Қысқа мерзімді дебиторлық берешектер мен қорлар есебі туралы қазақша реферат

Дебиторлық берешектер төлеу мерзіміне немесе борышты өтеу күтілетін күніне байланысты қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Әдетте дебиторлық берешек шот-фактурамен расталады. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар жүйесінде дебиторлық берешектің пайда болуы субъектінің шаруашылық іс-әрекеттеріндегі объективті процесс болып саналады.

Дебиторлық берешек пайда болу сипатына қарай қалыпты және ақталмайтын делініп бөлінеді. Субъектінің өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің «WASABI» -ында, сондай-ақ есеп айырысудың қолданыста жүрген нысандарымен пайда болғандары қалыптыға жатады. Мерзімінде төленбеген дебиторлық берешек ақталмайтын болып саналады. Ол есеп және қаржы тәртібін бұрмалаушылықтар, ұйымдағы және бухгалтерлік есеп жүргізудегі кемшіліктер, тауарлы-материалдық қорларды жіберуді бақылаудағы босаңсулар салдарынан пайда болады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары – Дебиторлық берешектер деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық берешектер қысқа мерзімді дебиторлық берешектер және ұзақ мерзімді дебиторлық берешектер деп бөлінеді [12.]

Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде өтелетін дебиторлық берешектер қысқа мерзімді активтер қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар:

—         қысқа мерзімді дебиторлық берешек (1200)

—         сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі (1210)

—         еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі (1220)

—         қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі (1230)

—         филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі (1240)

—         қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі (1250)

—         жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек (1260)

—         алуға арналған қысқа мерзімді сыйақылар (1270)

—         өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек (1280)

—         күмәнді талаптар бойынша резерв (1290).

Дебиторлық берешектер иелік ету құқығымен қоса, заңды құқығымен байланысты актив болып саналады. Дебиторлық берешек дегеніміз – иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.

Негізінен дебиторлық берешектер келесідей бөлімдерді қамтиды:

—         сатып алушылар мен тапсырысшылардың дебиторлық берешегі

—         еншілес ұйымдардың дебиторлық берешегі

—         қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың дебиторлық берешегі

—         филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің дебиторлық берешегі

—         қызметкерлердің дебиторлық берешегі

—         жалдау бойынша дебиторлық берешек

—         алуға арналған сыйақылар

—         өзге дебиторлық берешек

Сонымен қатар материалдарды алдағы уақыттарда пайдалану үшін өндіріске босату және басқа жаққа берілетін мөлшерін белгілеп, оларды жетілдіріп отыру керек. Белгіленген тәртіп бойынша материалдардың қалдығын жаппай түгендеу, бақылау арқылы тексеріп және олардың нәтижесін дер кезінде есепке алып отыру қажет.

Еңбек заттары біртекті емес. Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар есебінен дұрыс ұйымдастырудың ең басты мәселесі – оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау болып табылады. Өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар:

—         шикізат;

—         негізгі материал;

—         көмекші материал;

—         жартылай фабрикат және тағы да басқалар болып бөлінеді.

Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің құрамына кіріп оның материалдық негізін жасайды.

Негізгі материалдардың қатарына өнімнің өзіндік құнын құрайтын өндеуші өнеркәсіп өнімдері – ұн, мата, кірпіш және тағы да басқалар жатады.

Өндірістік үдерістің бір сатысынан өтіп әрі қарай өндеуді қажет ететін материалдар жартылай фабрикаттар деп аталады. Материалдардың бұл түрін әрі қарай өндеу арқылы дайын бұйымдар алынады. Олардың аяқталмаған өнімнен айырмашылығы, оны сол күйінде сатуға болады. Бұндай жағдайда жартылай фабрикатты сатып алған ұйымдар оны әрі қарай өндейді. Сондықтан да әрі қарай өндеуге арналған ұйымның өзінің өндірген немесе басқалардан сатып алған заттары еңбек заттарының қатарында есептеледі. Жартылай фабрикаттар қатарына құрылыс ұйымдарында – бетон және ағаш бұйымдарын, металлургияда – шойын мен болатты жатқызуға болады [13].

