Қоғамдық және мемлекеттік құрылыс туралы қазақша реферат

Ежелгі Египет (Мысыр) мемлекетінің қоғамдық және мемлекеттік құрылысы. Ежелгі Египет тұрғындары негізінен жер өңдеумен және мал өсірумен айналысқан.

Египет қоғамының жоғарғы қабатында перғаун, жрецдер, шенеуніктер және әскери беделділер тұрды. Египетте қалыптасқан  көптеген культтерге байланысты жрецдер  топтарға бөлінген. Әр топтың басында барлық билікті басқарушы жоғарғы жрец тұрды. Перғаун ең жоғарғы мемлекеттік билік иесі. Оның қарамағында кеніштер, тас қашайтын орындар, сыртқы саудалар шоғырландырылды. Оның бұйрығымен су қойма, сарайлар және табыттар салынды. Перғауынның бірінші көмекшісі уәзір мемлекеттік мекемелерді, шіркеулерді басқарды, әскерге адамдар жинады және жоғарғы сот билігін атқарды.

Перғауынның жанында бас вельможа және орталық басқарманы басқарушы сановник (джати). Мемлекет механизмі жүйесінде көрнекі орынды жрецдер алды. Ежелгі Египетте заң шығарушы, атқарушы және сот билігі өзара бөлінбеген болды. Тутмос ІІІ кезінде үш везир үшін құрастырылған инструкцияда (текст фиван  мәйіт сақтаушысының қабырғасынды сақталынған) және басқа да деректер бойынша визирдің өкілеттілігі мен қызмет көлемі өте кең болған.

Ежелгі Египетте визерден басқа да лауазымды тұлғалар болды, олардың ішінде маңыздылары – мөр сақтаушы немесе бас қазынашы еді. Оны “Төменгі Египет патшасының қазынашысы ” деп атады, әрине Египетте дамыған мағынада қазына сөзі болған жоқ, өйткені салық натуралды түрде төленді.

Сонымен қатар патша архитекторының және дербес тұрғындарға жүктелген тағзым етуін орындауды қадағалау лауазымына ие болған  патшаның барлық жұмысы басшысының рөлі жоғары болды. Ежелгі Египетте іс жүргізуі дамыған үлкен чиновниктер аппараты құрылды, ондағы көптеген құжаттар чиновниктердің жемқорлықпен айналысқаны, заңсыздықтың және еріктіліктің болғаны жайында куәландырады.

Вавилон мемлекетінің қоғамдық және мемлекеттік құрылысы. Ежелгі вавилон қоғамының жалпы құрылымы египет қоғамына ұқсас. Яғни, вавилон қоғамының ерекшелігі ірі жер иеленушілер мен құлиеленушілердің молайуы нәтижесінде мемлекеттің пайда болуы және патша құқығының күшеюі. Шіркеу жерлерінің мемлекеттікке көшуі, қауымдық жерлерді сатып алу және жаулап алу нәтижесінде патшаның жер қоры ұлғайды. Сонымен қоса, патша жер қорының және жеке меншік жердің көбейуіне қарамастан жер өңдеудің ирригациялық жүйесіне негізделген қауымдық құрылымының сақталуы қоғамның ерекшелігін танытады.

Вавилонның басқа қоғамдардан ерекшелігі, ондағы ерікті адамдардың екі категорияға бөлінуі. Олар “күйеудің балалары”-авилум (немесе басқаша,”адам баласы”) бұлардың толыққанды азамат екендігін білдірді. Басқалары-мушкенум (“шукену”деген сөзден шығып, жоғары тұлғаға бас ию деген мағына береді).

Барлық мемлекет облыстарға бөлінген, әр облыс басында патша тағайындаған (наместниктер) тұрды. Сонымен қатар Хаммурапи кезінде екі басты наместник – солтүстікте Сиппар қаласында және оңтүстігінде Ларс қаласында тағайындалған. Олардың негізгі жұмысы ирригациялық қаруландыруды және жаңа каналдарды қазуды қадағалау, осы жұмыстарға жергілікті тұрғындарды тартты. Сондай-ақ патша кірісін жинау және патшаға жеткізуді қадағалады, қоғамдық тәртіпті сақтауда полиция қызметін атқарды.

