Құқық нысаны деген заңды ұғымды бірнеше ғасырлар бойы әлемдегі барлық мемлекеттер қолданып келеді. Құқықтың мазмұнының негізгі мәні мемлекеттік билікті іске асыру үшін, оны уақытында, сапалы орындау үшін қоғамның әр саласында сан қырлы нормативтік актілер қабылданып жатады. Бұл нормалар мемлекеттік билікке қоса, қоғамның мүдде-мақсатын, саясатын іске асырып отырады. Құқықтың нысандарының алдында осы күрделі үш мәселенің тұрғанын барлық халық, барлық қоғам біледі. Сондықтан құқықтық нормаларды адамдардың, заңды тұлғалардың басым көпшілігі ерікті түрде орындайды.

Құқық нысаны — мемлекеттік биліктің заңға, нормаға айналу түрлері. Бұл пікірді дүниежүзіңцегі мемлекеттердің басым көпшілігі қолдайды.

Құқық нысаны туралы бұдан басқа тағы бірнеше пікір бар: бірінші — құқықтың өмірге келу жолдарын нысан дейді: екінші — мемлекеттік органдардың қабылдаған актілерін нысан дейді; үшінші — қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқаратын нормалар-ды құқықтың нысаны дейді. Бұлардың бәрінде шындық бар. Себебі құқықтың маңызы, рөлі, ықпалы сан алуан. Мұның қайсысын алсаң да құқықтың неше түрлі маңызы, ықпалы, рөлі байқалады. Соның бәрі құқықтың нысаны.

Құқық нысанының белгі-нышандары, ерекшеліктері:

1. Қоғамның экономикалық базисына сәйкес қалыптасатын мүдде-мақсатты іске асыратын нормалар;

2.  Халықтың саяси, әлеуметтік, мәдениеттік мақсаттарын іске асыратын нормалар.

3. Бостандықты, теңдікті, әділеттікті қорғайтын нормалар

4. Заңдылықты, тәртіпті қатаң қорғайтын нормалар.

Құқықты жүзеге асыру нысаны:

Құқықтық әдет-ғұрып. Бұл құқықтың негізгі қоғам тарихында мемлекеттің қалыптасу кезеңінде өмірге келген құқық нысаны. Әдет-ғұрып нормалары адамдардың қарым-қатынасында көп жылдар пайдаланып, өмірде жан-жақты тексеру, тәжірибе арқылы қалыптасты. Мысалы: Ману заңы, орыс правдасы, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» т.б. Әдет-ғұрып нормалары арқылы қазіргі кезенде де дамушы елдерде біраз қарым-қатынастар реттеліп, басқарылып жатады.

Әдет-ғұрып нормаларды қолдану жөнінде басым түрде бір пікір жоқ. Біраз мемлекеттер қарсы пікірде. Әлем көлеміндегі елдердің көпшілігі бұл нормаларды пайдаланып келеді. Оның ешқандай зияндығы жоқ деуге болады. Әдет-ғұрып нормаларын қолдануға мемлекеттік органның нұсқауы немесе рұқсат болса ол нормалар құқықтық әдет-ғұрыпқа айналады.

Әдет-ғұрыптың бірнеше түрі бар: әдет, әдептілік т.б. Әдет — адамның қажеттілігіне айналып қалыптасып кеткен тұрақты әрекет. Ешбір адам өмірге жақсы немесе жаман әдетпен келмейді. Әдет өмір жемісі, тәрбие нәтижесі. Әдет жағымды, жағымсыз болып екіге бөлінеді. Әдеттілік — моральдық нормаларды жақсы орындау. Әдептілік өте қажетті қасиет, сезім мөлшерінің негізгі белгісі. Әдеттілік ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, шыншыл, әділетті болу сияқгы жалпы халықгық нормаларды да дұрыс атқара білуді керек етеді. Әдет-ғұрып нормалары ресми заңдармен қатар қолданылады және бұл нормаларды бұзушылар жауапқа тартылады.

