1. Курстық жұмыс даярлауды ұйымдастыру

Курстық жұмысқа жетекшілік жасау

Курстың жұмысқа жетекші пән бойынша сабақ беретін оқытушылардан тағайындалады. Ғылыми жетекші:

—   курстың жұмыстың тақырыбын, кеңес беру кестесін, жұмысты орындаудың күнтізбелік жоспарын, қорғау күнін бекітеді;

—  жұмыстың орындалу барысын бақылайды.
Ғылыми жетекшінің негізгі міндеттері:

студентке тақырыпты таңдауға, оның мақсаты мен міндеттерін, зерттеу әдістемелерін анықтауға көмектеседі;

студентпен бірге отырып жұмыстың күнтізбелік жоспарын құрады және тапсырмаларды,кеңес беретін күндерді анықтайды;

студентті курстың жұмысты орындауға қойылатын талаптар және нақты нұсқаулармен таныстырады (жұмыстың негізгі кезеңдері, кезең бойынша жұмыс мазмұны, есеп беру түрі, т.б.);

тақырып бойынша әдебиеттер, материалдар жинастыру үшін кеңес береді;

психологиялық-педагогикалық бақылау мен экспериментті ұйымдастыру жөне өткізуге көмектеседі;

алынған зерттеу материалдарының сапасын тексереді;

курстың жұмыстың орындалу барысын бақылайды;

қорғауды ұйымдастырады.

Курстық жұмысты даярлау шарттары

1.  Жалпы талаптар

Курстың жұмысты даярлау сыртқы бетті толтырудан басталады.

Курстың жұмыс стандарт А4 форматында жазылады. Жұмыс таза, ұқыпты, ешқандай қысқартусыз, әрбір айтылайын деген жаңа ой жаңа жолдан басталады. Әріптер мен белгілер жұмыстың барлық бетінде бірдей және талапты сақтап жазылуы керек. Жұмыс форматтың бір жақ бетінде орындалады; сол жаң — 3 см, оң жаң — 1 см, жоғарғы және төменгі жағы — 2 см болуы керек.

2.  Курстың жұмыстың беттерін нөмірлеу

Барлық беттер нөмірленеді және ол әр беттің төменгі жағының ортасына соңына нүкте қойылмай жазылады. Сыртқы бетке нөмір қойылмайды.

Курстың жұмыстың мазмұнындағы, жеке беттегі кестелер мен графиктер оның беттерінің жалпы санына кіреді.

Курстың жұмыстың бөлімдері немесе тараулары араб санымен азат жолдан соңына нүкте қойылмай жазылады.

3.  Курстық жұмыстың жалпы көлемі

Курстың жұмыстың көлемі қолжазбамен — 40-45 бет, компыотермен — 25-30 бет болуы керек.

4.  Курстық жұмыс мазмұнындағы кестелер мен графиктер Суреттер, кестелер, графиктер А4 стандарт беттерде орындалады немесе көшірме түрінде сондай өлшемдегі қағазда беріледі. Егер фотосуреттер бар болса олар стандарт қағазға желіммен жапсырылады. Оларда ешқандай сызат, түзету, таңба болмау керек. Барлық графиктер мен кестелерге курстың жұмыстың мазмұнында міндетті түрде сілтеме жасалуы керек. Сілтемеде «График» немесе «Кесте» деп жазылып нөмірі көрсетілуі керек. Таблица өте көлемді болған жағдайда келесі бетке де көшіруге болады.

Дипломдық жүмыс даярлауды ұйымдастыру Дипломдық жүмысқа жетекшілік жасау

Дипломдық жұмыс орындау барысында студентке бірқатар көмектер қажет. Мәселен, оның жұмшсына жетекшілік жасау, қажет кезінде кеңес беру сұмысына желі бақылау жасау, ғылыми-әдістемелік нұсқаулар ұсыну,  мен каттар, материалдарды жинақтау және оларды өңдеуде бірігіп жұмыс істеу.

Студенттің дипломдың жұмысына жетекшілік расау ғылыми жетекшінің тікелей міндеті.

