Медициналық-әлеуметтік сараптаманы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті аумақтық департаменттерінің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлiмдерi жүргiзедi.

Медициналық-әлеуметтік сараптама медициналық ұйымның жолдамасы бойынша:

1) тұрғылықты тұратын (тіркелген) жері бойынша;

2) мамандандырылған мекемелерде емдеуде жүрген жері бойынша;

3) түзеу мекемелерінде және тергеу изоляторларында жүргізіледі.

Куәландыруға мынадай құжаттар:

1) 088/у нысаны ресімделген күннен бастап бір айдан кешіктірмей;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

3) тұратын жері туралы деректер;

4) ауру динамикасын талдау үшін амбулаторлық карта, ауру тарихының және зерттеу нәтижелерінің үзінді көшірмелері;

5) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәліктің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылады.

Куәландырылатын адам жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа:

1) кәсіби еңбекке қабілетін жоғалту белгіленген жағдайда — еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға немесе қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануы туралы Н-1 нысаны бойынша акті (бұдан әрі — Н-1 нысанындағы акті), Ұлттық еңбек гигиенасы мен кәсіптік аурулар орталығының мерзімі екі жылдан аспаған қорытындысын (бұдан әрі — ҰЕГ мен КАО қорытындысы);

2) жалпы еңбек қабілетін жоғалту белгіленген жағдайда — міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу фактісін растайтын құжатты;

3) мүгедектік себебі жаралануына, контузияға, жарақатына, мертігуіне ауруына байланысты айқындалған жағдайда — оның себептік-салдарлық байланысын белгілейтін уәкілетті органның қорытындысын;

4) 18 жасқа дейінгі адамдарға тәрбие, білім беру түрлері мен нысанын айқындау үшін айғақтар белгіленген жағдайда — психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысын;

5) еңбекке қабілетті жастағы адамдардың арасында алғашқы мүгедектік белгіленген жағдайда — еңбек қызметі туралы мәліметтерді (еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі) ұсынылады.

Мұны білгеніңіз жөн (оқып шығыңыз):

1) «Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

2) «Медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750 Қаулысы

Пайдалы сілтемелер:

1) www.zakon.kz – ақпараттық портал;

2) www.invalid.kz – Қазақстан мүгедектерінің порталы.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «медициналық-әлеуметтік сараптама», «медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясы» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
Тағы рефераттар