Қылмыстарды жіктеу және оның мәні туралы қазақша реферат

Заң әдебиеттерінде қылмыстырды жіктеу мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлінеді. Қылмыстарды жіктеу жеке нақты белгілері бойынша істелген қылмысты анықтауға, яғни әлеуметгік мәніне, қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесі, кінәнің нысаны, қылмыстың саралануы мен тартылатын жазасына қарай санаттарға бөлуге мүмкіндік беретін болғандықтан қылмыстық құқықта негізге алынатын мәндердің біріне ие болады.

Қылмыстарды жіктеу заң ғылымында құқықтың түрлі салаларын (қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық-атқару) қамтитын болғандықтан кешенді сипатқа ие болады және турлі құкықтық ғылымдармен, соны ішінде криминологиямен және криминалистикамен қарастырылады. «Дегенмен, ол үшін негізгісі қылмыс болып саналатын коғамдық қауіпті әрекеттер шеңберін анықтау тек қылмыстық кұқыққа жүкгелгендіктен, қылмыстық-құкықтық жікгеу болып табылады» /43/.

Қылмыстық кұқық теориясында «жіктеу» ұғымының үш түрлі жағы қарастырылады: 1 — жіктеулерді құру рәсімдері; 2 — құрылған жіктеулер; 3 — жіктеулерді пайдалану рәсімдері/44/.

Қылмыстарды жіктеу негізіне түрлі өлшем белгілері алынған. Біріншіден қылмыс объектісін алатын болсақ, қылмыс объектілеріне байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі әрқайсысы немесе белгілі бір шоғырланған қылмыстық-құқықтық нормалары өзі тектес объектілерге қол сұғатын қылмысты істегены үшін жауаптылықты қарастыратын тарауларға бөлінеді. Мұндай  жіктеудің маңызы құқық қолданушының Қылмыстық кодексті пайдалануын жеңілдетуімен ғана емес, сонымен бірге нақты әрекет-тің әлеуметтік-саяси мәнін дүрыс анықтауға мүмкіндік беруімен, сондай-ақ жасалаған әрекетті дұрыс саралауға көмектесуімен керінеді.

Екіншіден, қылмыстарды жіктеу белгісі ретінде кінә нысаны танылады. ҚР ҚК Ерекше бөліміндегі барлық  қылмыстық әрекеттер қасаканалықпен және абайсыздықта істеген болып бөлінеді. Қылмысты қасаканалыққа немесе абайсыздыкқа жатқызу айтарлыктай занды салдарларға әкеп тірейді: а) қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесін анықтауға (мысалы, абайсызда істелген қылмыс ауыр немесе аса ауыр деп танылуы мүмкін емес; қьпімыстың қайталануы тек қасақана қылмыста ғана танылады; қылмысқа дайындалу мен сжталу үшін кінәнің тек қана қасақаналық нысаны қарастырылады); ә) жазаға (кдсақана қылмыс үшін заң бойынша қатаңырақ жаза қарастырылады); б)түзеу мекемелерінің түрін анықтауға (абайсыздықпен істелген қылмыста жаза түзеу колония-қоныста өтелсе, ал касаканалыкга — жалпы, қатаң және ерекше режимдегі түзеу колонияларында өтеледі); в) қылмыстық жауаптылықтан басату (ҚР ҚК 65-69-баптары) және қылмыстық жазадан босату (ҚР ҚК 70-76-баптары) шарттарына әсер етеді /45/.

ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 30-сәуірдегі «Соттардың қылмыстық жаза тағайындау кезіндегі заңдылықты сақтауы туралы» қаулысының 16-тармағында адам бірнеше, әсіресе қасақаналықпен қылмыс істегенде кінәнің қоғамдық қауіптілігі арта түсетіндігі жөнінде түсінік берілген. Осыған орай, ҚР ҚК 58 және 60-баптарындағы талаптарды мүлтіксіз орындау мүндай адамдарды заңды, негізді және әділетті жазаға тартуды анықтаудың шарттарының бірі болып табылады /46/.