Ежелгі вавилон мемлекетінде қауымдық басқару органы сақталған. Қауымдық басқарудың органы қауымдық кеңес болды, бірақ оның басшысы болып патшамен тағайындалған-рабианум есептелді. Қауымдық кеңесті жүргізуде бөлінбеген қауымдық жерлерді басқару, жер және суды пайдаланудағы келіспеушіліктерді шешу, салық жинау,патша бұйрықтарының  орындалуын қадағалау қарастырылды. Қауым жеке жағдайларда оның территориясында жасалған қылмыс үшін ұжыммен жауап берді.

Вавилонда сот билігі басқа ежелгі шығыс мемлекеттері сияқты әкімшіліктен ажыратылмаған болған. Сот қызметі сонымен қатар, сот алқасына төрелік етуші “ жергілікті әкімнің ” “рабианумның” қолында болған.

Ежелгі Қытай мемлекетінің қоғамдық және  мемлекеттік құрылысы. Инь мемлекеті рулық тайпалықтан басқа территориялық жағынан бөлінбеген. Мемлекетті ван басқарған. Ол басқа жерлерге жорықтар ұйымдастырып тұрған. Оған бағындырылған тайпалар салық төлеп, әскерге адамдар беріп отырған және Шан қаласына үнемі келіп отыру міндетті болған. Ван сонымен бірге елдегі жоғарғы абыз да болып есептелген.

Шань қоғамының маңызды орталығы Аньян қаласы. Бұл кезеңнен бізге қалған деректі мұра-киіз кітап мұражайы, хайуандардың жауырын сүйектеріне және тасбақаның тас қабығына жазылған 100000 жазуы бар Инь оракулы, мәлімет бойынша абыздар оның ішіне 41000 жазу жариялаған дейді. Бұл жауырын мен тас қабықтарды бал ашуға пайдаланған.

Үкіметті де, шіркеу шаруашылығын да  және дала шаруасын да Ван басқарған. Ван аспанның баласы, ол тағын балаларына мұрагерлікпен бере алған, әскери қол басшы қызметін қоса атқарған. Оның билігі шексіз, айтқан бұйрығын орындамаған адамдардың басын шауып тастаған.

Ванның көмекшілері болатын, олардың қатарына жоғарғы вельможа-цзай, нәйши, сот қызметкерлері, жоғары абыз, хатшылар кіретін. Қытайдың мемлекеттік басқару аппараты иерархиялық қағидаға негізделген, қызметкерлері 20 жуық рангіге бөлінген. Лауазымды тұлғаларды атқаратын қызметтеріне байланысты үш топқа бөлген. Ванға көмектесетін әртүрлі әкімшілік қызметтерді орындаушыларды азаматтық лауазымды тұлғалар деп бірінші категорияға жатықызған. Екінші категорияға әскери лауазым иелерін енгізеді. Үшінші категорияға барлық балгерлерді, көріпкелдерді және т.б. көмекшілерді жатқызады.

Қытай қоғамында жергілікті көсемдерді чжухау деп атаған. Олардың 8 рангісі болған. Чжухоу Ван сарайына тұрақты келіп есеп беріп тұруға және оның әмірлерін орындауға міндетті. Жергілікті халықтан алым-салық жинауды чжухау жүзеге асырады.

Шаньда тұрақты әскер болған жоқ, чжухоу 3000, 5000, 6000 сарбаздардан тұратын жасақтар дайындайтын. Сарбаздар қола қару жарақтармен жабдықталған. Олар атты және жаяу әскер болып екіге бөлінген.

Чжоу мемлекеті (б.э.д. ХІІ-ІІІ ғғ.). Чжоу әулетінің басқарган кезі үш кезеңге бөлінді: Батыс Чжоу кезеңі (б.э.д. 1122-742 жж.), Шығыс чжоу кезеңі (б.э.д. 770-403 жж.), «күрескен патшалықтар» (б.э.д. 403-221 жж.).

Чжоу мемлекетінің қоғамдық құрылысына келсек, үстемдік билік құлиеленуші аристократтардың қолында болған. Аристократтар тобына чжоу мұрагерлік тобы және әскери біліктілер, сонымен қоса чжоу аристократтарының сенімін ақтаған инь аристократтары жатады:-Ван-адамдар ішіндегі ерекше адам; — Чжухоу провинцияларды мұраланушылар немесе чжоу ақсүйектерінің өкілдері; — Дафу — ру-тайпа көсемдері; — Ши – үлкен семья басшылары. Қалған адамдар қарапайым халық деп саналған.

