Құқықтық реттеудің мемлекеттік басқарудағы рөлі туралы қазақша реферат

Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің мәні мен элементтерінің мағынасын ашып білу үшін ең алдымен “құқықтық реттеу” түсінігін білу қажет. Сонымен, құқықтық реттеу әлеуметтік, нормативтік және практикалық аспектімен бейнеленеді. Ол қоғамның сұранысы белгілі бір бағытта және белгілі бір бейнедегі туындайтын адамдардың қарым-қатынасы мен бір-бірімен байланысы кезіндегі заң және өзге де нормативті актілердің мазмұны мен мақсатты талабы “ауқымдалып” айқындалады.

Әлеуметтік аспектісінің мағынасында құқықтық реттеу болжамдық сипатқа ие. Мұның өзі адамның немесе қоғамның ертеңгі өмірін жасауға (құрастыруға) аргумент ретінде қолданылады. Бұл аспект заңның (юридикалық акт) нағыз мағынасын ашып көрсетеді. Яғни, материалды және процессуалды заң шығарушылықтың құрамдас бөліктері тұлғаның құқығы мен еркіндігіне (әлемдік стандарттарға сәйкес), қоғамның еркін өмір сүруінің императивтеріне, қоғамдық қатынастың “адамгершілігіне”, әлуметтік шындыққа, халықтар арасындағы бір-бірімен байланысының тұрақтылығына теңдей сәйкес болуы үшін жауапты. Осыдан туындайтын екі: легитимділік пен заңдылық түсініктерін ажыратамыз. Егер заңдылық юридикалық нормаларының талаптарына сәйкес іс-әрекетпен өлшенсе, онда легитимділік құқықтың мәні заңмен сәйкестігін көрсете отырып, заңның қоғам тіршілігінде объективті бастамасын бейнелеп, туындатуы арқылы адамдардың сеніміне қол жеткізуді жүзеге асырады. Құқықтық реттеуде әлеуметтік аспект “принципталды”.

Құқықтық реттеудің негізі мен түбірін нормативті аспект құрайды.

Нормативті аспект- қоғамға қажетті белгілі бір іс-әрекеттерді енгізу мен адамдардың жүріс-тұрысын реттейтін нормаларын (ережелерін) шығару мен юридткалық (мемлекеттік органдар актілерінде) бекітілуі. Мұндай ережелер мақсаттары мен мазмұнына сәйкес әр түрлі қабылданады: кейде еркіндікті шектейді, бірақ көбінесе адамдардың қарым-қатынасын реттеуде кеңесші мен көмекші болады. Құқықтың қатар тармақтарының нормалары, мысалы: еңбек, отбасы, жер, тұрғын үй және тағы басқаларда іс-жүзінде ешқандай шектеулер жоқ. Керісінше, қоғамдық өмірді жасауға, жақсартуға, рационалды шешім қабылдауға жол ашады.

Мемлекеттік биліктің бекіткен және рұқсат етілген жүріс-тұрыс ережелерінде үш негізгі элементті атап көрсетуге болады:

  1. 1.                         Гипотеза-өмірде әрекет ететін шарттарды, пысықтауыштарды, қарым-қатынастарды көрсететін норманың бір бөлігі.
  2. 2.                         Диспозиция-жүріс-тұрыс ережесінің мағынасын, мазмұнын айқындайтын норма бөлігі. Ол дегеніміз әрекет субъектілерде туындайтын юридикалық құқықтары мен міндеттері.Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі. (1)
  3. 3.                         Санкция-гипотеза мен диспозицияға сәйкес нормалардың сақталмауына (бұзылуына) байланысты мемлекеттік билікпен қолданылатын шаралардан тұратын норманың бөлігі.Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді.

Сондықтан құқықтық реттеудің нормативті реттеудің аспектісінің сапсы көбінесе құзырлы мемлеккетік органдардың юридикалық жүріс-тұрыс нормаларын тұжырымдағанына байланысты. Барлық уақытта кез келген юридикалық құжатта норманы енгізгенде (орналастырғанда) түсінікті, нақты мағынасы, талабының негіздемесі болу керек.

(1) ҚР Азаматтық кодексінің 482 бабы

Юридикалық нормаларды шығаруда және бекітуде ең басты үш жайтты ескеру қажет:

  • Жүріс-тұрыс ережелерінің көбісі (қаржы, материалды және кадр мәселесіндегіні алып тастағанда) адамның өміріндегі проблемаларын тікелей шеше алмайды.
  • Ережелер адам өміріндегі проблемаларын шешудегі жүріс-тұрысы мен әрекет ету механизмін (моделін) ұсынады және осы мақсаттарда іс-жүзінде қолданғанда ғана өзінің арнауын іске асырады.
  • Норма шығарушылық әрекетте жүріс-тұрыс ережелерінің актуализациялау мен нақтылау арқылы проблемаларды шешуге тырысу.

Жүріс-тұрыс ережелері міндетті түрде практикалық аспектісі болып саналатын өмірдегі шынайы әрекеттерден құралған нормаларды қамту қажет. Кез келген юридикалық норма ұйымдық-мемлекеттік құрылымына сүйене отырып мумкіндіктерімен қамтамасыз етіледі. Құқықтық реттудің практикалық аспектісі ең қиын да, қилы. Себебі, оның ауқымдылығы мен тұрақтылығы құқықтық реттеу фактісі дәлелдейді. Құқықтық реттеудің практикалық аспектісі нақты жүріс-тұрыс ережелерін мағынасына сәйкес іс-әрекеттің іске асырылғанға байланысты орнығады.
Тағы рефераттар