Ғалымдардың көпшілігі қылмыстарды жіктеудің өлшемдік негізі ретінде қоғамдық қауіптілікті қарастырады, алайда олар мұны қылмыстық ауырлық белгілері арқылы жанама түрде жүзеге асыруды ұсынады /47/.

1997 жылғы ҚР Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде заңшығарушы алғаш рет қылмыстарды: 1) қоғамдық қауіптілік сипаты мен; 2) қоғамдык кауіптілік дөрежесі сияқты екі өлшемдік негізін ескере отырып төрт санатқа бөледі.

Қоғамдық қауіптілік сипаты қылмыстың сапалық сипатын көрсетеді. Ол әлеуметтік мәніне, қол сұғылатын объектінің құндылығына, нәтижесінде келтірілген зиянның мөлшеріне, сондай-ақ кінәнің нысанына карай анықталады. Дәл осы қоғамдық  қауіптілік сипаты бойынша ҚР ҚК Ерекше бөлімінің тарауларына енетін қылмыстардың (мысалы, меншікке қарсы қылмыстар (6-тарау) экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардан (7-тарау) айырмашьшықта болады  не ҚР ҚК Ерекше бөлімінің бір тарауына кіретін түрлі топтардың айырмашылықтары болады (мысалы, «Жеке адамға қарсы қылмыстар» деген 1-тарауға адам өміріне қарсы кылмыстар (96-102-баптар); денсаулыққа  қарсы қылмыстар (103-111-баІггар); азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төңдіретін қылмыстар (112-119-баптар); жыныстық қылмыстар (120-124-баптар);  жеке бостандыққа қарсы қьшмыстар (125-128-баптар); азаматгардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қарсы қылмыстар (129-130-баптар)).

Қоғамдық кауіптілік дәрежесі қьшмыстың сандық көрсеткіші болады. Әр әрекеттің қоғамдық қауіптілік дәрежесі, біріншіден сол әрекет қүрамының қүрылымдық белгілерін сипаттайтын  мән-жайларға, екіншіден, заңшығарушының осы құрамдарды саралаушы деп таныған мән-жайларына;

үшіншіден, қылмыстық ниетті жүзеге асыру дәрежесіне; төртіншіден, катысушьшардың болуына; бесіншіден, адамның істеген әрекеттерінің көптігіне байланысты. Сөйтіп, адам өлтіру түрлері:  жай кісі өлтіру — ҚР ҚК 96-бабының 1-бөлігі, ауырлатушы мән-жайларда өлтіру ҚР ҚК 96-бабының 2-бөлігі, жеңілдетуші мән-жайларда өлтіру — ҚР ҚК 97-100-баптары қандай жағдайда болмасын кез келген адамның (ауруына, қартайғандығына, кәмелетке толмағандығына және басқаларға қарамастан) өмірі бірдей қарастырылады.

ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 30-сәуірдегі «Соттардың қылмыстық жаза тағайындау кезіндегі заңдылықты сақтауы туралы» қаулысының 2-тармағында істелген қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесін анықтауда соттардын, қылмыстардың ауырлық дәрежесін анықтау тәртібін реттейтін ҚР ҚК 10-бабының талаптарына сүйенуге тура келеді. Мұнда нақты кылмыстық әрекет істелгенде барлық мән-жайлардың жиын-тығы алынады (кінәнің нысаны, қылмыстың істелу себебі, әдісі, мән-жайы мен сатысы, келтірілген зардаптың ауырлығы, сотталушылардың әрқайсының қылмысты істеуге қатысу дәрежесі мен сипаты) /48/.

ҚР ҚК 10-бабында барлық қылмыс қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесіне қарай 4 түрлі санатқа бөлінеді деп бекітілген. Оларға: онша ауыр емес қылмыс (ҚР ҚК 10-6. 2-бөл.), ауырлығы орташа қылмыс (ҚР ҚК 10-6. 3-бөл.), ауыр қылмыстар (ҚР ҚК 10-6. 4-бөл.), ерекше ауыр қылмыс (ҚР ҚК 10-6. 5-бөл.). Белгілі бір санатгағы қылмыстың ауырлығы жазаның түрімен және мөлшерімен, сондай-ақ кінәнің нысанымен (қасақаналық немесе абайсыздық) анықталады.

