Кикілжің жағдайына байланысты мінез-құлық стильдерінің ерекшеліктері туралы қазақша реферат

Кикілжіңдік жағдайға түскенде оны эффективті анықтау және шешу үшін кикілжің жағдайына байланысты мінез-құлық стилін, кикілжіңге түскен басқа адамдардың стильдерін, сонымен бірге кикілжіңнің табиғатын анықтап алу қажет.

Кикілжіңді шешудің бес негізгі стильдері бар. Олар Томас-Килменн әдісі деп аталатын жүйенің негізіне салынған бағдарламаларда бейнеленген және кеңінен қолданылған ( 1972 жылы Кеннет У.Томас және Ральф Х.Килменнмен өңделген). Жүйе әрбір адамға кикілжің жағдайы барысында өзінің жеке мінез-құлық стилін анықтауға көмектеседі. Кикілжің жағдайына байланысты көрсететін мінез-құлықтың негізгі стильдері, екі немесе одан да көп кикілжіңдесуші жақтардың қызығышылықтарының сәйкес келмеуінен пайда болатын кезкелген кикілжіңнің жалпы себебімен тығыз байланысты.[12]

Сіздің белгілі бір кикілжің жағдайдағы көрсететін мінез-құлық стиліңіз өзіңіздің жеке бастық қызығушылықтарыңызды (белсенді немесе енжарлы әрекет ете) және екінші жақтың қызығушылықтарын (бірігіп немесе жеке әрекет ете) қанағаттандыру шегімен анықталады. Егер де графикалық түрде бейнелейтін болсақ, онда кикілжіңді шешетін бес негізгі стильдердің әрқайсысының атауын және алатын орнын анықтайтын Томас-Килменн торын аламыз.

3-кесте

Кикілжің жағдайына байланысты мінез-құлық стильдерін анықтайтын Томас-Килменн торы

Өзіңіздің жеке қызығушылықтарыңызды қанағаттандыруға тырысатын іс-әрекетіңіз

Қарсыластық стилі

———-

Бірлестік стилі

Белсенді әрекеттер

———-

Компромисс стилі

———

Кикілжіңнен кетіп қалу стилі

————

Бейімделу стилі

Енжарлы әрекеттер

Жеке әрекеттесу

Бірігіп әрекеттесу

 Бұл тор өзіңіздің және кезкелген басқа адамның стилін анықтауға көмектеседі. Алдымен белсенді және енжарлы әрекеттер деп белгілеп қойған жақтан бастаңыз. Егер сіздің реакцияңыз енжарлы болса, онда сіз кикілжіңнен шығуға тырысасыз; ал егер де белсенді болса, онда сіз оны шешуге талпынасыз. Мұндай бағалауды өзіңізге және кикілжіңдесуші екінші жаққа да қолдансаңыз болады. Тордың жоғарғы жағы бірігіп әрекеттесуге жатады. Егер де сіз бірігіп әрекеттесуді қаласаңыз, онда сіз кикілжіңді кикілжіңдесуші адаммен немесе кикілжіңге қатысушы адамдар тобымен бірігіп шешуге тырысасыз. Ал жеке әрекеттесуді қаласаңыз, онда мәселені шешудің өз жолын іздейсіз.

Тордың екі бөлігін біріктіргенде, ортасындағы компромисс стилімен қоса бес стильден тұратын матрицаны аласыз. Ол бірдей деңгейде кооперативті және индивидуалды, сонымен бірге енжарлы және белсенді мінез-құлықты қамтиды. Егер де әртүрлі стильдерге мұқият қарасаңыз, әдетте өзіңіздің кикілжің жағдайларда қолданатын стильді тануыңыз мүмкін; сонымен қатар сізбен байланысты адамдардың әдетте қолданатын стильдерін де анықтай аласыз. Бірақ белгілі бір жағдайда сіз басқа стильді қалауыңыз мүмкін. Әрбір адам қандай да бір деңгейде осы стильдердің барлығын қолдануы мүмкін, бірақ әдетте әрбір адам приоритеттісін қолданады. Төменде аталған стильдердің бәріне қысқаша сипаттама берілген және соңында олардың әрқайсысын қолдану тәсілдері көрсетілген.
Тағы рефераттар