Космодром Байқонырдың табиғатқа әсері туралы қазақша реферат

Тағдырдың тәлкегі ме, қайдам, қазақтың тұңғыш ғарышкрінің кіндік қаны тамған жерге тек қана «Протон» зымыран-жеткізгіштер сериясы пайдаланатын аса улы гептил газының 43 тоннасы бей-берекет төгілсе керек. Алдын ала есептеуге қарағанда, оысншама мөлшерде тек топырқаққа «сіңірген» сұйық тыңайтқыш» Арқа өңірінің шұрайлы 6 мың шаршы км аумағы 3 мың жылға дейін кәдеге аспайтын көрінеді. Оны елге жария етіп жатқан тірі жан жоқ.

Ал төтенше жағдай бойынша аудандық штабтың мәліметіне жүгінсек, 950 гектарға жуық жерді өрт шалған. Оның ішінде 500 гектар шабындық бар. Төтенше жағдайдың аудандық қызметінің бағалауынша, мапаттың салған лаңын жою үшін алғашқы кезекте 3198000 теңге қажет екен. Жалпы материалдық шығын 15 миллион 798 мың теңгеге бағаланыпты.

Әрине, мұндай санадарды кейінірек осы апатқа қатысы барлар – Ресей жағынан да, өзіміздің билік басындағылар да — әр саққа жүрігтіп, жұмсартып, кейбір тұстарды тіпті елемей кетуі әбден мүмкні. Оған бір мысал: «Н.Балғымбаев Ресей әуе-ғарыш агенттігі делегациясын қабылдады» деген тақырыппен Қаз ТАГ берген хабарда мынандай жолдар бар: «Ресей ғарыш агенттігі басшысының хабарлауы бойынша, мұнда Қазақстан жағымен бірлесе отырып, ауа, су және топырақ үлгілері алынып, құлаған зымыранның сынақтары тексерілген. Бұл заттарға шұғыл талдау жұмыстары жүргізілді, бірақ олардың қорытындысы бойынша, зымыран отынының неғұрлым улы бөлігі болып табылатын гептил байқала қоймаған».

Ал, Ресей авиация-ғарыш агенттігінің бас директоры Юрий Коптевке салса: «Гептил тек жылдамдық үдеткіш «Бризн  блогының екінші сатысынан ғана аққан. Оның өзінде де бар болғаны 2,5 тонна көрінеді» Міне, бітті! Әңгіме тәмамдалды. Енді, кәнекей «кімнің басы таз» екенін мойындатып көріңіздер!

Осыған қатысты республикалық ресми бір басылым – «Казахстанская правда» газетінің үстіміздегі жылдың 10 шілдесіндегі мәлімдемесіне құлақ түрген абзал шығар. «19 мамырдң өзінде Қазақстанның эконологиялық веломствосы Ресей тарапынан заңдарын және «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалдау туралы «келісім-шарттың» негізгі баптарын бұзғандары ғарыш аппараттарын ұшыруға байланысты қызметті тоқтата тұру жөнінде шешім қабілдаған-ды. Алайда, не бұл құжат, не одан кейінгі ескертпелерді ресейліктер құлақтарына да ілмеді», — деп жазады. Бұл фактіге нендей ақталу, сылтауды қосып-аларсыз?

Ресей премьер-министрі қызметінде тұрғанда осы мәселе тұрғысында Сергей Стапашин «қара қылды қақ жарып», өзінің «құдайы сөзін» айтқан-ды. «Егер біз өзімізге  және ТМД-дағы өз серіктестерімізге сыластықпен қарағымызы келсе, қолдарымыз қойылған келісім-шарттар мен пәтуаластықты орындауымыз керек,  — дей келе, Байқоңырдың жалақысы хақында: — Жасырынбақ ойнау жетер. Алдаусырату жетті! Егер біз үнемі, алдау мен серіктестерімізге кемсіте қарауымызды тыймасақ, ешқандай ТМД болмайды!» — деп кесіп айтқан-ды. Ресей осы ақиқатты мойындаса ғой!

Ол қайда. Осы Ресей үкіметінің мінбесінен өздерінің сол кездегі Үкімет төрағасының айтқан аталы сөзінен кейіе бір жарым ай өтпей жатып тағы бір газеттен мынандай хабарды оқимыз: «Ресей авиация-ғарыш агенттігінің бастығы Юрий Коптев зымыранының бірінші ұшырылуы 6 қырқүйекке белгіленді. Ресей өзіне жүктелген міндеттемелерді түгелдей атқарып шықты, ал Қазақстан, өз кезегінде, «Протондарды» ұшыруға тыйым салған ұйғарымынан бас тарутға шешті деп атап көрсетілді». Көрдіңіздер мен?!

Ол аздай-ақ, кез келген баспасөзде, теледидардар құлақтандырғандай, өзіміздің үкіметіміздің арқасында, қазақ жерінде өз «Протондарымен» сайрандағандары былай тұрсын, ресейліктер біздің есебемізден шет елдерге де «қол ұшын беруге» қайтадан кірісе бастапты.

Байқоңырды билеп-төстеп алған жақын арада Индонезияның «Гаруда-1» қодымен аталатын планета серігін ұшыруға жоспарлап отыр екен. Әрине, оларды «құр қол», бата үшін жарылқамаса керек. Және алатын ақылары да жарытымсыз емес шығар. Ал сондай пайдадан сорлы қазаққа қанша тиын түсер?

Сөйте тұра, Байқоңыр өңірінің суын сарқып, ауасын улай отырып, 575 миллион доллардың ұзын санын қосқанда, бес жыл бойы 50 миллионын ғана өтегенін ақпарат құралдары қайта-қайта айтып жатыр. Ал біздің үкіметке келсек, одан түскен ақшаға не істемек ойы бар екен? Байқоңыр аймағындағы экологиялық қапасқа іліккендерге жұмсаса ғой! Айналып келгенде «ауруды тілеп алып, оны Ресей берген ақшаға емдеуіміз керек қой». Сонда өйткені, сол ғарыш шаруашылығының барлық «ыстығына күйіп, суығына тоңып» отырғандар – тек солар
Тағы рефераттар