Онша ауыр емес қылмыс деп, істелгені үшін Қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана істелген әрекет, сондай-ақ, істелгені үшін Қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда істелген әрекет танылады. ҚР ҚК Ерекше бөлімінде ауырлығы онша емес қылмыстар қатарына мейілінше көп (206) әрекет жатады (2005 жылдың 8-шілдесіндегі ҚР ҚК-не өзгертулерді қоса есептегенде).

ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 30-сәуірдегі «Соттардың қылмыстық жаза тағайындау кезіндегі заңдылықты сақтауы туралы» қаулысының 10-тармағында ауыр қоғамдық қауіптілігі жоқ (1979 жылғы ҚазКСР ҚК бойынша — ҚР ҚК-де бұл онша ауыр емес қылмыс)  қылмыс белгілері бар әрекет істеген адамдарға қатысты соттардың қылмыстық жазасыз-ақ түзелу және ҚР ҚК 65-68-баптарында керсетілген негіздер бойынша қылмыстық жазадан босату мүмкіндігін талқылауы керектігі жөнінде түсінік беріледі. Соттың қылмыстык жаза қолданбай-ақ адамды түзеу мүмкіндігі туралы қорытындысы сотталушы тұлға туралы істің мән-жайлары мен деректері жан-жақты, толық және объективті негізделген болуы тиіс /49/.

Ауырлығы орташа қылмыс деп істелгені үшін Қылмыстык кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана істелген әрекет, сондай-ақ, істелгені үшін ең ауыр жаза бес жылдан астам бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда істелген әрекет танылады. ҚР ҚК Ерекше бөлімінде осы санаттағы қылмыстарға 202 қылмыс жатады.

Ауыр қылмыс деп істелгені үшін Қылмыстық кодексте кезделген ең ауыр жаза он екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана істелген қылмыс танылады. Демек, ауыр қылмыстырға 5 жылдан 12 жылға дейінгі бас бостандығына айыру түріндегі жаза көзделген әрекетті жатқызуға болады. ҚР ҚК Ерекше бөлімінде 146 қылмыс ауыр болып табылады.

Аса ауыр қылмыс деп істелгені үшін Қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза он екі жылдан астам бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы көзделген қылмыс танылады. ҚР ҚК Ерекше бөлімінде мұндай қылмыстардың 47 түрі қарастырылған.

ҚР Бас прокуратурасы құқыктық статистика және арнайы есеп жүргізу Комитетінің мәліметгік деректеріне сәйкес, 2004 жылғы республика бойынша тіркелген 130309 қылмыстың 15560-ы онша ауыр емес қылмыс, 85149-ы ауырлығы орташа қыпмыс, 26259-ы аса ауыр қылмыс, 3341-і аса ауыр қылмыс болған.

ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 30-сәуірдегі «Соттардың қылмыстық жаза тағайындау кезіндегі заңдылықты сақтауы туралы» қаулысының 2-тармағында соттардың ауыр және аса ауыр қылмыс істеген адамдарға, әсіресе ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың құрамында қылмыс істегендерға, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деп танылғандарға, сондай-ақ бұрын сотталып түзелу жолына түскісі келмейтін адамдарға заңмен қарастырылған қатаң жазалау шараларын қолдану және олардың істерін міндетті түрде талқылауға назар аударуды атап өткен /50/.

Қолданыстағы ҚР қылмыстық заңнамасында қылмыс санаттары коғамға қауіпттілік сипаты мен дәрежесіне қарай берілген, яғни заңшығарушы кылмыстың материалдық белгілерін негізге алған (ҚР ҚК 10-6. 1-бөл.). Дегенмен, ҚР ҚК 10-бабының 2, 3, 4 және 5-бөліктерінен көрініп тұрғанындай қылмыстарды топтарға ажыратудың негізі жазаның түрі (бас бостандығынан айыру) мен мөлшері, сондай-ақ заңға қайшылығы «қоғамдық

қауіптіліктің заңи көрінісі) болып табылады. Бастапқы екі санат (онша ауыр емес пен ауырлығы орташа) қасақаналықпен де, абайсыздықта да болуы мүмкін. Қылмыстардың келесі екі санаты (ауыр және аса ауыр) тек қана қасақаналықпен жасалады.