Әрбір топтағылар киімі ішетін тамағы, малдары мен құлдардың саны, тіпті өлгенде жерленетін мола-қабірлеріне дейін бір-бірінен ерекшеленіп, олардың қай топқа жататындығын көрсетіп отырған. Чжоу кезеңінің деректері «киім дәрежеден, ал байлық сыйлық көлемімен анықталу керек» деген қағиданы ұстанған. Жер мемлекеттің меншігінде, яғни Ван жерді толығымен билеген. Сонымен қоса ірі жериеленушіліктер дами бастады. Бізге жеткен деректер бойынша жерден айыруға, жалға беруге, кепілге қалдыруға болды.

Мықты орталықтанған Цинь мемлекеттің пайда болуына мемлекет сановнигі Шан Ян реформасы әсерін тигізді. Мемлекетті күшейту туралы реформалар жөніндегі алғашқы бұйрықтарды Шан Ян б.э.д. 359 жылы дайындады. Онда:1. Тұрғындарды жаңа территориялық бөліністерге – «бестік» және «ондық» семьяларға бөлу.  2. Ата-аналарымен бір семьяда тұрып жатқан екі ер жеткен балалы адамдарды жазалау. 3. Әскери еңбегінсіз құрметтеу мен қанды кекке тыйым салу. 4. Егін шаруашылығы және тоқыма кәсібімен шұғылданатындарды қолдау. 5. Әскерге еңбегі сіңбеген мұрагерлік ақсүйектердің артықшылық құқықтарын жою жарияланды.

Шан Ян әкімшілік реформасы бойынша, бұрынғы патша шекарасын бұзып, территорияны 36 облысқа бөлді. Облыс уездерге, уездер болыстарға, болыстар тиндерге (ең төменгі әкімшілік бөлініс) бөлінген. Әр облыстың басында азаматтық және әскери билікті жүзеге асыратын екі басқарушы отырды, оларды Астанадан император лауазымға сайлаған, кез келген уақытта биліктен босата алады. Бұл кезде мемлекеттік шенеуніктер үшін талап өте қатал еді, кішігірім қате жібергені үшін ауыр жазаға тартылатын. Бұрынғы аристократиялық титулдар жойылды. Біліктілер қатарына қосылу үшін байлық пен мемлекетке сіңірген еңбегін баға-ланатын. Осы кездегі мемлекеттік аппарат өзінің күрделігімен, ауқымдылығымен ерекшеленді. Аталмыш реформа ерте Қытай мемлекетін біршама біріктіріп ұстады. Бірақ, терең әлеуметтік қайшылықтардың нәтижесінде көтерілістер шығып, мемлекеттің саяси жағдайын өте тұрақсыздандырды. Б.э.д. 209 жылғы көтеріліс Цинь монархиясының ыдырауына әкеп соқты. Оның орнына билікке Хань әулеті келді. Жаңа әулеттің негізін қалаушы ауыл старостасы, көтеріліс жетекшісі Лю Бан.

Ежелгі Үнді мемлекетінің қоғамдық құрылысы. Алғашқы қауымдық құрылыстың бөлінуіне, қоғамдық және мүліктік теңсіздікке байланысты варналар құрылды. Варналар таптық қоғамға дейін пайда болып, таптық қоғамда жария бекітілді. Кейін, тең құқылылар топтарға, ал тең еместер өздерінің қоғамдық дәрежелеріне қарай және құқықтары мен міндеттеріне байланысты бөліне бастады. Некелер тек өз варналарында  ғана қиылуға рұхсат етілді, яғни қатаң эндогамдық талап қойылды; белгілі қәсіп мұрагерлікпен бекітілді; бір құдайға бас иеді. Сөйтіп, варналар сапалық өзгеріске ұшырады, яғни тұйық топтарға (каста) айналды. Кастаға жатқызылу адамның тумысынан белгілі болған және мұраланады. Әлеуметтік, экономикалық және идеологиялық сипаттағы факторлар Үндістанда өз ерекшелігі бар әлеуметтік құрылымның пайда болуына, нығайуына және сақталуына ұйытқы болды.

