Мектеп оқушылары ортасындағы кикілжің мәселесін теориялық талдау туралы қазақша реферат

Халықтық білім беру сферасындағы іс-әрекеттің төрт субъектілерін бөліп көрсетеді: оқушы, мұғалім, ата-ана және әкімшілік. Субъекттердің өзаралық әртүрлі қарым-қатынасқа түсінуне байланысты В.Воронин бойынша кикілжіңдердің келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады: оқушы – оқушы; оқушы – мұғалім; оқушы – ата-ана; оқушы –әкімшілік; мұғалім – әкімшілік; мұғалім – мұғалім; мұғалім – ата-ана; ата-ана – ата-ана; ата-ана – әкімшілік; әкімшілік – әкімшілік.[3]

Оқу іс-әрекетінің көп тараған оқушылар ортасындағы кикілжің түрлері мен туындау себептерін қарастырайық.

Жасөспірімдік, жеткіншектік ортадағы кикілжіңдер барлық заманға және халыққа тән, ол Р.Киплингтің бейнелеген ХІХ ғасырдағы аристократтық мектебі болсын немесе ағылшын жазушысы У.Голдингтің «Повелитель мух» шығармасындағы ересектердің қарауынсыз, адам аяғы баспаған аралда қалып қойған бір топ балалардың оқиғасы болсын (И.Кон).[15]

Оқушылар арасындағы болатын кикілжіңдердің бірі лидерлікке ұмтылыс немесе лидерлік кикілжіңі. Мұнда екі-үш лидерлердің және олардың топтарының сыныптағы біріншілік беделіне таласуы. Орта сыныптарда қыздардың тобымен ұлдар тобының арасындағы кикілжіңдері жиі болып тұрады. Үш-төрт жасөспірімдердің бүкіл сынып немесе бір оқушының бүкіл сынып оқушыларымен кикілжіңге түсуі мүмкін. О.Ситковская, О.Михайлова психологтарыдың бақылауынша лидерлікке жол, әсіресе жасөспірімдер ортасында, қатыгездік, мейірімсіздік, өзінің біріншілігін көрсету немесе демонстрациялаумен байланысты. Балалық қатыгездік – барлығына танымды құбылыс. Әлемдік педагогиканың бір парадоксының нәтижесі бойынша бала ересектен де көбірек өзінің қатарластарынан қатыгездік көреді.[6]

Оқушылардың агрессивтік қылықтарының генезисі олардың жеке тұлғалық әлеуметтенуінің дефектерімен байланысты. Сонымен қатар, баланың және жеткіншектің жеке тұлғасы өзімен-өзі қалыптаспайды, қоршаған ортада, қоғамда қалыптасады. Әсіресе, маңызды болып кіші топтар жатады. Мұнда жеткіншек басқа адамдармен әрекеттеседі немесе қарым-қатынасқа түседі. Ең алдымен жанұяға қатысты. Әр түрлі авторлар сәтсіз қалыптасқан жанұяларды әр түрлі бөліп көрсетеді.

Л.С. Алексеева сәтсіз құрылған жанұялардың келесі түрлерін көрсетеді:

  1. кикілжіңді;
  2. аморальді;
  3. педогогикалық компетентті емес;
  4. асоциалды;

Г.П. Бочкарёва келесі жанұяларды бөліп көрсетеді:

  1. Эмоционалды атмосферасы сәтсіз құрылған жанұялар, мұнда ата-аналары өз балаларына мейірімсіз, сонымен қатар дөрекі, құрметтемей қарайды.
  2. Мүшелерінің арасында эмоционалды байланыс жоқ, баланың қажеттіліктеріне немқұрайлы қарайды.
  3. Балаға саяси жағымсыз қажеттіліктер мен қызушылықтар ілініп, оларды аморальді өмір сүруіне итеру.[16]

Сонымен, Р.Сирстің пікірінше мектепке дейінгі балалардың ата-аналарының жазалауының жиілігі мен балалардың агрессивтік әрекеттерінің жиілігінің арасындағы оңды байланысты табылған.

Ата-аналары физикалық күш көрсету арқылы тәрбиеленген балалар көбінесе кикілжіңге түскіш болып келеді деп А.Бандура өз пікірін білдіреді. Сондықтан Л.Джавинен, С.Ларсенс зерттеушілердің  пікірі бойынша жазалау жеке тұлға қылықтарының кикілжіңділігінің моделі деп санайды.[17]

Әлеуметтенудің алғашқы сатыларында агрессия қасиеті абайсыздан көрінуі мүмкін. Бірақ агрессиялық әрекет арқылы көздеген мақсатына жеткен соң, әртүрлі қиын ситуациялардан шығу үшін мұндай тәсілді қайтадан қолдануға ұмтылуы мүмкін. Ол үшін агрессия – қол жеткізу тәсілі емес, агрессия — өзіндік мақсаты болып саналады. Бұл агрессия қылығының өзіндік мотивіне айналып, өзін-өзі басқаруының төменгі деңгейінде басқаларға деген қарсыластық сезімін тудырады.

В.Лозоцева пірінше, бұдан басқа жасөспірімдердің өздерінің сыныптастарымен кикілжіңге түсуі, олардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Яғни өзімен жастылардың оны моральды этикалық критериймен бағалауы және т.с.с.[1]

Сынып ішіндегі жеке тұлғалар арасындағы кикілжіңдер түрлері өте көп.