Профессор И. Ш. Борчашвилидің, біздің мемлекетіміздің қылмыстык саясаты, ең бірінші кезекте алғаш рет онша ауыр емес жөне ауырлығы орташа қылмыс істегендерге, сондай-ақ халықтың әлеуметтік әлсіз топтары — жүкті және асырауында  кәмелетке толмаған баласы бар жалғызбасты әйелдерге, кәмелетке толмаған және жасы келген адамдарға қатысты адамгершілік бағытында дамуы керек деген сөзіне қосылуға болады. Сонымен бірге, ауыр және аса ауыр қылмыс істеген, кылмыстық кудалаудан бас сауғалап жасырынып жүрген, сондай қылмыстарды қайталаушы деп танылған кінәлі адамдарға қатысты жазаны қатайту қажет /51/ .

ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 30-сәуірдегі «Соттардың қылмыстық жаза тағайындау кезіндегі заңдылықты  сақтауы туралы» қаулысының 1-тармағында қылмыстық жаза тағайындау кезінде ҚР ҚК 52-бабында керсетілген жаза тағайындаудың жалпы бастауын мүлтіксіз сақтау керектігі, сондай-ақ істегены үшін сотталушы кінәлі деп танылған қылмыстың ауырлық санатын, қылмыстың қайталануы мен оның түрлерін, қылмыстың жасалу сатыларын, сотталушының топ адамдармен, ұйымдасқан топпен не қылмыстық қауымдастықпен істеген қылмыска қатысу дәрежесін, қылмыстың мақсатқа жетуіндегі оның әрекетінің мәні мен келтірілген немесе мүмкін деген зиянның сипаты мен мөлшеріне әсері, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың болуын ескеру қажеттігі айтылған. Соттарға, сонымен бірге, қылмыстык заңда қылмыс істеген көмелетке толмағандарға, 65-тен асқан ер адамдарға, әйелдерге кылмыстық жаза тағайындаудың ерекше жолы қарастырылғандықтан, кінәлі деп саналғандардың жынысы мен жасын ескеру керек екендігі ұсынылады /52/.

Қылмыстық құқык ғылымында қылмысты жіктеу әрқилы. Қылмыстарды қылмыс құрамының элементтері  бойынша жіктеу жолы да бар. Әрқайсысында қандай да бір тектік объектіге қол сұғатын қылмыстарды қарастырған нормалар тобы шоғырландырылған тарауларға белінген қылмыстык қүқықтың Ерекше бөлімнің жүйесі қол сүғу объектісі бойынша жіктелген және құрылған. Мұндай жіктеудің маңызы құқық қолданушының Қылмыстық кодексті пайдалануын жеңілдетуімен ғана емес, сонымен бірге нақты әрекеттің әлеуметтік-саяси  мәнін дұрыс анықтауға мүмкіндік беруімен, сондай-ақ істелген әрекетті дұрыс саралауға көмектесуімен көрінеді. Мысалы, интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзғаны үшін жауптылықты қарастыратын ҚР ҚК 184-бабы «Меншікке қарсы қылмыстар» деп аталатын 6-тарауға орналасқан. Сол сияқты осындай бап Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінде «Адамның және азаматтың конституциялық жөне өзге де құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар» деп аталатын тарауына орналасқан. Осыдан келіп, РФ ҚК бойынша осы көрсетілген қылмыстық әрекеттен жәбірленуші тек жеке түлға ғана болып табылады, ал біздің заңнама бойынша заңшығарушының меншікке қатынасын тектік объектіге телуіне байланысты жеке түлғаның ғана емес, заңды тұлғаның да интеллектуалдық меншік құқықтары қорғалады.           ‘

Объективтік жағының белгілері бойынша барлық қылмыстарды белсенді әрекет жолымен және әрекетсіздік жолымен істелген; аяқталған және аяқталмаған; материалдық, формальды және қысқарған құрамды, созылмалы не жалғаспалы; біркелкі  қарапайым және біркежі күрделі кьілмыс деп бөлуге болады.

