Қор биржасы деген бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын негізгі нарық орны. Қор биржаларында ірі банктер қожалық етеді. «Биржа» деген термин ежелгі грек сөзі — «бурзэ», яғни әмиян деген мағынаны аңғартады. Алғашқы қор биржасы XVIғ. Голландияда бағалы қағаздар (облигация, содан кейін акция) шығару және сату үшін пайда болған. Ал XVII ғ. биржалар тауар және қор биржасы болып бөліне бастады. Қор биржаларының ең кең түрде дамыған кезі капитализмнің монополизм сатысына өту кезі, яғни XX ғ. бас кезі. Ол уақытта қор биржаларының негізгі операциялары өндіріс кэсіпорындарының акцияларын шығару және сату болды. Биржа өнеркөсіп циклын және жалпы елдің экономикасы мен саясатындағы өзгерістерді қадағалап отыратын барометр сияқты. Сондықтан қор биржасы өнеркәсіптің өрістеу фазасында экономиканың өсуіне, ал дағдарыс фазасында оның баяулауына себепші болады.

Қор биржасыбұл сауда- саттықтардың ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз ету қызыметін оларды тікелей сауда- саттықтың дәл осы  ұйымдастырушысының сауда жүйелерін пайдалана отырып өткізу жолымен жүзеге асыратын, АҚ- тың ұйымдық құықтық түрінде құрылған заңды тұлға (2003  ж. шілденің 2- інде №  461-II “Бағалы қағаздар нарығы туралы ” ҚР Заңы 1- бабында 44- тармағы). Қор биржасының айрықша өзгешеліктері ретінде оның коммерциялық емес ұйым болып табылатындығын айтуға болады (коммерциялық емес ұйымдардың ұйымдық- құықтық түрдегі АҚ- ын құру мүмкіндігі 2003 ж. мамырдың 13- індегі №  415- II “Акционерлік қоғамдар туралы” ҚР Заңы 3- бабы, 3- тармағында көзделген). Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының ағымдағы жағдайын, экономиканың өтпелі кезеңдегі жалпы жағдайымен байланысты дағдарысты деп сипаттауға болады. Бағалы қағаздар нарығы – бұл жалпы нарықтар сияқты экономика-ның жан-жақты дамуынсыз толыққанды түрде қызмет ете алмайтын нарықтың бір сегменті. Қор нарығының жағдайы бірқатар факторларға байланысты, соның ішінде ең басты ролді инфляция қарқыны алады. Өндірістің құлдырауы және бағаның өсуі тұсыныда қор нарығының көптеген артық-шылыктары жарамсыз болып қалады.

Барлық қиын жағдайда да қор нарығының инвестициялық процестегі рөлі арта түсуде. Бүл ең бастысы күрделі калитал жұмсалымын каржыландыруға арналған ресурстарға деген қажеттіліктен туындайтын кәсіпорындарды акционерлеумен байланысты. Қор нарығы арқылы жүзеге асырылатын өндіріске және инфрақұрылымға шетел инвестицияларын тарту үшін қолайлы база жасалуы қажет.

Сондай-ақ әр түрлі бюджеттен тыс қорлар да құрылады. Қаражат жинақтау шамасына қарай, олар қаражаттарын бағалы қағаздарға инвестициялайды.
Осындай және басқа да факторлар кор нарығын инвестициялауға арналған каражат жинақтау жолдары ретінде арттырудың потенциалды мүмкіндіктерін көрсетеді.

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының даму болашағы үшін ресурстарды жинақтау (материалдық база, адамдарды окыту, заңдарды шығару, технология және ақпараттық база және т.б.) сұрақтарын ғана қамтып қоймай, сондай-ақ нарыққа өту барысында туындаған макроэкономикалық мәселелердің стратегиялық шешімін және талдауды қамтитын бағалы қағаздар нарығын дамытудың ұзақ мерзімді саясаты болуы керек.
Мұндай әрекет ету бағадарламасының мемлекеттік деңгейде, оның қаржы саясаты аясында жасалады деп күтуге болмайды. Мемлекеттің фискальдық мүддесі, оның құрылымдары арасындағы қарама-қайшылық, бұл міндетті шешуге мүмкіндік жасамайды. Міне сондықтан да, жанадан құрылыған бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатынасушыларының бірігуімен жасалатын қаржы тұрақтылығына және өндірістің дамуына дейін биржалардың, брокерлік фирмалардын және т.б. ұзақ мерзімді мүдделерін қамтамасыз ететін стратегияның болуының маңызы зор.

Қолданылған әдебиеттер: 

1)    С. П. Мороз “Кәсіпкерлік шаруашылық”, Алматы 2007 ж.  “Бастау ”баспасы;

2)    Б.Жүнісов, Ұ.Мәмбетов, Ү. Байжомартов “Нарықтық экономика негіздері»”Алматы 1994 ж.;

3)    К.З.Хамитова «Экономика және кәсіпкерлік негіздері» Астана 2007 ж.;

4)    Н.Қ. Мамыров, М.Ә.Тілеужанова «Макроэкономика» Алматы «Экономика» 2003 ж.
Тағы рефераттар