары бөлшекті сейсмозерттеу жүмыстар (МОВ) Жыланшы мұнай газ ауданында үлкен кен орны бар екендігі анықталды.

1976-1981 жылдарда оңтүстік Торғай өңірінде геологиялық зерттеу жүргізілген жоқ.

1982 жылы «Актюбенефтегаз геология» . ПГО бекіткен жоба бойынша алдынала есептеліп дайындалған (КМПВ) профильдік структуралық бұрғылау басталды. Бұрғылаудың алдына негізгі Қойған мақсаты 2000 метр тереңдікке дейін ұңғылау арқылы кен орнының регионалды геологиялық кұрлысын анықтау болды.

1983 жылы жоғарыда айтылған жоспарды іске асыру нәтижесінде 1п-Арысқұм ұңғысы бұрғылана бастады. Аймақты сейсмопрофиль-деуден кейін 2п-Арысқұм ұңғысы бұрғыланды. Сонымен қатар Арыскұм мұнай аймағындағы профиль структура бұрғылау жалғастырылды.

1984-1985 жылдардағы геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде Құмкөл кен орнында төменгі неоком мен жоғарғы және ортаңғы юра қабаттарында мұнай кеніштері бар екендігі анықталды.

1985 жылы Тұрлан геологиялық барлау экспедициясы мен Құмкөл кен орнының солтүстікке қарай жаңа саты анықталды оны кейін солтүстік Құмкөл сатысы деп атады. Кейінгі бұрғылау нәтижесінде осы саты Құмкөлдің солтүстік синклиналды жалғасы екендігі мәлім болды.

1986 жылы Құмкөл кен орнының орталық бөлігінің барлау жұмыстары негізінен аяқталды. Сол себептерден геологиялық барлау жұмыстар кен орнының солтүстік бөлігіне ауысты.

1987жылы солтүстік, шығыс, батыс аймақтарының құрылымы жақтыланып, кен орнына шекаралас жатқан бөліктердің өнімділігі анықталды.

Қазіргі кезде Құмкөл кен орны ПетроКазақстан компаниясымен игерілуде. Мұнай фонтандық және штангілі терең сорапты тәсілдермен өндіріледі.
Тағы рефераттар