Жасалу субъектісі бойынша 14 жастан (ҚР ҚК 15-6. 2-бөл.) және (ҚР ҚК 15-6. 2-бөл.) 16 жастан жауаптылық басталатын қылмыс деп бөлуге болады.

ҚР ҚК 16-тарауындағы «Әскери қылмыстардың», ҚР ҚК 13-тарауындағы «Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделері қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстардың» (істегены үшін қылмыстық жауаптылық 16 жастан басталатын «Пара беру» — 312-бабы және «Парақорлыкка делдал болу» — 313-бабынан басқалары) барлығы үшін жауаптылық 18 жастан басталады, сондай ақ 18 жастан жауаптылық ҚР ҚК 2-тарауының 131-бабындағы «Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту», 132-бабындағы «Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы әрекетке тарту», 137-бабындағы «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» басталады.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығында қылмыстың жалпы субъектісімен және арнайы субъектісімен жасалған қылмыстарға бөлініп карастырылады. Бұл жерде қылмыстын арнайы субъектісі жалпы белгілерімен бірге (кылмыстық жауаптылық жасына толған есі дұрыс жеке тұлға) арнайы субъекті ретінде оны сипаттайтын қосымша белгілерге ие болады.

Қылмыстарды бөлу сондай-ақ субъективтік жақтарының белгісі бойынша жүзеге асырылады. Кінә нысанына қарай қасакана (ҚР ҚК 20-6.) және абайсыз (ҚР ҚК 20-6.) қылмыстық әрекет болып бөлінеді. Қылмыс ниетінің пайда болуына байланысты қылмыс мыналарға бөлінеді:

— алдын   ала   ойластырылған   ниетпен   (мысалы,   қылмыс   істеуге

дайындалады, бірге қатысушылар іздестіреді, қол сүғатын объектіні таңдайды және т. б.);

— кенеттен пайда болған ниетпен (мысалы, байқап қалды және ұрлап алды);

— қызбалық ниетпен (мысалы, қылмысты ойда жоқта көңіл күйінің бұзылуы салдарынан жасайды);

—  айқын ниетпен (мысалы, не үрлайтынын нақты біледі);

— белгісіз   ниетпен   істелетін   қылмыстар   (мысалы,   қандайда   бір қылмыс істеу кезінде кінәлі денсаулыққа зиян келтіреді, ал оның қандай зардап әкелетіні оған бәрібір).

Қылмысты субъективті белгілері бойынша бөлудің басқа да түрлері бар. Мысалы, кейбір қылмыстар тікелей де, жанама да ниетпен жасала береді (ҚР ҚК 96-6. «Адам өлтіру»), мұнан басқа ол қасақаналықпен де, абайсыздықпен де жасалуы мүмкін (ҚР ҚК 102-6. «Өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу»). Бұл жерде абайсыздықта істелген қьшмысқа қарағанда қасақана қылмыс үшін қатаңырақ жаза қарастырылатындықтан қасақана қылмысқа кінәлінің қатысы абайсыздықта ісгеген қылмысқа қарағанда айтарлықгай ауыр заңды салдарға әкеп тірейді.

Атап өту керек, кінә нысаны қоғамдық қауіптіліктің сипаты мен дәрежесін анықтауға әсер етеді (абайсыздықпен істелген қылмыс ауыр немесе аса ауыр деп танылуы мүмкін емес, қылмыстың қайталануы тек қана қасақана қылмыста танылады, қылмысқа дайындалу мен оқталу кінәнің қасақана нысанымен болады).

Кейде жіктеу негізіне қылмыстың жасалу себебі алынады. Мысалы, бас пайдасын көздеу себебі (ҚР ҚК 51-6. 2-бөлігіне сәйкес, пайдақорлыққа себеп болған қылмысты істегены үшін мүлкін тәркілеу белгіленеді) /53/.

Қылмыс қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесі бойынша қылмыс келесідей ажыратылып бөлінеді: негізгі(мысалы, ҚР ҚК 96-6. «Адам өлтіру»), жеңіпдетілген мөн-жайлармен (ҚР ҚК 97-6. «Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі», ҚР ҚК 98-6. «Жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру», ҚР ҚК 99-6. «Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде істелген кісі өлтіру», ҚР ҚК 100-6. «Қылмыс істеген адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде істелген кісі өлтіру»), ауырлатылган мән-жайлармен (КР ҚК 96-6. 2-бөлігімен сараланған құрам).

