Қазақстан Республикасы бүкіл әлемдік сауда ұйымына кіргелі отыр. Әлемдік рынокта мақтаға деген сұраныс қазіргі таңда өте жоғары болып отыр. Қазақстанда жер кең. Бірақ мақта өсіретін аймақ оңтүстік қана. Бұл өңір бүкіл Қазақстандағы суармалы жердің ¼ бөлігін алып жатқанын ескерсек, осынау байлықтың бағасы мен мақтаның мүмкіндігін тиімді пайдалана білуіміз керек. Мақта саласы  бойынша Қазақстан Республикасына көршілес жатқан Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттері т.б. көптеген шет елдік мемлекеттер, бәсекелес болып отыр. Өз еліміздің дүние жүзілік рыноктағы мақта талшығының дәрежесі төмендеп кеткен сияқты. Өйткені, мақта сортының төмен болуы, яғни  өзіміздің елден шыққан мақта тұқымының элиталық сортын пайдаланбауымыздың әсері.

Соңғы жылдары мақтадан мақтанарлықтай өнім алып жатырмыз. Ол дұрыс. Бірақ осы өнімнің сапасы қандай, сатып алушысы кім, ол жағына тереңдемей диқандар “өндіре берсек болды, қалғаны менің шаруам емеске” бет қойған сыңайы бар.

Дүниежүзі халықтары жылына 20млн. 800 мың тонна мақта талшығын тұтынады екен. Әлемнің осындай  сұранысына ие, ол сұраныстың жыл сайын 3% -ға өсіп отырғанын ескерсек сапасы  жоғары талшыққа қашанда  тапсырысшы табылуға тиіс. Ал, олай болса әлемдік рынокта бұрын-соңды жоғары бағаланған Қазақстан мақтасына деген құштарлық соңғы жылдары неге  бәсеңсіп кетті?

Міне, саланың мақта үшін жаны ауыратын мамандарының, ғалымдардың, өнімді сатып алушылардың жанына бататын, көп жылдан бері көкірекке тағылған, түтіні қалың, салмағы ауыр осындай қадау-қадау, көкейтесті проблемалар көп. Оның шешімі табылғанша әлемдік рыноктағы орнымызды жоғалтып алмаймыз ба деген қауіп те жоқ емес. Бұл саланың мәселелері – тез арада элиталық тұқым шаруашылықтарын құру, қалпына келтіру ісін бірінші кезекке шығарып, жүзеге асырғанда ғана шешімін таппақ. Қазіргі кезде мақта  шаруашылығының диқандары Өзбекстанның арзан шитіне ұмтылушылары, Қазақстан Республикасы  мақтасының дүние жүзілік рынокта өз беделін түсіріп, рыноктағы өтімдігіне нұқсан келтіріп отыр.

Маңдай  терлетіп мақта егіп жатқан диқандарды кемітпек ой жоқ. Бірақ, қолдың сыртқа емес, ішке бүгілетінін ескерсек, әркімге өз аузы жақын емес пе? Бұл орайда мақташының “неғұрлым мол ексем, көп алсам, көп тапсам” дейтіні заңды. Өйткені, олар оның өтіміне, сатуына басын ауыртып жатпайтындар көптеп кездеседі.

Осы мақта талшығының сортының төмендеуі контрабандалық жолмен Өзбекстан республикасынан арзан бағамен келген мақта тұқымының шиттері егіліп отыр. Осының нәтижесінде  Қазақстан Республикасының мақта талшығының төмен болуының бірден-бір себебі болып отыр.

Қазіргі таңда өзіміздің өңірімізде мақта  тұқымының элиталық тұқымын шығарып отыр. Оған мемлекет тарапынан көптеп қаржы бөлініп, арнайы ғылыми тәжірибелік станциялар ашылды. Арнайы мақта тұқымы шаруашылықтарын ұйымдастыру барысында методикалық және өсіру экологиясы  тұрғысынан ғылыми кеңес беріп келеді. Шаруа қожалықтары мен ірі өндіріс кооперативтеріне  жаңа мақта сорттары технлогиясы және агротехникасы жөнінде ғылыми кеңес беріп, іс жүзінде көмек көрсетеді. Мұнымен қоса дүние жүзіндегі рынокта Қазақстан өзінің бәсекелестігін арттыру үшін мақта – жоңышқа ауыспалы егіс құрылымын ұсынады. Отандық мақта  сортының түпнұсқалық (элиталық) тұқымдық шитін өндіріп, элиталық шарушылықтарға жеткізеді. Сондай-ақ минералды тыңайтқыштарының енгізілу нормаларын әр жердің құнарлығына қарай анықтап ұсынады.