Көмекші материалдарға — әр түрлі химикаттар мен майланатын, сүртетін және жөндеуге керекті басқа да материалдар жатады. Көмекші материалдардан өзгешелігі, олар өнімнің материалдық негізін құрамайды. Олар өндіріс үдерісінде қолданылуы негізгі материалдарға өзінің қандайда бір тиісті әсерін тигізіп, негізгі материалдың түсін тағы да басқа жақтарын өзгертеді. Материалдың бұл түріне бояуларды, әктерді (известь) жатқызуға болады.

Материалдық қорлардың ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдарды және тағы да басқалар есептеледі. Отындар тобына техникалық мақсатта энергия өндіруге, үй – жайларды жылытуға жылытуға райдаланатын материалдардың барлық түрі жатады.

Қорлардың есебі қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты №2 «Қорлар» негізінде жүргізіледі.

Салық кодексіне сәйкес, күмәнді талаптар – Қазақстан Республикасының заңды және жеке кәсіпкерлері – резиденттеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы іс-әрекет жасайтын заңды тұлғалар – резидент еместерге тауар өткізу, жұмыс орындау, қызмет көрсету нәтижесінде пайда болған және талап пайда болған сәттен бастағанда үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған талаптар; сонымен қатар өткізілган тауарлар,орындалған жұмыс, көрсетілген қызметтер бойынша пайда болған және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық төлеуші-дебиторды банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған талаптар да күмәнді деп танылады [14].

Егер күмәнді дебиторлық берешек болуы ықтимал және бағалануы мүмкін болса, оны шотта көрсету қажет. Салыстыру принципі бойынша дебиторлық берешектің есепті кезеңде күмәнді шығындары мойындалуын талап етеді. Болжанатын дебиторлық берешек операциялық іс-әрекеттен болған шығыс – күмәнді борыштар шығыстары ретінде көрсетіледі. Егер күмәнді дебиторлық берешектер күтілмесе, онда кірістер мен алынуға тиісті шоттарға ешқандай түзетулер талап етілмейді, ал дебиторлық берешек үмітсіз деп мойындау кезеңіне есептен шығарылады. Мұндай амал тек есептен шығару деп аталады. Егер күмәнді дебиторлық берешек ықтимал (мерзімі біткен) және есепке алынуы мүмкін болса, есепті кезең соңында түзету жобасын жасау талап етіледі. Күмәнді берешектер бойынша резерв есепті кезең соңында өткізілген дебиторлық берешекті түгендеу қорытындылары негізінде құрылады. Күмәнді берешектерді бағалау жөнінде екі тәсіл бар: өткізу, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет көлемінің проценті тәсілі және төлеу мерзімі бойынша шоттарды есептеу тәсілі.

Өткізу көлеміне байланысты процент тәсілі – үмітсіз берешектердің проценті жалпы өткізу көлемінде анықталады. Бұл үшін бірнеше кезең ішінде (ең азы үш жыл) тауар өткізу (жұмыс, қызмет) көлемін және берешектер бойынша резерв пайда болуы үшін процентті белгілеуге арналған төленбеген шоттар сомасын талдау қажет.

Төлеу мерзімі бойынша шоттарды есептеу тәсілі – берешекті төлеу мерзімі бойынша күмәнді талаптар проценті анықталады. Бұл үшін алынуға тиісті барлық шоттарды мынадай  категориялар бойынша жіктеу қажет:

1)    өтеу мерзімі әлі болмаған шоттар;

2)    1 күннен 30 күнге дейінгі төлеу мерзімі бар шоттар;

3)    31 күннен 60 күнге дейінгі төлеу мерзімі бар шоттар;

4)    61 күннен 90 күнге дейінгі төлеу мерзімі бар шоттар;

5)    90 және одан көп күндерде төлеу мерзімі бар шоттар.

Кесте – 4 Дебиторлық берешектердің операциялары бойынша шоттар корреспонденциясы

Рет

Шаруашылық

Шоттар корреспонденциясы
дебет кредит
1 Тауарлар, жұмыстар, қызметтер сатылды: — ҚҚСсомасына (14%) 7010,2110 8010,1330,

3130,6010

2 Сатылған тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге вексель алынды 1130

 

2110

 

3 Алынуға тиесілі, марапаттау сомасы есептелінді 1270 4420
4 Ай сайынғы марапаттау сомасы табыс сомасы ретінде танылады 3520 6120
5 Мерзімі жеткеннен кейін вексельдің де, марапаттаудың да сомасы өтелді 1030 1130,1270
Ескерту: Ұйымның мәліметтері негізінде жасалды

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі «WASABI» ЖШС — ында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып алған бірақ әзірге ұйымға келіп түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету «WASABI» -ында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлық-материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады [15].

Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі, өндіріс құралдары шаруашылық үдерісіне (процесіне) ұзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік қүнының көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады. Сонымен қатар еңбек заттары өндірістік қор болып табылады.

Материалдарды есептеудің негізгі  міндеттері:

  1. Дайындалған, келіп түскен және өндіріске немесе сыртқа босатылған материалдарды уақытында есептеп, кіріске алу немесе есептен шығару.
  2. Материалдардың қоймада және тасымалдау кезінде түгел сақталуын   бақылау.
  3. Материалдық қорлар қалдығының белгіленген мөлшерден артып немесе төмендеп кетпеуін бақылау.
  4. Материадцарды өндірісте пайдаланған кезде олардың   техникалық   жолмен   анықталған   мөлшерін және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау.
  5. Материалдардың өндірісте ұтымды пайдаланылуын  бақылау.
  6. Дайындалған материалдардың езіндік қүнын анықтап   және   олардың  жоспарлы   есептеу   бағасынан айырмашылығын тауып, пайдаланылған материалдар құнын әр объектінің шығынына қосу.

Жақсы және дұрыс ұйымдастырылған есеп материалдардың түгел сақталуына, үнемді пайдаланылуына көмегін тигізеді. Материалдардың түгел және дұрыс сақталуы, сондай-ақ ұтымды пайдаланылуы, жұмсалуы үшін алдын ала мыналарды жасау қажет:

Материалдық қорлардың барлық түрлерінің есебі 1300 – «Қорлар» бөлімшесінің негізгі, активтік, инвентарлық шоттарында жүргізіледі.

1310 – «Шикізаттар мен материалдар» шоты

1320 – «Дайын өнім»

1330 – «Тауарлар».

1340 – «Аяқталмаған өндіріс».

Материадцық қорлар бухгалтерлік есепте мына әдістер негізінде бағаланады:

1   Арнайы бірегейлендіру  әдісі

  1. Орташа өлшенген қун әдісі
  2. ФИФО әдісі

Арнайы жалпылама бірегейлендіру әдіс. Бұл әдіс әдетте бірімен-бірін алмастыруға болмайтын немесе кәсіпорында ерекше тәртіппен пайдаланылатын (автомобильдер, ауыр жабдықтар, асыл металдардың, асыл тастардың т.б.) нақтылы бір материалдық қорлардың бағасын есептеуге арналған. Бұл әдіс жұмсалынған материалдар мен істелінген жұмыстардың нақты өзіндік құнын есептеп шығаруды көздейді. Сондай-ақ бұл есептеу әдісі сатылып алынғанына немесе кәсіпорынның өзінде өндірілгеніне қарамастан арнаулы жоспарлауға арналған материалдардың өзіндік құнын есептеуге арналған.

Орташа өлшенген құндық  әдіс.Орташа өлшенген құндық  әдісі бойынша кәсіпорынға кіріске алынған әрбір материалдық қорлардың бағасы олардың кіріске алынғандағы шоты бойынша бағасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. Материалдық қорлар тобының (түрінің) орташа өлшенген құны ұйымдағы материалдардың есепті айдың басындағы қалған қалдығының құнымен ай бойы кіріске алынған материалдар құнының жиынтығын (қосындысын) материалдардың ай басындағы сандарының қалдығымен ай бойы кіріске алынған тиісті материалдардың сандарының қосындысына бөлу арқылы анықталады.

Мұндағы:

— ай басындағы қалған материалдардың қалдық құны;

Км.к.       – ай басындағы қалған материалдардың қалдық саны;

— алынған материалдардың құны;

Калын  –  алынған материалдардың саны.