Қылмыстық заңнамалармен жауаптылық қарастырылатын барлық қылмыс жалпы белгілерге ие болады. Бұл — қоғамдық қауіпті және қылмыстық заңға қайшы әрекеттер. Әлеуметтік табиғаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай барлық қылмыстар бірнеше санатқа бөлінеді. Қылмысты белгілі бір санатқа жатқызу түрлі қүқықтық салдарлар туғызады /54/.

Қылмыстарды онша ауыр емес қылмыстар, ауырлығы орташа қылмыстар, ауыр қылмыстар және аса ауыр қылмыстар деп төрт санатқа бөлу заң бұзған адамға тйісті  көзқараспен қарауға, қылмыстық жауаптылыққа тарту, жаза тағайындаумен және  қылмыстық жауаптылық пен  жазадан босату шарттарымен істелген әрекетті саралау туралы мәселелерді шешуді қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Заң шығарушы ҚР ҚК 10-бабындағы қарастырылған қылмыс санаттарының әрқайсысына қатысты белгілі бір құқықгық зардаптарды белгілеген.

Мәселен, адам онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстар істеген кезде төмендегі мынадай зардаптар туындайды:

1) қылмыстың қайталануын анықтау кезінде негіз деп танылады (ҚР ҚК 13-6. 1-бөл. және 2-бөл. «а» тар.);

2) бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны етеу режимін анықтау кезінде негіз деп танылады (ҚР ҚК 48-6. 5-бөл. «а» және «6» тар.);

3) жауаптылық пен жазаны жеңілдету мән-жайларын тану кезінде негіз деп танылады (ҚР ҚК 53-6. 2-бөл.);

4) қылмыстардың   жиынтығы   бойынша   жаза   тағайындауда   жаза шамасын белгілеу кезінде ескеріледі (ҚР ҚК 58-6. 2-бөл.);

5)  шартты соттауды жою мен қалдыруға негіз деп танылады (ҚР ҚК 64-6. 4 және 5-бөл.);

6)  қылмыстық жауаптылықтан босатуға негіз деп танылады (ҚР ҚК 64, 65 және 68-6. 2-бөл.);

7)  қылмыстық жазадан босатуға негіз деп танылады (ҚР ҚК 71,74, 81 -6.);

8)  жазадан шартты-мерзімінен бұрын босатудың іс жүзіндегі және құқықтық негізі деп танылады (ҚР ҚК 70, 84-6.);

9) ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуға негіз деп танылады (ҚР ҚК 69, 85-6.);

10) айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне байланысты жазаны өтеуден босатуға негіз деп танылады (ҚР ҚК 64-6. 5-бөл. «а», «б» тар.);

11) сотгылықты жою мен алып тастау мерзімін есептеуге негіз деп танылады (ҚР ҚК 77, 86-6.).

Сөйтіп, мысалы ҚР ҚК 24-бабының 2-бөлігіне сәйкес,  ауыр немесе ауыр қылмысқа дайындалғаны үшін  қылмыстық жауаптылық туындамайды, ал осы баптың 4-бөлігіне сәйкес, жауаптылық онша ауыр емес қылмысқа оқталғаны үшін қарастырылмайды. ҚР ҚК 53-бабы 1-бөлігінің «а» тармағына сәйкес, онша ауыр емес қылмысты бірінші рет істеуы қьілмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар болып саналады. ҚР ҚК 58-бабының 2-бөлігіне сәйкес, егер қылмыстар жиынтығында тек онша ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар камтылса, онда түпкілікті жаза қатаңдығы жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен тағайындалады. ҚР ҚК 64-бабының 4-бөлігіне  сәйкес, шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде абайсызда қылмыс істеген не кішігірім ауырлықты қасақана  қылмыс істеген жағдайда шартты түрде соттаудың күшін жою немесе оны сақтау туралы мәселені сот жаңа қылмыс үшін жаза тағайындаған кезде шешеді, яғни сотқа шартты түрде сотталған адам сынақ мерзім ішінде орташа ауырлықтағы қасақана қылмыс, ауыр немесе аса ауыр қылмыс істеген жағдайда шартты түрде  сотталудың күшін жою құқығы берілген (ҚР ҚК 64-6. 5-бөл.).