Соңғы жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында аудандастырылған үш мақта сорты егіліп келді. Мысалы, мақталық жердің 45 пайызына –С- 4727,5 пайызына –108-Ф, шамамен 3 пайыз жерге Қырғыз-3 сорты егілді, ал қалған мақталық жердің 47 пайызына белгісіз, контрабандалық жолмен әкелінген сорттары егілді. Бұл  өз кезегінде мақтаның өнімін күрт төмендетті, ал мақта талшығының сапасы әлемдік талапқа жауап бере алмады. Аталған барлық кемшілікті ретке келтіру мақсатында “Мақтаарал” отандық жаңа сорты облысымызда 2000 жылдан бастап алғаш рет Мақтаарал ауыл шаруашылығының тәжірибе станциясында 70га жерде егіле бастады. Алғашқы жылдың өзінде –ақ 30 тонна элиталық тұқымдық шит алынып, шаруашылықтарға таратыла бастады. Тек 2003 жылы Мақтаарал ауданында 50 мың гектардан астам жерге “Мақтаарал” сорты егілді. Ғалымдардың зерттеулері бойынша мұның әр гектарынан орташа 27-35 центнер өнім алынған, тіпті кейбір жерлерде гектар көрсеткіші 38-43 центнерге жеткен.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты  Мақтаарал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясында жоғары сапалы дүние жүзілік талапқа жауап беретін жаңа  отандық жеті Мақтаарал сорты шығарылып, оның үшеуі Оңтүстік Қазақстан облысында  аудандастырылды.

Биыл “Мақтаарал-4005” жаңа сорты мемлекеттік сорттық сынақ инспекциясының шешімімен Оңтүстік Қазақстан облысының мақталы алқабында аудандастырылды. Мұндай табыстар республикамыздың мақта  шарушылығында бұрын-соңды болып көрмеген.

Оңтүстік Қазақстан облысында Кеңес одағынан бері мақта егісінде жүрген С-4727  сортын егіп жүрміз. Ал бұл  С-4727 сортының оригинаторы көрші  Өзбекстан республикасында, бұл сорт  біраздан  бері ол жақта егілмейді. Сонда заңды сұрақ туады, сонда біз егіп жүрген С-4727 қандай сорт, элиталық,  түпнұсқалық шит қайдан алынады? Оның құжаты бар ма, сапалық сертификаты қайда, карантиндік құжаты бар ма? Осы сұрақтарға жауап жоқ. Сондықтан біз өзімзіді — өзіміз алдап жүрген сияқтымыз. Ешкім басқа біреуге ең жақсы тұқымын бермейді, өйткені жақсы элиталық шит бізге тұқым сатқысы келіп отырған көршілердің өзінде жетіспейді.

Бізде өзіміздің отандық жаңа, дүние жүзілік, халықаралық талапқа жауап беретін сорт жеткілікті . Егерде  облыста, ауданда тұқым дайындау  жұмысы  дұрыс  ұйымдастырылса, 3 жылдың ішінде барлық мақталық жерге жаңа отандық сорт егілер еді. Өз кезінде мақтаның өнімділігі 3-5 центнерге жаңа есебінен артар еді. Қазіргі кезде қарқынды дамып келе жатқан Қазақстан экономикасы мақта талшығын өңдеу мәселелерін тез шешуге мүмкіндік береді. Мақта кластеріндегі шикізат өндірушілердің алдына негізгі мақсат  — әлемдік талапқа сай жоғары сапалы мақта талшығын өндіру болып табылады.