Прецеденттік құқық нысаны — белгілі бір іске байланысты қабылданған шешім және бұл шешім кейін соған ұқсас істерді қарағанда басшылыкқа алынып отырады. Оның екі түрі бар:

а) соттық прецедент;  ә) әкімшілік прецедент (басқару органдарының шығарған шешімі).

Заң ғылымы — (құқықтық доктрина) — құқықтың жақсы қалыптасуына, дамуына, орындалуына көп үлес қосады. Құқықтық сана-сезімнің деңгейін көтеруге зор әсер етеді. Мұсылмандық елдерде бұл доктрина өте кең шеңберде қолданылады.

Нормативтік шарттар — қоғамдағы қатынастардың негізі бола алады… Мысалы: ГФР — ГДР бірігу шарты, мемлекеттердің ара қатынасындағы шарттар, кәсіпшілер одағының ұжымдық шарттары т.б

Сондықтан бұл актілер құқықтың ең күрделі, ең басым негізі. Референдумның түрлері: жалпы мемлекеттік, жергілікті. Референдум өте саяси жауапты жұмыс, ол саяси күрестің бір түрі.

Қоғамдағы қарым-қатынастардың басым көпшілігін осы нормативтік актілер арқылы реттеліп, басқарылады. Себебі: біріншіден — нормативтік актілер арқылы ықшамды түрде норманың мазмұнын түсінікті көрсетуге болады; екіншіден — құқықтық нормаларды уақытында өзгертуге, толықтыруға, жаңартуға өте ыңғайлы.

Нормативтік- құқықтық актілердің дамып, нығаю бағыттары:

1.  Құқық нысаны туралы арнаулы заң қабылдауды тездету керек. Ол заңцы қүқық нысанының барлық түрлерінің маңызын, рөлін көтеруге бағыттау.

2.  Кеңес Одағының, дамыған елдердің жақсы тәжірибесін пайдалануға көңіл бөлу. Ол үшін байланысты дамыту.

3. Қоғамды басқаруда құқықтың реттеуші рөлін, Конституцияның маңызын күшейту. Бұл екі бағыт құқықтық мемлекеттің қалыптасуының ең шешуші күші, сенімді жолы.

Құқықтың қоғамдағы атқаратын істері сан алуан. Соған сәйкес нысаны да, оның түрлері де толып жатыр:

—  құқықтың тарихи ескерткіштері;

—  тарихи ескі мұралар;

—  археологиялық қазба деректер;

—  заң жұмыстарының тәжірибесі;

—  заңгерлердің еңбектері;

—  заң бағытындағы ғылыми еңбектер;

—  құқықтық шарттар;

—  нормативтік актілер;

—  заңдар, заңға тәуелді актілер.

Міне осы көрсетілген құқық нысаны түрлерінің қоғамдағы атқаратын жұмыстары сан алуан. Оларға жеке-жеке тоқталып, рөлін, маңызын түсінуге болады.

Мемлекеттік органдардың қабылдаған әдет-ғұрып, дәстүр, мораль, діни нормаларда әрқайсысы жеке-жеке құқық нысаны болады. Қоғамдағы көпшілік бірлестіктердің, одақгардың, ұйымдардың, ұжымдардың, саяси партиялардың, кәсіпкерлер одағының нормаларын мемлекет қабылдаса, оларда құқықтың нысаны болады.

Құқықтың ең күрделі нысандары:

1.  Құқық салаларының нормативтік актілері.

2. Қоғам салаларының нормативтік актілері.

3. Парламенттің, Президенттің, Үкіметтің, министрлік- ведомстволардың актілері.

4.  Жергілікті органдардың актілері.

5.  Сот жүйесінің актілері.

Заң ғылымында норма, нормативтік актілер, құқық деген ұғымдар бар. Олардың өздерінің жеке-жеке мазмұндары бар.

Норма дегеніміз — бір қатынасты реттеп, басқаратын ереже. Нормативтік актілер қоғамның салалық қатынастарын реттеп, басқаратын нормалар жиынтығы. Құқық — қоғамдағы барлық қатынастарды реттейтін, басқаратын нормалардың жиынтығы
Тағы рефераттар