Салық —  мемлекеттiң бекiтуi. Тек сол ғана  азаматтарды  белгiлi бiр көлемде  ақшалай  қаржыларды  беруге  мiндеттi.  Қазақстан  Республикасында  салықты  төлеу  мiндеттемелерi  азаматтардың  Конституциялық  мiндеттемелерiнiң  қатарына  жатады.  Осыған  байланысты  мемлекет  саяси  үкiмет  субъект  өкiлдiгiне  сүйене  отырып  әрекет  етедi.

Мемлекет  ақшалай  қаржыларды  түрлi  жолдармен  табады,  бiр  жағдайда  мемлекеттiк  зайымдар   iшкi  және  сыртқы  ретiнде  меншiк  иесiнiң  қаражаты  өз  еркiмен  беруге  негiзделетiн  әдiс  қолданылады,  ал  басқа  жағдайларда  ақшалай  қаражаттар  ерiксiз  өндiрiп  алу  жолымен  алынады.

Салықтар  мемлекеттiк  бюджетке  заңды  және  жеке  тұлғалардан  белгiлi  мөлшерде  мiндеттi  төлемдер  болып  табылады.

Салықтар  шаруашылық   жүргiзушi  субъектiлер мен  халық  табысының  қалыптасуындағы  қаржылық  қатынастардың  бiр бөлiгiн бiлдiредi. Сонымен  қатар, шаруашылық жүргiзушi  субъектiлермен  халық  табысының  белгiлi  бiр  мөлшерiн  мемлекет үлесiне жинақтап, жинақтаудың қаржылық  қатынастарын көрсетедi. Салықтар  мемлекеттiң  пайда  болуымен  бiрге  қалыптасады  және  мемлекеттiң  тiршiлiк  етiп  дамуының  негiзi  болып  табылады.

Қазақстан Республикасындағы әкiмшiлiк-әрекеттегi қызметкерлер мен жұмысшылардың әлеуметтiк-экономикалық  қорғалуы, елiмiздiң қорғаныс қызметiндегi ic-шаралардың жүзеге асырылуы осы экономикалық категория ретiнде көрiнетiн бюджетке байланысты. Яғни, салықтың атқаратын ролi жоғары. Бұл менiң тақырыбымның маңыздылығын ашады.

Көптеген қаржы байланыс түрлерiнiң iшiнен, ерекше қасиетпен дараланып тұратын салаларды бөлiп алуға болады. Жалпы қоғамдық өнiмнiң бағамдық  үлестiру саласының негiзiн, мемлекеттiң шаруашылық субьектiлер мен халық санымен жасаған қаржы қатынастары құрайды. Бұл қатынастар  үлестiру процессi кезiнде пайда болады. Бұл процеске мемлекетте қатысады және олар қоғамдық сүранысты қанағаттандыру  үшiн жұмсалатын ақша қаражатының орталық қорының құрылуы мен қолдануы мен байланысты. Мұндай қаржы қатынастарының тұтастығы »Мемлекеттiк бюджет» деген түсiнiктiнiң экономикалық мазмұнын құрайды.

Мемлекеттiк бюджетте экономикалық қатынастарының тұтастығы ретiнде обьективтi қасиетi бар. Оның өзiндiк сала болып өмiр сүруi қоғамдық өндiрiстерге байланысты, әрине олардың дамуына орталық қор қажет. Ақша қаражатын орталықтандыру  ұлттық шаруашылықта үнемi айналым болу  үшiн қажет, және экономиканы түзеу  үшiн де қажет. Бағамдық  үлестiрудiң бюджеттiк саласының болуы мемлекеттiң өзiне де қажет. Мемлекетке керек салаларды қаржыландыру  үшiн орталықтандырылған қор қажет. Сонымен қатар бұл қор мәдени-әлеуметтiк iс-шаралар өткiзуге, қорғаныс мәселелерiн шешуге, мемлекеттiк басқарудың жасаған шығындарын жабуға қажет. Осыған орай мемлекеттiк бюджеттiң болуы адамдардың субьективтi қалуының нәтижесi емес, бұл обьективтi қажеттiлiк. Экономиканың бүгiнгi таңда дамуы кезеңiнде орталықтандырылған қаржы қоры мемлекетке көптеген мүмкiндiктер бередi.