Егерде Қазақстанда өндірелетін мақта талшығы сапасыз болып, жаңадан салынған жіп иіретін фабрика шикізатты Греция, Туркия немесе Өзбекстаннан алатын болса, онда Қазақстандық мақта кластері болмайды, ал біз өндірген сапасыз өнімді ешкім алмайды, өнім қоймада тұрып шіриді. Сондықтан мақта шикізатын өндіруші фермерлер сапалы өнім шығаруы қажет. Жоғары сапалы мақта шикізатын өндірудің бірден-бір жолы соңғы жылдары ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты. Мақтаарал ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы шығарған ғылыми негізделген ұсыныстар болып табылады. Ал мақта өндірудегі проблемаларды шешу мәселесі еш уақытта күн тәртібінен алынған емес, қайта  жылдан жылға мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын қолдау  көлемі ұлғайып келеді. Осы қолдаудың нәтижесінде  Қазақстан Республикасының мақтасы  дүние жүзілік рынокта өз бәсекелестігін жоғалтпас.

Оңтүстік Қазақстан облысында “арнайы экономикалық аймағын” ашып, кластерлік жүйені қолдап отыр. Осы “Мақта кластерін” дамытуда елімізбен көршілес жатқан, бәсекелес елдің бірі Өзбекстан Республикасынан үйренетін тірлік көп. Көрші Өзбекстан мемлекеті экономикасының негізгі тірегінің бірі – мақта. Біз сияқты ол мемлекет талшықты су тегін шет елге сатып отырған жоқ. Тоқыма,  тігін өндірісі ерекше дамыған. 1994-2004 жылдардың аралығында тоқыма тігін өндірісі мақтадан халық тұтынатын тауарлар өндіру көлемі 27,8 миллиард сумнан 473,4 миллиард сумға өскен. Республиканың қазіргі жағдайы мақтанарлықтай  болғанымен қандай қиын жылдарда да олар мақтаныштары –мақтасының бетіне, беделіне дақ түсірмей келеді. Мақта шаруашылығының тірегі, сапалы талшықтың негізі-шит шаруашылығын біздегідей шашыратып алмаған. Тұқымдық элита – сапалы шитінен айрылмаған көршілер қазір  мақта өндіріп, өңдеуге экспорттауда әлемде алғашқы ондықтың –Қытай, Үндістан сияқты мемлекеттердің қатарында келеді.

Осы көрші мемлекетіміз былтырдан бері биыл екінші жыл “жеңіл өнеркәсіп үшін тоқыма, технолог және жабдық – “Textile EXPO-2005” деген атпен халықаралық көрме өткізіп келеді. Өзбекстан мемлекетінің негізгі саясаты  мақта болған соң олардың мұндай көрмені ұйымдастыруы, өткізуі заңды. “Тесктиль ЭКСПО Өзбекстан 2005” көрмесін тоқыма өндірісі, жалпы жеңіл өнеркәсіп үшін технологиялар мен жабдықтардың бүкіл Орталық Азиядағы мамандандырылған көрмесі деп санауға болады. Халықаралық көрме өткізудің жобасын жасаған, ұйымдастырған Өзбекстанның өзі мен Ұлыбритания мемлекеттері екен. Көрмеге 25 мемлекеттен делегация қатысып келеді. Ал Қазақстандағы  мақта өсіретін бірден –бір аймақ болғандықтан мұндай көрмеге қатысудың біз үшін қажеттігі, маңыздылығы ерекше болып отыр. Мақта кластерін дамытуда қолға ала бастаған мемлекет, осы  бағытта 15-16 жеңіл өнеркәсіпорнын іске қосуды жоспарлап отырған біздің облыс делегациясының мақсаты да осы болашақ үлкен іске көрші мемлкетіміз Өзбекстан Республикасынан  үйренуге және көрмеден қандай жоғымызды табуға болады деген мәселе. Осы бағыт арқасында Қазақстан  Республикасыда өзінің экономикасын, саяси қоғамдық өмірін, әлеуметтік жағдайын және әлемдік рынокта да өзінің бәсекелестігін арттыра алады.