Адамның аса ауыр қылмыс істеуі төмендегі мынадай құқықтық зардаптармен сипатталады:

1)  аса қауіпті қылмыстың кайталануымен (ҚР ҚК 13-6. 3-бөл.);

2) 20 жылға дейінгі бас бостандығынан айыруды, не өмір бойы бас бостандығынан айыруды немесе өлім жазасын қолданумен (ҚР ҚК 48-49-6.);

3)   қатаң режимдегі түзеу колониясында бас бостандығынан айыру жазасын өтеумен (ҚР ҚК 48-6. 5-бөл. «в» тар.) немесе бас бостандығынан айыру жазасының бір бөлігін түрмеде, бірақ 5 жылдан аспайтын мерзімін өтеуімен (ҚР ҚК 48-6. 6-бөл.);

4)  тағайындалған жаза  мерзімінің кемінде үштен екісін өтегеннен кейін (ҚР ҚК 70-6. 3-бөл. «в» тар.), ал кәмелетке  толмағандарға қатысты жаза мерзімінің кемінде  үштен екісін өтегеннен кейін (ҚР ҚК 84-6. «в» тар.) шартты-мерзімінен босатуды  қолданумен;

5)  қылмыстық жауаптылықтан  босатудың  он  бес  жылдық  ескіру мерзімі болуымен (ҚР ҚК 69-6. 1-бөл. «г» тар.);

6) соттылығын жоюдың сегіз жылдык мерзімімен (ҚР ҚК 77-6. 2-бөл. «е» тар.), ал кәмелетке толмағандарға қатысты үш жыддық мерзімімен (ҚР ҚК 86-6. «в» тар.) /55/.

Ауыр немесе аса ауыр қылмыс  істегены үшін соттау кезінде сот айыпкердің жеке басын  ескере отырып, оны құрметті,  әскери, арнаулы немесе өзге де атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық  дәрежесінен, біліктілік сыныбынан айыра алады, ал егер осы атақтарды,  шендерді, дәрежелер немесе сыныптарды Қазақстан Республикасының Президенті берген болса, онда сот осы аталғандардан айыру жөнінде ұсыныс жасайды. Жекелеген жағдайда заңшығарушы қылмыстың бірнеше жіктеуші белгілерін назарға алады. Мәселен, егер адам жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасап, осы қылмысты алдын алу, ашу немесе тергеуге белсенді  түрде атсалысса да ол қылмыстық жауаптылықтан босатылуы тиіс емес; егер жүкті әйелдер мен балиғатқа толмаған баласы бар әйелдер ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін бес жылдан артық мерзімге сотталған болса. онда оларға қатысты жазаны өтеуді кейінге қалдыруды қолдану мүмкін емес. Бұл жерде көріп отырғанымыздай, қылмыстың санаты ғана емес, осы қылмыс қол сұққан объект, ал ең ақырында жаза тағайыңдау мерзімі де ескеріледі  /56/.

Қылмысты белгілі бір санатқа жатқызу заңи зардаптар және қылмыстық жауаптылық пен жазаны даралау тұрғысынан алғанда маңызды мәнге ие болады. Біздің қылмыстық заңнамаларымызда, сондай-ақ көптеген ТМД елдерінің Қылмыстық кодекстерінде колданылып жүрген қылмыстарды қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесі бойынша жіктеудің орындылығы қылмыстық құқықтың даму  барысына негізделген және ол осы мәселенің пісіп-жетілгендігін көрсетеді, сондай-ақ жаза қарастырылған қылмыстың ауырлығына сайма-сай келуі болып табылады.

