Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып табылады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді; шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі.

Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.

Бюджет кірістерінің негізгі көзі салықтар немесе оларға барабар төлемдер болып табылады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджеті кірістерінің құрамы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен айқындалады.

Бюджет жүйесі туралы заңға сәйкес бюджеттiң құрылымы мынадай бөлiмдерден тұрады:

1) кiрiстер:  /1/

  • салықтық түсiмдер;
  • салықтық емес түсiмдер;
  • негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдер;
  • ресми трансферттер түсiмдерi;

2) шығындар;

3) операциялық сальдо;

4) таза бюджеттiк кредит беру:

  • бюджеттiк кредиттер;
  • бюджеттiк кредиттердi өтеу;

5) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо:

  • қаржы активтерiн сатып алу;
  • мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер;

6) бюджет тапшылығы (профицитi);

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану):

  • қарыздар түсiмi;
  • қарыздарды өтеу;
  • бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.

Бюджет кiрiстерi салық және басқа да мiндеттi төлемдер, ресми трансферттер, мемлекетке өтеусiз негiзде берiлетiн, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттiң қаржы активтерiн сатуға байланысты емес, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiне сәйкес бюджетке eceптелуге тиiстi ақша бюджет кiрiстерi болып табылады.  Салықтық түсiмдер — Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерден тұрады.

Баршамызға белгiлi елiмiздiң салық жүйесi бiршама өзгерiстерге ұшырап, дамып және нығайып келедi. Бұл орайда 2004 жылдың 1-шi қаңтарынан iске қосылған Салық Кодексiне байланысты салық салу iсiнде көптеген өзгерiстер мен жаңалықтар енгiзiлдi.  /2/

2003 жылдың 12 маусымында Жаңа салық Кодексi қабылданып, 2004 жылдың 1-шi қаңтарынан бастап ол iске қосыла бастады. Бұл салық кодексiнде Қазақстан Республикасында қолданылатын салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер, атап айтқанда 9 салық, 13 алым, 9 төлем, 1 мемлекеттiк баж, 4 кедендiк алым белгiлендi.

Жаңа Салық Кодексi 2004 жылдың 1-шi қаңтарынан Қазақстанда мынадай салықтар енгiзiлдi:

  • корпорациялық табыс салығы;
  • жеке табыс салығы;
  • қосылған құн салығы;
  • акциздер;
  • жер қойнауын пайдаланушылардың салықтар мен арнайы төлемдерi;
  • әлеуметтiк салық;
  • жер салығы;
  • көлiк құралдары салығы;
  • мүлiк салығы. /2/

Осы Салық Кодексiндегi 13 түрлi алымдарға:

  • заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
  • жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
  • жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасаған мәмiлелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
  • радиоэлекторндық құралдары және жиiлiгi жоғары құрылғыларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
  • механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
  • теңiз, өзен кемелерi мен шағын көлемдi кемелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
  • азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
  • дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
  • автакөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы;
  • аукциондардан алынатын алым;
  • елтаңбалық алым;
  • жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым;
  • телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожилiк спектiрiн пайдалануға рұқсат беру үшiн алым. /2/

Салық Кодексiндегi төлемақыларға:

  • жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы;
  • жер бетiндегi көздердiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы;
  • қоршаған ортаның ластанғаны үшiн төлемақы;
  • жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы;
  • орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы;
  • ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы;
  • радиожилiк спектерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы;
  • кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы;
  • сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы.

Мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс көзiн құрайтын негiзгi қаржылық көздер – салықтар. Қазiргi кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетiндегi салықтық төлемдердiң үлесiн келесi 1-шi кестеден көре аламыз.