Барлық мақтаны бір адам сатып ала ма, жоқ жиырма адам бөліп сатып алама, біз үшін екі жағы да бірдей. Біздің алаңдайтынымыз-мақта шаруашылығының өркениетті келешегін, диқандардың бақуат тұрмысын, оның өңдеуші кәсіпорындарының өркендеуінен бөліп қарауға болмайтыны. Мақта өндірісі саласының көтерілуі, дамуы, озық технологиялар енгізіліп, агротехниканың тереңдетілуі, өнім өңдеудің жетілдірілуі мен өркендеуі осы кәсіпорындардың келешегіне байланысты. Салада бәсекелестер көп болған сайын аталған жұмыс бір-бірімен жарысып, қалыспай дамитын болады. Қазақстанда бізде ғана бар, байлық-әлемдік рынокта құны мұнай, уран тағы басқа да бағалы металдармен бірдей бағаланатын, стратегиялық маңызы аса зор дақыл-мақта шарушылығының өркениетті келешегі оның өңдеуші кәсіпорындарының  бұл жолда бір-бірін жауап  алуға, бағамен ұрып алуға ұмтылмай бірігіп,  ынтымақпен, бірлікпен, еңбек етуімен тығыз байланысты болғандықтан да осы жағдайды айтуға тиіспіз.

Сонымен қатар мақта шаруашылығының бәсекелестігі Өзбекстан Республикасы ғана емес, Тәжікстан, Түркменстан, Қырғызстан, Азербайжан, Армения  мемлекеттеріменде тығыз байланысты  болғандықтан да өз ықпалымызды жоғалтып алмауымыз керек. Әрине, бұл  аталған елдермен саяси, экономикалық, сауда-саттық қарым-қатынаста болғандықтан, ол мемлекеттердің біздің мақта шарушылығымызға көңіл  бөлетіні де ерекше. Аталған мемлекеттерде жеңіл өнеркәсіпорындары, мақта-мата тоқыма өндірісінің өнеркәсіптері жақсы дамыған. Оларда мата тоқу, жіпті иіру, трикотаж шығару жақсы дамыған. Бұл мемлекеттер біздің Қазақстан Республикасы ұқсап, мақтаны шикізат ретінде шығармайды. Өздерінде жеңіл  өнеркәсіпорындары жақсы дамығандықтан, тауарды шикізат ретінде емес, халық тұтынатын дайын өнімді шығарады.

Тағы бір айта кететін жәйт, ішкі рыноктағы мақта бағасының бәсекелестігі болып отыр. Облысымызда арнайы экономикалық аймақ ашылды. Кластерлік жүйе барынша күш салып, қолға алынып отыр. Бұл жерде мақтадан жаңа саладағы Қазақстандық өнім  шығарылатын болады. Осы аймақта Қазақстандық инвестор  жұмыс істей ме, әлде шетелдік инвестор ма? – Үкімет басшылары үшін оның айырмашылығы жоқ. Себебі бұл  өңірде бәсекелестікке жол ашылмай келеді. Ірі мақта өңдеу зауыттарының иелері мақтаға монополистік үстемдік орнатып, оған өте төмен баға белгілеп,шаруаларды шаршатып отыр. Сондықтан биыл 2006ж мақта зауыттары иелерінің монополистік үстемдігін жойып, осы ашылған аймаққа шетелдік инвесторларды көптеп тартып, ішкі рынокта да мақта бағасын 40 теңгеден емес, 60 теңгеден жоғарылату мақсаты  көзделіп отыр. Бұл жәйт орындалса Оңтүстік Қазақстандық шаруалардың мақтаға деген құлшынысы артып, мақта сапасы артып,дүние жүзілік рыноктада Қазақстандық мақтаның дәрежесі жоғары болар еді.

Міне, біздің осы аталмыш мемлекеттерден үйренетін тірліктеріміз көп. Біз қазіргі кластерлік жүйені жақсылап қолға алып, келешекте бізде өзге мемлекеттер ұқсап, тауарды халық тұтынатындай дәрежеге жеткізсек, онда біздің экономикамыздың,әлеуметтік ахуалымыздың жақсаратыны сөзсіз.

Жалпы алғанда, мақта шаруашылығының бәсекелестігін арттыру үшін, кластерлік жүйені тез дамыта алсақ, сонда біздің мемлекетіміз әлемдік рынокта да өзінің бәсекелестік үстемдігін орнатар еді.
Тағы рефераттар