Ғылыми жетекші студентке:

дипломдық жұмысты орындауға тапсырма береді;

дипломдық жұмысты орындау барысында студентке қиыншылық тудырған мәселелер бойынша жұмыс кезеңдерін анықтауға көмек көрсетеді;

Тақырып бойынша студентке қажетті әдебиеттермен жұмыс істеуге нұсқау береді;

белгіленген күндерге сәйкес қажетті кеңестерін айтады;

жұмыстың орындалуын жүйелі бақылайды;

жұмыс аяқталғанда пікір береді.

Дипломдық жұмысты орындауға қойылатын талаптар

Дипломдық; жұмыс жазуда оған қойылатын талаптар толық сақталуы керек. А4 стандарт форматтың бір жақ бетінде жазылады. Жұмысты компьютерде бір аралықпен орындауға болады, жұмыс мәтінін орындауда келесі параметрлерді сақтау керек: сол жаң 3,5 мм, оң жаң 1 мм, төменгі және жоғарғы жағы 20 мм болуы керек.

Кестмер, суреттер жөне графиктер қара пастамен орындалады.

Аяқталған дипломдық жұмыс қатты қағазда түйшіледі.

Графикалық материал

Иллюстрациялар (суреттер, кестелер, диаграммалар, фотосуреттер, т.б.) бірінші рет беріліп отырса, мәтіннен кейін сыймаса келесі бетке қойылады.

Жұмыста барлық иллюстрацияға сілтеме жасалу керек.

Иллюстрацияның атауы болуы қажет жұмыстың барлық мазмұнында араб цифрларымен реттік нөмірмен нөмірленуі қажет.

Егер жұмыста бір ғана иллюстрация болса, оны нөмірлеу қажет емес.

Кестелер

Сандармен берілетін материалдарды мүмкіндігінше кесте түрінде берген дұрысырақ болады (қосымша).

Кестені мәтіннен кейін берген дұрыс, егер орындау мүмкін болмаса, келесі бетке беруге болады.

Мәтінде барлық кестеге сілтеме жасау қажет.

Кестені жұмыстардың барлық жерлерінде араб цифрымен реттік нөмірмен беру керек.

Егер жұмыста бір кесте болса, ол нөмірленбейді «Кесте» деп жазылмайды.

Әр кестенің аталуы болады, ол «Кесте» деген сөзден соң жазылады. «Кесте» және оның аталуы үлкен әріппен жазылады, соңына нүкте қойылмайды. «№ п/п» түрінде кестеде көрсету қажет емес.

Егер кестенің аталуы күрделі болса, онда оны қайталамайақ, оның нөмірін ғана көрсетуге болады.

Егер мәтінде цифрлық материалдардың көлемі шағын болса, онда оны кестеде бермеуге болады, баған түрінде бөліп беруте болады.

Сілтемелер

Дипломдық жұмыс мәтінінде сілтемеквадрат түрінде беріледі. Қажет жағдайларда беттері де (дәйексіз немесе цифрлық мәлімет қолданған) көрсетіледі.

           Кесте, сурет, қосымшаларға сілтеме көдімгі (дөңгелек) жақшаларға алынады.

Қосымшалар

Қосымшалар дипломдық жұмыстың жалғасы ретінде беріледі.

Әр қосымша жаңа беттен басталады беттің жоғарғы-орта ұсында «қосымша» деген сөзбен жазылады, әр қосымшалардаң атауы болуы керек.

Егер қосымша көп болса, әліпбилік әріптермен, 4 әріппен басталып беріледі, онда Ё,3,И,Й,0,Ч,Щ, Ъ, Ы, Ь, Я әріптері қолданылады.

Қосымшалар мәтіндегі сілтеменің тәртібі бойынша орналастырылу керек.

Әр қосымша жаңа беттен басталады.

Егер қосымша дипломдық жұмыстың соңында келсе, онда қолданылған әдебиеттер тізімінен кейін, жұмыстардың жалпы беттерінің санына еніп, жеке бетте «қосымша» деп үлкен әріппен жазылады. Осы беттен кейін қосымшалар беріледі.
Тағы рефераттар