Логикалық қателер — ойлану барысында ойдың бұрыс жолмен кетуінен туындайды. Негізінен ой қорытындысында, пікірде, ұғымдарға анықтама беруде, дәлелдеу мен теріске шығаруда, жалпы ойлау кезінде ойдың логикалық жүйесінің, логикалық заңдардың бұзылуын білдіреді. Дәстүрлі логикада ежелден Логикалық қателердің мынадай үш түрі анықталды:
1) Дәлелдеу негізіндегі қателер
2) Тезиске қатысты қателер
3) Аргумент келтірудегі қателер, яғни ой қорыту мен пікір формаларынан кететін қателер.
Логикалық қателер :
белгілі бір пікірлерді айту үшін ойлаудың алғышарттарын бұрыс талқылаудан немесе пайдаланудан (мысалы, белгілі бір шарттарда ақиқат болатын кейбір пікір ешбір шарт қоймай-ақ ақиқат деп алынады);ойлау барысында логика заңдарының бұзылуынан (мысалы, силлогизмде белгілі “терминдерді төрт еселеу”: жалпы терминдердің бар екендігі көрінген сияқты болғандықтан алғышарттар топталады, ал шынында мұндай терминдердің ар жағында түрлі ұғымдар тұрады); пікірдің қорытындысын бұрыс тал-қылаудан; мұндай пікір осы талдаудың түйіні бола алмайды (мысалы, дәлелдеуде — тезистерді алмастыру), т.б. келіп шығады.
Тағы рефераттар
- Азаматтардың әрекет қабілеттілік пен құқық ұғымы
- Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні
- Ақтөбе қаласының атмосферасын кәсіпорындар ластауда
- ҚР тұрғын үй шаруашылығын дамытыудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы
- Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қызметі