Қосылган құн салыгы туралы қазақша реферат. Бұл өндіріс процесіне және тауардың (жүмыстың, қызметтердің) айналысына косылған, сату айналысына салынатын құн бөлігінің бюджетке аударылатын, қосылған құны салығы болып табылады, сондай-ақ Қазакстан Республикасының аумағына тауарларды импорттау кезінде жасалатын аударымдар. Бюджетке төлеуге жататын (тиісті) қосылған құн салығы тауар айналымына қосылған кұннан, орындалған жұмыстан, көрсетілген қызметтеи үсталынады.

Қосылған құнға салынатын салық объектілері болып, салық салынатын айналым және салық салынатын импорт болып табылады.

Сондай-ак, еңбек ақы заттай түрде төленген жағдайда берілетін тауарлардың құнына қосылған құнға салынатын салық енгізіледі.

Салықтан босатылған тауарлардан баска, сырттан әкелінетін тауарларға салық салынады.

«Сату» термині тауарларға қатысты қолданғанда сатуды, айырбастауды, ақысыз беруді немесе кепілге салынған тауарларды кепілдікке зат ұстаушының меншігіне беру және жұмыстар мен қызметтерді орындау деп білеміз.

Қосымша кұнға салынатын салық бойынша есепте түрғаң немесе тұруға міндетті кәсіпкерлік, яғни заңды тұлғалар салық төлеушілер болып табылады.

Қазақстан Республикасының қатысуымен жасалған халықаралық шарттарда түсті және кара металлдардың сынығын коспағанда, тауарлардың экспортына нольдік мөлшерлеме бойынша салық салынады.

Қосымша құнға салынатын салықтың мөлшерлілігі салық салынатын айналымның 16 пайызын құрайды (КҚС-нан босатылған айналымды қоспағанда).

Салык салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге жататын косылған кұн салығының (ҚҚС) сомасы сатылған тауарға есептелген КҚС сомасы мен, алынған тауар үшін төлеуге жататын ҚҚС сомасының арасындағы айырмасынан шығады.

Қосылған құн салығын төлеуші

Салық салынатын объекті

Салық мөлшерлемесі

Салық кезеңі
ҚҚС бойынша есепте тұрған тұлғалар қосылған құн салығын төлеуші болып табылады

Салық салынатын айналым

ҚР аймағында сатқан кезде 16 пайыз мөлшерінде салық салынады. Экспортқа сатқан кезде, оның нольдік пайызы алынады Календарлық ай. Егерде ай сайын төленетін ҚҚС сомасы 100 МЕК аспаса, онда төлеу кезеңі тоқсан сайын төленетін болып шешіледі. Ал ауыл шаруашылығының өнімін өндіретіндер үшін, төлеу кезеңі салықтық жыл болып танылады
ҚР кедендік заңына сәйкес ҚР-ң аймағына тауар әкелуші (импорттаушы) тұлғалар қосылған құн салығын төлеуші болып табылады.

Салық салынатын импорт

16%

Қосылған құн салығын төлеушінің тауарды (жұмысты, кызметті),сатуы бойынша жасаған айналымына салық салынады жене ол салық салынатын айналым болып табылады; Салық Кодексімен босатылғандар немесе Қазақстан Республикасы өнімді сатудың орны болып табылмаса, онда олар салық салынатын айналымға кірмейді. Салық салынатын айналымның деңгейін қосылған құн салығының сомасына қоспай, тариф пен тараптардың мәмілесі бойынща белгіленген бағасын қолдана отырып, тауардың (жұмыстың, кызметтің) сатылатын құнын негізге ала отырып анықтайды.

Қазақстан Республикасының аймағына сырттан (импорттан) келген тауарларға салық салынады (қосылған құн салығынан босатылғаннан басқасы). Оларға салынатын салықтың деңгейі Қазақстан Республикасындағы кеден заңына сәйкес анықталады және оларға кеден кұны да қосылады.

Қосылған кұн салығын анықтау үшін сату орны болып мыналар танылады:

Тауар бойынша

Жұмыс пен қызмет бойынша

Тауарды тиеу орны,егерде жабдықтаушы, алушы немесе үшінші тұлға болса

Қозғалмайтын мүліктің тұрған жері, егер де жұмыс пен қызмет осы мүлікпен байланысты болса;

Алушыға тауарды беру орны

Жұмыс пен қызметтің нақты жүзеге асқан жері, егер олар сол мүліктің  қозғалысымен байланысты болса;

Қызмет көрсеткен нақты орны, сол қызметке қатысты болса, мәдениет саласы, өнер, білім, спорт;

Кәсіпкерліктің орны немесе жұмысты, қызметті сатып алушының кез келген қызметі, келесідей жұмыспен қызметке қатысты болса:

Байланыс, кеңес аудиторлық, инжиниринголық, бухгалтерлік қызмет көрсетсе, туризмді ұйымдастырушы болса, т.б.

Тауар (жұмыс. қызмет) алушы бюджетке төленетін жарнасы бойынша салык сомасын анықтаған кезде қосылған құн салығының сомасын зачетка жатқызуға құқығы бар. Зачетқа жатқызылатын айналымды есептеген кезде қосылғаи кұн салығын төлеуші пропорционалды немесе бөлек есептелінетін әдісті тандай алады. Пропорционалды әдісте қосылған құн салығын жалпы айналымдағы сомадан үлес салмағы бойынша аныктайды және соның денгейінде зачеткда жатқыза алады. Ал бағалы қағаз бойынша операциясының кезінде сату бойынша айналымына, оның өсімі қосылады. Ал балек есептелінетін әдісте салық төлеуші шығыс сомасы бойынша және алынған тауардың (жұмыстың, қызметтің) қосылған құн салғының сомасы бойынша жеке есептеулер жүргізеді және салық салынбайтын айналымның үлес салмағын және олардың сомасын анықтауға көмектеседі. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының сомасы айналым бойынша есептелген қосылған құн салығының сомасы мен зачетқа жаткызылған салық сомасының айырмасы ретінде анықталады.

Салық салынатын айналым резидент еместерден алынған жұмыс пен қызмет, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайды. Егер де ол жұмыс пен кызметтің сату орны Қазақстан Республикасы болса, онда қосылған құн салығын салуға жатады.

Қосылған күн салығы салынатын тауарларды тиеуді, жүмыстарды атқаруды немесе қызмет көрсетуді жүзеге асыратын қосымша құнға салынатын салық бойынша есепте тұрған салық төлеуші аталған тауарларды, атқарылған жұмыстарды немесе керсетілген қызметтерді қабылдап алатын тұлғаға салық шот-фактурасын ұсынуға міндетті.

.

Тағы рефераттар