Адам өзінің бүкіл өмірінде әртүрлі жағдайларды басынан өткеруі мүмкін. Осы жағдайлар адамның денсаулығына зиян келтіріп, еңбекке қабілеттілігін төмендетіп, нәтижесінде адам зардап шегуі мүмкін. Көбінесе  адам өзі кездейсоқ жағдайларды басқара алмайды:

Біріншіден, қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты. Екіншіден, адамның еркіне тәуелсіз. 2005 жылдың 1     қаңтарындағы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасында мемлекетпен іске асырылатын азаматтарды  әлеуметтік қорғаудың бір формасы ретінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі мекемелер мен ұйымдарда жұмыс істейтін кез-келген тұлғалардың жұмысын жоғалтуы, асыраушысынан айырылған, еңбекке қабілеттілігінен айырылған сияқты әлеуметтілік жағдайы бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларын әлеуметтік қамтамасыз етудің қосымша түрі болып табылады.  Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына әлеуметтік аударымдар төлейтін жеке тұлғалар, әлеуметтік төлем алушылар, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, Мемлекеттік зейнетақы орталығы, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жатады.

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі» акционерлік қоғамы — акционерлік қоғам формасындағы коммерциялық емес ұйым. Оны жалғыз негізгі қатысушысы мемлекет болып табылады.

Қор міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы – асыраушысынан айырылған отбасы мүшелеріне қатысты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға міндетті әлеуметтік аударымдар мен төлемдерді жүргізуді іске асырады. Еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан немесе асыраушысынан айырылған кезде оның отбасы мүшелері қордан әлеуметтік төлемдерді алуға құқылы.

Қордың негізгі мақсаты әлеуметтік аударымдардың толығымен қолданылуын және сақталуын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің тұрақтылығын қарастыру. Қор жұмысының негізгі түрлері:

—  Әлеуметтік аударымдарды қабылдау;

—   Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді төлеуді іске асыру.

Қор өзінің қызметін қор активтерінен алынатын комиссиялық марапаттау есебінен жүргізеді. Комиссиялық марапаттаудың  шекті пайыздық мөлшері және оның қолданылу механизмі жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітіледі. Қордың меншік құралдары қордың жарғылық капиталынан құрылады және қалыптасады. Қордың активтері негізінен әлеуметтік аударымдар есебінен қалыптасады. Активтік аударымдардың негізінен 98,8 пайызды құрайды.

2006 жылдың 1 сәуірінде қорға 18967 млн. теңгеге активтер түсті. Оның ішінде:

— әлеуметтік аударымдар 18679,3 млн. теңге;

— әлеуметтік аударымдардың уақытында алынбағаны үшін пеня 76,2 млн. теңге;

— инвестициялық кіріс 211,5 млн. теңге.

Әлеуметтік аударымдардың мөлшерінің өсуіне байланысты 2005 жылға қарағанда 2006 жылы активтердің түсуі 2,4 есеге артты. Ал 2007 жылы 2006 жылға қарағанда 1,9 есеге өседі деп болжамдалып отыр. [8, 7 б.]

Әлеуметтік аударымдар жұмысшыларға, Қазақстан Республикасында тұрақты өмір сүретін шетел азаматтарына төленеді.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылары үшін қорға төленетін әлеуметтік аударымдар мынадай мөлшерде белгіленген:

—  2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік аударымға 1,5 пайыз;

—  2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік аударымға 2 пайыз;

—    2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік аударымға 3 пайыз.

Әлеуметтік аударымдар төлеушілер есебінен әр ай сайын іске асырылады. 2006 жылғы 1 сәуірде әлеуметтік төлемдер мөлшері 31405,8 мың теңге болды.Соның ішінде 20338,3 мың теңге еңбекке қабілеттілігінен айырылғандар үшін; 10870,2 мың теңге асыраушысынан айырылғандар үшін; 194,3 мың теңге жұмысын жоғалтқандар үшін төленген. [8, 7 б.]

2006 жылы 1 сәуірде әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 1678,3 теңгені құрады. Еңбекке қабілеттілігінен айырылғандарға 1548,5 теңгені; асыраушысынан айырылғандарға 2143,9 теңге; жұмысын жоғалтқандарға 3313,2 теңгені құрады. Осы кезеңде әлеуметтік төлемдерді алушылар саны 3225 адам болды, оның ішінде еңбек қабілеттілігінен айырылғандар саны2287 адам, асыраушысынан айырылғандар саны 892 адам, жұмысын жоғалтқандар саны 46 адам. [8, 7 б.]

Іске асырылған әлеуметтік төлемдер мөлшері мен алушылар саны болжамдалған көрсеткіштер мәнінен аз. Әлеуметтік төлемдерді алушылар санының аз болуы көбінесе әлеуметтік төлемдердің белгіленуі бойынша халықтың өздеріне тиесілі құқықтары туралы ақпаратпен аз және жеткіліксіз қамтамасыз етілуінде. Осыған байланысты қор мынадай ақпарат береді:

-Егер тұлға міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылса, әлеуметтік тәуекелділік туындаған жағдайда, яғни еңбекке қабілеттілігінен айырылғанда, асыраушысынан айырылғанда, тұлға тек мемлекеттік әлеуметтік көмек алудан басқа, қордан әлеуметтік төлемдер алуға құқылы.

— Жұмысынан айырылғандарға әлеуметтік төлемдер — міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылатын 6 айдан кем емес әлеуметтік аударымдар төлеген  және ресми түрде жұмыссыз болып тіркелгендер әлеуметтік төлемдер алуға құқылы.

Әлеуметтік төлемдерді белгілеуде, оны қабылдау немесе одан бас тарту шешімдері еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Департаментімен құжат түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қабылданады. Халықты әлеуметтік қорғау және еңбек Департаменті ұсынылған құжаттардың сенімділігін тексеруге құқылы.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры өзінің инвестициялық қызметін

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қор арасында бекітілген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің келісімі негізінде қаржылық құралдарға активтерді орналастыру жолымен іске асырады.

2006 жылдың 1 сәуіріне қаржылық құралдармен келісім көлемі 112 операцияны құрайды, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ноталарымен 59, депозиттерімен 15, оның 104 операциясы жабылған және 211,5 млн. теңге көлемінде инвестициялық кіріс алынған. [8, 7 б.]

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылары материалдық қамтамасыз етілмеу тәуекелінен қорғалынған. Қор қатысушының есебіндегі аударымдарды, егер асыраушысынан айырылған жағдайда отбасы мүшелеріне төлемдерді беруге кепіл береді. Егер адамдарға қолайсыз жағдайлар кездессе, оның өміріне әлеуметтік сақтандыру көмек береді. Қор баршаға үміт пен сенімділік  ұялатады.
Тағы рефераттар