Конфуций мектебі туралы қазақша реферат

Конфуцийшылдық. Бұл философиялық ағымның пайда болуы және қалыптасуы осы ағымның негізін қалаушы Кун-фуц-зы, оның ізбасарлары Мэн-цзы жөне Сюнь-цзының есімдерімен тығыз байланысты.

Кун-фу-цзы (б.д.д. 551—479 жж.) кедейленген ақсүйек әскер-басы отбасында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айрылған ол тек 15 жасында ғана білімге құштарлық тынытады, ал 50 жасында өз мектебін қалыптастырады. Оның көптеген ізбасарлары болған. Олар ұстазының және өздерінің ой-пікірлерін, қағидалары мен тұжырымдарын жинақтап, «Әңгімелер мен пікірлер» («Лунь юй») деген конфуцийшылдық ілімнің негізі шығармасын дүниеге келтірді. Қытайлықтардың көптеген ұрпақтары бұл кітапты үлгі тұтып, басшылыққа алған.

Кун-фу-цзының ілімінше, ең жоғары жаратушы күш — Аспан, ол жерде әділеттілік болуын қадағалап отырады. Ал қоғамдағы теңсіздік, әртүрлі сатыдағы топтардың болуы — ол әділеттілік. Олай болса, Аспан (Көк) осы теңсіздікті қорғайды. Кун-фу-цзы өзінің ілімін аспан денелерінің заңдылықтарын немесе бабалар рухын зерттеуге арнамайды. «Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан білеміз», — деуінің өзі осыған айғақ.

Керісінше, оның қарастыратын негізгі мәселесі — адамдар арасындағы қарым-қатынас, тәрбие мәселелері. Осыған орай, ол мынадай ұғымдарға көбірек көңіл беледі: «тең орта», «адамгершілік» және «өзара сүйіспеншілік». Осы үш үғым бірігіп, «дао» (дүрыс жол) құрайды. Әр адам осы даоның жолымен өмір сүруі қажет.

«Тең орта» — адамдардың сабырсыздық пен сақтықтың арасындағы іс-әрекеті. Өмірде мүндай «ортаны» ұстап, іс-әрекет жасау оңай емес, себебі адамдардың көпшілігі сабырсыздық көрсетсе, бір тобы тым сақ келеді.

Ал адамгершіліктің негізі — «жэнь» — «ата-анасын құрметтеу және үлкен ағаларын сыйлау», жалпы алғанда, үлкендерді сыйлау. Кім де кім шын жүректен адамгершілікке ұмтылса, ол еш уақытта жамандық жасамайды. Ал «өзара сүйіспеншілік» арқылы қарым-қатынас — конфуцийшылдық әдептілік туралы ілімінің негізгі өзекті ұғымы. Бұл әдептілік қағидасы, бір сөзбен айтқанда, «озің қаламайтын нәрсені басқа біреуге жасама» дегенге сайып келеді. Аталған әдептілік қағидаларын «текті адамдар» (цзюнь-цзы) ғана басшылыққа алып, іс-әрекет жасайды.

Конфуцийшылдар өздерінің шығармаларының көбінде осы «текті адамдарға» қарапайым адамдарды қарсы қояды. «Текті адам» — заң мен парызды басшылыққа алса, қарапайым адам қалай тиімді орналасып, пайда тапсам деп ойлайды; «текті адамға» үлкен маңызды шаруалар тапсыруға болса, қарапайым адамға ондай тапсырма бере алмайсың, оларға тек қана ұсақ-түйек тапсыруға болады; «текті адам» басқалармен келісімді жағдайда өмір сүрсе де, олардың артынан ермейді, озінің жолын ұстайды, ал қарапайым адам жұртпен келісімді өмір сүрмесе де, солардың айтқанын істеп, артында жүруге дайын тұрады, т.б.

«Текті адам» тек қана этикалық үғым емес, ол саяси ұғым да. Ол халықты басқарады. Ал басқарудың негізгі қайнар көзі — басшының оз басының әдептілік қасиеттерін озінен төмен тұрғандарға мысал ретінде көрсету. Егер басшылар «дао» жолымен жүрсе, онда халық оларға қарсы келмейді.

Кун-фу-цзы барлық нәрсе өзгерісте болады, уақыт тоқтамай өтіп жатады десе де, қоғамдық өмірге келгенде, ондағы қалыптасқан жағдайлар қаз қалпында дамуы керек деп есептейді. Сондықтан билеуші — билеуші, шенеунік — шенеунік, әке — әке, ал бала — бала болып, аттарына байланысты емес, шын мәнінде қалулары керек. Ал оларда күтпеген жерде кездейсоқ өзгеріс бола қалса, ол тез арада ез қалпьша келуі керек. Билеуші — әке, халқы — оның балалары. Осы тұрғыдан мемлекет басқарылуы керек. Демек, «білу дегеніміз — табиғатты емес, адамдарды танып-білу» деп есептейді. Кейбір адамдарға «туа біткен білім» тән болғандықтан, олар басқалардан жоғарырақ тұрады. Олардан кейін білімді оқу арқылы алғаңдар түрады. Оқу, білу тандамалы түрде болуы керек. Оқығанда тек өмірде керекті, ең дұрыс деген қағидаларды білу керек, қалғандарынан аулақ болу қажет. Білу дегеніміз — тек қана өзіміз білмейтінді үйреніп, білу емес, сонымен қатар зерттеп отырған мәселелерді жан-жақты қарастыру тәсілі.

Мэн-цзы (б.д.д. 372—289 жж.) — Кун-фу-цзының ілімін әрі қарай жалғастыра отырып, Аспан (Көк) — объективтік қажеттілік, тағдыр ретінде жақсылықты қорғайды дей отырып, аспаннның еркі адамдардың жігер-еркі арқылы көрінеді деген пікір айтады. Осыдан келіп, ол: «Адамның табиғаты тек жақсылықтан жаратылған. Олай болса, ван (билеуші) халықты өз баласындай сүйсе, халық оны әкесінен жақсы көруі керек» деген тұжырым жасайды.

Сюнь-цзы(б.д.д. 313 ж. — белгісіз) Аспан мен жерді барлық денелердің шығу тегі ретінде мойыңдаса да, тағдырды Аспанның жігер-еркі ретінде мойындамайды. Оның пікірінше, Аспанды қастерлеп, ол туралы ойланып отырғаннан горі керекті заттарды көбейтіп, Аспанның өзін бағындырған дұрыс.

Әлем өзінің табиғи заңдылықтырымен өмір сүреді, оны зерттеп, сырын ұқсаң, өз қажетіңе жаратуға болады. Олай болса, бақытты немесе бақытсыз, бай немесе қайыршы болу адамдардың өзіне байланысты. Жалпы, адамдар табиғатынан зұлым, қызғаншақ, дүниеқоңыз болып туады. Тәрбие арқылы адамдарды адамгершілікке баулып, оның табиғатын өзгертуге болады. Ал адамдар өз тарапынан өзін өзі жетілдіруге құлшынуы тиіс.
Тағы рефераттар