Кесте 1

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бюджетiнiң жалпы кiрiсiндегi салықтық түсiмдердiң үлес салмағы

  2003 2004 2005 2006 2007 2008 2009
Мемлекеттiк бюджет кiрiсi (млрд. теңге)

Оның iшiнде салықтық түсiмдер

242,7

 

178,1

279,4

 

204,1

304,1

 

215,6

393,0

 

330,3

587,0

 

524,1

746,9

 

670,0

7961,4

 

7300,6

Салық түсiмердiң мемлекеттiң бюджетiндегi үлесi % 73,4 73,0 70,9 89,0 89,3 92,5 91,7

* Көзі: Статистический ежегодник, 2009 год. – 462 стр.

 

Кестеден көрсетiлген мәлiметтердi қарастыра келе, қазiргi кезде елiмiздiң бюджетiнiң кiрiс көзiнiң 90%-ы салықтардан тұратыннын көруге болады. Ел экономикасы дамып, мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс көзi ұлғайған сайын салықтық түсiмдердiң де өсiп отырғаны байқалады. Себебi, салықтың экономикалық табиғаты өндiрiске байланысты. Өндiрiс бар жерде табыс та бар, одан алынатын салықтар да бар. Сондықтан салық өндiрiстiң дамуына барынша өз ықпалын тигiзiп, өндiрушiлердiң ынтасын арттыруға жағай жасауы қажет. /18/

Мемлекеттiк бюджет бұл мемлекеттiк өкiмет органдарының қызметiн қамтамасыз ету  үшiн ақшалай қаражатты қалыптастыру және  жұмсалудың негiзгi қаржы  жоспары. Мемлекеттiк бюджет республикалық және жергiлiктi   бюджеттердi бiрiктiредi.

Бюджеттiң  табысы – салық және салыққа жатпайтын  түсiмдер мен алымдар көлемi, сондай-ақ қайтарылмайтын негiзде  бюджетке түсетiн капиталмен жасалған операциялардан  түсетiн табыстардан тұрады.

Мемекеттiк бюджеттiң 2007-2009 жылдар аралығындағы мемлекеттiк бюджеттiң орындалу көрсеткiштерi (кесте 2) көрсетiген.

Кесте 2

Мемлекеттiк бюджеттiң орындалуы, млн.теңге

Көрсеткiштер

2007 ж

үлес салмағы %

2008 ж

үлес салмағы %

2009 ж

үлес салмағы %

Түсiмдер

Табыстар

Салықтық түсiмдер:оның iшiнде:

заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы

жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы

әлеуметтiк салық

қосылған құн салығы

акциздер

мүлiк салығы

жер салығы

басқа салықтар

Салықтық емес түсiмдер

Капитал операцияларынан түскен табыс

Алынған ресми трансферттер

Бюджеттен бұрын берiлген несие бойынша негiзгi борышты өтеу

598746

587026

524026

163529

51016

99082

115159

19285

14763

5506

55636

38602

24379

3196

8511

100,0

98,1

87,5

27,3

8,5

16,5

19,2

3,2

2,5

0,9

9,2

6,4

4,1

0,5

1,4

746612

733660

635792

169048

68574

124284

159913

21830

20944

5454

65745

72505

25363

233

12719

100,0

98,3

85,2

22,6

9,2

16,6

21,5

2,9

2,8

0,7

8,8

9,7

3,4

0,0

1,7

844324

830271

773780

212438

107014

152770

200664

30362

27228

9002

35300

50386

6105

0,0

14063

100,0

98,3

91,6

25,2

12,7

18,1

23,7

3,6

3,1

1,1

4,1

6,0

0,7

0,0

1,7

* Көзі: Статистический ежегодник, 2009 год. – 462 стр.

 

2007 жылы мемлекеттiк  бюджеттiң  орындалуындағы түсiмi 598746  млн. тенгенi құраса, 2008 жылы 746612 млн. теңгенi құраған, ал   2009 жылы 844324 млн. теңгенi құраған. Бұл көрсеткiштерден бюджет түсiмiнiiң жыдан жылға артқанын көруiмiзге болады.

