Маркетингтіктегі коммуникациялық саясат түсінігі мен түрлері, процесі туралы қазақша реферат

Маркетингтіктегі коммуникация – тұтынушыларға ықпал ету мақсатында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге сұранысты қалыптастыру мен ынталандыруға бағытталған шаралар жүйесі. Экономикалық әдебиеттерде маркетингтік коммуникация ұғымының “тауарды жылжыту” деген синонимі жиі кездеседі.

Маркетингтік коммуникацияның мынадай түрлері бар:

— жарнама;

— өткізуді ынталандыру;

— жеке (дербес, персональные) сату;

— қоғаммен байланыс – паблик рилейшнз (PR);

— тікелей маркетинг.

Қазіргі жағдайда тікелей маркетинг тауарларды тарату арнасы ретінде жеке мағынаға ие болып отыр.

Маркетингтік коммуникация түрлері

Жарнама Өткізуді

ынталандыру

Қоғаммен

байланыс

Жеке

сату

Тікелей

Маркетинг

Басылған және ауызша жарнама Жарыстар, ойындар, тотализаторлар, лотереялар Басылымға арналған жиналымдар Таныстыру рәсімдері Тізімдемелер
Сыртқы орама Сыйлықақы мен сыйлықтар Сөздер Іскерлік кездесулер Почталық маркетинг
Кинолар Үлгілер іріктемесі Семинарлар Сыйлықақылы бағдарламалар Телемаркетиг
Кітапшалар мен буклеттер Жәрмеңкелер мен сауда көрмелері Жылдық есептер Үлгілер Электронды сатылымдар
Плакаттар мен парақшалар Көрме Қайырымдылық Жәрмеңкелер және сауда қойылымдары Теледидарлық дүкен
Анықтамалар Көрсетілімдер Демеушілік Факс
Қосымша жарнама таралымы Купондар Жарияланымдар Электронды почталар
Стендтағы жарнамалар Жеңілдіктер Қоғаммен қарым-қатынас Дауыстық почта
Плакаттағы жазбалар Қолайлы несиелер
Сату орнындағы жарнамалар Ойын-сауықтар Сәйкестендіру құралы
Аудио-, бейнематериалдар Кезікпе сатылым кезіндегі жеңілдіктер Компания журналы
Эмблемалар мен логотиптер Бағдарлама сабақтастығы Қабылдаулар
Бейнежазбалар Мәжбүрлеме ассортимент

Тауардың сырт пішіні, оның түрі, түсі, буып-түюі, орауы да коммуникациялық қызмет атқаруы мүмкін.                          Коммуникациялардың жеке және жеке емес арналары бар. Жеке коммуникация арнасы (немесе дақпырт арнасы) – бұл адамдардың жүзбе-жүз, телефон және хат алысу арқылы өзара қатынасуы. Мұндай арнадағы қатынастар кеңес берушілер, достар, әріптестер, көршілер арқылы жүреді. Қымбат тауарларды сатып алу кезінде осындай арнаның маңызы зор. Жеке емес коммуникация арнасына БАҚ арқылы таратылатын хабарлар және арнайы шаралар (баспасөз-конференциясы, таныстыру рәсімі және т.б.) жатады. Осы екі кезеңдік коммуникация процесінде лидердің пікірі маңызды рөл атқарады, сондықтан да жарнаманы соларға бағыттау керек. Тиімді маркетингтік коммуникацияны құру үшін мақсатты аудиторияны, сонымен қатар тұтынушылардың біліктілігі мен тәжірибесін білу қажет. Мамандар қандай аудиторияны қызықтыру қажеттілігін және ондағы тұтынушылардың реакциясын біліп отыруы керек. Тауарды нарықта жылжытуға бөлінген қаражат анықталғаннан кейін фирма оны жылжыту нысандарына қалай бөлу керектігін шешіп, кешенді бағдарлама жасауы тиіс.                          Жылжытудың түрлі нысандарын таңдауға тауардың түрі, жылжыту стратегиясы, сатып алушының сатып алуға дайындық деңгейі, тауардың өмірлік циклінің кезеңдері әсер етеді.    Тұтыну тауарларын жылжытудың ең тиімді түрі – жарнама болып табылады, содан кейін өткізуді ынталандыру, дербес сату, паблик рилейшнз, тікелей маркетинг орын алады. Ал өндіріс тауарлары үшін ең маңыздысы – дербес сату, содан соң өткізуді ынталандыру, жарнама, паблик рилейшнз.        Жылжыту бағдарламасының стратегиясы компанияның алға қозғау (Push strategy) және тұтынушыларды тарту стратегияларын таңдауымен байланысты. Алға қозғау стратегиясы  — тауарларды өткізу арналары мен түпкі тұтынушыларға жеткізуге бағытталған. Тұтынушыларды үйіру стратегиясы түпкі тұтынушыларды ақпаратпен қамтамасыз етуді, ынталандыру және үйіруді мақсат етеді. Тұтынушылардың тауар туралы мағлұматы мен білімін арттыруда жарнама мен паблик рилейшнз ең басты рөл атқарады, ал олардың талғамдары мен иланымдарына жеке сату мен өткізуді ынталандыру ықпалын көбірек тигізеді.         Тауарды нарыққа шығару кезеңіндегі жылжытудың ең тиімді құралдары – жарнама мен PR, екі нысан да өсу кезеңінде маңыздылығын жоғалтпайды. ТӨЦ-тің кемелденген кезеңінде өткізуді ынталандыруға көп мән беріліп, ал жарнама тауар туралы ойды еске салатындай болу керек. ТӨЦ-тің құлдырау кезеңінде жарнамаға кететін шығындар төмендеп, фирма өнімді өткізу үшін тұтынушыларды ынталандыру шараларына жүгінеді.              Соңғы жылдары коммуникацияның дамуында кейбір өзгерістер болып өтті. Қазіргі таңда маркетологтар жаппай сатып алушыларға бейімделуін тоқтатып, жеке сегменттер мен тұтынушылар топтарына бағытталған тар көлемді, бір жақты маркетингтік бағдарламалар жасауда. Жаппай маркетингтен оның мамандандырылған түріне ауысуы бұқаралық ақпарат құралдарындағы жаңа буынның – Web-парақтар және Интернет сияқты компьютерлік қызмет көрсетудің туындауына алып келді. Қазіргі тұтынушылар компаниялар туралы мол ақпаратпен қамтамасыз етілген. Әр түрлі арналардан келіп түсетін ақпараттар бір-біріне қарама-қайшы болмауы керек, өйткені ол тұтынушының көңілінде күдік тудыруы мүмкін. Сондықтан маркетологтар өзі арналарының қызметін үйлестіре білуі қажет..