Біздің мысалымызда материалдардың орташа өлшенген құны мынаны құрайды:

Кесте – 6 Мысалы:   А – түрлі материалдар тобы

        Күні       кіріс  

шығыс

Саны (дана) Бағасы (тенге) Сомасы (тенге)
Ай басындағы қалдық 50 100 5000  
Ай бойғы кіріске алынған материалдар қоры        
1-топтама

2-топтама

3-топтама

4-топтама

5-топтама

100

80

90

100

70

110

120

130

140

150

11000

9600

11700

14000

10500

 
Жиыны 440 56800  
Барлығы 490 61800  
ФИФО әдісі бойынша ай бойғы шығысы 250   28200  
ФИФО әдісі бойынша ай соңындағы қалдық 240   33600  

(орташа өлшем құны)

Орташа өлшем құнын, жұмсалған материалдар санына көбейтсек

126,122 х 250 = 31530,5 онда біз жұмсалған материалдардың құнын аламыз,  ал ай соңындағы материалдардың қалдық санын орташа өлшем құнына көбейтіп – қалдық құнын аламыз.

240 х 126,122 = 30269,28

ФИФОбұл материалдық құндылықтарды олардың бастапқы құны бойынша бағалау әдісі. Мұндай әдісте мынадай қағида қолданылады:

«Бірінші топтама – кіріске, бірінші болып – шығысқа», яғни материалдық құндылықтардың шығынын оларды сатып алу құны бойынша белгілі бір кезектілікпен бағалайды:  Басқаша айтатын болсақ, барлық келіп кіріске алынған материалдар бірінен соң бірі кіріске алынғандағы кезегі бойынша шығыс етіледі деп есептелінеді. Бұл жағдайда ай соңында кәсіпорынның қоймасында қалған материалдардың өзіндік құны соңғы кіріске алынған материалдардың бағасымен бағаланады.

Мысалы, ФИФО әдісі бойынша: Бірінші кіріс етілгендер, соның ішінде: айдың басындағы кәсіпорынның қоймасындағы материалдардың қалдық саны 50 дана сомасы 5000 теңге, бірінші топтамада кіріске алынғаны 100 дана сомасы 11000 теңге, екінші топтамада кіріске алынғаны 80 дана сомасы 9600 теңге, үшінші топтамада кіріске алынған материалдардың тек қана 20 данасы сомасы 2600 теңге шығыс етіледі. Барлығы 250 (50+100+80+20) дана, сомасы 28200 (5000+11000+ +9600+2600) теңгенің материалдары.

Материалдар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін материалдардың номенклатуралық тізімі мен баға көрсеткішін дайындаған дұрыс.

Материалдардың номенклатурасы деп өндірісте пайдаланылатын материалдардың белгілі бір түрлеріне олардың аты, сапасы, мөлшері тағы да басқа көрсеткіштері бойынша жасалған жіктеу тізімін атайды. Номенклатуралық тізімінде әр материалдардың дұрыс аты, оған берілген нөмірі мен өлшем бірлігі көрсетіледі. Сонымен қатар номенклатуралық тізімде әрбір материалдардың бухгалтерлік есепте есептелетін бағасы көрсетіледі. Сондықтан номенклатуралық тізімді номенклатуралық баға көрсеткіші деп те атайды. Кәсіпорындар мен ұйымдарда пайдаланатын материалдар номенклатуралық тізімде, әдетте белгілі өздерінің топтары бойынша және ішкі топтары аттары, сапалары немесе мөлшерлері бойынша жіктеліп көрсетілуі тиіс. Әрбір топқа тиісті сан жүйесі яғни шифр белгіленеді. Шифр жүйесіндегі сандық белгілер саны әрбір топқа жататын материалдар санына байланысты. Материалдарға берілген шифрлар бұл материалдар жазылған алғашқы құжаттарда, есеп тіркелімдерінде және әр түрлі кестелерде (таблицаларда) көрсетілетін болғандықтан, есеп қызметінің жұмысын жетілдіру үшін сан жүйесінің (шифрлары) және оның цифрларының аз болуы ыңғайлы әрі дұрыс болады. Материалдарға шифрлар тағайындалғанда сол шифрдан материалдың қай шотқа, сондай – ақ қандай аралық шотқа жататынын көрсететіндей етіп тағайындау керек.

Кәсіпорындағы материалдық-қорларды түгендеу нәтижесі бухгалтерлік есепте түгендеудің біткен айында көрсетілуі тиіс. Кем шыққан және бүлінген материалдардың құны кінәлі адамнан қағида бойынша бөлшек сауда бағасымен өндіріледі

.

Тағы рефераттар