Мысалы,  үшiн қоғамдық өндiрiстiң пропорциялдарын және қарқынын қамтамасыз етедi, оның салалық және аймақтық жүйесiн көздейдi, салалық экономиканың бiрiншi қажеттi бағдарламаларын дамытуға әсер ететiн қорды қалыптастырады, әлеуметтiк өзгерiстер өткiзедi.

Қаржы орталықтандыруының арқасында ақша қоры экономикалық және әлеуметтiк дамуға жұмсалады және мемлекеттiң әлеуметтiк және экономикалық саясатының жүзеге асуына жағдайлар туғызады.

Осыған орай мемлекеттiк бюджет бағамдық  үлестiрудiң ерекше бөлiмi ретiнде өзгеше қоғамдық қызмет атқарады және қоғами мемлекеттiк сүранысты қанағаттандырады. Обьективтi  үлестiру қатынастарының экономикалық формасы бола түра, ерекше қоғамдық iс- әрекеттердi атқара тұра, мемлекеттiк бюджет экономикалық санат ретiнде шығады. [2]

Мемлекеттiк бюджетке белгiлi бiр тұтас қаржы қатынастары ретiнде оған қаржы санатының қасиеттерi тән, бюджеттiк қатынастардың  үлестiру қасиетi бар, ақшалай түрде жүзеге асады, бағытты ақша қорымен тетелес келедi. Сонымен қатар, бюджеттiк қатынастарға белгiлi бiр ерекшелiк тән, ол әрине қаржы тақырыбынан тыс болмайды. Мемлекеттiк бюджетiнiң өзгеше бiр сфера ретiнде бағамды  үлестiру қасиетiн қарасақ, ол мынадай:

1)    мемлекеттiң жалпы қоғамдық өнiмiнiң бөлiгiмен байланысты және оны қолдануымен, яғни қоғамдық сүранысты қанағаттандыру  үшiн қолданылатын  үлестiру қатынастарының экономикалық формасы

2)    халық шаруашылығы, аймақтар, экономика секторлары, қоғамдық iс — әрекеттiң өрiсi арасындағы бағамды  үлестiру  үшiн қолданылады

3)    ол қоғамдық өнiммен, яғни оның iс- әрекетiмен байланысты емес, ол одан бөлек жұмыс жасайды, бiрақ соның өзiнде де қаржы қатынастары тауарлық ақшалық прцесспен байланысын үзбейдi.

Мемлекеттiк бюджет басқа да экономикалық санаттар сияқты өндiрiстiк қатынастар мен оларға тән материалдық — заттық өзгерiстердi көрсетедi. Бюджеттiк қатынастар мемлекеттiң ақша қорының орталықтандырылған орында заттандырылады. Осының нәтижесiнде, қоғамда болатын экономикалық процесс өзiнiң iс – әрекетiн  мемлекеттiң ақша қорында көрсетедi. Бюджеттiк қор бұл бағамдық  үлестiру кезеңiн басынан өткiзген және мемлекет сұранысын қанағаттандыра алатын қоғамдық өнiмнiң және  ұлттық өнiмнiң iс- әрекетiнiң экономикалық формасы.

Экономикалық санат ретiнде мемлекеттiк бюджет – мемлекетпен басқада жалпы қоғамдық өндiрiсiнiң арасында пайда болатын ақша қатынасы. Үлестiру және қайта  үлестiру жолымен мемлекеттiк орталықтандырылған ақша қорының болуы өте тиiмдi. Себебi ол мемлекет сұранысын қанағаттандыруға, өндiрiстi  ұлғайтуға үлкен әсерiн тигiзедi.

Осыған орай «Мемлекеттiк бюджет»  атты түрлендiрiлген түсiнiк келесi құрамаларымен түсiндiрiледi:

—         мемлекеттiң ақша қорының орталықтандырылған қоры;

—         экономикаға әсер ететiн құрал;

—         мемлекеттiң негiзгi қаржы жоспары

—         қоғамның барлық м үшелерi оны заң ретiнде орындау керек.