 Маркетингтік коммуникация процесі

Коммуникация процесі басқару процесінің маңызды, мәнді бөлігі болып табылады. Маркетингте коммуникация процесі тұтынушыларға бағытталған, демек ол барынша тиімді болуы үшін әбден ойластырылып, жүйелі сипатта болуы керек. Коммуникациялық процесс тұтынушы секілді санаттың барлық ерекшеліктерін, оның жас мөлшерін, білімін, қызығушылығын, нені ұнататынын ескеруі керек. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының тиімділігін, басылымның көпшілікке жетуін, хабардың эфирге шығу уақытының қолайлығын және т.б. назарға алуға тиіс.               Тиімді маркетингтік коммуникация процесінің мынадай кезеңдері бөлінеді.                                          Бірінші екі элемент – коммуникацияның негізгі қатысушылары, яғни жіберуші мен алушы.                                                                                              Содан кейінгі екеуі – коммуникацияның негізгі қарулары, яғни ақпарат тарату құралдары

Ең соңғы элемент – жүйедегі кездейсоқ кедергілер.                             Жіберуші – басқа жаққа жолдау жіберуші тарап.                        Кодтау – ойды бейнелеп беру процесі.                                               Жолдау – жіберуші тарататын символдар жиынтығы.               Ақпарат тарату құралдары – жолдау жіберушіден алушыға жеткізетін коммуникация арналары.                                          Шешу – алушының жіберуші таратқан символдарға мән беру процесі.              Алушы – басқа тарап таратқан жолдауды қабылдаушы тарап.              Жауап әрекеті – алушының жолдауды қабылдау кезеңінде білдірген пікірлерінің жиынтығы.

