Коммуналдық мүлікті басқару туралы қазақша реферат

Коммуналдық меншіктегі объектілерге түгендеу жүргізілді, онда 2006 жылдың сәуірінен бастап маусымы бойынша 24 бюджеттік бағдарлама әкімшісі, қалалар мен аудандардың 18 әкімдігі қамтылды.

Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі объектілер тізбесі бекітілді. 2007 жылы аукциондар мен тендерлерде 55 объектіні іске асыру жоспарлануда.

2006 жылы коммуналдық меншіктегі объектілерді мүліктік жалға беруден облыс бюджетіне  жоспардағы 56,5 млн. теңге орнына 62,7 млн. теңге түсті, бұл жоспарға 110,9 пайызды құрайды. (2005 жылы мүліктік жалға беруден жоспардағы 67,5 млн. теңгенің орнына  72,5 млн. теңге  түсті, жоспар 107,3 пайызға орындалды).

Облыс бойынша 2007 жылдың 1 қаңтарына 86,3 мың шаршы метр алаңға мүліктік жалға алуға 1190 шартқа отырылды.

2006 жылдың  соңында жойылған және қайта құрылған ұйымдарды есепке алғанда    заңды тұлғалар саны өзгерді , барлығы 1616, ММ – 1238,  КМҚК -308, КМК -49, АҚ, ЖШС мемлекеттік үлес қатысуымен – 21. Коммуналдық меншіктегі мүліктердің нақты активтер сомасы анықталды, қалған сомасы 11 млрд. теңгеден артықты құрайды. Жоюға жататын негізгі қаражат  сомасы 1122,6 млн. теңге.

2006 жылы 12 сауда өткізілді (6 аукцион және 6 тендер). Есеп беру кезеңінде барлығы  коммуналдық меншіктегі 14 объект сатылды. Коммуналдық меншік объектілерін сатудан облыс бюджетіне жоспардағы 80,4 млн. теңгенің орнына  81,7 млн. теңге ақшалай қаражат түсті, бұл жоспарға 101,5 пайызды құрайды.
Тағы рефераттар