Мазмұны:
Кіріспе

1.    Коммерциялық банктердің жіктелуі.
2.    Коммерциялық банктердің операциялары және қызметтері.
3.    Коммерциялық банктердің  пассив операциялары және оның түрлері.
4.    Коммерциялық банктердің  актив операциялары және оның түрлері.
5.    Коммерциялық банктердің шығындары мен табыстары.
6.    Коммерциялық банктердің несиелік жүйесі.

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер.

 КІРІСПЕ

Қазіргі коммерциялық банктер – бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер деп бұл жерде  ҚР-дағы екінші деңгейдегі  банктер туралы айтылып отыр.

Коммерциялық банктер  мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

  1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:

—         мемлекеттік;

—         акционерлік;

—         жеке;

—         пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);

—         аралас (шетел капиталының қатысуымен).

  1. Операцияларының түрлеріне қарай:

—         әмбебап, яғни экономиканың барлық  салаларына бірдей және кең көлемді банктік қызмет  көрсететін банктер;

—         маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;

  1. Аумақтық белгісіне қарай:

—         халықаралық;

—         мемлекетаралық;

—         ұлттық;

—         аймақтық;

  1. Салалық белгісіне қарай:

—         өнеркәсіптік банктер;

—         сауда банктері;

—         ауыл шаруашылық банктері;

—         құрылыс банктері;

—         басқа.

  1. Филиалдар санына қарай:

—         филиалсыз;

—         көп филиалды.

Акционерлік банктердің жарғылық капиталы шығаратын акцияларын сатудан түсетін  түсімдерден құралады. Акциялар екі түрге бөлінеді: жай және артықшылығы бар.

Жай акция – оның иелерінің сол қоғамдық  басқару ісіне араласуына, оның пайдасына қарай дивиденд алып отыруға құқық береді.

Ал артықшылығы бар акция  — оның иесіне қоғамды басқаруға қатысуына құқық бермегенмен, уақытылы, яғни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға, қоғам банкроттыққа ұшыраған жағдайларда жай акция иесінен бұрын  қоғамға қосқан өз үлесін  алуға құқық береді.

курстық жұмыс / 30 бет


Тағы рефераттар