Мемлекеттiк бюджеттiң қызметi- бiрiншiден, мемлекеттiк бюджет арқылы  ұлттық кiрiстiң 30 пайыз, жалпы iшкi өнiмнiң 20 пайыз, жалпы қоғамдық өнiмнiң 10 пайыз  үлестiрiлiп және қайта  үлестiрiледi.

Ол ақша қорын  ұлттық шаруашылықтың, өндiрiс өрiсiнiң, экономикалық аудандар мен мемлекет аумағының арасында  үлестiрiледi. [3]

Мемлекеттiк бюджет экономикаға қатты әсер етедi, себебi ол бұл жерде  ұлттық шаруашылықтың бюджет қызметiн атқарып түр. Мемлекеттiк бюджет материалдық өндiрiс өрiсiнде үлкен қызмет атқарады, себебi ол бұл жерде өсу симмуляторының қызметiн атқарып түр. Бюджеттiң қоры жекелей және қоғамдық қор айналымын қамтамасыз ету  үшiн де қолданылады. Бюджет жүзеге аспай қалған жоспарларды өз жолын табуға көмектеседi. Сондай-ақ кәсiпорындардағы жұмыстың қарқынды және өтiмдi болуын қадағалап отырады. Мемлекеттiң, бiлiмге, денсаулық сақтауға, әлеуметтiк сақтандыруға және әлеуметтiк қамсыздандыруға, ғылымға, мәдениетке, өнерге, мемлекет шеңберiнде өтiлетiн мәдени шығынның орнын толтырып отырады.

Қазақстан  Республикасының ²бюджет жүйесi туралы² заңы республиканың түрлi денгейiндегi бюджеттерiн қалыптастыру процессiнде орын алатын қаржы қатынастарын реттейдi, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жасалу, қаралу, бекiтiлу, атқарылу және бақылану процесiн белгiлейдi.

Бюджет — мемлекеттiң өз мiндеттерiн жүзеге асыруына арналған және тиiстi заңдарға сәйкес белгiленген  салықтар мен өзге де кiрiс көздерiнiң және түсiмдердiң есебiнен құралатын орталықтандырылған ақша қоры.

Бюджет — мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығына жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерімен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұныны құрайды. /3, 208 б/

Мемлекеттiк бюджет араларындағы өзара өтелетiн операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi бiрiктiретiн, талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын және бекiтуге жатпайтын жиынтық бюджет.

Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен, мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет.

Сөйтіп, объективті бөлгіштік қатынастардың экономикалық нысаны бола отырып, құндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықшалықты қоғамдық арналымды орындайды – жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория ретінде көрінеді.

Экономика дамуының қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге, экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді.

Қаржыны орталықтандырудың арқасында ақша қаражаттары, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайларды дайындай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне шоғырландырылады.

Сөйтіп, объективті бөлгіштік қатынастардың экономикалық нысаны бола отырып, құндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықшалықты қоғамдық арналымды орындайды – жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория ретінде көрінеді.

Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.

Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:

1) мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;

2) құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;

3) қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады.

Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық-заттық түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында – бюджеттік қорында затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақша қаражаттарының ағымында өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор – бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс процесін білдіреді.

Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша қатынастарын білдіреді.

Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы категориясына сай келетін бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс-қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен айқындалады. Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру; әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды.

Мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары – салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т.т. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығыстарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша рөлін айқындайды.

Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.

Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.

Ақырында, мемлекеттік бюджет мемлекет заңдарының бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң).

Мемлекеттік бюджет – ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлудің негізгі құралы. Мемлекеттік бюджеттің (шығыс бөлігінің) көмегімен ұлттық табыстың 30 %, жалпы ішкі өнімнің 10 % бөлінеді және қайта бөлінеді. Бюджет Қазақстанның бүкіл аумағында өндірістік күштерді неғұрлым ұтымды орналастырудың, экономика мен мәдениетті көтерудің талаптарын ескере отырып салааралық және аумақтық қайта бөлу үшін пайдаланылады.

Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың ең аз қамтылған жігін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.

Шығыстар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады.
Тағы рефераттар