Оқушылар тобы ішіндегі өзаралық кикілжіңдер топтағы жеке тұлғалық қарым-қатынастардың дисгармонизациялануынан және топтың құрылымының тепе-теңдігінің бұзылуынан (статустық, рөлдік, коммуникативтік, басқармалық) көрініс табады.

Топ әртүрлі күрделі де көп деңгейлі және көп функциональды көріністі болғандықтан, онда әр түрлі кикілжіңдер де дамиды.

Сол топ ішіндегі болатын кикілжіңдердің мінездемелеріне тоқтап өтсек:

  1. Берілген топтағы микро-топтардың өзара әрекеттесуі барысында кикілжіңдер туындауы мүмкін. Мұндай топтар әр түрлі кіші әлеуметтік топтарда кездеседі, және оларды саны 6-8 адамнан аспайды, сонымен қатар 3 адамнан тұратын микро-топтар да бар. Көпсанды топтар тұрақсыз болып келеді. Топ мүшелерінің жас деңгейінің өсуіне және олардың әлеуметтік статусына байланысты топтардың саны азаяды. Топтың өмірінде мини-топтар үлкен рөл ойнайды. Олардың өзара әрекеттесуі толығымен топтың климатының өзгеруіне, іс-әрекетінің нәтижелігіне әсер етеді. Кіші топтардың ішінде топтық өмірдің ережелері мен нормаларынан қозу байқалады, дәлірек айтқанда мини-топтағы ережелердің өзгеруіне инициатор болып табылады. «Ортаға жаңадан келген адам» ең бірінші, топтағы мини-топты таңдау мәселе алдында тұрады. Ол топ оны өзіне қабылдап, оның мінезін мақұлдайды.

Түзілу деңгейінде және оқушылардың өзара бейімделу деңгейінен өткен мектеп сыныбы, ереже бойынша осындай бірнеше микро-топтардан тұруы мүмкін. Олардың бұлай түзілуінің принципі болып, қатысушылардың статусына байланысты: «жұлдызы» бар немесе лидері бар жоғары статустық топтар, орта және төменгі статустық топтар, жиірек топ қабылдамаған жеке тұлғалардың (изгои) өзара қарым-қатынас құрған топтар болып бөлінеді.

Сыныптағы балалардың жынысы мен жасына байланысты кіші топтарға бөлінуі де әр түрлі өтеді. Бастауыш мектепте мектеп үлгерімі принципіне байланысты кіші топтар түзіледі және бір топтың өзіне сол және басқа жыныс мүшелерінің оқушылары түседі. Ал жеткіншектердегі балалар мен қыздар топтары көбінесе автономды болады. Мұнда балалар саны көп болса, онда топтың құрылымы бұтақталып, бір топқа жиналады. Ал егер қыз саны көп болса, ұлдар көбінесе қыздардың лидерлеріне бағытталып, бағынады.

Бір сыныптағы кіші топтар арасында әртүрлі қарым-қатынастар түзіледі. Ереже бойынша топтар арасында оң байланыс немесе барлық төменгі және орта статустық топтар жоғары статустық топқа бағытталуы мүмкін. Кейде топ ішінде топаралық кикілжіңдерді тудыратын бір адам немесе тұрақты жүк болады, олар басқа кіші топтың лидерімен кикілжіңдік қарым-қатынас құруы мүмкін.

  1. Кикілжіңдер жоғары статустық топтардың, сыртқы референтті топтың ортақ мақсатына және құндылықтарына қарсы тұруы немесе сәйкес келмеуіне байланысты туындайды.
  2. Басқару стилімен келіспеген формальді емес сыртқы топтың басқарушысымен әрекеттесу барысында туындайтын кикілжіңдік жағдайлар. Мұндағы кикілжің топтық болып басталмайды. Бұл жердегі кикілжіңге қатысушылар басқарушы және топтың жеке тұлғасы болуы мүмкін.
  3. Кикілжің кіші топтың өзінде туындауы мүмкін. Егер де кикілжіңге топтың басқа мүшелері қатыспаса, онда тарқаған топтың мүшелері өз орнынан басқа қоғам — достықтан табады.
  4. Лидерлер арасындағы кикілжіңдер. Бір жағдайда кикілжің күштері тең екі микро-топтың лидерлерінің арасында болса, екінші жағдайда кикілжің тұрақталған лидермен оның қолдаған, күшейіп келе жатқан адамының арасында туындайды. Бұдан басқа сынып үшін әр түрлі бағыттағы лидерлер кикілжіңдері дәстүрлі болып табылады. Мұндай қарсы күрестердің қажеті де жоқ, сонымен қатар үлкендердің дұрыс басқара алмауынан туындайды. Олар оқушыларға сыныпты «әсер ету сфераларына» бөлуге, өзінің лидерлік басшылығы тән спецификалық зоналарын әр лидерлерге табуға көмек бермейді.
  5. Сонымен қатар, формальді емес лидермен топтың басқарушысының арасындағы кикілжің көп таралған. Лидермен басқарушысының қызығушылықтары мен мәселелері бағыттас болса да, олар үнемі қақтығысуы мүмкін.[3;7]

Тағы рефераттар