Кері байланыс – алушының жіберуші назарына ұсынған жауап әрекетінің бөлігі.                                                                                                       Кедергілер – коммуникация процесі барысында орын алатын тосыннан араласу немесе бұрмалау салдарынан жіберуші таратқан жолдаудан өзгеше жолдау келіп түсуі.                                                                                            Үлгі тиімді коммуникацияның басты факторларын тауып береді. Жіберуші қандай аудиторияның жауабын алғысы келетінін білуі керек. Олар мақсатты аудитория әдетте қолданатын шешу процесінің ерекшелігін ескере отырып, жолдауды шебер кодтай білуге тиіс.                                                     Олар жолдауды мақсатты аудиторияға жететіндей етіп тиімді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жіберуі керек.Олар өздерінің жолдауына аудиторияның жауап әрекетін біліп отыруы үшін кері байланыс арналарын жасауы керек.                                              Мақсатты аудиторияның анықтауы қажет мәселе – нені айту, қалай айту, қашан айту, кімнің атынан айту керектігі туралы мәселе шешімге әсер етеді.                                                                 Қалаулы жауап әрекетті анықтау мақсатты аудиторияның сатып алуға дайындығының 6 түрлі жағдайында өтеді:                                           Хабардарлық – тауар не ұйым туралы мақсатты аудиторияның қаншалықты дәрежеде хабардар екенін анықтау қажет. Аудиторияның мүлдем хабарсыз болуы, тек атауын ғана білуі не атауынан басқа да нәрселерді білуі мүмкін. Егер аудиторияның басым бөлігі хабарсыз болып шықса, коммуникатордың міндеті – қажетті хабарды жеткізу, ең болмаса атауын білетіндей, танитындай жағдай туғызу.                                                         Білім – мақсатты аудитория фирма не оның тауары жайында хабардар болуы, бірақ басқа мағлұматтардан хабарсыз болуы мүмкін.                                  Ізгі ниетті ықылас. Егер мақсатты аудитория тауарды білсе, ол жайында қандай пікірде болмақ? Алдымен кемшіліктерін ашып алып, содан соң барып артықшылықтарын әңгімелеу керек.

Жоғары бағалау. Мақсатты аудитория тауарға ізгі ниетпен қарауы және оны басқаларға қарағанда жоғары бағалауы мүмкін. Мұндай жағдайда коммуникатор тұтынушының жоғары пікірін қалыптастыруға тырысып бағады – ол тауардың сапасын, оның құндылығын, жұмыс сипаттамасын, басқа да қасиеттерін мақтай бастайды.                                                       Коммуникатор өзінің осы науқанының табысты болғаны жайында ол аяқталғаннан кейін тұтынушының жоғары пікірін қайта салмақтау нәтижесі бойынша айта алады.  Сенім – мақсатты аудитория нақты тауарды жоғары бағалауы мүмкін, бірақ оны сатып алу қажеттігіне сенімі болмайды.                                             Сатып алуды іске асыру – мақсатты аудиторияның кейбір мүшелері қажетті сенімге ие болғанымен, сатып алуды іске асыруға дайын болмайды. Бәлкім, олар сатып алуды іске асыруды кейінірекке жоспарлап, қосымша ақпарат алуды тосатын болар.                                                         Коммуникатор осы тұтынушыларды олардан талап етілетін соңғы қадамды жасауға жетектеуге тиіс.                                                                      Сатып алуды іске асыруға жетелейтін тәсілдер ішінде тауарды төмен бағамен ұсыну, сатып алғаны үшін сыйлық беру, шектеулі мерзім ішінде тауарды сынап көруге ұсыну немесе таяу арада бұл тауарға қолы жетпей қалуы мүмкін екендігін тұспалдап жеткізу тәсілдері болуы керек.      Жолдауды таңдау, жолдауға назар аударту, қызығушылығын жоғалтпай, талап-тілегін күшейту, іс-әрекет жасауға түрткі болу керек (ALDA ережесі).                                                         Жолдау жасау мынадай 3 мәселені шешуді көздейді:

— не айту – жолдаудың мазмұны үш себепке негізделеді. Орынды себеп, әсерге сүйену себебі, көңіл-күйге сүйену себебі;

— қалай жүйелі айту, жолдаудың құрылымын әзірлеу, негіздеуді, тұжырымды пайдалану;

— қалай мазмұнын беру, қандай символдарды, жолдау түрлерін – теледидар, радио, баспасөзді, т.б. пайдалану барынша тиімді болмақ.

— не айту – жолдаудың мазмұны үш себепке негізделеді. Орынды себеп, әсерге сүйену себебі, көңіл-күйге сүйену себебі;

— қалай жүйелі айту, жолдаудың құрылымын әзірлеу, негіздеуді, тұжырымды пайдалану;

— қалай мазмұнын беру, қандай символдарды, жолдау түрлерін – теледидар, радио, баспасөзді, т.б. пайдалану барынша тиімді болмақ.

Ақпарат тарату құралдарын таңдау, коммуникация арналарын анықтау жеке коммуникация арнасы (түсіндіру, насихат, сараптамалық баға, қоғамдық-тұрмыстық арна, қауесет пікірлер);

— жеке меншік емес коммуникация арнасы (бұқаралық және таңдаулы әсер ету құралдары);

— ерекше арнайы ахуал;

— оқиғалық сипаттағы іс-шаралар;

— жолдаудың түпнұсқасын сипаттайтын қасиеттерді таңдау;

— кәсіби біліктілік;

— адалдық;

— тартымдылық;

— кері байланыс ағымын есепке алу.

.

Тағы рефераттар