Үнді деректері, жекелеп алсақ «Ману заңы» варналарға мынадай сипаттама береді: брахмандар – абыздар тайпасы мүшелері, кшатрии — әскери      аристократия, вайшья – қатардағы шаруалар, шудра – құқығы жоқ қоғам мүшелері енген. Брахмандар абыздардың функциясын атқарған және құдіретті ілімді менгергендер, қоғамда құрметті  орынға ие болған. Оларды  «авадхья» — қолсұғылмайтындар деп таныған. Шудра варнасының пайда болуы соғыстармен және қоғамдық, мүліктік теңсіздіктің күшеюімен байланыстырады. Өйткені, осының нәтижесінде қауым мүшелері емес көптеген адамдар пайда болды,  оларды шудра деп атаған. Қауымға келген келімсектер қауымның толыққанды мүшелері сияқты құқыққа ие бола алмады. Олар қоғамдық жұмыстарды шешуге кіріспейді, қауымдық жиналыстарда қатыспайды; «екінші рет дүнииеге келу» атты құдіретті жораны өтпейді, демек шудралардан басқа ерікті қауым мүшелері  «екінші рет туылған» (двиджати) деп саналған. Ал, ең төменгі төртінші варна, бір ғана рет туылған шудралар деп есептелген.

Ежелгі Үнді мемлекетінің мемлекеттік құрылымы. Магадхско- Маурийлер дәуірі монархиялық биліктің күшеюмен және тайпалық басқару институттарының ролінің құлауымен мінезделеді. Мемлекеттің негізгі тұғыры  —  патша.  Мұрагерлік принципі өте қатаң түрде сақталған.   Патша тірі кезінде өзінің мұрагерін тағайындаған.

Маурийлер дәуірінде «чакраввартина»  концепциясы қалыптасты – бұл  бүкіл территорияда жалғыз басқарушының билік етуі.

Маурий патшасы мемлекеттің аппаратының басшысы және заңшығарушы билігін иемденген.  Эдиктілер патша атынан  және рұқсатымен шығарылады. Ол өзі ірі мемлекеттік шенеуніктерді қызметке тағайындаған және  әкімшіліктің басшысы, жоғарғы соттың судьясы лауазымына ие болған.  Сонымен қоса, саны жағынан көп  әскердің әскерибасшысы.

Көптеген  патшаға қарсы ұйымдастырылған сөз байласуларға  байланысты патшаның қүзетіне ерекше көңіл аударылған.

Патша сарайында әйгілі брахман әулетінен шыққан патша абызы үлкен рольге ие болған.

Патша сановниктерінің кеңесі – паришад – бұрыннан бері пайда болған, бірақ Маурий дәуірінде  саяси кеңестің функцияларын иемденіп, маңызы арта түсті. Ол  барлық басқару жүйесіне тексеріс жүргізген және патшаның бұйрықтарын орындаған. Паришадтан басқа сенімді адамдардан тұратын құпиялы кеңес болған.

Паришад саяси орган ретінде – билеушінің абсолютті билігін шектейтін және өзіндік үстемдігін сақтауға ұмтылған  әскери және абыздар біліктілерінен құрылған.

Маурийлер дәуірінде мемлекет территориясы провинцияларға бөлінген. Төрт басты провинцияларының басында царевичтер отырған. Бұл провинциялар ерекше мәртебеге, сонымен қоса кіші автономияға ие болған. Жергілікті шенеуніктердің жұмысын тексеру үшін царевичтер өзінің басқару территориясына арнайы инспекторларды жіберіп отырған.

Басты провинцияларға бөлінгеннен басқа, қарапайым провинцияларға (джанападтарға),  облыстарға (прадештер), округке (ахале) бөлінген. Провинциалдық басқарудың төменгі әкімшілік бірлігі- ауыл.

Джанапад басында үлкен мемлекеттік шенеуніктер  — раджуктар тұрды. Округтың басты қалаларында кеңселер болды, бүкіл үкімдер сол жерден жіберілетін.

Шекараны қорғайтын арнайы шенеуніктер жоғары дәрежеге ие болған.

Мемлекетте жалпы империялық басқару жүйесіне енетін, ескі саяси ұйымдарын  сақтаған автономиялық, тәуелсіз полистер сақталған.


Тағы рефераттар