Бюджеттiң табыс бөлiгiнiндегi салықтық түсiмдердiң  орындалуына келетiн болсақ, салықтық түсiмдер 2007 жылы  –524026 млн. теңгенi, яғни бюджет түсiмiнiң 87,5  пайызын; 2008 жылы – 635792 млн. теңгенi, яғни бюджет түсiмiнiң  85,2 пайызын; ал  2009 жылы 773780 млн.теңгенi, яғни бюджет түсiмiнiң  91,6 пайызын құраған.

Соңғы жылдардың көрсеткiштерiн салыстыру арқылы  көрсеткiштердiң ауытқу денгейiн анықтауға болады.  Келесi  2 кестеде салық түсiмдерiнiң ауытқуының және  өсу қарқынын көруiмiзге болады.

 

 

Кесте 3

Мемлекеттiк бюджеттiң орындалуындағы табыс бөлiгiнiң орындалуы  млн. теңге

 

Көрсеткiштер

2007 ж

үлесi %

2008 ж

үлесi %

2009 ж

үлесi %

Табыстар

Салықтық түсiмдер:оның iшiнде:

заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы

жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы

әлеуметтiк салық

қосылған құн салығы

акциздер

мүлiк салығы

жер салығы

басқа салықтар

Салықтық емес түсiмдер

Капитал операцияларынан түскен табыс

587026

524026

163529

51016

99082

115159

19285

14763

5506

55636

38602

24379

100,0

89,2

27,9

8,7

16,8

19,6

3,3

2,5

0,9

9,5

6,6

4,2

733660

635792

169048

68574

124284

159913

21830

20944

5454

65745

72505

25363

100,0

86,7

23,0

9,3

16,9

21,8

2,9

2,9

0,7

8,9

9,8

3,5

830271

773780

212438

107014

152770

200664

30362

27228

9002

35300

50386

6105

100,0

93,2

25,6

12,9

18,4

24,1

3,6

3,3

1,1

4,2

6,1

0,7

* Көзі: Статистический ежегодник, 2009 год. – 462 стр.

 

Салықтардың артуына себепшi болған салықты, яғни салық түсiмдерiндегi әрбiр салықтың  үлес салмағын келесiден (кесте 3) көруiмiзге болады. Салықтық түсiмдер бюджеттiң табыс бөiгiнiң 2007 жылы 89,2 пайызын, 2008 жылы –86, пайызын, 2009 жылы 93,2 пайызын құрап отыр. Осы жылдарды бұл салықтардың ең көп  үлесiн заңды тұлғалардың табыс салығына тиесiлi болып отырғандығын көруiмiзге болады. Ал 2007 жылы жалпы салықтардың iшiндегi ең аз орындалғаны жер салығы болып отыр.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет кірістерінің құрамы мен құрылымы мына мәліметтермен сипатталады.

 

Кесте 4 — Мемлекеттік бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымы

                                                                                                                    (млн.теңге)

 

2007 ж

2008 ж

2009 ж

І.Кірістер   1004566

1286734

    2098511
Салықтық түсімдер

947251

1186137

   1998314
Салыққа жатпайтын түсімдер

44813

81500

     66016
Капиталмен жүргізілетін

операциялардан алынатын кірістер

12502

19096

34182

ІІ.Алынған ресми трансферттер (гранттар)

          —
ІІІ.Бұрын бюджеттен берілген кредиттер

бойынша негізгі борышты өтеу

17690

18390

11351

* Көзі: Статистический ежегодник, 2009 год. – 462 стр.

 

Кестеден көрініп тұрғандай, кірістердің негізін салықтық түсімдер құрап отыр ( қосылған құнға салынатын салық, корпорациялық табыс салығы, әлеуметтік салық, жеке табыс салығы және т.б.). Бұл кестеден біз салықтық түсімдердің жылдан жылға көбейіп жатқанын көріп отырмыз. Мемлекеттік бюджет кірістерінің басқа көзі – салыққа жатпайтын түсімдер.

Бюджеттің шығыстары – бұл бекітілген бюджет шегінде қайтарылмайтын негізінде бөлінетін қаражаттар.


Тағы рефераттар