Сөйтіп, жоғарыда айтылғандар келесідей қорытынды істеуге мүмкіндік береді: 1) қылмыстарды жіктеу — бұл қылмыстарды белгілері бойынша тиісті топтар мен санаттарға бөлу процесі; 2) нәтиже ретіндегі қылмысгардың жіктелуі — бұл санаттарға бөлінген қылмыстар  жүйесі; 3) қылмыстарды жікгеу заңшығарушьшық және құқық қолданушылық қызметтерінде қолдануды қамтиды.

Профессор Е. Ә. Онғарбаев былай деп атап өтеді, «белгілі бір қылмыстарды белгілі бір санатқа енгізе отырып және оларды бірыңғай терминмен атай отырып, заңшығарушы сөйлем құрылымдарын ықшамдап, ҚР Қылмыстық кодексінде көлемі үлкен баптардың болмауын ойластырады. Бұл сонымен бірге қылмыс санаттарын  қылмыстық құқық нормаларына ұтымдырақ  орналастыруға  мүмкіндік береді, заңшығарушьшың ойлағанын нормаларда нақтырақ көрсетуге жағдай туғызады, нақты нормалар арасындағы өзара сәйкестікгі, заң техникасының тиімділігін қамтамасыз етеді.  Заңда  қылмыстарды жіктеуді жүзеге асыру олардың үнемі өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажеттіінен айырьш, оларды мейілінше тұрақты етеді» /57/.

Қылмыстық құқық теориясында ҚР ҚК «жеңілдету» мақсатында онша ауыр емес қылмыстардың қылмысқа жататындығьш альш тастау жөніндегі заңгер ғалымдардың көзқарастары көрсетілген. Бұл мәселені шешу үшін төмендегідей екі амал болуы мүмкін:

— біріншіден, қылмыстық қылық ұғымын енгізу керек. Қылмыстық қылыққа онша ауыр емес қылмыстардың бәрін жатқызуға болады;

— екіншіден, онша ауьф емес қылмыстардың бөрін әкімшілік және азаматтық-құқықтық жауапкершілік санатына ауыстыру мүмкіндігі /58/.

Осы айтылғандарға орай, профессор И. Ш. Борчашвили, онша ауыр емес қылмыстарды әкімшілік жауапкершілік саласына көшіріп, оларды қылмыссыздандырудың орынды екендігін айта келіп, мұның 2002 жылғы 20-қыркүйегінде ҚР Президентінің Жарлығымен мақұлданған  Құқықтық саясат

тұжырдамасында айтылған қылмыстық құқықты одан әрі гуманизациялауға жағдай туғызатындығын атап өтеді. Мәселені бұлай қоюдың дұрыстығына мына төмендегі қосымша дәлелдер айғақ болады:

1) бұл қылмыстардың пайыздық көрсеткіші жоғары болатындықтан ішкі істер департаменттерінің көп күші онша ауыр емес қылмыстардың алдын алу, оларды ашу мен тергеуге кетеді;

2) бұл   жұмыс   ішкі   істер   департаменті   қызметінің   сапасы   мен тиімділігіне онша әсер етпейді деп айтуға болады.

3) іс    жүзінде    адамды    бірінші    рет    кішігірім    немесе    орташа ауырлықтағы қылмыс істеген адам, егер ол қылмыс істегеннан кейін айыбын мойындап өз еркімен келсе немесе қылмысты ашуға жәрдемдессе, немесе қылмыс   келтірген   зиянды   өзгеше   түрде   қалпына   келтірсе,   қылмыстық жауаптылықтан босатуға құқық қорғау органдары мен соттарға құқық беретін ҚР  ҚК  «Қылмыстық жауаптылықтан  және  жазалаудан   босату»  атты  5-бөлімінде арнаулы нормалар бар болғандықтан ішікі істер департаментінің бұл орайда атқаратын жұмысы іс жүзінде жоққа саяды деп айтуға болады. Бұл жерде ҚР ҚК 79-бабының 7-бөлігіндегі «он төрт жастан он сегіз жасқа дейін ауыр емес қылмысты және он төрт жастан он алты жасқа дейін орташа ауыр қылмысты   бірінші   рет   істеген   адамдарға   бас   бостандығынан   айыру тағайындалмайды» деген ережені келтіру орынды /59/.
Тағы рефераттар